Сабақтын мақсаты: Оқушыларға автокөлік бөлшектеріне тех. қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырып үйрету



жүктеу 58.44 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі58.44 Kb.
түріСабақ

Сабақтын тақырыбы: Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету

Сабақтын мақсаты: Оқушыларға автокөлік бөлшектеріне тех. қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырып үйрету.

Білімділік: Оқушыларға оталдыру жүйесіндегі техникалық

қызметтің түрлерін үйрету.

Дамыту: Осы тақырыпта алған білімдерін өндірісте пайдалана білуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына техникалық қызмет мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтын әдісі. Түсіндіру. Өндірістік мекемеде қолданылатын құрал-жабдықтар, бейімдеу құралдары. Тех. карта эскиздер, плакаттар, макеттер бөлшектер әр түрлі кілттер.

Сабақтын түрі. Тәжірибе жасау сабағы

I. Негізгі нұсқау



Сабақтын барысы. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Олардың киімдері техника қауіпсіздік ережелеріне сай екеніне көңіл бөлу.

Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

II. Ағымдағы нұсқау.



Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету

Оталдыру жүйесін күту жұмысын айналмалы бөлшектерді майлап және өткізгіштер мен түйіспелердің қосылған жерлерін таза ұстау деп түсіну керек.

Жұмыстың шаң-тозанның ортасында өтетін кезі болғанда оталдыру жүйесінде ақау түсуінің барлығына кір мен тозақ себеп болады. Майлағанда майдың жетіспеуі каншалықты зиянды болса майдың артық болуы да соншалықты зиянды екені жөніндегі ережені естен шығармау керек. Майдың артығы изоляциялаушы бөлшектерге тиіп, олардың изоляциялаушылық қасиетін жойып жібереді. Майдан орамдар бұзылады, конденсатор істен шығады, үзгіштің түйіспелері бұзылады, себебі үшқын шығаратын түйіспелер, әсіресе минералдық майлардың буынан тез бұзылатындыгы байқалған.

Саңылаудың мөлшері щуппен өлшенеді. Түйіспелердің арасындағы сақылау ең үлкен ажырап кеткенде 0,3-0,4 мм-ге тең болуға тиіс.

Саңылаудың керекті шамасын орнату үшін үзгіш тесігінің түйіспелік винті бір жагына қарай бұрап жеткізіледі. Винттің түйіспесі арнаулы кілтпен бұралады. Үзгіштің түйіспесін қараған кезде, бірінші орамның изоляцияланған ұшы қосылған щетка мен үзгіштің қосылган жерінің түйіспесін де тексеру керек. Түйіспенің бетінде тозаң және жасыл дақ пайда болса, оларды тазарту керек.

Ұшқынның жоқтығынан цилиндрлердің біреуі жұмыс істемейді. Мұндай жағдайларда берілген жұмысты орындауға мотордың қуаты жетіп тұрганының өзінде мотордың жұмысын одан әрі созуга тіпті болмайды. Жұмыс істемейтін цилиндр жанғыш қоспаны сорып ала береді де, ол қоспа жанбай конденсацияланып, цилиндрдің ішкі бетіне сұйық отын қаптайды, бұл сұйық отын цилиндрдің қабырғаларынан мотор картеріне құйылады.

Мотордың картеріне құйылған отын жағармайды сұйылтып, мотордың барлық үйкелетін бөлшектерін бүлдіре бастайды. Сонымен қатар, жұмыссыз цилиндр иінді білікке жүктің біркелкі түспеуіне себеп болады.

Мотордың жұмысты дұрыс не бұрыс істеп тұрғанын дыбысына карай айыруға болады. Егер, мысалы, төртінші цилиндр жұмыс істемей қалса, онда мотордың дыбысы өзгереді. Тіпті мотордың іркіліп соққанын байқауға болады, бір, екі, үш, тыныс т.т мүны "мотор үш соқты" деп те айтады.

Ұшқынның шықпай қалу себебін анықтаудан бұрын, мотор тоқтағанша қай цилиндрдің жұмыс істемейтінін біліп алу керек. Жұмыс істемейтін цилиндрді анықтау үшін жеке шамдарды кезекпе-кезек массаға қосады да, шығару дыбысына қарай бұзылғаны қайсысы екенін табады. Шамның орталық электродын массаға қосқанда шығару дыбысы өзгерсе, онда цилиндр дұрыс жұмыс істейді. Егер дыбысы өзгермесе, цилиндр жұмыс істемейді.

Тәжірибелерге қарағанда, тарату-үзгіш түрлерінің қайсысы болғанда да шамдардың бұзылуынан бір не екі цилиндр жұмыс істемейді. Міне, сондықтан алдымен шамды тексеру керек. Өзімізге белгілі оны не күйе басуы мүмкін, не саңылауы дұрыс болмауы немесе изоляциясы жарылған болуы мүмкін.

Күйені тазартып кетіреді, саңылауды реттеп орналастырады, фарфор жарылған болса, изоляторды немесе шамды бүтіндей алмастырады. Кейде цилиндр шамнан басқа себептерден істемей қалады, оны жұмыс істейтін цилиндрдің шамдарын жұмыс істемейтін цилиндрдің шамдарына алмастыру арқылы анықтауға болады.

Сымдар түзу болғанда, көп цилиндрлі мотордың бір немесе екі цилиндрінде ұшқын туғыза алмай магнетоның бұзылуы таратқыштың түйіспелерінің сынуынан немесе олардың ластануынан не, т.б. бұзылуынан болуы мүмкін.

Моторды жүргізер алдында барлық шамдардан ұшқын шықпайды немесе мотор жұмыс істеп тұрып, бірден кенет тоқтап қалады. Тарату-үзгішпен оталдырған жағдайда алдымен шамдарды тексеру керек, жоғары кернеулі түйіспелердің ұшқын беретіндігін тексеру керек. Ол үшін сымның бір ұшын жоғары кернеулі түйіспеге басып тұрып, екінші ұшын массадан 3-5 мм аралықта ұстау керек. Тарату-үзгіш роторы айналдырғанда ұшқын шықса, онда әрине орамның, конденсатордың және үзгіштің түзу болғаны, бұзылған жерді жоғары кернеулі токтың якорьден тысқары жолынан іздеу керек.

Ұшқын шықпай қалса, үзгіштің түйіспелерінің күйіп және олардың арасындағы саңылауды тексеру керек. Егер барлық қолданған шаралардан кейін бәрібір ұшқын шықпаса, онда сөз жоқ орам немесе конденсатор бұзылған. Конденсатордың бұзылғандығын үзгіштің түйіспелерінің арасындағы айқын ақ ұшқынға карап анықтауға болады. Шамдардың бәрінің жанбай қалуына моторды тоқтатқанда бірінші орамды массаға қосатын түйіспе мен сымның бұзылғандығы да себеп болады.
III Қорытынды нұсқаулар бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

а. Батареялы от алдыру қандай приборлардан тұрады?

б. От алу катушкасының құрылысы қандай?

в От алу транзисторлы жүйесінің батареялы жүйеден айырмашылығы қандай?

д. Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетіп ақауларын жөндеуді үйрету

г. Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету тәсәлдерін үйрету


IV Қорытынды.

а. Әрбір оқушының берілген тапсырманы қалай орындағаның тексеру.

б Әрбір оқушының орындаған жұмысына баға беру.

в. Әрбір оқушының жіберген қателігіне жеке тоқтап түсінік беру.

г. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

д. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалау.



е. Үйге тапсырма. Сабақтың мазмұны бойынша дайындалып келу.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НҰСҚАУ КАРТАСЫ

Сабақтын тақырыбы: Оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсету

Сабақтын мақсаты: Оқушыларға оталдыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді үйрету.


р/с

Суреті

1





Жұмыстың орындалу барысы

Бөлшектің атауы

2


Батареядан оталу жүйесінде — төмен және жоғары кернеулі екі тізбек. Төмен кернеулі ток тізбегі аккумулятор батареясынан немесе генератордан қоректенеді. Оған тізбекті түрде оталдыру косқышы (3), қосымша резисторы бар оталу катушкасының алғашқы орамы (4),үзгіш (8) пен «масса» косылған. Жоғары кернеу тогынын тізбегі оталу катушкасының екінші орамынан (5), таратқыштан (7), жоғары кернеу өткізгіштерінен, оталу свечасы (10) және «массадан» тұрады. Жоғары кернеу тогының пайда болуы өзара индукциялану принципіне негізделген. Оталу өткізгіші косылған және үзгіш контактылары тұйықталған жағдайда электр тогы оталу катушкасының алғашқы орамы айналасында магнит өрісін туғыза отырып, аккумулятор батареясынан немесе генератордан сол орамға өседі.


3


Батареямен от алдыру схемасы:

1 — аккумулятор батареясы, 2 — стартер коскышы,

  1. оталдыру қоскышы,

  2. алғашқы орам, 5 —екінші орам, 6 — оталдыру катушкасы, 7 —тараткыш, 8 — үзгіш, 9 —конденсатор, 10 — оталдыру свечасы




Каталог: uploads -> doc -> 121b
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
121b -> Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет