Сатып алу-сату шартының жобасы астана қ. 20 жылғы бұдан әрі



жүктеу 113 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі113 Kb.


______ САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ
Астана қ. 20 ___ жылғы «___» ___________
Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, (Сатушының атауы), (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) атынан, (құжаттың атауы, бар болған жағдайда күні) негізінде әрекет ететін, бір тараптар және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын (сатып алушы аты) екінші тараптан, бірге бұдан әрі Тараптар деп аталатындар (ҚР ҮҚ атауы күні және №) бекітілген (НҚА атауы) сәйкес (мемл.орган атауы, күні және №) бұйрығы және электрондық сауда-саттық нәтижелері туралы, тараптардың деп аталатын 20___ жылғы «___»______№____ хаттама төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


  1. Шарттың мәні




    1. Сатушы осы шарттың талаптары бойынша (РММ атауы) тұрған және (мемлекеттік органның атауы) меншігі болып табылатын төмендегі пайдаланылмайтын әскери мүлікті (бұдан әрі – Тауар) өткізуге және Баланста ұстаушы арқылы беруге, ал Сатып алушы сатып алуға міндеттенеді:

(Тауардың қысқаша сипаттамасы)

    1. Шарт бойынша Тауардың жалпы құны (РММ атауы) шарттарында белгіленді («Incoterms-2010» сәйкес халықаралық терминдерді түсіндіру, Халықаралық сауда палатасының № 715 жариялымы, 2010 ж., Париж, Франция).

    2. Тауарға арналған баға шарттың барлық жарамдылық мерзімі ішінде өзгермейді.

1.4.1. _______________ (Тауардың толық атауы, сипаттамасы және орналасқан жері).

1.4.2. _______________ (Тауардың толық атауы, сипаттамасы және орналасқан жері).

1.4.3. _______________ (Тауардың толық атауы, сипаттамасы және орналасқан жері).

1.4.4. _______________ (Тауардың толық атауы, сипаттамасы және орналасқан жері).

1.4.5. _______________ (Тауардың толық атауы, сипаттамасы және орналасқан жері).


  1. Шарттың сомасы және төлем талаптары




    1. Осы Шарт бойынша Тауардың жалпы құны _____________ (жазумен) теңге ___ тиынды құрайды.

    2. Осы Шарт бойынша Сатып алушы Тауарға төлемді келесі тәртіппен жүргізеді:

2.2.1. Осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде __________ (___________) теңге сомасында аванстық төлем аударуға (егер аванстық төлемнің сомасы Сатып алушы аукционға қатысқаны үшін аударған кепілдік жарнаның сомасынан артық болған жағдайда). __________ (___________) теңге мөлшеріндегі
(№ __________________ өтініш) кепiлдiк жарна осы Шарт бойынша тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

      1. Тауардың_________ (__________) теңге мөлшеріндегі қалған сомасын осы Сатушы осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы төменде көрсетілген деректемелеріне аударады:

Алушы: (РММ атауы, деректемелер).

Төлемнің мақсаты: «20___ жылғы «___» ______________ № ____ сатып-алу сату Шартына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түскен ақшалай қаражат Республикалық бюджеттің кірісіне аудару».



    1. Төлемді жүзеге асыру бойынша Банктің шығыстар Сатып алушының есебінен жүзеге асырылады.




  1. Тауардың техникалық жай-күйі




    1. Өткізілген Тауардың техникалық жай-күйі сатып алушының мен Баланста ұстаушы беруші тарапының өкілдері қол қойған Тауарды қабылдау-тапсыру актісі дайындау күніне оның нақты, техникалық жағдайы бойынша анықталады.

    2. Бұрын қолданылған Тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болады, орамы, таңбалау қаптамасы болмайды, кепілдігі жоқ, қайтарылмайды және айырбасталмайды.

    3. ___________ (өзге).




  1. Тараптардың міндеттері




    1. Сатушы міндетті:

      1. Сатып алушыдан Шарт бойынша төлем құжаттарының көшірмелерін алғаннан және (мемлекеттік орган атынан) бюджеттік жіктеу кодын алу туралы есепті алғаннан кейін, Тауарды беру туралы құжаттардың (тапсырыстың) орындалуы туралы Баланста ұстаушының жабдықталым қызметіне хабардар етуге.

      2. Сатып алушыға Сатып алушының өкілдері мен Тауарды әкету үшін қажетті техникаларды Баланста ұстаушының аумағына Шарттың барлық қолданылу мерзіміне кіргізуге рұқсаттама бойынша жәрдем беруге.

      3. Тауарды Сатып алушыға беру үшін қажетті нарядтарды жабдықталым қызметттерінің беруі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға.

      4. Баланста ұстаушының Тауарды Сатып алушыға осы Шартқа
        № 1-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған, үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан соның ішінде тыйым салудан және Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген кепілдік беруден босатылған Тауарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша беруін Баланста ұстаушының жабдықталым қызметінен нарядты алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұйымдастыруға.

      5. Баланста ұстаушының қоймасында Тауар болмаған жағдайда, Сатып алушының заңнамада белгіленген тәртіптегі жазбаша хабарламасы негізінде Сатып алушыға Сатып алушыға жетіспейтін Тауар үшін төленген соманы қайтаруға.

      6. Тауарды алу күнінде Сатып алушыға Баланста ұстаушының тіркеуді және келесі құжаттарды тапсыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі:

  • Баланста ұстаушы мен Сатып алушының өкілдері арасында қол қойылған Тауарды қабылдау-тапсыру актісі, түпнұсқа 2 (екі) дана;

  • Баланста ұстаушының Сатып алушы атына жазған шот фактура, түпнұсқа, 1 (бір) дана;

  • Сатып алушыға Тауарды беруге арналған жүкқұжат, түпнұсқа, 1 (бір) дана.

      1. ________________ (өзге).

    1. Сатып алушы міндетті:

      1. Тауар үшін төлемді Осы Шарттың 2.2-тармағының ережелеріне сәйкес жүзеге асыру және Шарт бойынша Тауар үшін (заңды тұлғалар үшін басшының қолы және мөрі қойылған, жеке тұлғалар үшін жіберушінің қолы қойылған) аванстық төлемді және қалған соманы төлегені туралы құжаттардың расталған көшірмелерін Сатушы мен Баланста ұстаушыға төлеу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      2. Шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде өкілдерге арналған рұқсаттамаларды ресімдеу үшін және Шарттың барлық мерзімінде Баланста ұстаушының аумағына Сатып алушының жабдықтарын апару үшін қажетті құжаттарды Баланста ұстаушыға ұсыну.

      3. Тауарларды әкету кезінде Баланста ұстаушының аумағында белгіленген режим мен ережелерді бұзуды болдырмау үшін, өз қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады.

      4. Сатушының бірінші сұрауы бойынша Шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну.

      5. Сатып алушымен Тауарды беруге арналған нарядты алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Баланста ұстаушының аумағынан Тауарларды өз күші мен қаражаты есебінен шығару.

      6. Осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделген Тауарларды әкетудің аяқталған күнi Баланста ұстаушымен Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қою. Қол қойылған сәттен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде, Сатушыға Тауарды қабылдау-тапсыру актісінің 1 (бір) данасын (түпнұсқасы) ұсыну.

      7. Қабылдау барысында Тауардың жетіспеушілігі анықталған жағдайда, Баланста ұстаушымен бірге Баланста ұстаушының қоймасында Тауардың жоқтығы туралы актіге анықталған күні қол қою және Сатушының мекенжайына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберу.

      8. Жетіспеген Тауар үшін төленген соманы өтеу үшін, қайтару туралы өтінішпен Сатушының мекенжайына растау құжаттарын қоса бере отырып, қаражатты қайтару туралы өтініш жазу.

      9. Шарт талаптарының бұзылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап
        10 (он) жұмыс күні ішінде айыппұлды төлеп, Сатушыға төлем туралы құжаттардың көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін басшының қолы және мөрі қойылған, жеке тұлғалар үшін жіберушінің қолы қойылған) ұсыну.

      10. Іс жүзіндегі және заңды мекенжай өзгертілген жағдайда, Сатушыға өзгерген күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабардар ету.

      11. ______________ (өзге).




  1. Тауарды беру шарттары




    1. Осы Шарт бойынша тауарды беру EXW- (РММ атауы) шарттарында жүзеге асырылады («Инкотермс 2010» сәйкес Халықаралық сауда палатасының № 715 жариялымы, 2010 ж. Париж, Франция) және Сатып алушынцң күші және есебімен.

    2. Тауарды беру Сатып алушы Шарттың 2.1-тармағында көрсетілген Тауардың жалпы құнын толық төлегеннен кейін жүзеге асырады.

    3. Тауарды қабылдау күні деп Баланста ұстаушы мен Сатып алушының уәкілетті өкілдерінің арасындағы Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қою саналады.

    4. Тауарды иелену құқығы, сондай-ақ Тауардың барлық тәуекелдері, зақымдануы немесе жоғалуы Сатушыдан Сатып алушыға Баланста ұстаушы мен Сатып алушының арасындағы Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап беріледі.

Тауарды қабылдау-тапсыру актісінің 3 данасына қол қойылады, оның ішінде:

  • 1 (бір) данасы Сатып алушы үшін (түпнұсқа);

  • 1 (бір) данасы Сатушы үшін (түпнұсқа);

  • 1 (бір) данасы Баланста ұстаушы үшін (түпнұсқа).



  1. Тараптардың жауапкершілігі




    1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тарапатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауапты.

    2. Сатып алушы осы Шарттың 2.2-тармағында көзделген төлем шарттарын, сондай-ақ 4.2.5-тармағында көзделген Тауарды әкету мерзімін бұзған жағдайда, Сатып алушы келесі банктік деректемелерге төлемді кешіктірудің әрбір күнтізбелік күніне төленуі тиіс соманың 0,1% мөлшерінде айыппұл төлейді:

Алушы: (РММ атауы, деректемелері).

Төлем мақсаты: Республикалық бюджеттің кірісіне 20__ жылғы «___»______ № ___ сатып алу-сату шарты бойынша есептелген айыппұл санкцияларын және өсімпұлдарды аудару.



    1. Сатып алушы осы Шарттың 2.2-т., 4.2.5-т. және 4.2.9-т. көзделген міндеттемелерді орындау мерзімін бұзған жағдайда, Сатушы Сатып алушыға Шартты бұзу туралы хабарлама жібере отырып, осы Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы. Бұл жағдайда, (ҚРҮҚ, күні және №) бекітілген (тармақ №, НҚА) сәйкес, кепілдік жарна Сатып алушыға қайтарылмайды. Сатушы Шарттың 6.2-тармағына сәйкес аударылған кепілдік жарнамен және төленген төлеммен жабылмаған бөлігі бойынша нақты шығындарды Сатып алушыдан талап етуге құқылы.

    2. Егер Сатып алушы Тауарды қабылдаудан негізсіз бас тартса, Сатып алушы сауда-саттыққа қатысу үшін төленген кепілдік жарнаны қайтармайды.

    3. Тауар жетіспеген жағдайда, Сатушы Шарттың 4.1.5-т. және 4.2.8-т. сәйкес жетіспеген тауарлардың сомасын өтей және Шартты бұзу туралы хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бір жақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.

    4. Тауарды қабылдау-тапсыру және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде мүлік пен денсаулыққа зиян келген жағдайда Сатушы мен үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік Сатып алушыға жүктеледі.

    5. Айыппұлды төлеу (айыппұл, өсімпұл) Тараптарды Шартпен қарастырылған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.




  1. Форс-мажор




    1. Тараптар ақылға қонымды шаралармен (форс-мажорлық) алдын-ала білмесе немесе алдын ала алмаса, егер бұл сәтсіздік форс-мажорлық жағдайлар болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бой бермейтін күш әрекеті (су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дауыл, сондай-ақ соғыс немесе әскери іс-қимылдар, эпидемия, осы Шартты орындаудың мүмкін еместігіне әкеліп соқтырған мемлекеттік билік органының немесе басқару шешімінің қабылдауы, Тараптардың бақылауынан тыс халықаралық санкциялар мен басқа да мән-жайларға байланысты жеке елдермен сауда операцияларын жасауға тыйым салу) дегеніміз шартқа қол қою кезінде болмаған, Тараптардың еркінен тыс пайда болған және тараптар алдын ала алмаған сыртқы және төтенше оқиғалар.

    2. Дүлей күш әрекеті туындаған жағдайда, осындай жағдайларға ұшыраған Тарап басқа Тарапқа олар туралы 7 (жеті) күн ішінде жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Хабарламада мән-жайлардың сипаты туралы, сондай-ақ осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндігіне және міндеттемелердің орындалу мерзіміне әсер етуіне бағалау хабарлануы қажет. Жоғарыда аталған жағдайлардың және олардың ұзақтығы туралы дәлелдемелер құзыретті мемлекеттік органдар ұсынған құжаттар немесе актілер болады.

    3. Жоғарыда аталған жағдайлар тоқтатылғаннан кейін Тарап бұл туралы басқа Тарапқа дереу жазбаша хабарлауы тиіс. Хабарламада Шарт бойынша міндеттемелерді орындау күтілетін мерзім көрсетілуі тиіс.

    4. Дүлей күш әрекеті туындаған жағдайда, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау уақыты осындай жағдайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа қарай кейінге қалдырылады.

    5. Дүлей күш әрекеті 30 (отыз) күннен астам үздіксіз жалғаса берсе, Тараптар өз міндеттемелерін орындауға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды талқылау және келісу тиіс. Осындай жағдайлар 3 (үш) айдан астам уақытқа созылған жағдайда және Тараптар Шарттық міндеттемелерді орындау үшін келісілген әрекеттер туралы шешім қабылдай алмаса, әрбір Тарап басқа Тарапқа Шартты осы тоқтатудың ықтимал салдарларынан туындаған шығындарды (оның ішінде шығыстарды) қалпына келтіру туралы міндеттемелерсіз толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы және бұл туралы басқа Тарапты жазбаша түрде хабардар етуі тиіс.




  1. Құпиялылық




    1. Тараптар осы Шартты жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

    2. Шарттың орындалуымен байланысты құжатталған ақпарат Сатушы мен Сатып алушы елдердің қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген негізде және тәртіп бойынша Сатушы мен Сатып алушы елдердің мемлекеттік билік органдарына жіберілетін жағдайларды қоспағанда, Тараптардың екі тарапының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге және үшінші тұлғаларға беруіне жатпайды.




  1. Дауларды шешу




    1. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған.

    2. Туындауы мүмкін Шарттың барлық даулары мен келіспеушіліктері Тараптардың өкілдерінің арасында келіссөздер жолымен тікелей шешіледі.

Келіссөздер барысында осы даулар мен келіспеушіліктер шешілмеген жағдайда, бірінші келіссөздер басталған күннен бастап бір (1) ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарастырылады.

    1. Сот талқылауының шығындарын сот шешімімен кінәлі деп танылған Тарап көтереді.




  1. Өзге де талаптар




    1. Тараптардың ешқайсысының осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Сатушының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

    2. Шартты орындаумен байланысты салықтар, баждар, кедендік және басқа да ресми алымдарды Сатып алушы төлейді

    3. Сатып алушы Тауарды оған байланысты емес себептермен уақтылы әкете алмаған жағдайда, Тауарларды әкету мерзімі осы Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы Сатып алушының жазбаша өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін.

    4. Осы электрондық шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасасылды. Электронды Шарттың ағымдағы нұсқасы Порталда жарияланады.

    5. Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрмен куәландырылған осы Шартқа қосымшалар мен толықтырулар оның құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады.

  1. Шарттың қолданыс мерзімі




    1. Осы Шарт оған Сатып алушы мен Сатушы қол қойған күннен бастап күшіне енеді, 20___ жылғы «__» _____дейін қолданылады және Тараптардың келісімімен және қабылданған міндеттемелердің бөлігінде олардың толық орындалуына дейін ұзартылуы мүмкін.

    2. Осы Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде жасалса және Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойса және мөрлермен куәландырылған немесе осы Шарттың талаптарымен көзделген болса жарамды. Тараптардың тисіті қосымша келісімдері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

    3. Осы Шарт Тараптардың келісімі не болмаса Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Шарттың 6.3., 6.5., 7.5-тармақтарыммен тікелей көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін




  1. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері




«САТУШЫ»

______________________

______________________
_____________ __________

(қолы) (ТАӘ)


(болған жағдайда)

М.О.




«САТЫП АЛУШЫ»

______________________

______________________
_____________ __________

(подпись) (ТАӘ)


(болған жағдайда)

М.О.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет