Сабақтың түрі Жаңа сабақты меңгеру. Әдістер



жүктеу 94.04 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі94.04 Kb.
түріСабақ


4- сынып

Күні: 05.03.2014.

Сабатың тақырыбы

Ардақты ана Ә.Дүйсенбиев

Мақсаты

Ана туралы түсініктер кеңейту,сүйіспеншіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

А) Өлеңнен мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.

В) Өлеңнің мазмұнын, өз сөзімен айта алады, негізгі идеясын ашады.

С) Өлеңнің мазмұнын шығармашылықпен орындай алады.




Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгеру.

Әдістер

Жеке, жұптық, топтық жұмыс, «Қар үйіндісі», «Қораптағы 10 сұрақ»әдісі,пікірталас,топтық әңгіме,эссе, 5 жолды өлең,топтастыру, «түртіп алу» әдісі, деңгейлік тапсырма.

Тапсырмалар

Қашықтан оқыту кезіндегі төртінші, сегізінші тапсырмалар.

Керекті жабдықтар

Оқулық, жұмыс дәптері, қалам, стикер, слайд,АКТ,аудиоподкаст.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

минут


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

9

1.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- « Бір-бірімен амандасу» психологиялық тренинг арқылы,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Қораптағы 10 сұрақ» әдісі арқылы.
Стикер арқылы 4 топқа бөлу.



1.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.

2.Сұраққа жауап беріп,бір-бірін «Басбармақ» арқылы бағалайды.

Балалар өздеріне ұнаған стикерлерін алып топқа бқлініп отырады.



Тұсаукесер

4

Стикерде жазылған сөздер арқылы «Анасыз өмір- сөнген көмір» атты мақал құрастырту және сол мақалдың мағынасын ашқызу арқылы ана туралы ойларын жинақтап, автор туралы ақпарат беру.




Дәптермен жұмыс



Негізгі бөлім

Сергіту сәті



14



А.Енсеповтың «Хафиз»күйін тыңдата отырып, аудиоподкаст арқылы жазылған Ә.Дүйсенбиевтің өлеңін тыңдату.Топқа тапсырма беру( топтық жұмыс)

І. Өлеңді мәнерлеп оқу.Көршісімен өлең шумақтарын тізбектеп оқу.Әр топтан үздік оқыған оқушыны шығару.Оқушылар өздеріне түсініксіз сөздердің астын сызып отырады,мұғалім мағынасын түсіндіреді.

«Қаражорға» биі

ІІ. Шығармашылық тапсырмалар.А:В:С деңгейіне байланысты тапсырма:

1. А) 3 мақал жаз. (2 ұпай)

2. В) 5 жолды өлең құрастыр.(5 ұпай)

3. «Ардақты ана»тақырыбына эссе жаз. 5 (ұпай)

2-6 ұпай- «3»

7-9 ұпай- «4»

10-12 ұпай «5»




Жеке жұмыс.Өлеңді жеке – жеке мәнерлеп оқиды.
Топтық жұмыс.

Топтың ішінде ойларын біріктіріп, топ басшысы түсіндіреді.


Төрт топтан бір-бір оқушыдан шығып өлеңді мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс «Түртіп алу» әдіс арқылы. Өлеңнен теңеу сөздерді табады.

Деңгейлік тапсырма


Оқушылар критерий арқылы Бір-бірін 2 жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

А) Ана туралы 3 мақал- мәтел жаз. ( 2 ұпай)

1.----------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------------------

3.---------------------------------------------------------------------------------

В) 5 жол өлең құрастыр. (5 ұпай )

-----------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------

С) «Асыл ана» тақырыбына эссе жаз. ( 5 ұпай )



2-6 ұпай- «3» Әлі де сенің қолыңнан келеді.7-9 ұпай- «4» Жарайсың! 10-12 ұпай «5» Керемет!

Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы қатынас туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікір – талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т. б.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан - жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері.
Көркем жазу диктанты. 3 миллион 67 мың 69 бірлігі бар санды жаз. 100 - ден үлкен, 60 - тан кіші, 1 миллионға үлкенн сандарды жазыңдар.
Тапсырмалармен жұмыс: «Компьютер» дидактикалық ойынын ойнау.
1 см²(квадрад сантиметр) = 100 мм²
1 дм²(квадрат дециметр)= 100 см²
1 м² (квадрат метр) =100 дм²
1 км²(квадрат километр) =1 000 000 м²
1 а(ар) =100 м²
1 га(гектар)= 100 а
1 га=100 а=10 000 м²
1 м² = 100 дм²= 10 000 см² = 1 000 000 мм²
1 дм²= 100 см²=10 000 мм²
№1. Ауданның өлшем бірліктерін еске түсіру.
ә) 5 дм² ˃ 50 см²
10 000 м² ˂ 5 га
5 м² ˃ 50 см²
5 дм² ˂ 505 см²
10 м² ˂ 50 050 см²
5 га= 50 000 м²
№2. Карточкамен жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
3 га=30 000м²
12 дм²= 120 см²
12 м²= 120 000 см²
45 га= 4500 а= 450 000 м²
8 000 000 мм² = 80 000 см²
4 дм²= 400 см²= 40 000 мм²
№ 3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1 - баған – І нұсқа, 2 – баған – ІІ нұсқа.
4 250+ 6+40+100 = 4396
960 502 – 500 - 2= 960 000
555 505 – 5 000 – 500 = 550 005
369 + 50 000 + 5 000 = 55 369
412 325 – 2 000 – 300 = 410 025
4 124 325 – 4 000 000 = 124 325
47 000 + 5 000 + 50 + 2 = 52 052
1 000 000 – 500 505 – 500 = 498 995
№4. 10 санының және бір таңбалы сандардың квадратын еске түсіру.
IV. Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі.
№5. Есеп сызбасын салу арқылы шығару.
а) 25∙20 = 500 (м²) – барлық жел телімінің ауданы
500: 2 = 250 (м²) – алма ағаштары алып жатқан аудан
500: 4= 125 (м²) – алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
250+125 = 375 (м²) – алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан
500 – 375 = 125 (м²) – жидек ағашты алып жатқан аудан
ә) 128∙3 = 384 (алма ағашы)
384 – 128 = 256 (артық)
Жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық.
V. Сабақты пысықтау:
№6. Өздік жұмыс. Баған түрінде есептеу.
902 - 567= 335
700 – 69 = 631
751 - 349 = 402
256 – 129 =127
708 – 489= 219
1 000 - 407= 593
№7. Ұжыммен есептеу арқылы орындау тиімді.
45∙20= 900 (см²) – түбінің ауданы
20∙30= 600 (см²) – кішкене бүйірінің ауданы
45∙30= 1 350 (см²) – үлкен бүйірінің ауданы
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
VII. Үй жұмысы: №8 есеп 35 бет.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау

Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

ІІ. Жаңа сабақ.
«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)

3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
- км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері.

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)
1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген)
2. Заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады)
3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді)

Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді, жүгірді,
Отырды, тұрды.

ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)
Дәптермен жұмыс
Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?
Сөз есеп
Оң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кем
Сол ж.-8 қатар орындық? орындық
Ш: 1) 8-6=2
2) 24:2=12
3) 6•12=72
4) 8•12=96
5) 72+96=168
Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық.

ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)
Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны, екінші көйлектің құны)
Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)
Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)
24480:12=2040 48960:2040=24

Сергіту сәті. Жаза, жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
1, 2, 3
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты ұғып аламыз.
V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.
Х+х+х=20217
Х=бірінші қосылғыш - ең кіші бес таңбалы сан (10000)
х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)
х=? (үшіншіні тап)
10000+9999+х=20217
19999+х=20217
х=20217-19999
х=218
10000+9999+218=20217
19999+218=20217
20217=20217
Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)
Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?

VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І, ІІ нұсқаға)
*І нұсқа 4310
Х 56
25860
+ 21550
241360 (бөлумен тексереміз)

*ІІ-нұсқа 4300
Х 56
258
+215
240800 (бөлумен тексереміз)
• «7» саны қандай сан? (киелі сан)
«7» саны туралы не білеміз?
Топтастыру
7 қазына, 7 ата, 7 күн, 7 шелпек,
7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы күн, азына)
7 күнді ата. (дүйсенбі….)
7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
МАБ -ға дайындық. Тест сынағы.VІІ.
1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?
А)3кг В)10кг С)12кг Д)13кг
2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша?
А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг
3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған?
А) 2т В)5т С)3т Д)4т
4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған?
А)3 В) 1 С) 2 Д) 4
5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?
А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг
6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады?
А) 20т В)10т С)30т Д)40т
7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны?
А)9 В)8 С)6 Д)7
Жауабы: 1-А, 2-С, 3-В, 4-Д, 5-А, 6-В, 7-С

Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма. №8-202-бет. (өрнек құру)
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет