Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың әдісі : ауызша баяндау, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары



жүктеу 77.61 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі77.61 Kb.
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: Жүн, мақта және жібек маталар туралы түсінік, қолданыста пайдалана білу, күту әдістері.
а) білімділігі : оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық

ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, мата

атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу

әдістерін түсіндіру.



ә) дамытушылығы : оқушылардың танымдық деңгейлерін

кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, мата

түрлерін ажырата білуге дағдыландыру,

іскерлік дағдыларын дамыту.



б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : ауызша баяндау, сын тұрғысынан ойлау

стратегиялары


Көрнекіліктері : « Мата түрлері » - бетшесі, «Мата құрылым-

дарын салыстыру » - кестесі, « Матаның

қасиеттері», «Мата атаулары» - бетшелері,

интерактивті тақта



Әдебиеттер : «Технология 6 » - оқулығы
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сабақтың құрылысы :

Жүн және жібек маталарының сыртқы құрылымы

Алғашқы өңдеу жұмыстары

Қасиеттері

Қызығушылығын ояту.


  1. Түйе, бие сүттерінің құрамы неге тәуелді болады?

  2. Түйе, бие сүттерінің құрамындағы адам ағзасына пайдалы дәрумендерді ата.

  3. Түйе, бие сүттерінің емдік қасиеттері қандай?

  4. Мата неден тоқылады ?

  5. Талшықтар қандай түрлерге бөлінеді ?

  6. Талшық түрлерінен қандай маталар тоқылады ?

  7. Еліміздегі мақта өсірілетін аймақ.

Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркім ұмтылған,

Киер киім оңтайлы.

Бұл не ? (мата)



Мағынаны түсіну

Талшықтар




табиғи жасанды


өсімдік тектес жануар тектес





мақта және зығыр маталар жүн және жібек маталар

түйе,қой,ешкі жүнінен алынады жібек құртынан алынады


Жүн маталарын дайындау үшін алдымен өңдеу жұмыстарын орындайды.


Жүнді алғашқы өңдеу







талшықтарды сапасы бойынша іріктеу







тазалау



түту





арнайы сабынмен жуу







кептіру



иіру





мата тоқу



Жүн және жібек маталар

Табиғи жібек-өте жіңішке, нәзік жіп. Оны тұт жібек құртының қуыр- шағынан алады. Бұл тәсіл тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді. Жіп өте жіңішке болғандықтан,біремес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді. Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды.

Жібекті алғашқы өңдеу жұмыстары былайша орындалады: жібекті тасымалдау және сақтау алдында өңдеу – жібекті бумен өңдеу және ыстық ауамен кептіру, жібек шикізатын алу – қуыршақты бумен өңдеу және бірнеше қуыршақтан жібек жібін жинау. Бұл операциялар жібек орау фабрикасында орындалады. Талшықтардан жіп иіреді, одан мата тоқылады.

Мақтадан жасалған мата қолайлы, оңай жуылып, тез кебеді, жақсы тазаланады, оңай үтіктеледі.

Жүн, жібек маталар жануардан алынатын табиғи талшықтардан, сонымен қатар химиялық жолмен алынатын талшықтарды қосу арқылы жасалады. Мақта, жібек, жүн маталардың әсері адам организіміне пайдалы, сондықтан қымбат бағаланады.
Талшықтардың құрамы.

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.


Талшықтың ұзындығы

Талшықтың жуан-жіңішкелігі

Матаның сапасы

мықтылығы

жұмсақтығыы

иірілуі

Ұзын және жіңішке талшықтардан жіңішке,мықты, біркелкі жіп алынады. Мұндай жіптен тоқылған мата жұқа,берік,тегіс,жұмсақ болып келеді.

Иірімделген талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді. Мұндай талшықтан тоқылған маталарды қысқы киім тігу үшін қолданады.

Матаның құрамы, қасиетері талшықтарының құрылысына, жіптердің айқасуына түсіне,тоқылу ерекшеліктеріне байланысты. Матаның негізгі қасиеттері физика-механикалық, технологиялық,гигиеналық қасиеттері арқылы сипатталады.


қыртыстануы сетінегіштігі

мықтылығы төзімділігі қысқаруы ыдырауы

физ.-мех.қасиеті технологиялық


жіптердің жіптің

жіптің тоқылуы талшықтың айқасуы пішінінің серпімділігі сапасы өзгеруі

иірілуі

жылу сақтағыштығы ылғал өткізгіштігі





гигиеналық




матаның тегістігі ауа

тығыздығы өткізгіштігі


Жүн және жібек маталардан жасалған киімдерге күтім жасау (шартты белгілер)


Ылғал өткізгіштік – матаның қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті .

Жылу сақтағыштық – тұрақты жылуды сақтау қасиеті.

Матаның қысқаруы – ылғалды-жылумен өңдеу кезінде мата өлшемінің

өзгеруі.


Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы – жіптің серпімділігі мен тегістігі-

нің, айқасуының өзгеріске ұшырауы.


Ой – толғаныс

  1. Мата атауларын білеміз бе?

Масаты деп қандай матаны айтамыз ? Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Масаты – жұмсақ түкті мата

Шидем дегеніміз не ? Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ.



Шидем – түйе жүніне тоқылған мата

Шай дегеніміз не ? Шолпысы сылдырлап,шайы көйлегі сусылдап



Шайы – үлбіреген жұқа жібек мата

Бүлде деп нені айтамыз ? Үлде мен бүлдеге оранып



Бүлде – бағалы қымбат мата

Торқа – бағалы жібек мата

Күлдәрі – жұқа жібек мата

Манат – жүннен тоқылған барқыт тәрізді сырт киімдік мата

Оқа – жібек және зер жіптерден тоқылған көмкерме


  1. Әсем, жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі,Ұштап,Мақпал, Қырмызы,Жібек,Дүрия т.б.

  2. Семантикалық карта толтыру.



Мата атаулары


мақта

түкті

жібек

жүн


Ақзон

+










Барқыт




+

+




Баршын







+




Драп










+

Дүрия







+




Күлдәрі







+




Мақпал




+







Сәтен

+










Бомази




+







Сиса

+










Мана










+

4. Кім тапқыр ? ( танымдық тапсырмалар)




киім

көркі

жапырақ

адам

сәні

шүберек

ағаш

мәдениет

айнасы




бойға

көрік

тазалық

киім

байлық

астан

қонымды

саулық

негізі


Ой түйіндеу : Мата атаулары қалай қойылған ?

- қасиеттеріне, сапасына, талшықтардың атауына, тоқылу ерекшеліктеріне

т.б. байланысты.

Тест тапсырмаларын орындау.

1. Матаның көне атауы

а) материал

ә) кездеме*

б) бұйым
2. Зығыр матасын алу үшін өсірілетін зығырдың түрі

а) салалы*

ә) бұйра


б) жабайы
3. Халқымыздың «ақ алтыны»

а) бидай


ә) көмір

б) мақта*


4. Матаның гигроскопиялығы деп қандай қасиетін айтады?

а) жылу сақтағыштығы

ә) ылғал өткізгіштігі*

б) ауа өткізгіштігі


5. Жібек матаның атауы қандай ұғымға байланысты қойылған?

а) Ұлы Жібек жолына

ә) жібек талшығына*

б) кісі есіміне байланысты


Қорытынды: Нені білдім? Нені білгім келеді?
Осы сұрақтар арқылы, оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.
Үйге тапсырма: Мата түрлерінің құрылымдық қасиеттерін анықтау.
Бағалау.





Каталог: uploads -> doc -> 1023
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1023 -> Сабақтың тақырыбы : §27Әбілқайыр хандығы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет