Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын студент қыздардың жеке деректері таралып кеткен еді. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Осы орайда өнер жұлдыздары “пәк” қыздардың тізіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Олар жеке деректерді жариялап жіберген басшылыққа шүйлікті. Енді бірі “пәк” жігіттердің де тізімін жарияласын деген пікірде. 

“Жақында ғана қазақ қыздарының өмірі мен тағдыры күрделі деп жазып едім. Міне, тағы бір – тосынсый. Аталған ЖОО-ның әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жапқысы келді. Бірақ бұл тізімнің жарыққа шығуында бір шикілік бар-ау. Оны ақымақ болмасаң, аңғарасың. Сонымен бұл тізім кімге керек болды. Жаңа өмір бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін көтермейсіңдер ме?!. Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тірлік қалып па?!. Өте ұят. Мына тірліктің жанында Солтүстік Корея демалып қалады. Қыздарымыздың көрпесін көтергенше сапалы білім беріңіздер! Неге қазақ баласын шетелде оқытады?!. Бұл – қылмыс. Мемлекеттік деңгейде тексеру керек!”, – деп жан айқайын жеткізді Меруерт Түсіпбаева. 

  • ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімін таратқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Алматыдағы жоғарғы оқу орны "пәк" қыздардың тізімін жариялап жіберген: Министр кінәлілер жазаланатынын айтты

Сонымен қатар актриса Жарқынай Ханайым да ЖОО басшылығына үндеу жасап, жаман әдетке құмар жігіттердің де тізімін жариялауды талап етті. 

“Қыздың тағдыры – қылдай! ҚазҰУ-дың тізімінен кейін менің түйгенім мынадай: Енді ойынқұмар, нашақор, психологиясы тұрақсыз, әке бола алатын, әр түрлі күйеу бола алатын жігіттердің тізімін жасаңыздар! Біз де таңдайық! Қыздарымызды біліп берейік! Біліп тиейік!" – деп жазды актриса.

Еске салайық, ҚазҰУ-да оқитын студент қыздардың жеке деректері Whats App желісі арқылы таралып кеткенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.