Екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) 2024 жылы қаңтарда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда халыққа берген теңгедегі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі жалпы алғанда 2,8%-ға өсіп, 20,7% болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: newizv.ru

Құжатқа сәйкес, теңгедегі ең арзаны халыққа үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге берілген несиелер – 18,7%, ең қымбаты – бір айға дейінгі мерзімге 33,2%.

  • “Біріміз несие, біріміз қарыз алдық": Қызылордада құрылысшыларға алданып қалған тұрғындар тергеуге наразылық танытты
  • 82 миллиард теңге қарыз: Қазақстанда несие берешегі бар медициналық ұйым басшылары жауапқа тартылмақ

Заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 0,2%-ға, яғни 18,5%-ға дейін төмендеді. Шетел валютасындағы несиелер бойынша мөлшерлеме өзгерген жоқ, ол 5,7% болды. Қаңтар айында бизнес үшін теңгедегі ең қымбаты ұзақ мерзімді несиелер болды – бес жылдан астам мерзімге – 19,6%, ең арзаны – бір айдан үш айға дейінгі мерзімге – 18,2%.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.