Сам- тұнған тарих куәсі



жүктеу 12.14 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі12.14 Kb.

Сам- тұнған тарих куәсі

Серікбол Қондыбай ағамыз өзінің «Есен-қазақ» кітабында Маңғыстау мен Үстірт үстінде мыңдаған жылдар бойы қайнаған тіршілік болды деп жазады. Сол қайнаған тіршіліктің ортасы Сам құмында талай тарихқа арқау болып небір әруақты батырларымыз, күміс-көмей әншілеріміз бен күйшілеріміз небір балды-бармақ шеберлеріміз өткен екен. Ұлы Отан сщғысының батырлары Мәди Бегенов, Біләл Қалиев, Жұмағали Қалдықараевтар Сам құмын жағалай жатқан Үстірт үстінде өмірге келген жолбарыс жүректі ағаларымыз.

Сам құмы қос ғашық Ақбөбек пен Қайыпқа пана болған жер. Қайыптың әкесі «Қорабай Жидесі» атанатын жеміс ағашы Ноғайтының басында әлі күнге дейін гүлдейді. Сам құмында шыбындай жанын шүберекке түйіп,елін, жерін, жаудан қорғап күні-түні жорытқан батырлар Ерқармыс, Балунияз, Тұрманбет, Әбілғазы, Шабай, Сүгір, Қалнияз, т.б.-ларының ізі сайрап жатыр. 1761 жылғы қалмақ батырымен жекпе-жекке шыққан он сегіз жастағы Барақ батыр да Сам оңірінде өмір сүрген. Сол Барақ та, інісі Асау батыр да Тұрыштың шығысында жатыр. Бұл өңірге Исатай мен Махамбет те келген. XIX ғасырдың орта тұсында Даукескен қамалына шабуыл кезінде ерлікпен қаза болған Амантұрлыбатырдың күнбез тамы талай тарихты арқалап Сам құмының еже батыс мүйісінде мен мұндалап тұр.

Күні кешегі 1870-1874 ұлт азаттық, Адай көтерілісі, оның басшылары Иса мен Досан жөніндегі тарихи дастан да, Сам құмын айналмай өткен жоқ. Олардың сайраған ізі де сол кәрі құмды, кәрі сорпақты-керуен сүрлерді әрлі-берлі айқыш-ұйқыш кескілеп өтіп жатыр.

Күнсұлу Тоянбаева Исабайқызы

М.Атымов атындағы №6 орта мектеп.



Мектеп директорының тәрбие жөніндегі

орынбасары, тарих пәні мұғалімі
Каталог: uploads -> doc -> 02c4
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
02c4 -> Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет