Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заң жобасы мен Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот процесі біздің қоғамға елеулі өзгерістер енгізетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Астана қалалық ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі

Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Мәулен Әшімбаев Бишімбаев ісіне қатысты сот объективті және әділ шешім шығаратынына күмән келтірмейтінін мәлімдеді.

"Менің ойымша, сот та, Жоғарғы сот басшылығы да қоғам алдындағы, адамдар алдындағы жауапкершілікті түсінеді. Қазір біреулер қандай да бір манипуляцияға алданады деп ойламаймын. Қазір барлығы процестің объективті, әділ және заңды өтуіне мүдделі. Бәрі өз жауапкершілігін түсінеді. Сондықтан, менің ойымша, болып жатқан сот процесі және заңның қабылдануы нәтижесінде жағдай өзгереді. Жақсарады. Қазір қоғам әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етіп отыр. Мен жағдайды жақсарту үшін жұмыс істейміз деп ойлаймын", — деп түсіндірді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотынан журналистерге орын беру шараларын қабылдап жатқанын хабарлаған едік. 

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.  

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді. 

Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.