Сабақтың түрі: Баспасөз конференция сабағы. Әдісі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары



жүктеу 106.67 Kb.
Дата19.10.2017
өлшемі106.67 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау экологиясы

Мақсаты: 1.Оқушыларға Маңғыстаудың экологиялық проблемалары туралы

білім беру. Экологиялық апат аймақтарымен таныстыру және ол

жерлерді картадан таба білу.

2.Оқушыларды өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа, картамен

жұмыс жасай отырып, өз ойларына қорытынды жасай білуге,

кестелерді қолдануға одан әрі үйрету.

3.Қоршаған ортаны аялауға, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Баспасөз – конференция сабағы.

Әдісі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Экология, әдебиет.

Көрнекіліктер: Мультимедиалық тақта, компьютер, карта, кестелер, слайд

материалдары.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

І.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім: Маңғыстауым өткен өмір бастауы ғой,

Ата-баба көзін көрген дастаны ғой.

Бар сырды жинап алған өз бойына,

Құдайдың берген бізге бір сыйы ғой.

Бүгін сіздердің қатысуларыңызбен, «Маңғыстау экологиясы» атты баспасөз-конференция сабағымызды бастағалы отырмыз. Бұл тақырыпты алған себебіміз – экология бүкіл дүние жүзін, елімізді, соның ішінде біздің облысымызды қамтып отыр. Маңғыстау экологиясымен таныстыра отырып, оқушылардың экологиялық сауаттылығын, табиғат алдындағы жауапкершілігін дамыту. Ш.Айтматовтың сөзі бар: «Су мен жер туралы әңгіме – адамның өзі туралы әңгіме» деген. Біз бүгін қоршаған орта туралы айтсақ, бұл өзіміз туралы айтқанымыз болып шықпақ. «Өзіміз және өзімізден кейінгі балаларымыз қалай өмір сүреді, олардың тыныстар ауасы, ішер суы қандай болмақ, кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырамыз»-біз бүгін осы мәселе төңірегінде пікірлесуіміз керек. Олай болса, сөз кезегі өздеріңізде.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Республикалық қоғамдық-экологиялық «Атамекен» газетінен

Менің сұрағым: Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығына

-Өлкеміздің ең өзекті экологиялық аймағы деп қай жерді айтар едіңіз?

Маңғыстау халқы үшін қазіргі таңдағы 1-ші проблема Қошқар Ата улы көлін жою. Ол Ақтау қаласына жақын орналасқан құрамында уран қалдықтары бар жинақтауыш, табиғи ағынсыз құлама Қошқар Ата қалдықтар қоймасы. Алғаш рет уран рудасын өңдеген ПГМК комбинатының күкірт қышқылы және химия металлургиялық екі зауыты 1965 жылдан Қошқар Ата әулие маңындағы ойпатқа ешқандай техникалық оқшаулау құрылыстарын салмастан улы қалдықтарын төге бастаған. Қазіргі уақытта Қошқар Ата қалдықтар қоймасына жер асты суы арқылы барлық жаққа 4 шаршы шақырымға дейін, ал 1991 жылы Каспий теңізіне дейін таралғаны белгілі болды. Бұл қалдықтар қоймасының алатын ауданы 77 шаршы шақырым. Қазіргі уақытта 39 шаршы шақырым су деңгейі төмендеуде. Орналасқан қалдықтардың жалпы саны 66 шаршы шақырым. Қоймада орналасқан қалдықтар құрамында нитрот, нитрит, алюминий, темір, фтор, фосфат, хром, уран, т.б. химиялық элементтер. Қалдықтар қоймасында барлығы 115 млн тонна улы және радиоактивті қалдықтар орналастырылған. Уранның жалпы саны 2050 тоннаны құрайды. Көлдің бетін жапқан су соңғы жылдары шет жағалай кеуіп, топырағын жел суырып, радиациялық улы қалдықтар ауаға таралып, 50 % -ы шаңға айналып кетеді екен.



2.Республикалық тәуелсіз «Алтын Орда» газетінен»

Менің сұрағым «Маңғыстаумониторинг» ЖШС директорына

Осы улы қалдықтардың ауаға таралуы климаттан басқа адамдардың жауапсыздығынан таралуы да мүмкін бе?

Адамдардың өздерінің жауапсыздығынан болады. Көлдің оңтүстік бөлігінде жалпы аумағы 5,2 га құрайтын радиациямен ластанған жабдықтар мен темір- терсектер көмілген 3 жер бар. Адамдар сол жердегі темірлерді қазып алып, темір тапсыратын жерге апарып өткізген. Ал кейін темірлердің радиациямен латсанғаны белгілі болып, қабылдамай тастағанда, олардан тезірек құтылу үшін кез келген жерге лақтырып кете барған. Ал кейбір адамдар шаруашылықтарына пайдаланған. Ал шашылып қалғандары жатқан жерінің топырағын былғап, жаңбыр суымен ағып, желмен айналаға тарап, онсыз да ылаң салып жатқан радиация қаупін күшейте түсуде. Оның үстіне айналасындағы ауылдар әлгі сулы көлдің нулы шөбіне мал жайған. Ауыр металдар мен күрделі минералдар сол шөппен бірге малдың денесіне түсіп, оны адамдардың жеп жатқаны сөзсіз. Тіпті мұндай малдың еті базарларда сатылып жатпағандығына ешкім кепілдік бере алмайды.



3. «Қазақстан» телеарнасынан

Менің сұрағым бас маман гидрогеологқа

Қошқар Ата улы көлін залалсыздандыру үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

Қазақстандағы «Уранликвид» деп аталатын кәсіпорын улы көлді және ашық жатқан уран карьерлерін залалсыздандыру үшін жұмыстарын 3 бағыт бойынша бастап кетті. 1.Радиациямен ластанған жабдықтар мен темірлер көмілген әрқайсысының тереңдігі 12 метр болатын 3 жердің үсті темір бетондармен жабылмақ. 2. Суы кеуіп кеткен 27 шаршы шақырым жер топырақпен жабылу керек. 3.Топырақтың босауын болдырмау үшін өсімдіктер отырғызылатын болады. Бұл жобаның барлығы 1 млрд 300 млн теңгеге бағаланып отыр.



4. Республикалық ұлттық тәуелсіз «Үш қиян» газетінен

Менің сұрағым Маңғыстау облыстық балық инспекциясының бастығына

Каспий теңізінде мұнай өндіруші компаниялардың экологияны сақтамай отырғандығы туралы не айтасыз?

Каспий теңізіне өндірістен шыққан лас судың құйылуына байланысты ауланатын балық мөлшері азаюда. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірибелері бар екендігін ұсынған. Халықтың наразылығына қарамастан билік басындағылар шетелдік мұнай компанияларының мұнайды барынша игеріп, табиғи ортаға қол салуына жол берді. Нәтижесінде, балықтардың түрлі ауруларға ұшырауға, итбалықтардың жаппай қырылуы орын алғаны белгілі. Бағасы алтынмен пара-пар, қызыл, қара уылдырық өндіру де кеміп барады. Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған. Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Ал ауру балықтардың уылдырығын консервілеуге келмейді. «Атамекен» газетіндегі мәліметтерге жүгінер болсақ, оның теңіздің басқа балықтарын былай қойғанда, бағалы балығының өзінен 500 млрд доллар пайда табуға болады деген жорамалдар бар. Тек Каспий балығынан қазіргі күні 5 мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Сонда мұнайды өндіріп, қоршаған ортаны ластағаннан гөрі, бағалы балықты аулап, байлыққа кенелгеніміз жөн болар еді.



5.Облыстық қоғамдық-саяси «Маңғыстау» газетінен

Менің сұрағым облыстық мәслихат хатшысына

Маңғыстауға АЭС керек пе?

Сұрағыңыз орынды. Елбасының халыққа жолдауында «Ақтау қаласында атом электр стансасын салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет» делінген. Бүгінгі күні әлемде дамыған елдердің көбі атом қуатын пайдаланады екен. Мысалы, францияда электр қуатының 80%-ы атом стансасында жасалады. Қазір бүкіл әлем қуат көзінің осы арзан түрін пайдалануды хош көріп отыр. Қазіргі болжам бойынша газ 50 жылға ғана жетеді, ал байытылған ураннан алынған ядролық отын 200 жылға жетеді. Атом стансасының мүмкіндігі жоғары. Көмірдің жүрген жері жүздеген мың тонна күл. Ал атом стансасынан атмосфераға да, топыраққа да келетін залал жоқ. Жаңа стансаға қойылатын реактор «ВБЭР -300» деп аталады. Адамзат атомды, атом энергиясын пайдаланғалы бері дүние жүзінде екі-ақ рет ірі апатты жағдай болды. 1.Чернобыль, 2. 1979 жылы АҚШ-тың Пенсильвани штатында орын алған оқиға. Бұл апаттар ғылым үшін, конструкторлар үшін

үлкен сабақ болып, көп нәрсені үйретіп кетті. Дәл қазір реакторлар техникалық жағынан қауіпсіз. Ақтауда көп кешікпей жаңа АЭС салынып, 2015 жылға пайдалануға берілмек. Бізде бұған мүмкіндік мол, тәжірибе де бар, база да бар. Уран да жеткілікті.

6. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан

Менің сұрағым облыс әкімінің орынбасарына

АЭС-тің салынуына көпшілік неге қарсы?

Мәскеу ақпарат агенттіктері: «Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына тендер жарияланбайды, оны тек Ресей салатын болды» деген хабар тарады. Міне, алдағы уақытта біздер Ресей үшін тәжірибе алаңына айналатын болдық деп айтуға болады. Кремльдің саяси технологтарының бұл бағыттағы мақсаттары мынау: қазақ жерінен бірнеше АЭС салу (сол арқылы миллиардтаған пайда түсіру), Курчатов қаласын бейбіт мақсаттағы ядролық технологияларды сынайтын полигонға айналдыру, Қазақстанның ұлттық ядролық орталығын іс жүзінде өз қолдарына алу, т.б. бізге беймәлім саяси мүдделері бар. АЭС салу үшін әлі 15-20 жылдай уақыт керек.Жоғары дамыған мемлекеттер ядролық технология саласының қауіпсіздігін толықтай шешкен уақыттан бастап АЭС салсақ та кеш қалмаймыз. Өзіміздің энергиялық ресурстарымыз (көмір, газ, мазут) бізге әлі біраз уақытқа жетеді. АЭС-да отын ретінде уран қолданылады, оның қалдығы уран «күлі» деп аталады, одан ауаға «өлім» сәулесі таратылады. Маңғыстаудағы атом электр комбинаты 1973 жылға дейін жұмыс жасау керек болса, ол 2001 жылы ғана тоқтатылды. Сөйтіп комбинат 28 жыл жұмыс жасады. Енді осы комбинат жұмысын аяқтағанмен әлі 50 жылға жететін улы қалдық қалып отыр. АЭС-ның маман – кадрларын қазірден бастап қолға алып, дайындай беру қажет. Оқуын бітіргеннен кейін 12-15 жылдық тәжірибеден кейін ғана дұрыс маман қалыптасады. Болашағы күмәнді, кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін тәжірибелік АЭС бізге қажет пе?



7.Аудандық «Қарақия» газетінен

Менің сұрағым Ақтау пластмасса зауытының басшысына

Маңғыстауда радиация уын бөліп тұрған қандай зауыт, фабрикалар болды?

1.Күкірт қышқыл өндіретін зауыт. Мұны жергілікті халық «Құзғынның ұясы» деп атайды. 2.Азот-түк зауыты құрылысының сыртынан радиация жақындатпайды. Әрине, ол сіңіп қалған улы түтіндер. 3.Ақтау қаласында радиация уын шашып тұрған кен байыту фабрикасы. Жалпы Ақтау экологиясына қауіп төндіретін аймақтың бірі осы зауыт. Ал зауыт жұмыс жасау үшін оған уран қажет. Кенді байыту 1994 жылы тоқтағаны белгілі. Сонда оның бетін 1,5 метр шамасында таза топырақпен жапқан екен. Алайда үнемі карьерден ақ бу шығып жатқанын байқауға болады. Бұл – радиация. Ол маңындағы адамды уландырады. 4.Кен байыту фабрикасынан жақын жерде пластмасса жасайтын кәсіпорын – шикі өнім химиялық реакцияландыру арқылы радиация бөледі. Денсаулыққа өте зиянды экологиялық аймақтардың бірі. Алып мұржалар арқылы цехтардан бөлінген улар жанып тұрады. Сол маңдағы жер асты цехында да нағыз қауіпті улар тәулік бойы жиналады. Бұл жерден шіріген бақаның иісіндей иіс адамды тұншықтырады. Осындай жерде қала халқы күнделікті тіршілігін өткізіп, жарты өмірін құрбандыққа шалып жатыр.



8. «Жас Алаш» газетінің тілшісі

Менің сұағым экологқа

Өлкеміздегі басқа да қауіпті аймақтарды атасаңыз.

Қауіпті тағы бір аймақ – уран жатқан аймақтар. Бұл кен орны елсізде орналасқан және әлемге әйгілі Қарақия ойысы. Дәл осы ойыстың өн бойында уран кен қабаттары жатыр. Машинамен жүрсеңіз рульдегі адамды еріксіз ұйқы басады. Сондықтан апат көп болып, оның арты орны толмас өкінішпен аяқталып жатады. Себебі, жер бетіне жақын жатқан буы ұйқыны келтіреді. Сол кезде жүргізуші рульге ие бола алмай қалады. Мұндай жағдай ертерек кездері №2,3 карьердің тұсында да көп болады. Тіпті сол жерде мал бағып жүргендер далада ұйықтап қала береді екен. Сол маң ерте заманда «Ұйқылы» атанған. Сонымен бірге экологиялық қауіптілігі жағынан аса күрделі аймақтар қатарында Ақотты, Кіндікті, Мүлкаман бар. Бұлар жер астында ядролық сынақ өткізілген жерлер. 1.1996 жылдың желтоқсанында, кейінгі екеуі 1970 жылдың желтоқсанында өткізілген. Екеуі жер астында жарылып, біреуі жердің бетіне шығып кеткен. Сол кезде әскери адамдар тікұшақтарға мініп алып тайып тұрған. Міне, қауіпті экологиялық аймақтар.



Сергіту сәті.

Бүгінгі сабағымызды жергілікті ақынымыз Сайын Назарбектің Маңғыстау тақырыбына жазылған өлеңімен жалғастырайық.



ІІІ.Ой-толғаныс.

  1. «Тәсіл кестесі»

«Адам табиғаттың досы ма?»

Иә

Жоқ

Ағаш егеді.

Гүл отырғызады.

Күл-қоқыстан тазартады.

Бұлақ көзін ашады.

Қорықтар ұйымдастырады.


Ағаш кеседі.

Топырақ тозған.

Қоқыс төгеді.

Суды ластайды.

Ауаны ластайды.


Пікірталас.

1-топ. Иә.

Адамның дені сау болу үшін қоршаған орта, табиғат таза, сау болу керек. Адам баласы өзінің салауаттылығын ойласа, табиғатты көркейтуге мән беру керек. Мектептің төңірегі жайқалған бақ, үйдің төңірегі жеміс ағаштары болса қандай жақсы. Сәуір айы – тазалық айы, сенбіліктер болады. Біздің мектеп осы шаралардың белсенді атқарушысы. Сенбілікте көшелерді тазартып, ағаштар отырғыздық. Мектебіміздің айналасы жайқалған бақ болуына күш салып жатырмыз.



2-топ. Жоқ.

Мектептерді, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бірақ егілген ағаштар мен жеміс ағаштарын күту және малдан қорғау жұмыстары өте нашар, сондықтан егілгендердің өзі жылда қатарға қосыла бермейді. Көше, ауыл көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, кейбір адамдар қоқыстарды көшеге, ауыл сыртына, төгуге болмайтын жерлерге төгеді. Жаңбыр көп жауса балшық болып, көшелердің, ауыл сәнін кетіреді.



2.Шығармашылық жұмыс.

«Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...

1.Егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...

