Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру Сабақтың түрі: теория



жүктеу 212.66 Kb.
Дата27.11.2017
өлшемі212.66 Kb.
түріСабақ


Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Мамандық: Мейіргер ісі

Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың түрі: теория

Өткізу әдісі: карточкалар, шығармашылық жұмыс, проблемалық полемика, «қатесін тап» ойыны, сәйкестендіру кестесі, топтық жұмыс.

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: оқу аудиториясы- №527
Сабақтың тақырыбы: Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу

бағдарламасында берілген: «Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары» тақырыбы бойынша студенттерге жарақат жұқпаларының, ботулизм, сіреспе қоздырғыштарының және анаэробты споратүзбейтін бактериялардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың патогенділігін, экологиясын, тудыратын аурулардың эпидемиологиясын, микробиологиялық диагностикасын, емдеу, алдын – алу шараларымен таныстырып, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуін қалыптастыру.


Әдістемелік мақсаты: Сабақта ойын және Шаталов технологияларының элементтерін және ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Жарақат жұқпаларының, ботулизм, сіреспе қоздырғыштарының және анаэробты споратүзбейтін бактериялардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың патогенділігін, экологиясын, тудыратын аурулардың эпидемиологиясын, микробиологиялық диагностикасын, емдеу, алдын – алу шараларын білу.

Дамытушылық: Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары тудыратын аурулардың клиникалық көріністерін, емін, алдын – алу шараларын білу арқылы студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімін клиникалық пәндерге қолдана білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді медицина қызметкерлеріне сай ұқыптылық, жауапкершілікке тәрбиелеу және істі міндетті түрде орындауға дағдыландыру.
Сабақтың жабдықтары: кестелер, микроорганизмдердің суреттері, плакаттар, үлестірмелі жабдықтар, интерактивті тақта, ноутбук.
Пәнаралық байланыс: «Медициналық биология генетикасымен», «Латын тілі», «Физиология», «Жалпы патология», «Клиникалық пәндерге кіріспе».
Пән ішілік байланыс: «Микроорганизмдерді жіктеу мен морфологиясының негіздері», «Микроорганизмдер физиологиясы», «Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлық-биологиялық негіздері. Микробтарға қарсы препараттар», «Жұқпа туралы ілім», «Иммунитет. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері».
Теориялық сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылармен сәлемдесу.

Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгендеп,

жоқ студенттердің себебін анықтап белгілеу. Студенттердің жұмыс

дәптерлерін, формаларын тексеру. Сабақ жабдықтарын тексеру.



2. Оқытушының кіріспе сөзі.

Сабақтың тақырыбы: Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары.

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу

бағдарламасында берілген: «Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары» тақырыбы бойынша студенттерге жарақат жұқпаларының, ботулизм, сіреспе қоздырғыштарының және анаэробты споратүзбейтін бактериялардың биологиялық ерекшеліктерін, олардың патогенділігін, экологиясын, тудыратын аурулардың эпидемиологиясын, микробиологиялық диагностикасын, емдеу, алдын – алу шараларымен таныстырып, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуін қалыптастыру.

Анаэробты инфекция- анаэробтар тудыратын жұқпалы ауру, жалпы

интоксикациямен, тіндік некрозбен, олардың ыдырауымен сипатталады.

Әдетте анаэробты инфекцияны жарақат инфекциясы деп түсінеді, бірақ

анаэробтар кез келген мүше мен тіндерді зақымдай алады.



3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу).

№ 1 сабақ Үй тапсырмасының тақырыбы: «Ауа-тамшылы жұқпа қоздырғыштары». Білімнің негізін өзектілеуді 2 кезеңде жүргіземін.

а)Үй тапсырмасын сұрау карточкалар тарату түрінде өткізіледі.

б) «Қатесін тап» ойыны.

Студенттерді екі- екіден біріктіріп, карточкалар таратылады. Білім алушылар бірлесе отырып, берілген сұрақтың жауабын дайындайды.
Карточка №1
Сұрақтар:

1.Көкжөтел қоздырғышының морфологиясы.

2.Латынша аталуы, ашылуы.
Жауаптар:

1. Bordetella pertussis- ұсақ, сопақша, грам теріс, ұшы домаланған таяқшалар. Спорасы, талшығы жоқ микрокапсула түзеді.

2.Көкжөтел- Bordetella pertussis туғызатын, ұстамалы спазматикалық жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру. Көбінесе мектепке дейінгі балаларда жиі кездеседі.1906 жылы Ж. Борде мен О. Жангу көкжөтел қоздырғышын ашты.

Карточка №2

Сұрақтар:

1. Көкжөтел қоздырғышының дақылын өсіру.

2. Жануарлардың сезімталдығы.

Жауаптар:

1. Bordetella pertussis дақылын ақ тышқандарға интраназалды (мұрын қуысы арқылы) енгізгенде пневмония дамиды.

2.Bordetella pertussis-облигатты аэроб, өсу үшін қолайлы температурасы 37С, рН 7,2; қоректік орталарға өте талғамды. Борде-Жангу (қан қосылған картоп - глицеринді агар) ортасында өседі, онда олар сынап тамшылары тәрізді колониялар түзіледі және казеидіі-көмір агарда сұр крем түріне ұқсас колониялар түзіледі.

Карточка №3

Сұрақтар: 1. Көкжөтелдің резистенттілігі.

2. Эпидемиологиясы.



Жауаптар:

1. Көкжөтел қоздырғышы қоршаған ортаға өте төзімсіз.

2.Көк жөтел- антропонозды ауру; инфекция көзі ауру адам (әсіресе аурудың басында қауіпті) және тасымалдаушылар. Инфекцияның жұғу жолы ауа- тамшы арқылы. Аурумен мектепке дейінгі балалар жиі ауырады. Аурумен қыс, күз айларында жиі ауырады.

Карточка №4

Сұрақ: 1.Көкжөтелді емдеу принциптері.

2. Көкжөтелден кейін пайда болған иммунитет.



Жауап: Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер, қалыпты гомологиялық иммуноглобулин тағайындалады. Антигистаминді препараттар ұсынылалады.

2. Ауырғаннан кейігі иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады.



Карточка №5


Карточка №5

     Суретте көрсетілген неміс микробиологы кім.

2. Медицинадағы жаңалықтары.




Жауаптар:

1.Суреттегі ғалым Роберт Кох (1843- 1910).

2. Туберкулез микобактериясын, сібір жарасының бацилласын, холера вибрионын ашқан. 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашып, зерттеді. 1905 жылы Нобель премиясын алған. Бактериология ілімінің негізін салушылардың бірі.

Карточка №6

Сұрақтар:

1. Микобактериялар зақымдайтын мүшелер.

2. Латынша аталуы, микобактериялардың түрлері.
Жауаптар:

1.Туберкулез (tuberculosis - латынның tuberculum-төмпешік) - микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді (өкпе, асқорыту жолдары, тері, сүйек, зәр шығару және т.б.) зақымдаумен сипатталады. Микобактериялар көбінесе өкпені зақымдайды.

2. Ауруды үш түрлі микобактериялар тудырады. М. Tuberculosis (адамда 92 % жағдайда ауру туғызады), M. Bovis ( өгіздік түрі 5 %) , M. Africanum (3% жағдайда).

Карточка №6

Сұрақтар:

1.Аурудың клиникалық белгілері.

2. Инфекцияның таралу жолы.

Жауаптар:

1. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашқыда науқаста аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, түнгі тершеңдік, кешке қарай дене қызуы көтерілуі, дене салмағы төмендеуі, тез шаршағыштық байқалады. Содан кейін жөтелгенде қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек фтизиатор дәрігерге қаралу қажет.

2.Инфекцияның таралу жолы-көбіне ауа-тамшы жолы, сирек тұрмыстық қатынас арқылы.

Карточка №7


Карточка №7

1.Суретте бейнеленген құбылыс қалай аталады және қай ауру қоздырғышына тән? 2.Дақылды өсіру әдісін атаңыз.




1. Дақылды Левенштейн- Йенсен қоректік ортасына өсіргенде вируленттік микробактериялар «өрілген шаш, бұрым» немесе «ширатылған жіп» түрінде орналасады. Бұл феномен корд фактор деп аталады.

2. Бактериологиялық әдіс: сұйық және тығыз қоректік орталарға себу тиімді. (бірақ 3- 4 апта қажет).

Карточка №8

Сұрақтар:


  1. Көкжөтел тәрізді аурудың қоздырғышы қалай аталады және оның көкжөтел қоздырғышынан айырмашылығы.

  2. Көкжөтел тәрізді аурудың инкубациялық кезеңі, аурудың симптомдары.

Жауаптар:

1. Көкжөтел тәрізді аурудың қоздырғышының латынша аты- Bordetella parapertussis- жеңіл өтетін көкжөтелге ұқсас ауру тудырады. Bordetella parapertussis көкжөтелдің қоздырғышынан дақылдық, биохимиялық және артигендік қасиеті бойынша ажыратылады.

2. Инкубациялық кезең 4-14 күн аралығында.Ауру катаралды белгілермен басталады, дене қызуы жоғарыламайды, жөтел пайда болады. Көкжөтел тәріздес және симптомдары әлсіз түрде болуы мүмкін.

Карточка №9



Сұрақтар:

1.Микобактериоздың этиологиясы.

2.Микобактериялар қандай мүшелерді зақымдайды?

Жауаптар:

1.Бұл ауруды туберкулезді емес микобактериялар тудырады, пигмент түзу, ферменттердің белсенділігі, қоректік ортада өсуі жылдам, осы бойынша олар туберкулез қоздырғышынан ажыратылады

2. Микобактериялар көбінесе өкпені, теріні, лимфа түйіндерін зақымдайды. Жасы 50- ден асқан адамдар көбірек ауырады. Балаларда лимфа түйіндерін зақымдайды.
Карточка №10


Карточка №10

1. Көрсетілген сынама қалай аталады?

2. Қай ауруды анықтауға қолданылады?


1.Манту сынамасы.

2. Манту сынамасы туберкулезді анықтау үшін жұргізіледі. Жаңа туған балаларға (5- 7 күннен кейін) егу тері ішіне, келесі ревакцинациялау 7, 12, 17жаста жүргізіледі. Ревакцинация алдында Манту сынамасын қояды. Реакция оң болса, ревакцинация жүргізбейді. Әлсіз балаларға реактогендік белсенділігі төмен BCG-М вакцинациясын егеді.

б) «Қатесін тап» ойыны.

Берілген текст мәтіні кейбір қателермен беріледі. Студенттер өздерін оқытушы ролінде байқап көреді. Білім алушыларды топқа бөлуге болады.

1текст

Туберкулезге барлық адамдар сезімтал. Инфекцияның көзі ауру адам, инфекцияның таралу жолы-көбіне шырышты қабат арқылы, сирек тұрмыстық қатынас арқылы. Эпидемиалогиялық қауіптілікті тек жабық формадағы науқастар көрсетеді, қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда. Жасырын кезең 1- 2 күн. Туберкулез көбіне өкпені зақымдайды. Туберкулезді Бюрне сынамасы арқылы анықтайды.



Қателер: шырышты қабат (дұрысы- ауа-тамшы жолы); жабық формадағы (дұрысы- ашық); жасырын кезең 1-2 күн (дұрысы- 3- 8 апта); Бюрне сынамасы (дұрысы- Манту сынамасы).

2 текст.

Көк жөтел- зоонозды ауру. Жасырын кезеңі 6-8 күн. Науқастану дене қызуының аздап көтерілуімен, риниттің белгілерімен басталады. Спазмалық жөтел пайда болмайды. Ауру 2 айға созылады. Көк жөтелдің, орташа ауыр, ауыр түрлерін ажыратады. Ауырғаннан кейігі иммунитет тұрақсыз, қайталап ауыру мүмкіндігі жоғары.



Қателер: зоонозды (дұрысы- антропонозы); жасырын кезеңі 6-8 сағат (дұрысы- 2- 14 күн); жөтел болмайды (дұрысы- спазмалық жөтел пайда болады); иммунитет тұрақсыз (дұрысы- тұрақты, өмір бойы сақталады).

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Анаэробты инфекция- анаэробтар тудыратын жұқпалы ауру, жалпы

интоксикациямен, тіндік некрозбен, олардың ыдырауымен сипатталады.

Әдетте анаэробты инфекцияны жарақат инфекциясы деп түсінеді, бірақ

анаэробтар кез келген мүше мен тіндерді зақымдай алады.

Аэробтарға және факультативті анаэробтарға қарағанда қатаң анаэробтар толық оттегі жоқ жерде немесе оның аз мөлшерінде ғана өмір сүреді. Бірақ олар басқалары сияқты табиғатта кең тараған. Олардың өмір сүретін жері - негізінен топырақтың терең бөлігі, тұрып қалған су, жануарлардың, құстардың, балықтардың және адамдардың ішектік трактісі. Анаэробтар органикалық және бейорганикалық заттар бар жерде және оттегі жоқ жерде тіршілік етеді. Олардың арқасында табиғаттағы зат алмасу, оның ішінде азот және көмірқышқыл газы алмасуы. Сонымен қатар анаэробтар адамның және жануарлардың ішек трактісінің негізгі бөлігін құрайды, олардың иммунитетінде және өмір сүруінде маңызды роль атқарады.


Газды гангрена қоздырғыштары кең таралуына байланысты жиі кездеседі, әсіресе жаппай жарақаттармен (соғыс, апаттар) жараға уақытында хирургиялық өңдеу жүргізбегенде.

Морфологиясы мен дақылды өсіру. Газды гангренаның қоздырғыштары- грам оң таяқша бактериялар (Firmicutes бөліміне жатады), сопақша, спора түзетін, диаметрі көлденең вегетативті бөлігінен асатын бактерия. Газды гангрена клостридиялары зақымдалған тіндерде капсула түзеді. Анаэробты жағдайда сұйық және тығыз қоректік орталарда өседі.


Патогенді факторлары. ОЖЖ – не әсер ететін экзотоксин түзеді, дәнекер

тінін және эритроциттерді ыдырататын гемолизин ферменттерін бөледі (коллагеназа, гиалуронидаза).



Резистенттілігі мен экологиясы. Клостридиялардың вегетативті түрлері оттегіге, қышқылға, күн сәулесіне, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. Вегетативті түрлердің споралары жоғары температураға, қышқылдарға, басқа да физикалық, химиялық факторларға тұрақты.

Адам мен жануарлар ішегінің қалыпты мекендеушісі бола отырып, нәжіспен топыраққа түседі, онда спора түрінде ұзақ жылдар бойы сақталады. Кейде клостридиялар топырақта көбейе де алады.



Жануарлардың сезімталдығы. Газды гангрена қоздырғыштарына орқояндар, теңіз шошқалары, тышқандар сезімтал.

Эпидемиялогиясы. Газды гангрена қоздырғыштары кең таралуына байланысты жиі кездеседі, әсіресе жаппай жарақаттармен (соғыс, апаттар) жараға уақытында хирургиялық өңдеу жүргізбегенде.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Газды гангрена қоздырғышы жарақатқа түсу нәтижесінде, әсіресе жарақатта некрозды тіннің болуы мен ағзаның тұрақтылығы төмендегенде дамиды. Клостридиялардың вегетативті түрлерімен түзілген токсиндер мен ферменттер ағзада сау тіндердің жарақаттануына және ауыр жалпы интоксикацияға әкеледі. Жасырын кезеңі 1- 3 күн, клиникалық көрінісі әрқилы және ісікке, жарақатта газдың түзілуіне, іріңнің пайда болуына, интоксикацияға әкеледі. Аурудың ағымын микрофлора өкілдерінің (стафилококтар, протей, ішек таяқшасы) болуы қиындатады.

Иммунитеті. Ауырғаннан кейін иммунитет пайда болмайды.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары: зақымдалған

тіндердің бөлшектері, жараның бөліндісі, қан; оларды микроскопиялық

зерттейді; бактериологиялық зерттеуді анаэробты жағдайда жүргізеді, токсинді бейтараптау реакциясы көмегімен диагностикалық антитоксиндік сарысу арқылы тышқандарда идентификациялайды.

Емдеуі. Хирургиялық: барлық жойылған тіндерді алып тастау. Операциядан кейін кең спектрлі әсерлі антибиотиктерді, гангренаға қарсы антитоксикалық сарысуды тағайындайды.

Сақтандыру. Жарақаттарды дұрыс хирургиялық өңдеу, операция кезінде асептикалық, антисептикалық шараларды қатаң сақтау. Белсенді иммундау үшін газды гангренаға қарсы анатоксин қолданады. Егулер арнайы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі (әскери адамдар, жер қазушылар т. б.).
Спора түзбейтін анаэробтар.

Спора түзбейтін анаэробтар –грам теріс бактериоидтар, фузобактериялар және грам оң актиномицеттер, пептококтар, пептострептококтар биологиялық қасиеттері әртүрлі таяқша тәрізді, кокк тәрізді бактериялар. Әртүрлі таксономиялық категориялардан тұратын облигатты анаэробтардың көлемді тобын құрайды.





Дақылды өсіру. Қатаң анаэробты жағдайда өсіріледі. Спора түзбейтін анаэробтар полиморфизммен ерекшеленеді, әртүрлі дәрежедегі ферменттік белсенділікке ие. Патогендік факторлары: капсула, ферменттер, грам теріс бактерияларда липополисахаридтері. Аэробты жағдайда қоздырғыштар жылдам жойылады. Спора түзбейтін бактериялар физикалық және химиялық факторларға сезімтал. Грам теріс анаэробтардың аминогликозидтерге (гентамицин, канамицин) сезімталдығы жоқ, метранидазол басқа да кең спектрлі антибиотиктерге сезімтал.

Спора түзбейтін анаэробтар (бактериоидтар, фузобактериялар) адамның

қалыпты микрофлорасының құрамды бөлігі болып табылады. Әсіресе олар ауыз

қуысының, тоқ ішектің шырышты қабығында мекендейді.



Эпидемиологиясы. Спора түзбейтін анаэробтар – ауруды көбіне өзіндік

эндогенді бактериялар тудырады, әсіресе иесінің ағзасының тұрақтылығы

төмендегенде.

Спора түзбейтін анаэробтар әртүрлі іріңді- қабыну үрдістерін тудырады: жақ-

бет аймағында, өкпеде, бауырда, зәр жүйесін, тірек- қимыл аппаратын

зақымдайды, аппендицит, перитонит, сепсис тудырады. Әдетте олар анаэробтар

мен аэробтар тудыратын аралас инфекциялар. Иммунитеті зерттелмеген.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге ірің, зақымдалған тін, қан алынады. Бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі, ИФТ қолданылады (иммундық флюоресценция реакциясы). Антибиотикограмманы анықтау жүргізіледі.

Емдеуі. Антибактериалды препараттармен бірге хирургиялық емдеу жүргізіледі: метранидазол, эритромицин. Цефалоспориндер қолданылады. Арнайы сақтандыруы жоқ

Ботулизм қоздырғышы

Ботулизм - ағзаның улануымен, тікелей ОЖЖ бұзылуымен сипатталатын жұқпалы ауру ,науқастану тағам құрамында Clostridium botulinum-ның улы токсині бар болғанда пайда болады. C.botulinum-ды алғаш рет 1896 жылы Э. Ван-Эрменгем мәйіттің ағзасындағы пайдаланылған шұжықтан тапқан (лат.botulus-колбаса, шұжық), желінген тағам өлімге әкелген



Таксономиясы. Ботулизм қоздырғышы Firmicutes тобына, Clostridium түріне

жатады.


Морфологиясы және тинкториалды қасиеттері. Ботулизм қоздырғыштары ұшы дөңгелектенген таяқша пішінді.Таяқшалар субтерминалд орналасқан спора түзеді және теннис ракеткасына ұқсайды. Капсула түзбейді, перитрихтар. Грам оң.

Дақылды өсіру. С.botulinum-қатаң анаэроб. Өсу үшін қолайлы температура 25-300С, ортаның рН 7.2-7.4 болуы қажет. Қан агарында майда мөлдір, гемолизбен қоршалған колониялар түзеді. Жоғары бағанды қант агарында ұлпа немесе жасымық дәндері түрінде өседі. Ферменттік белсенділігі. С.botulinum қантты және протеолитикалық ферменттерге өте бай.

Антигендік құрылымы. Қоздырғыштың идентификациясын жүргізу үшін ең маңыздысы С.botulinum-нің экзотоксин түзуі. Ботулизм қоздырғышының 7 серологиялық варианттарын ажыратады - А, В ,С, Д ,Е, F,G, олардың ішінде кең таралғандары А ,В, Е серологиялық варианттары.

Патогенді факторлары. Барлық биологиялық улардың арасында С. botilinum экзотоксині ең күшті у. Экзотоксинның 0,3 мкм мөлшері адамды өлтіреді. Ботулизм экзотоксині нейротоксикалық геммагглютинациялық әсер көрсетеді. Оның ерекшеліктері – жоғары температураға ( 1000С 10-15 минут шыдайды), қышқыл раекцияға, ас тұзының жоғары концентрациясына, тоңазытуға, тағам ферменттеріне жоғары тұрақтылық байқатады.

Резистенттілігі. C.botulinum споралары жоғары температураға аса төзімді (қайнатқанда 3 - 5 сағат шыдайды).

Жануарлардың сезімталдығы. Ботулизм қоздырғышының экзотоксиніне жылқы, теңіз шошқасы, ақ тышқандар және басқа жануарлар аса сезімталдық көрсетеді.

Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Оны жануарлардың, балықтардың, су шаяндарының ағзасынан табады, солар арқылы топыраққа, суға туседі. Топырақта C.botulinum спора түрінде ұзақ уақыт сақталады және көбейе алады. Сондықтан ботулизмді сапронозды аурулар қаттарына жатқызады. Топырақ арқылы ботулизм таяқшасы тағамға түсіп, көбейіп экзотоксин бөледі. Инфекцияның таралу жолы – тағамдық. Жиі инфекцияны тарататындар консервілер (саңырауқұлақтық, жеміс – жидектік, ет, балық консервілері). Адамнан адамға ауру берілмейді.

Патогенезі. Ботулизм токсині тағаммен бірге ас қорыту трактісіне түседі. Ас қорыту ферменттеріне тұрақты токсин, ішек қабырғалары арқылы сіңіріліп қанға таралады, ұзақ уақыт токсинемия тудырады. Токсин жүйке жасушаларымен байланысып, жүйке-бұлшық ет синапстары арқылы импульстың берілуіне қоршау жасайды. Нәтижесінде көмей, кеңірдек, тыныс алу бұлшық еттерінің сал туғызып, жұту, дем алу, дем шығару фазаларына, көздің көру қабілеттеріне кедергі жасайды.

Клиникалык көрінісі. Инкубациялық кезеңі 6 - 24 сағаттан 2 - 6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезең аз болған сайын, ауру ағымы ауырлайды. Ауру жедел басталады. Бірақ дене қызуы қалыпта болады. Ботулизмнің әртүрлі клиникалық белгілері болуы мүмкін - асқазан- ішек жолының зақымданулары, көз көрудің немесе тыныс алу қызметінің бұзылуы. Бірінші жағдайда ауыз қуысы құрғауы, құсу, лоқсу, жүрек айнуы, диареямен басталады. Екінші жағдайда - көздің көру бұзылысымен (науқас көзінің алдында «тұман» тұрған сияқты деп айтуы мүмкін) қос тасып көрінуімен (диплопия) сипатталады. Көмей бұлшық етінің сал нәтижесінен аурудың даусы қарлығып, даусы шықпай қалады. Тыныс алу жүйесінің салынан науқас қайтыс болуы мүмкін. Ауру жедел пневмониямен, токсикалык миокардитпен, сепсиспен асқынады. Ботулизм кезінде летальды жағдай 15-30% құрайды.

Иммунитеті. Инфекциядан соң иммунитет қалыптаспайды. Ауру барысында түзілген антиденелер белгілі бір серологиялық варианттарға қарсы бағытталған.

Микробиологиялық диагностикасы. Асқазан шайындысы, құсық, тағам қалдықтарын зерттейді. Қоздырғышты анықтау үшін бактериологиялық әдіс қолданады, ботулизм токсинін анықтау үшін биологиялық әдіс (токсинді антитоксинмен бейтараптау реакциясы in vivo –да жүргізіледі) және серологиялық әдіс (тікелей емес гемаггютинация реакциясы (ТеГАР- тура емес гемагглютинация реакциясы) қолданады.

Емдеуі. Емдеу үшін ботулизмге қарсы антитоксикалық гетерологиялық сарысу мен гомологиялық иммунд глобулиндерді пайдаланады.

Сақтандыруы. Ботулизмнің алдын - алу шарасы - үй жағдайында консервілер және тағамдар дайындау технологиясын дұрыс сақтау керек. Арнайы сақтандыру үшін А, В, Е типті ботулинистік анатоксиндерінен құралған тетра - және трианатоксиндерді шектеу түрінде қолдануға болады. Жедел сақтандыруы ботулизмге қарсы сарысу көмегімен іске асырылады.

Сіреспе қоздырғышы

Сіреспе (tetanus) Clostridium tetanі туғызатын ауыр жарақатты инфекция, сондай- ақ жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тоникалық және клоникалық тырысу- құрысу ұстамаларымен сипатталады. Сіреспе қоздырғышын 1884 ж. Э. Николайер мен С. Китозато ашқан.



Морфологиясы, дақылды өсіру. Сіреспелік таяқша - қатаң облигатты таяқша, грам оң, перитрих, терминалды орналасқан дөңгелек спора түзеді, сұйық қоректік орталарда күшті экзотоксин түзеді. Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл сұрлау ұзындау беткейлік колониялар құрайды; көмірсуларды ыдыратпайды, әлсіз протеолитикалық қасиеттерге ие.



Антигендік құрылымы. Н- антиген бойынша Cl. tetanі 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. О- антиген барлық типтерге жалпы өкіл болып келеді. Барлық серологиялық варианттар біркелкі антигендік қасиеті бойынша токсин түзеді, кез- келген серологиялық вариантын иммунды сарысумен бейтараптайды. Патогенді факторлары. Негізгі патогенді факторы- экзотоксин. Гемолитикалық және спазмалық әсер ететін тетанолизин мен тетаноспазминнен тұрады. Сіреспелік токсинге адам, тышқан, теңіз шошқасы, үй қояны сезімтал. Резистенттілігі мен экологиясы. Cl. tetanі барлық жерде тараған. Топырақта спора түрінде ондаған жылдар бойы сақталады. Дезинфектанттарға тұрақты, қайнатқан кезде споралар 50- 60 минуттан кейін жойылады. Эпидемиологиясы. Сіреспе барлық жерде тараған, жоғары өлім тудырады. Зақымдану қоздырғыштың жарақат кезінде (соғыс кезінде, өндірістік) тері мен шырышты қабаттардың ақаулары, күю, операциялық жарақат арқылы ағзаға енуінен пайда болады. Кіндіктің зақымдануы кезінде нәрестелерде сіреспе тууы мүмкін. Сіреспемен ауырғандар сау адамдарға қауіпті емес.

Патогенезі. Басты патогендік факторы сіреспелік токсин, ол қоздырғыштың көбею жерінен (жарақаттан) қан және лимфа тамырлары арқылы таралып, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеледі. Жүйке ұштарының синапстарымен секрет түзуші медиаторлар – ацетилхолин т. б. зақымдалады, жүйке талшықтары арқылы импульстардың өтуі бұзылады. Сондай- ақ патологиялық үрдіс ағзаның барлық жүйесіне таралады. Клиникалық көрінісі. Жасырын кезеңі 6- 14 күн. Ауруда шайнау бұлшық етінің спазмы, жұтудың қиындауы, шүйде, арқа бұлшық етінің тырысуы (дене доға тәріздес жағдайда болады - опистотонус), барлық дене бұлшық етінің қарысуы, әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Ауру дене қызуының жоғарылауымен, ақыл- естің сақталуы жағдайында өтеді. Иммунитеті. Ауырғаннан кейін иммунитет пайда болмайды. Сіреспеге қарсы вакцина енгізілген анадан нәрестеге ұзақ емес пассивті токсинге қарсы иммунитет беріледі. Микробиологиялық диагностикасы. Микробиологиялық зерттеуі тек клиникалық диагнозды дәлелдейді. Бактериологиялық зерттеуге жарадан және ошақты қабынудан, қаннан материал алады, бөлінген дақылдан сіреспе токсинін алып, тышқандарға сынама жүргізеді. Оларда өзіне тән клиникалық көрініс дамиды. Емдеуі. Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысуды немесе адамның сіреспеге қарсы иммундыглобулині қолданылады. Сақтандыруы. Үлкен жарақат кезінде дәрігерге міндетті түрде көріну қажет. Жарақатты хирургиялық жолмен өңдейді. Сіреспеден тұрақты қорғаудың әдісі арнайы сақтандыру болып табылады, ол жоспарлы сақтандыру (анатоксин) мен жедел иммунизациядан тұрады. Жедел белсенді иммунизация егілген балалар мен ересектерге жарақаттарда, күйгенде, үсігенде, жануарлар тістеген кезінде 0,5 мл сіреспелік анатоксинді егеді; егілмеген адамдарға сіреспелік анатоксиннің 1 мл- ін және 250 ХБ адамның иммундыглобулинін енгізеді. Адамның иммундыглобулині болмаған жағдайда 3000 ХБ дозалы сіреспеге қарсы гетерогенді сарысуды сынамадан кейін егеді. Жасанды белсенді иммунитет құру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС немесе секстаанатоксин құрамындағы адсорбциялық анатоксин қолданады.

5. Жаңа тақырыпты бекіту:

а) «Проблемалық полемика» түрінде өткізіледі. Бұл әдіс арқылы студенттер өз пікірін дәлелдей отырып, алған білімдерін көрсетеді



Мазмұны дұрыс Дұрыс емес
1. Газды гангренаның қоздырғыштары- грам оң таяқша бактериялар (Firmicutes бөліміне жатады), сопақша, спора түзеді. (мазмұны дұрыс)

2. Ботулизмнің клиникалық көрінісі әрқилы және ісікке, жарақатта газдың түзілуіне, іріңнің пайда болуына, интоксикацияға әкеледі. (дұрыс емес)

3. Спора түзбейтін анаэробтар –грам теріс бактериоидтар, фузобактериялар және грам оң актиномицеттер, пептококтар, пептострептококтар биологиялық қасиеттері әртүрлі таяқша тәрізді, кокк тәрізді бактериялар. (мазмұны дұрыс).

4. Ботулизм қоздырғышы әртүрлі іріңді- қабыну үрдістерін тудырады: жақ- бет аймағында, өкпеде, бауырда, зәр жүйесін, тірек- қимыл аппаратын

зақымдайды, аппендицит, перитонит, сепсис тудырады. (дұрыс емес).

5. 1896 жылы Э. Ван-Эрменгем сіреспе қоздырғышын ашты. (дұрыс емес).

6. C.botulinum споралары жоғары температураға аса төзімді (қайнатқанда 3 - 5 сағат шыдайды). (мазмұны дұрыс).

7. Сіреспе ауруы көздің көру бұзылысымен (науқас көзінің алдында «тұман» тұрған сияқты деп айтуы мүмкін) қосарланып көрінуімен (диплопия) сипатталады. (дұрыс емес) 8. Ботулимнің клиникасына тән:жасырын кезеңі 6- 14 күн. Ауруда шайнау бұлшық етінің спазмы, жұтудың қиындауы, шүйде, арқа бұлшық етінің тырысуы (дене доға тәріздес жағдайда болады - опистонус), барлық дене бұлшық етінің қарысуы, әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. (дұрыс емес). 9. Сіреспенің алдын алу үшін, жасанды белсенді иммунитет тудыру үшін жоспарлы түрде АКДС және АДС қолданылады. (мазмұны дұрыс). 10. Ботулизм кезінде ауыз қуысы құрғауы, құсу, лоқсу, жүрек айнуы, диареямен болады. (мазмұны дұрыс).

б) Студенттер сәйкестендіру кестесі бойынша жұмыс жасайды:


1.1884 ж. Николайер мен

С. Китозато ашқан



а) Ботулизм қоздырғышын

2. Дене доға тәріздес жағдайда болады – опистотонус.

ә) Ботулизм.

3. Қоздырғышты 1896 ж. Э. Ван-Эрменгем ашты

б) Сіріспе қоздырғышы

4.Инфекцияның таралу жолы- тағамдықжиі консервілер.

в) Сіреспе ауруында

Зақымдалған тінде капсула түзеді.

г) Пептококтар, пептострептококтар

Спора түзбейтін анаэробтар

д) Газды гангена клостридиялары

Жауаптары: 1- б 2- в 3- а 4- ә 5- д 6- г

б) Студент ассоциация жаза отырып ақпараттың негізгісін іріктеп алып, қорытынды жасап, өз ойын қысқа, нақты білдіруді үйренеді.


6.Сабақты қорытындылау (баға қою).

Оқытушы білім алушылардың жауаптарын талдайды, бағаларды

түсіндіріп, жариялайды.

7. Үй тапсырмасы.

Тақырып: Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары

Пайдаланатын оқулықтар: 1. Н. А. Бакулина «Микробиология» 316- 329бет.

2. Ү. Т. Арыкпаева, А. Н. Саржанова, Э. Х. Нуриев «Медициналық

микробиология» 1 том 331- 333; 2 том 101- 107 бет.




Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы





Сабақ бөлімдерінің атау

Уақыт тәртібі

1

Ұйымдастыру кезеңі

2минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

3 минут

3

Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

40 минут

5

Жаңа тақырыпты бекіту

15 минут

6

Баға қою

3 минут

7

Үй тапсырмасы

2минут


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет