Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: WTA

Юлия Путинцева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде жеңіліс тапты. Әлемнің жетпіс тоғызыншы ракеткасы саналатын Путинцева төртінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекпен кездесіп, айласын асыра алмады. 1 сағат 12 минутқа созылған матчта отандасымыз 1:6, 2:6 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, Индиан-Уэллс турнирінің жүлде қоры 8,9 миллион долларды құрайды. Былтыр бұл турнирді отандасымыз Елена Рыбакина жеңіп алған еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.