Қазақстанда әскери қызметкерлерді қажетті киім-кешекпен толық қамтамасыз ету үшін қосымша 62,7 млрд теңге бөлу қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы мәжілісте өткен жиында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлім етті.

"Киімге жеке құрамның формасы ғана емес, сонымен қатар шатырлар, киім-кешек қызметінің техникалық жабдықтары. Бірақ қазір бізді алаңдататыны — әскери форма. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге келетін болсақ, күнделікті форма киюге міндетті. Далалық формадан, арнайы формадан басқа, бұл жерде шынымен де проблемалар бар", – деді Сұлтан Камалетдинов.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде министрліктің тұрақты әскери қызметшілер алдындағы қарызы 26 миллиард теңгеден асқан. Әскери міндеттін атқарушыларды, курсанттарды, ЖОО курсанттарын және әскери мектеп оқушыларының киім-кешекпен қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрайды.

Әскери қызметкерлердің басқа санаттары – орта есеппен 72%-ға, оның ішінде:

далалық форма – 100%;
күнделікті киім – 65%;
толық киім формасы – 42%;
арнайы форма – 71%;
жеке қорғаныс құралдары – 60%;
жылы киім – 95% (қысқа тон, киіз етік, үлбір қолғап).

Әскери қызметкерлерді қажетті киім-кешекпен толық қамтамасыз ету үшін қосымша 62,7 млрд теңге бөлу қажет.

Қорғаныс министрлігі қаржы министрлігіне киім-кешек сатып алуға қажетті қаражатты бөлу және оны республикалық бюджет комиссиясында бекіту мәселесін қарастыруды ұсынды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.