Егер мен табиғат қорғау министрі болсам, бес елдің ортақ несібесіне айналған, миллиардтаған тонна қара алтынның қамбасы аталған, табиғат ананың ең бір осал тұсына айналып тұрған Каспийдің, Маңғыстаудың денсаулығын, хал-күйін, экологиялық жағдайын қалт жібермей қадағалап отыратын – ғылыми-зерттеу орталығын ашар едім. Ядролық жарылыс болғызбас едім, табиғатқа зиян келтіргендерге ауыр жаза берер едім. Қалдық салатын орындарды көбейтер едім.



2.Егер сіз ақын болсаңыз, онда...

Егер мен ақын болсам, ұлы ақын Абай атамыздай өз қазақ жеріміздің, еліміздің ең негізгі жағдайын айтып, бүкіл әлемге әйгілі етер едім. Заман-ай жырлары сияқты табиғаттың талабынан туған жырларды жазар едім. Жақсылық пен жамандықты жырлау арқылы елді қайырымдылыққа, табиғат ананы қорғауға шақырар едім.



3.Егер сіз суретші болсаңыз, онда...

Егер мен суретші болсам, қазір құрып бара жатқан орман-даламды, ластанған ауа, бүлінген жеріміздің кескінін суреттер едім. Сөйтіп, адамдарға ой салып, табиғатты қорғауға шақырар едім. Өз туған жерімнің табиғатын, биік тауларын, қазақтың дархан даласын суретке салып, адам баласының көңіл-күйін көтерер едім.



4.Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...

Егер табиғатқа тіл бітсе, адамдарды мейірімділікке шақырар еді. Мені қадірлеп, қорғасаң өзіңді қорғағаның дер еді.



3.«Үш жақты күнделік»

Проблема

Комментарий

(себебін анықтау)



Шешу жолдары

1.Қошқар Ата улы көлі

Өндіріс орындарының улы қалдықтарын төккен.

Темір бетондармен, топырақпен жауып, өсімдіктер отырғызу керек.

2.Каспий теңізі

Мұнаймен ластанған.

Лас өндіріс орындарын жою.

3.Зауыттар мен фабрикалар

Өндірістің улы қалдықтары

Қалдықсыз өндірілетін және қалдықты өңдейтін технологияны қолдану.


Қорытынды

Мұғалімнің сөзі: Міне, адамның табиғатты өзгертуі қауіпті жағдайға айналып отыр. Біздің облысымызда жұқпалы аурулар, көз ауруы, өңеш, ісік, жүрек, қан қысымы, тері аурулары өте көп кездеседі және бірнеше есе жоғары. Осының барлығы экологиялық ластанудан туындап отыр. Өлкемізде өзіндік ерекшелігімен, көріктілігімен теңдесі жоқ Ақтау Сити қаласы салынғалы жатыр. Бірақ адамды алаңдататын жағдай осы Ақтау Сити мен Қошқар Ата улы көлінің аралығы шамамен 5 шақырым. Сонымен бірге Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Жетібай сияқты жерлерде мұнай қалдықтарымен, автокөліктен шығатын газды түтіндермен ауа күн санап улануда. Қазір 200 мың шаршы шақырымға дейін мұнаймен бүлінген. Ал, ауылымыздың экологиялық жағдайына келетін болсақ, құм басып қалу қаупі төнгендіктен осы құм көшкінін тоқтату үшін 2003 жылдан бастап Алматы қаласынан география институтының мамандары келіп құм көшкінінің қозғалысын бақылайтын тәжірибе алаңын жасақтап, түрлі ағаштар екті. Өлкеміздегі экологиялық ахуалды сауықтырып, тұрғындардың денсаулығын жақсартудың маңызды шараларының бірі – елді мекендерді көркейту, көгалдандыру. Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруды міндеттегені баршаға аян. Себебі, жасыл желек ауаны тазартушы. Ғалымдардың есептеуінше, 1га жер көлеміндегі орман 68 тонна шаңды ұстап тұра алады. 1 га орман-тоғай бізге жылына 20 млн текше метр таза ауа береді. Ата-бабамыз айтып кеткендей, «Ана көркі – алдындағы баласы, жердің көркі – желкілдеген ағашы». Олай болса, туған өлкемізді жасыл желекке бөлеу өзіміз үшін де, өзгелер үшін де, болашақ ұрпақтар үшін үлкен міндет.

Үйге тапсырма.

Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет