Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италияда өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Римма Волосенко Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі жеңісті жолын жалғастырып жатыр. 60 келіде сынға түсетін отандасымыз екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабомен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Тіпті ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Енді Волосенко лицензиялық жарыстың  1/8  финалында өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан және Нұрбек Оралбай да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткенін жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.