Саламатты Қазақстан



жүктеу 125.1 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі125.1 Kb.
түріБағдарламасы

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасын

іске асыру бойынша

есеп


2015 жылы облыста дене тәрбиесі мен спортты дамыту жұмысы дене шынықтырудың 900 ұжымында және облыс аумғын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық жоспарына сәйкес үйлестірілген болатын.


Облыста жүйелі түрде шұғылданатындар саны 220718 адамды құрады, соның ішінде ауылдық жерде – 70734 адам, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға артумен, облыс тұрғындарының жалпы санынан 29,1%-ға сәйкес келеді.

Павлодар облысы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың сандық үлесі бойынша облыстар рейтингісінде жетекші орындарын сақтады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша орта көрсеткіш - 26,0%.

Павлодар облысының аумақтарын дамытудың Жоспарына сәйкес 2016 жылдан бастап «Спорт мектептерінде және балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны» жаңа индикаторы енгізілді, бұл 22396 адамды немесе облыс бойынша оқушылар санының 24,1%-ын құрайды, соның ішінде спорт мектептерінде 21061 адам немесе облыс бойынша оқушылардың жалпы санының 22,7%-ы шұғылданады, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында – 296 оқушы, сонымен қатар, білім беру басқармасының жанында құрамы – 1039 шұғылданушыны немесе облыс бойынша оқушылардың жалпы санынан 1,1%-ын құрайтын, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары қызмет етеді. Облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отыра, балаларды, колледж оқушыларын, және жоғары оқу орындарының студенттерін спорттық сециялардың сабақтарына қатыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде

(Анықтама ретінде: балаларды қамту - 43637 адамды немесе 47,5%-ды құрайды; колледж оқушыларын қамту - 4888 адам немесе 26,2%-ды құрайды; ЖОО студенттерін қамту - 2307 адам, 26%).

401 жалпы орта білім беретін мектептің ішінен 278-і спорт залдарын кешкі сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін ұсынады. Мектептердің спорт залдарында шұғылданатындарды қамту – 9815 адамды құрайды. Меншік нысанына қарамастан, халықтың спорт объектілеріне деген аса қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық және жеке меншік объектілері үшін спорттық құрылыс санатына тепе-тең, бірыңғай тарифтік желіні әзірлеу қажет. Бірыңғай тарифтік желі объекттің күтуге және коммуналдық қызметтерге арналған төлемақысының шығындарын толық көлемде жабады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №178-бұйрығына және жергілікті атқарушы органдардың (қала, аудан әкімдіктері) Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес азаматтардың келесі санаттарының тізімі бекітілген: 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушылары, балалар үйлеріндегі мектеп оқушылары, ардагерлер спортшылар – тегін, ал мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер – көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құнынан 50%.

Облыс қала мен аудандарында дене тәрбиесі және спортты енгізумен 2479 штаттық дене шынықтыру қызметкерлері айналысады (ауылдық жерде – 1120 адам).

Ауылдық жерде бұқаралық спортты дамыту мәселелерін жедел және сапалы шешу үшін дене шынықтыру және спорттың дербес бөлімдері қажет.

Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры аудандарынан басқа облыс аудандарында дене-шынықтыру және спорт бойынша жұмыс мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімдеріне міндеттелгендіктен, спорт саласы дамуының қалдық принципіне әкеліп соқтырады.

147 ауылдық округтерінде 2014 жылмен салыстырғанда 6 адамға артумен, 138 әдіскер-нұсқаушы жұмыс жасайды.

Тұрғылықты жерлері бойынша балалардың және жасөспірімдердің бос уақытын қамту мақсатында, облыстың қала мен аудандарында білім беру бөлімдерінің жанында келесілер қызмет етеді: Павлодар қаласында – 26 аула клубы, оның ішінде 10-ы - балалар-жастар спорт орталығының балалар-жасөспірімдер клубтары және 16 аула клубтары, Екібастұз қаласында - 14, Ақсу қаласында - 7, оның ішінде 4-еуі - балалар шығармашылық үйінің негізіндегі аула клубы және 3-еуі балалар-жасөспірімдер клубы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Лебяжі және Успен аудандарында дене шынықтыру даярлығының 5 балалар-жасөспірімдер клубы.

Спорттың ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді, облыста ұлттық спорт түрлерімен 12345 адам шұғылданады (өткен жылға 573-і қосылды). Облыстық спорт мектептерінде тоғызқұмалақ, қазақ күресі, ұлттық ат спорт түрлері және Құсбегі" атты қыран құстармен бірге аңға түсу секілді ұлттық спорт түрлері таратылады.

2015 жылы ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін 2015 жылғы сәуірде Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіп аумағында «Құлагер» ипподромы пайдалануға берілді.

Республикалық және халықаралық жарыстарда біздің аймақтың тоғызқұмалақ бойынша спортшылары үздік позицияға ие.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық аймақтарының рейтингісі бойынша облыстың тоғызқұмалақтан құрама командасы үшінші орында, облыстың 35 спортшысы республикалық рейтингіге енді.

Мүдделі мекемелер және ұйымдармен бірлесе отыра, мүгедектердің әлеуметтік – мәдениетін оңалту, әлеуметтік мәртебесін қалыптастыру, олардың мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізуіне арналған жағдайды жасау үшін жұмыс жүргізілуде.

Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының зақымдануымен спорттың 17 түрі бойынша 1000-нан аса мүгедек және «Спешиалолимпикс» бағдарламасы бойынша оқытылатын оқушылар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартылған, бұл осы санаттың жалпы санынан 3,6%-ды құрайды.

2015 жылы «Жергілікті бюджет есебінен облыс құрама командалары мүшелерінің спорт түрлерінен республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға даярлық жасауы және қатысуы» мемлекеттік тапсырысын орындауға мүгедектер спортына 17,0 млн. теңге бөлінді, осы қаражат аясында алуан спорт түрлерінен 13 облыстық жарыстар өткізілді және 16 республикалық, 4 халықаралық турнирлерге қатысты.

18-23 тамыз аралығында Павлодар қаласында облыстардың және Астана, Алматы қалаларының 14 командасынан 747 мүгедек спортшы қатысқан, ҚР-ң 4-ші Жазғы Паралимпиада ойындары өтті. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, оқпен ату, арбадағы би секілді спорттың 7 түрі енді.

Павлодар облысының құрама командасы жарыстардың қорытындылары бойынша 29 медаль жеңіп алып, 6-шы жалпы командалық орынға ие болды, соның ішінде 4-еуі қола, 9 күміс және 16 алтын медаль.

Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында 2015 жылдың шілдесінде қалалық, облыстық және республикалық маңызы бар түрлі жарыстар мен іс-шараларды өткізуге арналған, шаңғы роллер трассасы ашылды (көрермендер трибуналарының сыйымдылығы – 300 адам, трассаның ұзақтығы 3000 м, трассаның ені 5 м).

Қарашада демеушілік қаражаттарды тартумен Ақсу қаласында, Ертіс ауданының Голубовка селосында хоккей корттары пайдалануға берілді, ал 2016 жылғы қаңтардан бастап Шарбақты ауданының Орловка селосында хоккей корты пайдалануға берілді.

2015 жылы Павлодар облысында қысқы спорт түрлерімен шұғылданатындар саны 8574 адамды немесе дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санынан 3,9%-ды құрады.

Қысқы спорт түрлерінен бөлімшелер мен құрамды арттыру бойынша 2015 жылғы қаңтардан бастап шаңғы жарысынан Ақсу қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсу қ. БЖСМ» КМҚК-нда, сондай-ақ, Успен ауданы білім беру бөлімінің дене-күш даярлығының балалар-жасөспірімдер клубында «спорттық бағдарлау» бөлімшесі ашылды.

Халықтың қысқы уақытта белсенді демалысы үшін облыста қысқы спорттық керек-жарақты жалға беру, конькилерді жалға берудің 64 пункті мен шаңғыларды жалға берудің 56 пункті ұйымдастырылды, мұнда жалға алу үшін конькилердің 2359 жұбы мен шаңғының 2498 жұбы бар.

Анықтама ретінде: балалар үшін жалға алу құны – ақысыздан 500 теңгеге дейін және ересектер үшін - ақысыздан 1000 теңгеге дейін.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес жазғы кезеңде Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тесттерінің нормативтерін тапсыру бойынша жұмыс жүргізілді. 159724 адам немесе облыс халқының жалпы санынан 21,0%-ы қатысты, оның ішінде Президенттік деңгейі нормативтерін 2984 адам және Ұлттық дайындық деңгейі нормативтерін – 12546 адам орындады.

Облыста спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыс дене тәрбиешілерінің және спортшыларының қарамағына барлық меншік түрлерінің 3350 спорттық құрылысы ұсынылды, соның ішінде ауылдық жерлерде – 1922, 2015 жылы 20 спорттық құрылыс пайдалануға берілді.



Анықтама ретінде: жасанды жабындысы бар 9 шағын футбол алаңы, 1 стритбол алаңы, 2 хоккей корты, 1 баскетбод алаңы, 1 жеңіл атлетикалық жолақшасы, 1 вело-роллер трассасы, 1 шаңғы-роллер трассасы, 1 «Құлагер» ипподромы, 1 автодром, 1 кіріктірме спорт залы, 1 спорт залы.

2015 жылға жұмыспен қамтудың 2020 Жол картасының бірінші бағытын іске асыру аясында Павлодар облысы бойынша 12,8 млн.теңге сомасына жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спорт залы мен ішкі үй-жайларының күрделі жөндеуі жүргізілді.

2016 жылы Павлодар қаласындағы жүзу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бассейнінің қайта құруына жергілікті бюджет қаражатынан 163354,0 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту аясында Павлодар қаласының «Шымыр» дене-шынықтыру-сауықтыру бассейнінің күрделі жөндеуіне республикалық бюджеттен 21834,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен – 2426,0 мың теңге бөлінді.

Әртүрлі санаттағы азаматтарды қолжетімді спорт түрлерімен қамтамыз ету мақсатында облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы жыл сайын келесі кешенді спорттық іс-шараларды өткізеді: қалалар мен аудандар арасында спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлерінен облыстық кешенді спартакиадасы, тірек-қозғалыс аппаратының және көру мүшесінің зақымдануымен мүгедектер арасындағы облыстық спартакиадасы, әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастағы жастар арасындағы облыстық спартакиадасы, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы.

Сонымен қоса, білім беру басқармасымен бірлесе отыра, 6 мыңнан астам адамды қамтумен мектеп оқушыларының облыстық қысқы және жазғы спартакиадасы, колледждер спартакиадасы арнайы түзету мектеп-интернаттарының спартакиадасы, балалар үйлерінің және жетім балалар үшін мектеп-интернаттарының арасындағы Кіші олимпиадалық ойындар «Мен – чемпион» балалар теледидарлық ойыны, футбол бойынша "Былғары доп", әскери-патриоттық клубтарының облыстық слеті, облыстық сап және өлеңдер байқауы, әсери-спорттық эстафета және т.б. өткізіледі.

2014-2015 жылғы оқу жылында облыстың қала мен аудандарында мектеп волейбол лигасының жарыстары өткізілді, онда 85 команда қатысты, бұл 1702 қатысушыны құрады.

Сонымен қоса, 2015 жылғы 5-9 маусым аралығында Баянауыл ауылындағы «Жас Даурен» жыл бойғы облыстық оқу-сауықтыру орталығында алдыңғы кезеңдегі жеңімпаз 15 команданың қатысуымен мектеп волейбол лигасының финалдық кезеңін өткізу кезінде, Май, Павлодар, Успен аудандарының жасөспірімдері мен қыздары қатыса алмады.

Жыл сайын облыста 10,5 мыңнан астам адамды қамтумен бастауыш және жоғары сынып оқушыларының, студенттердің, ұйымдар жұмыскерлерінің және ардагерлердің қатысуымен «Олимпиада күніне» және «Спорт күні» кәсіптік мерекесіне арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дәстүр болып қалыптасты.

Облыс денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отыра, жыл сайын қыркүйектің бірінші сенбісінде 100,0 мыңнан астам адамның қатысуымен «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

2015 жылы облыста 197,0 мыңнан астам адамды қамтумен 1400-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, соның ішінде, ауылдық жерде - 68,0 мыңнан астам адамды қамтумен 1000-нан астам іс-шара.

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 25408 адамды қамтумен (ауылда – 11480) 213 іс-шара өткізілді (ауылда – 117).

Халықаралық дәрежелі спортшыларды даярлау үшін құрамы 55 адамнан тұратын, Олимпиадалық резервті даярлау орталығы және 298 шұғылданушысы бар, ЖСШ-ң 19 тобынан және 11 спорттық жетілдіру тобынан жинақталған жоғары спорттық шеберлік мектебі қызмет етеді.

Сондай-ақ, облыс деңгейінде мамандары жыл сайын 3600 спортшының диспансерлеуін өткізетін, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жұмыс жасайды. Қазіргі күні спортшылардың денсаулық жағдайына, спорттық құрылыстардың санитарлық жағдайына, спорт мектептерінің санитарлық ағарту жұмысына бақылау жүргізу мақсатында спорт мектептеріне диспансердің дәрігерлері жетекшілік етеді.

Спортшыларымыздың 2015 жылы табысты өнер көрсеткенін атап кеткіміз келеді, республикалық жарыстарда олар: 300 – алтын, 261 – күміс, 272 – қола медальдарды иеленді. Азия және Әлем чемпионаттарында түрлі дәрежедегі 26 медальға қол жеткізілді.

2015 жылы облысымыздың 617 спортшысы алуан спорт түрлерінен ҚР құрама командаларының мүшелері болды.

Төртжылдықтың негізгі оқиғасы – еліміздің өңірлерінің аумағында Қазақстан Республикасының IV Жазғы спартакиадасын ұйымдастыру және өткізу болды.

Облыс спортшыларымен барлығы 94 медаль жеңіп алынды, соның ішінде, 21 – алтын, 35 – күміс, 38 – қола. Павлодар облысы спортшыларында жалпы командалық есептегі нәтиже – қатысушы 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары командаларының арасында 6-шы орын.

Облыс спортшылары 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін ХХХІ кезекті жазғы Олимпиадалық ойындарына лицензияларды жеңу бойынша даярлық жүргізуде.

Қазіргі таңда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтетін ХХХІ кезекті жазғы Олимпиада ойындарына екі лицензия жеңіп алынды – жеңіл атлетика бойынша 100 метр қашықтықта Ольга Сафроновамен және үш қарғып секіруде – Роман Валиевпен.

Арина Пантова - Румынияда биатлон бойынша юниорлар арасында өткен Әлем чемпионатында көрсетілген нәтиже керемет қуантты, 7,5 мк арақашықтықта қудалау жарысында алтын және Лиллихаммер (Норвегия) қаласындағы 2-ші Қысқы олимпиада ойындарында қола медальді иеленді.

Дәулет Шабанбай – 120 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрес бойынша Азия чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс спортшылары Республикалық жарыстарда 67 – алтын, 51 – күміс, 65 – қола медальді иеленді.

Облыста түрлі дәрежедегі жарыстарда келесі кәсіби спорт клубтары табысты өнер көрсетуін жалғастыруда: "Ертіс" футбол клубы, "Ертіс-ПМХЗ" баскетбол клубы (әйелдер), "Ертіс-Қазхром" волейбол клубы (әйелдер), "Павлодар" ВК ҚҚ (ерлер), "Ертіс-Павлодар" хоккей клубы.

"Ертіс-Павлодар" хоккей клубы 2014-2015 жылдар маусымында ерлер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионының алтын медальдерін үшінші мәрте жеңіп алды.

«Павлодар» ерлер волейбол клубы 2014-2015 жылдар маусымында Ұлттық лиганың шебер ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс медальдерін иеленді.

«Ертіс-Қазхром» әйелдер волейбол командасы 2014-2015 жылдар маусымында чемпионаттың күміс медальдерін және 2015 жылғы Ұлттық лиганың шебер әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Кубогін жеңіп алды.

«Ертіс-ПМХЗ» әйелдер баскетбол командасы 2014-2015 жылдар маусымында әйелдер командалары арасында баскетболдан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Ертіс» футбол клубы өзінің алдыңғы жылғы нәтижесін 6 позицияға жақсартып, футбол маусымын футболдан Премьер-лиганың клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатындағы алтыншы орынмен аяқтады.

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытуда спорт түрлері бойынша федерациялары үлкен көмегін тигізеді. Әсіресе, бокс (Шухрат Әбдірашитұлы Даңбай), шахмат (Александр Витальевич Бабенко), баскетбол (Ринат Мифтахұлы Гафуров) және өзге де федерацияларды атап айтқымыз келеді. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша облыста 53 жергілікті спорттық федерация аккредиттелді.

Тұрғындар арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттаушы ақпараттық іс-шараларды өткізу үшін «Қазақстан-Павлодар» облыстық телерадиокомпаниясының арнасында ай сайын «Спорт тайм» спорттық бағдарламасы, «Ирбис» телеарнасында апта сайынғы спорттық бағдарламасы, сондай-ақ, күн сайынғы спорт жаңалықтары жарыққа шығып отырады. «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінің, сонымен бірге, аудандық және қалалық газеттердің әрбір айдарында облыс спортшыларының спорт жетістіктері туралы ақпараттық материалдар жарияланып отырады. Облыс әкімдігінің сайтында «Все о спорте» атты апта сайынғы ақпараттар жарияланады.

2011 жылдан бастап облыста спорттық іс-шараларды өткізу және спортшылардың республикалық және халықаралық аренада қатысуы туралы ақпарат тұрақты түрде орналастырылатын, мемлекеттік органның ресми сайты ашылды.



Бұқаралық спортты, жоғары спорттық шеберлік спортын ұйымдастыруға, спорт объектілерін ұстауға және жөндеуге, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының және басқарманың өзге кәсіпорындары мен мекемелерінің жұмысын ұйымдастыруға 2015 жылы 4132,7 млн. теңге жұмсалды және 2016 жылға 5192,0 млн.теңге жоспарланған (соның ішінде, жергілікті бюджеттен – 4957,4 млн.теңге, республикалық бюджеттен – 234,6 млн.теңге).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет