«Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар I. Жалпы ережелер «Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі»



жүктеу 149.88 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі149.88 Kb.




20.11.2018-ғы № 04/9803 шығыс хаты

20.11.2018-ғы № 5827 кіріс хаты



«Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
I. Жалпы ережелер
«Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» атты облыстық байқауды ұйымдастыру қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, сондай-ақ азаматтардың өз елі үшін мақтаныш сезімін және Отанға қызмет етуге қашанда дайын болу сезімін одан әрі нығайта түсу болып табылады.

Барлық іс-шараларды мемлекеттік қызметтің оң имиджі мен кәсібилігін арттыруға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуді насихаттауға бағыттау болып табылады.

1. Мемлекеттік қызмет беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың үздік тәжірибесін насихаттау, Қазақстан Республикасының үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие мемлекеттік қызметшілерін анықтау және көтермелеу, оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауы өткізіледі.

2. Байқауды өткізу үшін «Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауын өткізу жөніндегі Жұмысшы топ (бұдан


әрі - жұмысшы топ) құрылады.

Жұмысшы топтың құрамын Түркістан облысы әкімдігі айқындайды.

Жұмысшы топ 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Оның құрамына облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, облыстық басқарма басшылары, облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы (жұмысшы топтың хатшысы).

Жұмысшы топтың хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ және осы байқауға қатыспайтын мемлекеттік қызметкер болып табылады.

3. Жұмысшы топ жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      4. Жұмысшы топтың отырысына байқаушылар ретінде облыстық мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаментінің қызметкерлері қатыса алады.

5. Байқау жеңімпаздарын марапаттау жылдық қорытындыға сәйкес жылдың соңына жоспарлануда.

6. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) білім саласының үздік мемлекеттік қызметшісі;

2) кәсіпкерлік саласының үздік мемлекеттік қызметшісі;

3) жұмыспен қамту саласының үздік мемлекеттік қызметшісі;

4) ауыл шаруашылығы саласының үздік мемлекеттік қызметшісі;

5) үздік ауыл әкімі 3 номинация.

7. Байқау қорытындысы бойынша әрбір номинация бойынша бір жеңімпаздан анықталады (яғни, барлығы 7 жеңімпаз болады).
II. Байқауға дайындалудың және өткізудің тәртібі
8. Байқау өткізу туралы хабарландыруды Түркістан облысы әкімдігі (бұдан әрі - Әкімдік) өзінің Интернет-ресурсында және БАҚ-та жарияланатын болады.

Байқау өткізу туралы хабарландыруда мыналар көрсетіледі:



  1. байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар, байқау тапсырмаларының нысандары;

  2. байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырудың тәртібі мен мерзімі;

  3. байқау нәтижелерін жариялаудың тәртібі мен мерзімі;

  4. байқау туралы толық ақпаратты алу көзі туралы мәліметтер (телефон, электрондық пошта мекенжайы).

9. Алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.

10. Байқауға қатысу үшін әрбір номинация бойынша әрбір жергілікті атқару органдарынан (әкім аппараты мен басқармаларды қоса алғанда) қатысушылар санына шектеу белгіленбейді.

11. Жұмысшы топтың мүшесі болып табылатын мемлекеттік қызметші байқауға қатысқан жағдайда, оның Жұмысшы топтағы жұмысы тоқтатыла тұрады.

12. Әкімдіктің интернет-ресурсына байқауды өткізу туралы хабарламаны орналастырған күннен бастап 10 күндік мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар конкурсқа қатысу үшін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

13. Байқауға қатысу үшін үміткерлерді ұсынуды мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) құрылымдық бөлімшелері де, осы Әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін қызметшілердің өздері жүзеге асыра алады.

14. Байқауға қатысуға үміткерлерді анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың басшылары іріктеу рәсімдерін жүргізуді Әдістемелік ұсынымдардың №3 қосымшасына сәйкес критерийлері және эссе нәтижелері ескеріле отырып, байқау қатысушыларының сауалнамаларын баллдық жүйесі (№2 қосымша) және эссе нәтижелері (№3 қосымша) бойынша бағалау арқылы ұйымдастырылады.

Үміткерлер бірдей балл санын жинаған жағдайда басымдылық эссенің тақырыбын толығымен ашып, тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынған қызметшілерге беріледі.

15. Мемлекеттік органдар Әкімдікке сауалнаманы бағалау кезеңінен сәтті өткен мемлекеттік қызметшілердің мынадай құжаттарын жолдайды:

1) осы әдістемелік ұсынымдарға №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқауға қатысу туралы өтініш;

2) байқауға қатысушының бағаланған сауалнамасы;

3) үміткердің «Нәтижелерге тиімді қол жетуге бағытталған мемлекеттік аппаратты одан әрі дамыту» тақырыбында, А4 форматындағы (Times New
Roman -14, жалаң жоларалық интервал), көлемі 500 сөзді құрайтын эссені компьтер көмегімен басып шығару.

Эсседе мыналар болуы қажет:

1) ағымдағы жағдайға талдау жасау және болашақтағы перспективаларды сипаттау;

2) іске асырылып жатқан реформалардың жетекшісі ретінде мемлекеттік аппаратты және мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін жаңа және инновациялық тәсілдерді ұсыну;

3) эсседе сипатталған мәселелерді шешуде кандидаттың жеке үлесі туралы атап өту.

Эссені бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін, эссе екі тәуелсіз сарапшылар арқылы тексеріледі және сарапшылар бір эссені тексеріп жатқанын білмейтін болады.

Сарапшыларды Әкімдік белгілейді және мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру, персоналды басқару және басқа салаларда жетік білімі болуы тиіс.

Эссені бағалау қағидаттары:

1) қызметкердің өзін-өзі дамытуына бағдарлануы;

2) мемлекеттік органдардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу мақсатында елеулі үлес қосуға ниеттенуі;

3) қоғамға қызмет ету құндылықтарының басым болуы;

4) саланың мәселелері мен проблемаларын түсіну тереңдігі;

5) саланың дамуына стратегиялық көзқарас және оны «микро деңгейде» білу;

6) талдау және ұсынудың ерекшелігі;

7) Рейтинг көрсеткіштері.

Ескертпе: 7 тармақ тек ауыл әкімдеріне қатысты.

Бағалау кезінде эссенің баллын анықтау осы Әдістемелік ұсынымдарға


4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

16. Сарапшылардан тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, Әкімдік екі бағаны салыстыра отырып жүргізеді.

Эссе бойынша ең жоғарғы балл - 5 балл.
III. Байқау нәтижелерінің қорытындылары
17. Бағалау қорытындылары бойынша жұмысшы топ байқау нәтижелері туралы шешім қабылдайды, онда әрбір номинация әрбір салада үздік жалғыз байқау жеңімпазы анықталады.

18. Байқау қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оған жұмысшы топтың мүшелері қол қояды.

19. Жеңімпаздар 300 000 (үш жүз мың) теңге қаржылай сыйақы туралы сертификатымен, «Түркістан облысы саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» облыс әкімінің грамотасымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен берілетін арнайы төсбелгісімен және естелік сыйлықпен марапатталады.

20. Байқау жеңімпаздарына оларды марапаттау уақыты мен орны туралы хабарлауды Әкімдікпен жүзеге асырылады.

21. Байқау нәтижелері жеңімпаздарды марапаттаған күннен бастап бес күн ішінде Әкімдіктің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

22. Байқаудың өткізілуін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Әкімдікпен жүзеге асырылады.

1 - Қосымша
















Түркістан облысы әкімдігінің «Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» жұмысшы тобына
















Қызметшінің Т.А.Ж. және қызметі

















































Өтініш

Менің «Саланың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының ___________________________________________________________________ саласы бойынша қатысуыма мүмкіндік беруіңізді сұраймын.

Байқау шарттарымен таныстым және келісемін.

_________________ ____________________________

(күні) (қолы)

2 - Қосымша



САУАЛНАМА








Сурет орны















Тегі




Аты




Әкесінің аты




Туған күні

«




»










ж.




Жұмыс орны




Лауазымы




Телефон




E-mail




Білімі (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, біліктілігі)







Ғылыми дәрежесі, атағы




Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі




Байқау жұмысының тақырыбына байланысты бағыттағы жұмыс тәжірибесі




Сізде мемлекеттік, ведомстволық марапаттарыңыз, құрметті атақтарыңыз,

дипломдарыңыз бар ма? (атап өтіңіз)










Сіз байқаудың жұмыс тақырыбына байланысты бағыт бойынша семинарлар, форумдар, конференцияларға қатыстыңыз ба (атап өтіңіз)




Сіз байқау жұмысы тақырыбына байланысты бағытта (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, бағыты) қосымша білім (біліктілігін дамыту, мамандарды даярлау/қайта даярлау, тағылымдама) алдыңыз ба?

Мемлекеттік қызмет және конкурстық жұмыс тақырыбына байланысты бағыт бойынша негізгі (ең маңызды) ғылыми жарияланымдар, кітаптар, кітапшалар, мақалалар (атап өтіңіз)






Мемлекеттік қызмет мәселелері және (немесе) конкурс жұмысының тақырыбына байланысты бағыт бойынша қандай жобаларға қатыстыңыз? (атаңыз)







Сізде байқау жұмысының тақырыбына байланысты бағыт бойынша ғылыми әзірлемелер енгізгенсіз бе?










Мемлекеттік қызмет саласындағы және (немесе) конкурс жұмысының тақырыбына байланысты бағыт бойынша жоспарланған зерттеулер










Мемлекеттік және шетел тілдерін білуі







Тәртіптік жазаның болуы / болмауы















Толтырылған күні

Қолы













«




»




20




ж.



Осы сауалнамада көрсетілген менің жеке деректерімді өңдеуге және сақтауға келісемін

__________________

Қолы


3-Қосымша

Байқауға қатысушылардың сауалнамаларын

бағалау өлшемдері


р/с


Өлшемдер

Бағалау

(балдары)



1

2

3

1.

мемлекеттік қызмет өтілі:




1 жылдан 5 дейін

1




5 жылдан 10 дейін

3




10 жылдан аса

5

2.

*Тілдерді меңгеруі (еркін):




Мемлекеттік және орыс тілдерін білу

1




Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуі

3




Ағылшын және өзге де шет тілдерді білуі

5

3.

*наградаларының, құрмет атақтарының болуы:




ведомстволық наградалардың болуы

1




мемлекеттік наградалардың болуы

3




құрмет атақтарының болуы, халықаралық ұйымдардың наградалары немесе құрмет атақтары болуы

5

4.

*кәсіби дамуға ынтасы:




2 немесе одан да көп жоғары білімі болуы

1




ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми жұмыстарының, өнертабыстарының болуы

3




жобаларды әзірлеуі немесе іске асыруы

5

5.

*мемлекеттік қызмет / басқару саласындағы кәсіби білімдерінің деңгейін арттыруы




семинарларға, форумдарға, конференцияларға қатысуы

1




тәлімгерліктен өтуі

3




шет мемлекетте кәсібилігін арттыру

5

6.

*тәжірибелік қызметі:




мемлекеттік органның қызметін немесе өзінің қызметінің бағытын жақсарту жұмыстары (мақалалар жариялау, жоба дайындау, әдістемелік құралдар шығару және т.б)

5



*Ескертпе: 2-6 тармақтар бойынша мәліметтер қамтылған жағдайда, растайтын құжаттар ұсыну міндетті.

4-Қосымша



Байқауға қатысушылардың

эссесін бағалау өлшемдері


п/п


Өлшемдер


Максималды баға (баллдар)

1

2

3

1.

Эсседе мәселені білмейтіндігін көрсетті

0

2.

Эсседе тиісті сала туралы жалпы білімі және түсінігі бар

1-2 дейін

3.

Эсседе тиісті сала туралы ауқымды білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың өте жақсы деңгейі бар

3-4 дейін

4.

Эсседе тиісті сала туралы терең білімі және түсінігі, дербес және критикалық талдаудың жоғары деңгейі бар, саланы жетілдіру бойынша шараларды ұсынады

5




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет