Самар селолық округі әкімі А. Ф. Кудербаевтың есеп беру баяндамасының тезистері



жүктеу 49.4 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі49.4 Kb.


Самар селолық округі әкімі А.Ф. Кудербаевтың

есеп беру баяндамасының тезистері
Самар селолық округінің аумағы 60609 га жерді құрайды. Округтегі тұрғындар саны 6748 адам. 52 шаруашылық субъектілері, оның ішінде 47 шаруа қожалығы мен ЖШС бар. Экономикалық белсенді тұрғындар саны — 3574 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 2806, жұмыссыздар ретінде тіркелгендер – 24, зейнеткерлер – 1815 адам. 16-29 жас аралығындағы жастар саны 1556 адам.

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 83 өтініш түскен, оның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан – 80 өтініш болған. 13 өтініш қанағаттандырылған, 70 өтінішке түсіндіріліп жауап берілген.

2016 жылғы есептік кездесуде тұрғындардан 20 ұсыныс түскен, 13 ұсыныс Самар ауылының тұрғындарынан болса, 4 ұсыныс Пантелеймоновка ауылының, 3 ұсыныс Кайынды ауылының тұрғындарынан түскен. Барлық түскен ұсыныстар бақылауға алынған. 12 ұсыныс бойынша шаралар қабылданып, бақылаудан алынса, орындалуы ұзақ уақытты қажет ететін 8 ұсыныс бақылауда тұр, келешекте орындалады.

«Самар селолық округі әкімінің аппараты» ММ 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2016 бойынша аппаратта барлығы 545 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:



  1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - 427 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 9 мемлекеттік қызмет тіркелді.

  3. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - мемлекеттік қызметті 2016 жылдың тамыз айынан бастап селолық округ әкімдері көрсете бастады. 107 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  4. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2016 жыл мерзімінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау мерзімінің бұзылуы бойынша фактілер тіркелген жоқ.

2016 жылы селолық округтердің жергілікті өзін өзі басқаруына қолма қол ақшаны бақылауға салықтың жеті түрін беру бойынша «Жергілікті өзін өзі басқаруды бюджеттік қаржыландыру» «ПАРУС-КАЗ. Бюджет модуль» бағдарламасы енгізілді.

2016 жыл бойынша салық түсімі 25 653 200 тенгені құрады, соның ішінде:

- 101202 Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы - 10 298 200 тенге;

- 104102 жеке тұлғалардан мүлік салығы - 520 100 тенге;

- 104302 жеке тұлғалардан жер - 308 500 тенге;

- 104309 елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы - 1 183 300 тенге;

- 104401 заңды тұлғалардан көлік салығы - 1 685 000 тенге;

- 104402 жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық - 11 658 300 тенге;

- 201508 мемлекеттік мүлікті жалға беруден кіріс -188 852 тенге.

Самар ауылының жалпы аумағы 2295,5 ш.м көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6 млн. 33 мың.тенге бөлінген және толығымен игерілген. Оның ішінде:

  • 2128 мың тенге сомаға - Глухенко көшесі – 530 ш.м.

  • 1624 мың тенге сомаға - Букетов көшесі – 793,5 ш.м.

  • 993 мың тенге сомаға Д. Парий көлденең көшесі – 311 ш. М.

  • 1288 мың тенге сомаға Горохов көшесі 611 ш.м.


Аудандық бюджетен 24 млн тенге бөлініп Астана көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасы және ҚР Үкіметінің арнайы қорынан 10356,5 мың тенге қаржы бөлінді және игерілді, оның ішінде :

  • Балалар алаңын жабдықтауға- 4500 мың тенге;

  • Глухенко көшесіне 9000 ш.м ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4643,5 мың тенге;

  • Новоселов көшесіне 2350 ш.м. ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1213 мың тенге.


Ағымдағы жылы елді мекендерді көріктендіру және абаттандыру үшін, қоқыс үйінділерін тазартуға жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінен 20490 мың тенге бөлінді және игерілді, оның ішінде:

  • Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 6113,8 мың тенге;

  • Елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге – 2061 мың тенге;

  • Елді мекендерді көріктендіру мен абаттандыруға – 5125,5 мың тенге;

  • Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға – 4884 мың тенге

  • Басқа – 2305,8 мың тенге.

Жаз мезгілінде апта сайын елді мекендерді санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер ұйымдастырылып өткізілді. Санитарлық тазалау бойынша екіайлық кезіндегі сенбіліктерге 2015 адам қатысты. Бойлап өскен 1030 ағаш кесілді, 1100 ағаштың түптері әктелді, 800 көшет отырғызылды. Барлығы 500 мың ш..м ауыл көшелері, аулалар мен парктер, сондай-ақ 6 шақырым автотрасса бойы қоқыстан тазартылды. Бакраев көшесіндегі қашалар боялып, ағаштар мен гүлдер отырғызылды, қоқыс үйінділері тазаланды.



Қыс мерзімінде ауыл ішінің жолдарын тазалаумен конкурс жеңімпазы «№ 14-ЖЖБ» айналысады. 2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында жолдарды тазалап, 3 млн тенгеге қызмет көрсетті.

Ауыз сумен қамтамасыз етумен 4908 абонентке ұзындығы 44 шақырым су құбырымен қызмет көрсететін «Самар» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі айналысады. Есеп беру кезеңінде 104489,77 текше м. су таратылды. Судың орташа тарифі жеке тұлғалар үшін ҚҚС есептемегенде 124,65 тенге, заңды тұлғалар үшін ҚҚС есептемегенде 474,56 тенге 150,4 тенгені құрады.



Тұрғындардың басты кірісі мал және егін шаруашылығы. Округ бойынша 2178 бас ірі қара , 6018 бас қой мен ешкі, 709 бас жылқы, 3350 құс және 60 бас шошқа, 1666 бас марал тіркелген. Округте 47 шаруа қожалығы бар. 2016 жылы дәнді-дақылдар өнімі 19ц/га, күнбағыс 16ц/га құрады.

Ауыл тұрғындарды арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жәрменкелер өткізілді.
2016 жылы (36 отбасына) 111 адамға 4 млн 579 мың 139 тенге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. 54 отбасына, оның ішіндегі 132 балаға 2 млн 328 мың 55 тенге мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 10 отбасына (38 адамға, оның ішінде 15 балаға) 1 млн 533 мың 174 тенге жәрдемақы төленді.

Округте азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша тиісті шаралар қабылданады. Жылдың басынан бері қоғамдық ақылы жұмыстарға 47 адам жолданған. Жыл бойында 5 жұмыссыз азамат кәсіби қайта даярлаудан өтуге жіберілді.

Округте штаттық режимде жұмыс істейтін 3 мектеп, 1 мектеп-лицейі, 1 балабақша, 1 аграрлық-техникалық колледжі, спорт мектебі, полиция бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, ауданаралық аурухана, кітапхана, балалар шығармашылық үйі, мұражай, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету орталығы, мәдениет үйі, достық үйі және басқа да мекемелер қоғамдық саяси өмірге белесене араласады

Округ бойынша барлығы 4 млн астам тенгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жастар арасында спорттық ойындар өткізіледі: футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және т.б.

Мектеп, колледж оқушыларынан басқа округтің жұмысшы жастары да спортпен белесене айналысады. Самар селолық округі базасында аудандығы барлық селолық округтердің түрлі салада қызмет ететін спортшылары қатысқан спорттың бірнеше түрінен аудандық спартакиада өткізілді. Біздің округтің спортшылары жүлделі 1 орынды иеленді.



Самар селолық округінің әкімі А. Кудербаев

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет