«Сауатты тұтынушы болыңыз!»



жүктеу 31.98 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі31.98 Kb.





«Сауатты тұтынушы болыңыз!»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8(7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: oskemen@economy.gov.kz) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы

№ 274-IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.

1 сұрақ: Жазда пәтерімізге пластикалық терезе мен есік орнаттық. Біраздан кейін терезеден суық ауа соғатынын байкадық. Фирманың қызметкерлерін шақырып, қосымша қысқыштар орнатты, бірақ суық ауаның келуін тоқтата алмады. Қайтадан бірнеше хабарластық, қызметкерлер қайтадан келуге қарсы. Фирмадан кемшіліктерді жоюын талап ете аламын ба?

Жауап: Заңның 15-бабының 1 тармағына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

      1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

      2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

      3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

      4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

      5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

      6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.

      Сондай-ақ, Заңның 30 бабы 6 тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткізіп алынған әрбір күн үшін тауар (жұмыс) құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.



2 сұрақ: микротолқын пешін сатып алдық. Құжаттары шет ел тілінде болғандықтан, қалай пайдалану қажеттілігі түсініксіз. Осындай жағдайда не істеуге болады?

Жауап:       Заңның 24 бабына сәйкес сатушы тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге міндетті.

      Заңның 10 бабының 2 тармағына сәйкес, егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат, сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

3 сұрақ: «Жаппай сату» кезінде алынған тауар сапасыз болған жағдайда, қайтаруға немесе айырбастауға болады ма?

Жауап: Егер сатушы тұтынушыға, тауардың кемшіліктері барынжәне сол себептен арзандатылып сатылатынын хабарламаса, тұтынушының оны қайтаруына қарсы болуға құқылы емес. Заңға сәйкес, сатушы кемшіліктері туралы алдын ала ескерткен жағдайда, тауар қайтаруға және айырбастауға жатпайды.

Берілген жағдайда тұтынушы сапалы тауарсатып алған, сондықтан бұл жағыдай Заңның 15-бабының 1 тармағымен реттеледі, оған сәйкес тұтынушы: сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді; тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды; тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді; соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды; сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды; шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Тұтынушы өз құқығын құрғау үшін:

- құқығын бұзушы сатушыға (орындаушыға) сотқа дейінгі жазбаша наразылықпен,

- тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктеріне,

- сотқа жүгінуге құқылы.



Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаларымен, тұтынушылардың, не болмаса тұтынушылар құқығын қорғау бірлестіктерінің сатушыға (орындаушыға) жазбаша наразылықпен жүгінуі- келіспеушіліктерді сотқа дейінгі қарастыру тәртібі, тұтынушылардың құқығын қорғау процесінің міндетті деңгейі ретінде қарастырылған.

Егер сатып алған тауарыңыз бұзылған, ал қызмет сапасыз болса, міндетті түрде Заңға сәйкес өз құқығыңызды пайдаланыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет