Сабақтың типі: хабарлама және жаңа білімді қалыптастыру. Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме сұхбат, өзіндік жұмыс



жүктеу 34.54 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі34.54 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Моногибридті шағылыстыру.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға генетика ғылымының пайда болуы және дамуы туралы білім беру, генетик ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Генетика ғылымының биология заңдылықтарын түсіну туралы айту.
Сабақтың міндеттері: генетика ғылымы нені зерттейтіндігі туралы түсінік беріп Г. Мендельдің гибридиологиялық әдісі жайлы тереңірек сипаттау.
Сабақтың типі: хабарлама және жаңа білімді қалыптастыру.
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме – сұхбат, өзіндік жұмыс.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, электрондық оқулық, интернет
ресурс, сурет бетшелері.

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу

«Кім жылдам?»
1. Организмнің көбею жолдары?
2. Мейоз неше процестен тұрады?
3. Мейоздың митоздан айырмашылығы?
4. Қосарланып ұрықтану қай ағзаға тән?
5. Гаметогенез дегеніміз не?
6. Организмнің жеке дамуы қалай аталынады?

«Сәйкестігін тап»
Онтогенез - ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым
Филогенез - организмнің жеке дамуы
Биогенетикалық заңдылық - тарихи даму
Эмбриология - онтогенездің филогенезге қысқаша қайталауы.

ІІІ. Жаңа материалды оқыту
1. Генетика биология ғылымының бір саласы
2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы
3. Генетика ғылымының дамуы
4. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы
5. Моногибридті будандастыру
6. «Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.

Генетика биология ғылымының бір саласы

Генетика ғылымы

Тұқымқуалаушылық - Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілетін айтады.
Өзгергіштік - Организмдердің жаңа белгілері мен қасиеттерге ие болуы.

Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы
Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады:
І кезең – пайда болуы: 1900 – 1910 жылға дейін
ІІ кезең – қалыптасу: 1911 – 1953 жылға дейін
ІІІ кезең – молекулалық генетиканың пайда болуы: 1953 жылдан қазірге дейін

Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы
Моногибридті будандастыру – бір – бірінен жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата – аналар дараларын будандастыру.

Жаңа материалды игеру үшін сынып 3 топқа бөлінеді.
І топ: Тұқымқуалаушылық
ІІ топ: Өзгергіштік
ІІІ топ: Доминантты
Әр топ өз тапсырмасымен жұмыс жасайды.
І топ тапсырмасы:
1. Генетика биология ғылымының бір саласы.
2. Генетика ғылымының қалыптасуы, дамуы.
ІІ топ тапсырмасы:
1. Тұқым қуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдістің маңызы.
2. Моногибридті будандастыру.

ІІІ топ тапсырмасы:


1. « Гомозигота» және «Гетерозигота» ұғымдары.
2. Генетика ғылымының дамуы

2.тапсырма



р/с

Ғалымдардың аты

Ашқан жаңалықтары

1.

Грегор Иоганн Мендель




2.

Томас Хант Морган




3.

Хуго Де Фриз




4.

В.Иогансен




5.

Н.И.Вавилов




6.

Ф.Крик






3.тапсырма

Мына сөйлемдерді толтырыңдар:

Бірдей гендерді ___ ______деп, ал әр түрлі гендерді ______ ______деп

атайды.

Басым гендерді __ ______,ал басылыңқы _____ ____дейді, ата-ананы

_________ әрпімен, ұрпақтарын ________әрпімен белгілейді.

Гендердің жиынтығын_________ал сыртқы

қөрінісін_____________деп атайды.
Сергіту сәті.



Дәрісті қорытындылау:
Сабақтың соңынан білімгерлердің білімін бағалап, қорытынды жасау.
Оқытушы білімгерлерден бүгінгі тақырып бойынша қандай әсер алғанын талдап, сараптама жасау қажет.
Білімгерлердің ғылыми ізденісін қалыптастыру.
Бағалау
Үй тапсырмасын беру: Тұқымқуалаушылық туралы Г.Мендельдің еңбегіне реферат дайындау
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сапалы білімді, саналы тәрбиелі келешек азаматтары болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет