«Саќтандыру (ќайта саќтандыру) ўйымдарын ерікті тїрде таратуєа рўќсат беру не кґрсетілген рўќсатты беруден бас тарту ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ Банкі Басќармасыныѕ 2012 жылєы 26 маусымдаєы №198 Ќаулысы



жүктеу 62.31 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі62.31 Kb.

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 06.05.2013 15:16:55
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 198 Қаулысы

 

«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Ұлттық Банк

Төрағасының міндетін атқарушы

 

Д. Ғалиева

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 26 маусымдағы

198 қаулысымен



бекітілген

 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға

рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту

қағидалары

 

Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.

1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ерікті түрде таратуға рұқсатын алу үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезде - оның орнындағы адам қол қойған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты (бұдан әрі - өтінішхат) береді.

2. Өтінішхат осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылады.

3. Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының ерікті түрде тарату туралы шешімі;

2) тарату комиссиясының, оның ішінде филиалдарында не өкілдіктерінде құрылатын бөлімшелеріндегі мүшелікке кандидаттардың тізімі;

3) аудиторлық ұйым растаған, сақтандыру портфелін табыс еткеннен кейінгі күні жасалған қаржылық есеп;

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтер қамтылған, акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдаған күні жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының тізімі;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі жасаған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерінен тұратын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін қабылдау-өткізу актісі (осындай табыстау бар болса);

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелердің жоқ екенін растайтын құжаттар;

7) акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз қызметін тоқтатуға дайындықтың мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар (жоспар және кесте) тізбесі.

4. Уәкілетті орган өтінішхатты барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынған құжаттар пакетін қарау нәтижелері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

5. Заңның 68-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартылады.

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беру не көрсетілген рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жазбаша түрде жіберіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негіздері көрсетіледі.

7. Ерікті түрде таратуға рұқсат алған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын берілген барлық лицензияларды уәкілетті органға бір апталық мерзімде қайтарады.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару өкілеттіктері өтетін тарату комиссиясын құрады.

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру)



ұйымдарын ерікті түрде таратуға

рұқсат беру не көрсетілген

рұқсатты беруден бас тарту

қағидаларына қосымша

 

Нысан

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

бақылау мен қадағалау комитетінің

төрағасына

 

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға

рұқсат беру туралы

ӨТІНІШХАТ

 

______________________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің атауы)

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының

______________________________________________________________________________________________________________

(өткізілетін орны)

_____ жылғы «____» _______________ № ____ шешіміне сәйкес сақтандыру

(қайта сақтандыру) ұйымын _____________________________________________________________________________________

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы ерікті түрде таратуға рұқсат беруді сұрайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек): Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы адам)

 

___________________________             ___________

(қолы)                                                 мөр

 

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет