«Сам±рыќ» мемлекеттік активтерді басќару жµніндегі



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/3
Дата26.10.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3


«Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы

Жалғыз акционерінің –

Басқармасының шешімімен

бекітілді

(2011 жылғы 10 маусымдағы

№____ хаттама)


«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының

Жарғысы
1-бап

Қоғамның заңды мәртебесі
1. Қайта тіркелгенге дейін «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы» деп аталып келген, бұдан әрі «Қоғам» деп аталатын «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 маусымдағы №7721 рұқсатының негізінде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» 2000 жылғы 5 қырқүйектегі №245-Ц бұйрығына сәйкес құрылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру мәселелері туралы» 2002 жылғы 27 сәуірдегі №479 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 30 сәуірдегі №69 бұйрығына сәйкес «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2. Қоғам «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының барлық құқықтары мен міндеттемелерінің заңды мұрагері болып табылады (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы № 6442-1901-МК куәлігі).

3. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, осы Жарғыға, Қоғамның корпоративтік басқару кодексі мен Қоғамның басқа да құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

4. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестігінің негізінде жүзеге асырылады.

5. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік, оның ішінде валюталық есепшоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде толық фирмалық атауы көрсетілген мөрі, тауар белгісі болады және үлгісі белгіленген тәртіпте бектіліп, тіркелетін өзге де рәміздері, сондай-ақ мемлекеттік, орыс тілдеріндегі мөртабандары, фирмалық бланктері мен басқа да реквизиттері болуы мүмкін.
2-бап

Қоғамның атауы, орналасқан жері және қызмет ету мерзімі
6. Қоғамның атауы:


1) мемлекеттік тілде:

толық атауы


қысқартылған атауы

-
-

«Жолаушылар тасымалы»

акционерлік қоғамы;

«Жолаушылар тасымалы» АҚ;


2) орыс тілінде:

толық атауы


қысқартылған атауы

-

-


акционерное общество

«Пассажирские перевозки»;


АО «Пассажирские перевозки».

7. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 6.

8. Қоғамның қызмет ету мерзімі – шектелмеген.


3-бап

Қоғамның құрылтай құжаты
9. Қоғамның жарғысы Қоғамның құрылтай құжаты (бұдан әрі – Жарғы) болып табылады.

10. Барлық мүдделі тұлғалар Жарғымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте танысуға құқылы.


4-бап

Жалғыз акционер
11. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қоғамның жалғыз акционері (бұдан әрі – Жалғыз акционер) болып табылады, (мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 11867-1901-АО куәлігі).

5-бап

Қоғам қызметінің мақсаты мен түрлері
12. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты табыс алу болып табылады.

13. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Қоғам қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

1) халықаралық, облысаралық, ауданаралық және ішкі қатынастарда темір жолмен жолаушылар тасымалдарын, багаж, жүкбагажы мен пошта жөнелтілімдері тасымалдарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

2) Жолаушылар вагондары паркіне және Қоғамның теңгеріміндегі басқа да негізгі қорларға қызмет көрсету, оларды жөндеуді және пайдалануды ұйымдастыру;

3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасы құрастырған және басқа мемлекеттердің темір жол әкімшіліктері құрастырған поездарда жолаушылар, багаж, жүкбагажы мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша Қоғам филиалдарының тиісті жұмыс істеуін ұйымдастыру;

5) жолаушылар поездары қозғалысының, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және тасымалданатын багаждың, жүкбагажы мен пошта жөнелтілімдерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

6) жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі коммерциялық қызметті жүзеге асыру, жолаушылар шаруашылығы объектілерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

7) Қоғамның қызметі туралы материалдарды әзірлеу және жинақтау, Қоғамның жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалықтар, фотоальбомдар, бейнефильмдер түсірілімін шығару;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте алынуы қажет лицензияны немесе рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәліктің) басқа түрінің болуын талап ететін қызмет түрлері тиісті лицензия немесе рұқсаттың, біліктілік аттестатының (куәліктің) басқа түрі алынған соң ғана жүзеге асырылады.
6-бап

Қоғамның құқықтары мен міндеттері
15. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерді жүктейді.

16. Қоғам оның Жалғыз акционерінің мүлкінен оқшау (жеке) мүлікке иелік етеді және Жалғыз акционердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өзінің міндеттемелері бойынша өз мүлкінің шегінде жауапты болады.

17. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет те Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

18. Қоғам өз атынан мәмілелер жасай алады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді иелене алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыра алады.

19. Қоғам қорғалатын құжаттамаларды, технологияларды, «ноу-хау» және басқа да ақпараттарды иелену және пайдалану құқығын ала және бере алады.

20. Қоғам құнды қағаздарды шығара және оларды тарата алады, мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте өзінің қаржылық тәуекелдерін туынды қаржылық құралдар арқылы сақтандыра алады.

21. Қоғам Қазақстан Республикасында және шетелде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құра алады, оларға мүлік бере алады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін белгілей алады. Филиалдар мен өкілдіктердің мүлкі Қоғамның теңгерімінде есепке алынады.

22. Қоғам филиалдардың және өкілдіктердің Қоғам тағайындайтын лауазымдар номенклатурасын, сондай-ақ жылдық еңбекақы қорының мөлшерін бекітеді. Филиалдың басшысы және өкілдіктің басшысы Қоғам берген сенімхаттардың негізінде әрекет етеді.

23. Қоғам өндірістік қызметті жоспарлауға, қызметкерлердің еңбекақысына, Қоғамды материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуді, орналастыруды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттырды ұйымдастыстыруға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді.

24. Қоғам белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан банктер мен басқа да қаржылық мекемелерде ұлттық және шетел валютасында есепшоттар ашады.

25. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілгер болуға, Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен де, шетел валютасымен де қарыздар алуға және несиелерін пайдалануға құқығы бар.

26. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттарға сәйкес Қоғамның барлық бөлімшелерінің орындауы міндетті нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді жєне бекітеді.

27. Қоғам қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие Қоғам қызметкерлері тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.

28. Қоғам өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалар мен тарифтердің мемлекеттік тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

29. Қоғам белгіленген тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржылық, салық және статистикалық есептілік береді.

30. Қоғам қоршаған ортаны Қоғамның қызметі салдарынан пайда болатын ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғауға жауапты болады.

31. Қоғам материалдардың, отынның, жағар майлардың, электр энергиясы мен қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жасайды.

32. Қоғам еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

33. Қоғам «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті, Вице-президенттері мен басқарушы директорларының бұйрықтарымен және өкімдерімен ресімделген кадрлық, қаржылық және экономикалық мәселелер, қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелері, қысқы және көктемгі жұмыс кезеңдеріне дайындық, азаматтық қорғаныс, қауiпсiздiк және еңбектi қорғау, жұмылдырылған (мобилизациялық) дайындық, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерті) сатып алуды бақылау және мониторингтеу мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындауға міндетті.

34. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен көзделген басқа да құқықтарды иеленуі және басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.


7-бап

Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері
35. Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, жағдайда Қоғам қызметіне байланысты, өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде болатын шығындар қаупіне (тәуекеліне) жауапты болады.

36. Жалғыз акционер:

1) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Жарғыда қарастырылған тәртіпте Қоғамды басқару жұмыстарына қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғам сауалды алған сәттен бастап отыз күннен кешіктірмей, егер сауалда басқа мерзімдер көрсетілмеген болса, Қоғамның, оның ішінде аффилиирленген ұйымдардың қызметі туралы құпия сипаттағы ақпараттан тұратын ақпарат алуға, сондай-ақ Жалғыз акционермен немесе Жарғымен белгіленген тәртіпте Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;

4) Қоғамның тіркеушісінен немесе номинал ұстаушысынан Қоғамның құнды қағаздарына оның меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

5) Қоғамның органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібі бойынша даулауға;

6) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 63- және 74-баптарында көзделген жағдайларда, сот органдарына Қоғамның лауазымды тұлғаларының Қоғамға келтірілген залалдарды Қоғамға өтеуі және Қоғамның лауазымды тұлғаларының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешімдер қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) Қоғамға қайтаруы жөніндегі талаппен жүгінуге;



7) Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауалдармен жүгінуге және Қоғамнан сауал түскен күннен бастап 30 (отыз) күннің ішінде дәйекті жауап алуға;

8) Қоғам таратылғанда, Қоғам мүлкінің бір бөлігін иеленуге;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде көзделген жағдайлардан басқа жағдайда, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгiленген тәртiпте өз акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа да құнды қағаздарын артықшылықпен (басымдықпен) сатып алуға;

10) Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес Жалғыз акционердің қарауына шығару үшін қосымша мәселелердің енгізілуін ұсынуға;

11) Қоғамның Директорлар кеңесі отырысын өткізуді талап етуге;

12) өз есебінен Қоғам аудитін өткізуді талап етуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өз құқықтарының бұзылғаны үшін өтемақы алуға құқылы.

37. Жалғыз акционер:

1) акцияларды төлеуге;

2) 10 (он) күн ішінде Жалғыз акционердің қарамағындағы тіркеушіні және номиналды акция ұстаушыны Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергені туралы хабарлауға;

3) Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын басқа да құпия ақпараттарды жарияламауға;

4) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде қарастырылған басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

38. Қоғам және оның тіркеушісі Жалғыз акционердің Жарғының осы бабының 37-тармағы 2) тармақшасымен белгіленген талаптарды орындамауынан болған салдарлар үшін жауапты болмайды.


8-бап

Қоғамның акциялары және басқа да құнды қағаздары

39. Қоғам жай акцияларды құжатсыз нысанда шығарады.

40. Қоғам басқа да құнды қағаздарды, оның ішінде айырбасталатын, шығарылу, орналастырылу, олардың айналым және өтелу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңнамасымен белгіленетін құнды қағаздарды шығаруға құқылы.

41. Жай акция Жалғыз акционерге Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін шешімдерді қабылдауға, Жалғыз акционердің тиісті шешімдерінің негізінде Қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер алуға, сондай-ақ Қоғамды таратқан кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқық береді.

42. Қарапайым акцияларға айырбасталатын жарияланған акцияларды немесе басқа да құнды қағаздарды орналастыруға, сондай-ақ бұрын сатып алынған көрсетілген құнды қағаздарды сатуға ниет білдіргенде, Қоғам бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) күн ішінде Жалғыз акционерге жазбаша хабарлама беру немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Қоғамның құнды қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған органы белгілеген сату бағасы бойынша құнды қағаздарды сатып алуына ұсыныс жасауға міндетті.

43. Жалғыз акционердің Қоғамның құнды қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

44. Қоғамның жарияланған акцияларының мөлшерін көбейту немесе Қоғамның орналастырылмай, жарияланған акцияларының түрін өзгерту, сондай-ақ Қоғам акцияларын оның жарияланған акцияларының көлемі шегінде орналастыру Жалғыз акционердің шешімімен жүзеге асырылады.

45. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін орналастыруға құқылы.

46. Қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне ақша, мүліктік құқық (оның ішінде зияткерлік меншік объектілер құқығы) және Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа мүлік енгізілуі мүмкін.

Ақшадан басқа төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы белгілеген баға бойынша басқа мүлік арқылы жүзеге асырылады.

Егер Қоғамның орналастырылатын акциялары төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін болса, онда мұндай құқықты бағалау Қоғамның осы мүлікті пайдаланғаны үшін оны пайдалану кезіндегі барлық мерзімге тиесілі ақының мөлшеріне байланысты жүргізіледі. Мұндай мүлікті көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін Жалғыз акционердің келісімінсіз алуға тыйым салынады.

47. Қоғамның акция ұстаушылары тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қоғам мен оның аффилиирленген тұлғаларының аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын Қоғамның тіркеушісі жүзеге асырады.

48. Қоғамның жарияланған өз акцияларын оларды құнды қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру кезінде сатып алуына болмайды.

49. Қоғамның орналастырылатын акцияларына толық төлем жүргізілмейінше, Қоғам аталған акцияны Қоғамның акция ұстаушылары тізілімінің жүйесіндегі акцияны иелікке алушының жеке есепшотына аудару туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.

50. Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жарғыға қайшы келмейтін басқа да мақсатта Қоғамның бастамасы бойынша Жалғыз акционердің келісімімен Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен белгіленген тәртіпте бекітілген Қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын белгілеу әдістемесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.

51. Қоғам өзінің орналастырылған акцияларын:

1) акциялардың орналастырылу қорытындысы туралы есеп бекітілгенге дейін;

2) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде Қоғамның меншік қорының мөлшері Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңнамасымен белгіленген ең төменгі жарғылық қор мөлшерінен аз болса;

3) егер акцияларды сатып алу кезінде Қоғамнан Қазақстан Республикасының банкротқа ұшырау туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі белгілері байқалса немесе жағдайы болмаса немесе көрсетілген белгілер барлық қажетті немесе сатып алуға болжанған акцияларды сатып алу нәтижесінде пайда болса;

4) егер сот немесе Жалғыз акционер тарапынан Қоғамды тарату (жою) туралы шешім қабылданған болса сатып алуға құқықсыз.

52. Қоғамның бастамасы бойынша сатып алынатын, Қоғамның орналастырылған акцияларының саны Қоғам акцияларын сатып алу-сату жөнінде мәміле (мәмілелер) жасасқанға дейінгі олардың жалпы санынан 1 (бір) пайызы артық болған жағдайда, Қоғам мұндай сатып алу туралы Жалғыз акционерге хабарлауға міндетті.

Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алу туралы хабарландыруы Қоғам сатып алатын акциялардың саны, бағасы, оларды сатып алу мерзімі мен шарттары туралы мәліметтерден тұруы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек.

53. Жалғыз акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алу Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңнамасымен қарастырылған жағдайда ғана жүргізіледі.

54. Қоғамның акцияға айырбасталатын құнды қағаздарын Қоғамның жарияланған және орналастырылған акцияларының айырмашылығы шегінде ғана шығаруға жол беріледі. Қоғамның құнды қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібі айырбасталатын құнды қағаздарды шығару проспектісінде көрсетіледі.

Қоғамның облигациялары мен туынды құнды қағаздарын шығару шарттарын Директорлар кеңесі белгілейді.

55. Қоғам Қоғамның құнды қағаздарын кепілдікке беруге құқылы. Жалғыз акционер өзінің кепілдікке берген акциясы бойынша егер кепілдік шарттарында басқасы қарастырылмаған болса, дауыс беруге және дивидендтер алуға құқылы.

56. Қоғам өзі орналастырған құнды қағаздарын кепілдікке тек мына жағдайларда, егер:

1) кепілдікке берілетін құнды қағаздарға толығымен төлем жүргізілген болса;

2) Қоғам кепілдігіне берілетін және оларда кепілдікте тұрған акциялардың жалпы саны Қоғамның сатып алған акцияларынан басқа орналастырылған акцияларының 25 (жиырма бестен) аспайтын пайызын құраса;

3) кепілдік туралы шарт Директорлар кеңесімен мақұлданған болса ғана алуы мүмкін.

57. Қоғам орналастырған және оның кепілдігіндегі акциялар бойынша дауыс беру құқығы, егер басқасы кепілдік шарттарында белгіленбеген болса, Жалғыз акционердің құзыретіне жатады. Қоғамның өзінде кепілдікте тұрған өз акцияларына дауыс беруге құқы жоқ.

58. Қоғамның құнды қағаздар кепілдігін тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

59. Қоғам тарапынан төленетін, Жалғыз акционердің меншігіндегі акциялардан түскен табыс дивиденд болып табылады.

Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер Жалғыз акционер дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана ақшалай немесе құнды қағаздар арқылы төленеді.

60. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерін төлеу Жалғыз акционердің шешімі бойынша жылдың, тоқсанның немесе жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

61. Қоғамның Жалғыз акционері Қоғамның сол немесе басқа мерзімдегі жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

62. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім келесі ақпараттан:

1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және басқа да деректемелерінен;

2) дивидендтерге төлем жүргізілетін кезеңнен;

3) бір жай акция есебіндегі дивиденд мөлшерінен;

4) дивидендтердің төлене бастау күнінен;

5) дивидендтерді төлеу тәртібі мен формасынан тұруы керек.

63. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзі сатып алған жай акциялары бойынша, сондай-ақ сот немесе Жалғыз акционер Қоғамды тарату туралы шешім қабылданған жағдайда дивидендтер есептелмейді және төленбейді.

64. Дивидендтерді есептеуге:

1) Қоғамның меншік қорының мөлшері теріс болғанда немесе Қоғамның меншік қорының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтерді есептеу нәтижесінде теріс болғанда;

2) егер Қазақстан Республикасының банкротқа ұшырау туралы заңнамасына сәйкес Қоғамнан төлем қабілетсіздігі белгілері байқалса немесе жағдайы болмаса немесе көрсетілген белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивиденттерді есептеу нәтижесінде пайда болса жол берілмейді.

65. Жалғыз акционер Қоғамда қарыздың пайда болу мерзіміне қарамастан алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.

Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде дивиденттер төленбеген жағдайда, Жалғыз акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақшалай міндеттемелерді немесе олардың тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша есептелетін өсімақы төленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет