Сарамандық жұмыс №2 Қазақстан аумағының зерттелу тарихы



жүктеу 451.33 Kb.
бет1/3
Дата02.12.2017
өлшемі451.33 Kb.
  1   2   3

МАЗМҰНЫ





Кіріспе ........................................................................................................

3



Сарамандық жұмыс № 1 Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер.................................................................

4




Сарамандық жұмыс № 2 Қазақстан аумағының зерттелу тарихы........

6



Сарамандық жұмыс № 3 Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру.............................................................................................

8




Сарамандық жұмыс № 4 Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру.............................................................................................

9




Сарамандық жұмыс № 5. Қазақстан Республикасының ішкі сулары..

11



Сарамандық жұмыс № 6. Ел аумағындағы топырақ түрлері................

14



Сарамандық жұмыс № 7. Қазақстан өсімдіктері....................................

15



Сарамандық жұмыс №8. Табиғат зоналары............................................

16



Сарамандық жұмыс № 9 Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру

17



Сарамандық жұмыс № 10 Табиғат ресурстары

18



Нұсқау таратпалары

19-28



Қосымшалар. Шоқан Семейде

29



Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі

30



Сөздерге анықтамалар

33



Пайдаланылған әдебиеттер

35

КІРІСПЕ
Географияны оқытуда өздік және сарамандық жұмыстардың маңызы ерекше. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, өздігінен жұмыс істеу белсенділігін арттырады, алған білімін практикада қолдануды қалыптастырады.

Бағдарламада қарастырылған сарамандық жұмыстар оқушылардың өмірде маңызы бар іскерлік пен танымдылыққа қаруландырады: әртүрлі тақырыптық карта, диаграмма, график, кесте, бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Мекетептегі географияның еркшелігі тақырыпты жақсы меңгеру үшін түрлі географиялық ақпарат көздерін пайдалана білуі қажет: картаграфиялық, статистикалық, мәтінді талдау, оқу жұмысында әртүрлі тәсілдерді меңгеру. Туған жер табиғатын оқытуда оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Іс - тәжірибемізде байқағандай сарамандық жұмысты өткізу жас географтарға ғана емес, тәжірибесі мол мұғалімдерге де қиындық туғызады. Ұсынылып отырған көмекші құралда сарамандық жұмыстардың сабақ жоспары, нұсқау таратпа, қосымша деректер, терминдерге анықтамалар берілген.

Сарамандық жұмыс № 1

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны мен сағаттық белдеулер

Мақсаты: Қазақстанның географиялық жағдайының орналасу ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі географиялық карталарды пайдалана отырып сипаттама беруді, уақыт айырмашылығын, сағаттық белдеулерді есептеулерді үйрету.

Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық, әкімшілік – аумақтық бөліну картасы, сағаттық белдеулер картасы 4 дана, кескін карталар, жалауша 4 дана, бағалау фигуралары.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Барысы:

Р.Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әні баяу қосылып тұрады.

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.

Сабағымызды Қасым Аманжолов ағамыздың «Қазақстан» атты әнімен бастағым келеді.

Елу жаста елім бар деп айта алмай,

Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.

Елім бар деп айтатын бір туды күн,

Елім бар деп шырқайын мен бүгін.

Қойсын енді Қорқыт күйі сарнамай,

Асан ата, желмаяңа бер тыным.

Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын,

«Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен?

Мынау дала біздер өсекен кең мекен.

Егеменді ел – Қазақстан дейтұғын!


Көкше, Баян, Қарқаралы, Алатау

Тоңы – алтын, түгі – торқа жер мынау.

Қарағанды қара қазан қайнаған

Дүние байлық тұрған жайнап айналам,

Елдігіме етер шүбә қандай жау?!
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл қойып тыңдашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі.

Жеріміз бар қасиетті, киелі

Сен бақытты, атам қазақ баласы!
1. Олай болса, біз өзіміздің еліміз, жеріміз туралы толық білуге міндеттіміз. Ал, ол қандай мемлекеттермен шектеседі екен? Қане, мына мемлекет аттары жазылған қағаздарды таңдау арқылы алып, орналастырайық. Мысалға, (мұғалім өзі алып көрсетеді) Ресей Федерациясы (алып Қ.Р. әкімшілік – аумақтық картасының солтүстік бөлігіне, географиялық орнына орналастыру). Шекарасының ұзындығы 6467 км. Ал қалған 4 мемлекетті оқушылар орналастырып, жауап берулері керек.

Қытый Халық Республикасы – 1460 км.

Өзбекстан – 2300 км.

Қырғызстан – 980 км.

Түрікменстан – 380 км.

Ұпай саны 5 баллдық жүйемен есептеледі.

5 болса , 4 болса , 3 болса деп бағаланады. Әр турдан кейін геометриялық пішіндер топ жетекшілеріне беріліп отырылады.

2. Еліміздің шекараларын анықтадық, енді мемлекеттердің шеткі нүктелерін мына кескін карталарға (таратып беру) белгілеу керек. Дайын болғанда жалаушаны көтересіңдер. Осы кезде уақыт тоқтатылады (барлық топтың жасаған жұмысын жинап алып, тексеріп, жылдамдықтарын есепке ала отырып қорытындысын шығару).

Солтүстігінде - 55° 26´ с.е.

Оңтүстігінде - 40° 56´ с.е.

Батысында - 45° 27´ ш.б.

Шығысында - 87° 18´ ш.б.

3. Енді осы кескін картаға Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық бөлінуін түсіріңдер. Уақыт – 5 минут. (Сол бойынша бағалап, геометриялық пішіндер таратып беру).

4. Жер беті неше сағаттық белдеуге бөлінгенін анықтаңдар.

Еліміздің аумағында неше сағаттық белдеу орналасқан?

Семей қаласы қай сағаттық белдеуде орналасқан?

Ал, қазір тапсырмадағы берілген есептерді шығарайық. Қай топ есепке мықты екендігін байқап көрелік. Мұнда да барлық есептерді шығарып болғаннан кейін жалаушаны көтереміз. (Әр есептен бастап бірінші бір топтан дауыстап оқыта отрырып сұрау. Дұрыс, дұрыс еместігін айтпастан бұрын басқа үш топтың да жауабын сұрап өту. Дұрыс, қателігіне байланысты ұпай есептеу. Ал, келесі екінші есепті басқа бір топтан сұрау. Қате шығарса, түсіндіріп өту).

Жауаптары:

а) 81° ш.б. орналасқан Семей қаласында сағат 16.00 болғанда, 74° б.б орналасқан Нью – Йоркта сағат неше болады?

Жер шары 360° : 24 сағ. = 15

1º - Х мин.

15 - 60 мин.

1° х 60 мин.

Х = = 4 мин.

15°


1° = 4 мин.

Семей 81° ш.б. сағ. = 16.00

Нью – Йорк 74° б.б. сағ. = ?

81° ш.б. + 74° б.б. = 155°

155° х 4 мин. = 620 мин.

620 мин. : 60 мин. = 10 сағ. З0 мин.

16.00 – 10 сағ. 30 мин. = 5 сағ. 30 мин.

Жауабы: Нью – Йоркта таңғы сағ. 5.30.


ә) Семей қаласында 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8.00 болғанда, 117° б.б Сан – Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?

117° б.б. + 81° ш.б. = 198°

198° х 4 мин. = 792 мин.

792 мин. : 60 мин = 13 сағ.

Жауабы: 19.00 (кешкі сағат 7), 9 қыркүйек
б) Семей қаласында 10 қыркүйектегі кешкі сағат 22.00 болғанда, 139° ш.б. орналасқан Токиода қай күнгі қай уақыт болады?

139° - 81° = 58°

58° х 4 мин. = 232 мин.

232 мин. : 60 мин. = 3 сағ.

22.00 + 3 сағ. = 1.00

Жауабы: түнгі сағат 1.00 (11 қыркүйек).

в) Оқулықтың 13 бетіндегі картаны пайдаланып, Семейден таңғы сағат 9-да ұшып шыққан ұшақ 3 сағаттан соң 2-ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1-ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықтаңдар.

Семей 5-ші сағаттық белдеу – сағ. 9.00

Мәскеу 2-ші сағаттық белдеу - ?

5 – 2 = 3 сағ.

9 сағ. – 3 сағ. = 6 сағ. (Мәскеу)

2-ші белдеу (Мәскеу) – 1-ші белдеу = 1 белдеу

6 сағ. (Мәскеу) – 1 сағ. = 5 сағ. (Берлин)

Жауабы: Мәскеуде сағат 6.00

Берлинде сағат 5.00

Ең соңында геометриялық пішіндерді жинап, сол бойынша қосындысын шығарып, бағалау.


Сарамандық жұмыс № 2

Тақырыбы: Қазақстан аумағының зерттелу тарихы

Мақсаты: Қазақ жері жайлы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін жинақталған деректерді (грек, түркі, араб, қытай, орыс, қазақ) зерттеушілер туралы алған білімдерін бекіту.

Көрнекілік құралдар: Қазақстан Республикасының физикалық – географиялық картасы, М. Қашқаридың ХІ ғасырда жасаған шығыс жарты шар картасы
Барысы:
Тапсырмалар:

1. Оқулықты пайдалана отырып, ерте заманнан қазіргі заманға дейінгі географиялық зерттеулерді кестеге толтырыңдар.





Зерттеген саяхатшылар

уақыты

Зерттеген жерлері мен еңбектері




І. Ежелгі

Геродот


Страбон

Птоломей


Чжан Цянь,

Сюань - Цзан



ІІ. Орта

Әбу Насыр әл -

Фараби

Махмуд Қашғари



Елюй Чу – Цай,

Чань Чунь

Плано Карпини

Вильгельм де Рубрук,



ІІІ. Жаңа

П.С.Паллас.

И.П.Фальк,

И.П.Рычков,

И.Муравин,

А.И.Бутаков,

Г.С.Карелин,

П.П.Семенов – Тян – Шанский,

Н.А.Северцов,

И.В.Мушкетов,

А.Н.Краснов,

Л.С.Берг,

Ш.Ш.Уәлиханов

Н.Л.Корженевский, И.П.Герасимов, М.Д.Пономарев, П.Н.Лебедев, К.Д.Глинка,

Қ.И.Сәтбаев






2. Кескін картамен жұмыс. Ш.Уалиханов, Семенов Тянь – Шаньский, С.Берг,

3. Кескін картаға ХVII – XIX ғғ. ең негізгі географиялық зерттеулерді түсіріңдер.
Сарамандық жұмыс № 3

Тақырыбы: Жер бедерінің тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалар

арасындағы байланысты анықтап, кескін картаға түсіру



Мақсаты: 1. Атластағы, оқулықтағы карталарды пайдалана отырып жер

бедерінің ірі пішіндерінің, жердің геотектоникалық құрылысы мен

пайдалы қазбалардың арасындағы байланысты анықтап, кескін

картаға түсіруді үйрету.

2. Туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық және пайдалы қазбалар картасы, кескін карталар, жұмыс дәптерлері.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Барысы:

Тарбағатай таулары әні орындалады.

(Сәлемдесу, жоқ оқушыларды түгендеу).


  • Балалар, бүгін біз сабақта топпен жұмыс істейміз. Әр топқа – топ басшысын тағайындайық. Мына кестеге жауаптарын белгілейміз.

Эпиграф: «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын».

  • Балалар біз өткен сабақтарда қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары туралы үлкен тарауды оқып, таныстық.

  • Ал, Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?

  1. Ойпат, жазық (Ккаспий, шығыс Еуропа, Батыс Сібір)

  2. Үстірт «Үстірт. Торғай үстірті. Жем)

  3. Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар

  4. Биік тау (Алтай, сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань).

  5. (Бәрін картадан көрсету)

  • Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін Батысты – Теңіз деңгейінен төмен жатқан – Қарарқия ойысы – 132 метр мен ең биік тау – Тянь – Шань – 6995 метр – Хан Тәңірі.

  • Ал енді Шығыс Қазақстан өңірінің көрікті жерлерін теледидардан көрейік. Жақсылап назар салыңыздар.

  • Видеокөрініс

  • Осындай тамаша жер бедері қалай пайда болғанына тоқталайық. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбын тақтадан жазады. Енді өзіміз танысқан терминдерді есімізге түсірейік:

  • 1. Платформа

  • Геосинклиналь

  • Тектоника

  • Сейсмология

  • Балалардың алдында Сарамандық жұмыстың тапсырмалары таратылады

  • Алдарыңдағы тапсырмамен оқып, танысыңдар. Қане 1 – ші тапсырманы оқып жіберейік. Тапсырма түсінікті болса әр топ эраларды таңдап алыңдар. (Оқушыларға 5 минут беріледі), Дайындалып болған соң әр топ өз жұмыстарын қорғап шығады.

  • Енді 2 – ші тапсырмаға көңіл бөліңдер. Кім оқып жібереді?

Жаңа өздерің Қазақ жеріндегі ірі жен бедерінің пішімдерін атадыңдар. Міне, сол жер бедеріне сәйкес, тектоникалық құрылымын, геологиясын, пайдалы қазбаларын анықтаймыз. Жұмыс дәптерінің 45 – бетін ашыңдар. Жауаптарымызды соған толтырамыз. Әр топ өз тапсырмасын таңдайды. Ретімен кестені толтырады.

  • Келесі тапсырмамыз бойынша сендердің қаншалықты тектоникалық құрылымдардың шекарасын еске сақтағандарыңды білгім келеді. (Қазақстан Республикасының кескініне теектоникалық құрылымдарды жапсырады). Әр топ тапсырманы таңдаңыздар. Енді пайдалы қазбалардың шартты белгілері бойынша, осы кескін картадағы орнын анықтаңыздар. (Пайдалы қазбаларды кескін картаға жапсырады).

  • Эпиграфқа оралу. Шығыстың дана халқы айтқандай, сендер – айтып қана берсем ұмытып қалар едіңдер, көрсетіп берсем – естеріңде қалады екен, бүгін өздерің қолдарыңмен жасаған соң үйреніп алдыңдар деген ойдамын. Солай ма?

Енді осы жасаған картаны кескін карталарыңа түсіре қойыңдар.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырмасы: Картамен жұмысты үйде аяқтау.

Қорытынды:

Тақтадағы кестені толтырып болған соң.



  • Неге? Деген сұраққа жауап беріңдер.

1. Жоңғар Алатауы Сарыарқадан, ал Мұғалжардан Алтайдың биік болуы неліктен?

2. Неліктен жазықтарда – платформа, ал тауларда – қатпарлы облыс қалыптасқан?

3. Пайдалы қазбалардың таралу себебі неге байланысты?
Сарамандық жұмыс № 4

Тақырыбы: Қазақстанның климаты

Мақсаты: Атлас пен оқулықтағы тақырыптық картаға анализ жасай отырып

жылу мен ылғалдың таралуы және табиғат компоненттерінің өзар

Әртүрлі климаттық және синоптикалық карталармен жұмыс істеу

қабілетін қалыптастыру.



Көрнекілік құралдар: Қазақстанның климат картасы, түрлі – түсті қағаздар,

кескін карталар.



Барысы:

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

климат-

циклон-


антициклон-

атмосфералық циркуляция-

атмосфералық жауын – шашын –

күн радиациясы-

изотерма -

2. Оқулықтың 252 – бетіндегі кестені пайдалана отырып, Семей қаласының жылдық температурасының графигін сызыңдар.

3. «Қазақстандағы басым желдер» атты төмендегі кестені толтырыңдар


Жел аттары


Негізгі соғу бағыттары


Жылдамдығы,

м/с



Шаруашылықтағы маңызы (зияны мен пайдасы)

Ебі

шығыстан

60-80

Жол қатынасын, балық аулауды қиындатады, шаруашылыққа зиянын тигізеді

Сайқан










Шілік










Арыстанды –

Қарабас








Қордай










4. Түрлі – түсті қағаздарды пайдаланып, кескін картаға ауа массаларын, жауын – шашын, температурасын апликация ретінде түсіріп, құрастырыңдар. (Үлгісі төмендегі карта – сызбада).






t – І-19 º

VII+19 º

t – І-22 º

VII+23 º
t – І-15 º t – І-18 º

VII+22 º VII+24 º


t – I - 8 º

VII +24º
t – І-1,5 º

VII+28 – 30 º



Сарамандық жұмыс № 5

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ішкі сулары

Мақсаты: Карта бойынша қарапайым әдіспен өзен ұзындығын өлшеуді, су ресурстарымен қамтамасыз етуіне сипаттама беруді үйрету.

Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы,

Барысы:

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

өзен аңғары

өзен жүйесі –

бастау –

саға –


алабы –

өзен құламасы –

өзен еңістігі –

су шығыны –

жылдық ағын –

тасқыны – су тасуы –

2. Сұрақтарға жауап берііңдер.

Ірі өзендерді картадан көрсетіңдер.

Суы мол өзендер қайсысы?

Қазақстанның қай аймағында су тапшы?

Неліктен?

Қандай шешу жолдарын ұсынар едіңдер?

Қазақстан өзендері немен қоректенеді? Біздің обысымызда қандай эрозияның әсерінен өзен аңғарының дамуы жүруде?

Еліміздің өзендері қай алапқа жатады?

3. а) Қарапайым әдіспен карта бойынша өзеннің ұзындығын өлшеңдер.

Шешімі: 1. Қос инелі циркульмен сызықтық масштаб арқылы адымдап өлшеу.

2. Курвиметрмен өлшеу.

б)Жазық және тау өзендерін анықтаңдар. Физика курсында алған білімдеріңді пайдалана отырып, өзен қуаты мен жылдамдығы қандай факторларға байланысты екендігін анықтаңдар.

Есептер шығару:

Ертіс өзенінің құламасы мен орташа еңістігін анықтаңдар. Ұзындығы 4248 км , бастауының биіктігі теңіз деңгеййінен 4000 м. Сағасы теңіз деңгейінен 200 м. Биіктікте орналасқан.

Шешімі: Ертіс өзенінің құламасы 4000 м – 200 м = 3800 м

Орташа еңістігі – 3800 м : 4248 = 90 см.



  1. Оқулықтағы деректерді пайдалана отырып (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Аякөз, Үржар) салыстырмалы кестені толтырыңдар.


Өзен

аты, ұзындығы (км)



Алабы

Бастауы

Сағасы

Қорек-тенуі

Биология-лық

ресурстары



Жылдық

ағыны


Шаруа-шылық-тағы маңызы

Ертіс

4248


Солтүс-тік

Мұзды мұхит





Моңғол Алтайы

Обь өзені

аралас


Шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық, көксерке, байкал түркесі

28 млрд м³

СЭС, Ертіс – Қарағанды канаалы, өнеркәсіп салалары

3. Қазақстан Республикасының өзендерін, көлдерін кескін картаға түсіріңдер.


4. Таңдауларың бойынша төмендегі жоспарға сүйене отырып (Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл) көлдерге сипаттама жазыңдар:

а) географиялық орны -

ә) ауданы -

б) көлемі -

в) ұзындығы –

г) ені –

ғ) тереңдігі -

д) тұздылығы -

е) температурасы -

ж) флорасы мен фаунасы -

з) шаруашылықтағы маңызы -

и) экологиялық жағдайы -

Зайсан көлі

а) географиялық орны – Зайсан қазаншұңқыры

ә) ауданы – 1870 км

б) көлемі – 5510 км ²

в) ұзындығы – 111 км

г) ені – 27 км

ғ) тереңдігі – 10 – 12 метр

д) тұздылығы - тұщы

е) флорасы мен фаунасы – балықтың 23 түрі кездеседі. Оның 17-сі кәсіптік

балықтар.Ондатра тышқандары жерсіндірілген.

ж) шаруашылықтағы маңызы – кеме қатынасы бар. Көл төңірегі туризм және

демалыс орнына өте қолайлы.

з) экологиялық жағдайы -

Алакөл


а) географиялық орны – Балқаш – Алакөл ойысының шығыс шетінде орналасқан.

ә) ауданы - 2200 км²

б) көлемі -

в) ұзындығы – 104 метр

г) ені – 52 км

ғ) тереңдігі – 45 метр

д) тұздылығы -

е) температурасы -

ж) флорасы мен фаунасы -

з) шаруашылықтағы маңызы -

и) экологиялық жағдайы -

Марқакөл


а) географиялық орны – Азутау мен Күршім жоталарының аралығында орналасқан

ә) ауданы – 455 км²

б) көлемі -

в) ұзындығы – 38 км

г) ені – 19 км

ғ) тереңдігі – 27 метр

д) тұздылығы -

е) температурасы – шілдеде +16, +17 º С

ж) флорасы мен фаунасы -

з) шаруашылықтағы маңызы -

и) экологиялық жағдайы -

Сасықкөл


а) географиялық орны – Алакөл қазаншұңқырының солтүстік батыс жағында

орналасқан

ә) ауданы – 745 км²

б) көлемі -

в) ұзындығы – 49,6 км

г) ені – 19,8 км

ғ) тереңдігі – орташа тереңдігі 3,32 м, ең терең жері 4,7 м

д) тұздылығы -

е) температурасы - + 29 º С

ж) флорасы мен фаунасы – балыұқтар: сазан, көкбас, алабұға, көксерке; ондатр жерсіндірілген.

з) шаруашылықтағы маңызы – кеме жүзуге қолайлы. Көл төңірегі демалыс аймағы болып саналады.

и) экологиялық жағдайы -





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет