Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 0.75 Mb.
бет3/5
Дата01.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5


5. Дәріс мәтіндері

1 дәріс



Дәріс тақырыбы: Кіріспе.

Дәріс мазмұны: 1. Аспаптарға сипаттама.

2. Аспап пернелерінің орналасуы.



Мақсаты: Аспаптар туралы түсінік қалыптастыру, олардың үндерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

Кілттік сөздер: Жеті дыбыс, нота, перне.

1. Музыкалық аспаптардың шығу тегін, дамуын, құрылыс-құрылымын, жасалуын, дыбыстық ерекшелігін, әуендік-әуездік мүмкіндігін, қызметін, мақсатын, мән-маңызын зерттейтін ғылым саласы аспаптану деп аталады. Қазіргі белгілі болып отырған көне түрік жазба ескерткіштерінен сол кезде пайдаланылған кейбір аспаптар жайлы әжептәуір мағлұмат алуға болар еді. Аспаптардың пайда болу тарихы көне заманнан бастау алады. Қазақ музыкалық аспаптары дегенде ойға оралып, тілге тиек болатын тарихи тұлғаның бірі-Қорқыт. Ол-қазақ музыкасының атасы. Композитор, қобызшы, аспап жасаушы, дана, білгір.

Қорқыт, Нысан сияқты абыздарды көзімен көріп, көңіліне тоқыған шәкірттер болды. Қорқыт, Әл-Фараби замандас ұлылар. Әл-Фарабидің философиялық ой-қозғалыстары ішінде қазақ музыкатанушылары үшін аса құнды еңбегі,- «Музыканың ұлы кітабы». Бұл кітабында Әл-Фараби музыкатану, оның ішінде аспаптану ғылымының да негізін қалайды.



2. Музыка да негізінен жеті дыбыс бар. Олар: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до. Ол аспап бойына пернелерге не басқыштарға орналасады. Музыка дыбыстарын жазу үшін нота таңбалары қолданылады. Олар бес сызықтан тұратын тағанға орналастырылады. Нота тағаны:

Ол скрипка кілтімен ашылып, әрбір нотаның орнын анықтайды.

Олар: до, ре, ми, фа, сол, ля, си. – негізгі жеті дыбыс.

Октава дегеніміз- ұқсас ноталар аралығы до-дан –до-ға дейінгі сегіз дыбыс аралығы.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер, олар қалай топтасады?

2. Аспапта қалай отыру керек?

3. Аспап негізін салушылар?

4. Қобыз аспабының негізін қалаушы кім?

5. негізгі дыбыстар, олардың орналасауы.



Әдебиеттер: [1; -беттер ]; [2;- ]; [3;- ];

2 апта

2 дәріс



Тақырып: Музыка сабағында балалар аспаптарын қолдану.

Мақсаты: Балалар аспаптары түрлерімен таныстыра отырып, олардың дыбысталуын, аспапта ойнау алу дағдыларын қалыптастыру.

Кілттік сөздер: Балалайка, Металлафон, Румба, Маракас т.б.

Дәріс мазмұны: 1. Балалар аспаптарының түрлері.

2. Аспаптарды пайдалану.

1. Балалар аспаптары:


  1. Ішекті – балалайка, мандарин

  2. Үрмелі-флейта, саксафон

  3. Түймелі тілшікті- баян, акордион

  4. Ұрмалы- күйсандық

  5. Ұрмалы- бубен, үшбұрыш, барабан, румба, трещетка т.б.

Металлафон – латын тілінен «металл дыбыстылық» дегенді білдіреді. Темір тілшіктен құралған музыкалық аспап. Басына мата оралған таяқшамен ойнайды. Қатты ойнағанда ашық үн естіледі., ақырын ойнаса таза мөлдір, сыңғырлап естіледі.

Румба – латын американдық сәндік биден шыққан. Бишілер қолдарына қос-қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты ұстай жүріп билейді. Бұл аспап румба деп аталады. Оны сілкіп не оң қолға ұстап, сол қолмен соғу арқылы түрлі ырғақтық үн шығарады.

Маракас – латын америкасынан шыққан, какос жаңғағы сияқты формасы, ішіне тастың ұнтағы зәйтүн ағашының дәндерін салады. Қазіргі кезде ағашиан, металлдан жасайды да ішіне әртүрлі ұнтақ салып сілкіп, қозғап ойнайды.

Ұшбұрыш – ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден ұшбұрыштап иіп жасайды. Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы үн шығарады.

Бубен – ежелгі елдерде ертеде пайда болған ұрмалы аспап. Ағаштан жасалған шанақ үстіне жұқа былғары керіледі. Шанақтың жан-жағына темір шылдырмақ тағылады. Бубенді сілку арқылы қолмен соғу не саусақпен дірілдету арқылы ойнайды.

Трещотка – сылдырмақ ойыншық, орыс халқының аспабы. Жоғары жағын жіпке тізілген таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті 2 жағынан ұстап, сілку арқылы құрғақ дыбысты әртүрлі дыбыс шығарады.

2. Бастауыш сыныптарда қарапайым музыкалық аспаптарды, яғни ойнауға жеңіл асатаяқ, тайтұяқ, үшбұрыш, бубен, маракас т.б. қолдану балалардың музыкаға деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады. Олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль), сезімі және дағдысы дамиды.Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, әрі мықты болуы керек. Аспаптарды таратып берген соң мұғалім оның шығу тарихы, тембрі туралы түсінік бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын әңгімелеп, ойнау тәсілдерін көрсеткені жөн. Мұғалім балалардың одан әрі қызығушылығын арттыра түсуі үшін Құрманғазының «балбырауын», Дәулеткерейдің «Қос алқа», халық күйі «Келіншек» т.с.с. жеңіл, ойнақы күйлерден үзінділер алып қолдарына аспап беріп бірге ойнатуына болады.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Балалар аспаптарын атап беріңіз?

  2. румба дегеніміз қандай аспап?

  3. Бубен дегеніміз қандай аспап?

  4. Аспаптарды сабақта қалай пайдалануға болады?

Әдебиеттер: [8- ], [4- ].

3 апта

3 дәріс



Тақырып: Күй табиғаты.

Мақсаты: Қазақ халқына тән ерекше дамыған күй өнері және оның түрлерімен кеңінен таныстыра отырып, оның мазмұнын ұғындыру.

Кілттік сөздер: Күй. Төкпе күй. Шертпе күй.

Дәріс мазмұны: 1. Төкпе күйлер.

2. Шертпе күйлер.

1. Төкпе күйлер – бұл күйлер көбінесе Батыс Қазақстанда, кіші жүз қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей шабыс, ат тұяғының сатыры естілгендей болады. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне әсер етуі хақ. Мысалы, «Нарату», «Бөгелек», «Адай», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер.

2. Шертпе күйлер-қазақтың күй жанрының ішіндегі көп тараған күйлерінің бірі. Екі ішектен қос дауыстың мүмкіншілігін жеке-жеке пайдаланып, нәзік нюанстар, әсем қағыстарға, сыршыл лиризмге толы көптеген күйлер топтастырады. Шертпе күйлер мектебін қалыптастырушылар Тәттімбет, Тоқа, т.б. және бұл өнерді әрі қарай жалғастырушылар Ә.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Күй жанры дегеніміз не?

  2. Күйдің қандай түрлері бар?

  3. Шертпе күй мен төкпе күй дегеніміз ?

  4. Шертпе күйлерге қандай күйлер жатады?

  5. Төкпе күйге қандай күйлерді жатқызуға болады?

  6. Төкпе және шертпе күй өнерінің негізін қалаушы қандай күйшілерді білесің?

Әдебиеттер: [4 ]; [5 ]; [6 ].

4 апта

4 дәріс



Тақырып: Аңыз күйлер.

Мақсаты: Аңыз күйлерге кеңінен тоқталып, мазмұнын ұғындыру.

Кілттік сөздер: Аңыз күйлер.

Дәріс мазмұны: 1. Аңыз күйлерге сипаттама.

2. «Жетім бала», «Нар идірген» т.б. аңыз күйлері.

1. Аңыз-ертегілерге құралған қазақтың бағдарламалы күй жанры. Аңыз күйлер тақырып жағынан сан-салалы болып келеді. Көптеген күйлер жаугершілік заман хикаяларынан, тұрмыс-салт көріністерін, хайуанаттар өмірін, кең қоныс, жер-су жайын баяндайды. Кейбір де адамның өмірі мен өлімі жайлы да философиялық ой толғанысы да ннегізделеді.

2. Мысалы, «Боз айғыр», «Ақсақ құлан», «Нар идірген» т.б.

«Нар идірген» күйі: «Ерте заманда кедей шалдың жалғыз нары болады. Ботасынан айырылған нар боздап, емшегі иімей қиналады. Шал ауыл арасына мынадай хабар жібереді:

- «Кім де кім нарды иітіп берсе, соған жалғыз қызымды беремін», дейді. Маяны (түйені) иітуге үш домбырашы келеді. Олар: шал, жас жігіт және бала. Үш домбырашы келісіп бірінші кезекті жасы үлкен шалға береді. Шал домбыраны ботаның боздағанына ұқсатып тартқанда, маяның емшегі ий бастайды». Мұны сезген қыз нардың емшегін қысып ұстап тұрады да, ортасынан аса бергенде:

-Имеді! Домбыраны келесіге беріңіз, - дейді. Бұл шалға бармау үшін қыздың істеген әрекеті екен. Екінші кезекті алған жігіт домбыраны күңіренте тартады. Қыз өз ісін сол жерде отырғандарға сездірмес үшін күй біраз тартылғаннан кейін маяның емшегін босатып, сауа бастайды». Ат артып арнайы келген балаға кезек жетпей қалады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Аңыз күйлердің арнау немесе басқа күй түрлеріне қарағанда айырмашылығы неде?

  2. Қандай күйлерді аңыз күйлер деп атауымызға болады?

  3. «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Жетім бала» т.б. аңыз күйлерінің шығу тарихын әңгімелеп бер?

Әдебиеттер: [5 ]; [8 ]

5 апта

5 дәріс



Тақырып: Тарихи күйлер.

Мақсаты: Тарихи күйлер түрлерімен таныстыру.

Кілттік сөздер: Тарихи күйлер.

Дәріс мазмұны: 1. Тарихи күйлерге сипаттама.

2. Тарихи күйлерге тоқталу.

1. Тарихи күйлер- қазақ халқының тарихы небір оқиғаларға толы. Ал мәдениет әрқашанда тарихпен тығыз байланысты десек, күй соның бір тармағы. Халық күйлері тарихи күйлермен тығыз байланысты. Күйлердің тарихи сипатын, күйшілердің қозғаған тақырыбы мен қойған аттарынан да аңғаруға болады. Мысалы: «Ел айрылған», «Он алтыншы жыл» т.б. күйлер тарихи оқиғаларға байланысты туған.

2. Құрманғазының күйінің аты «Кішкентай» болғанымен, мазмұны өте көлемді. Автор бұл күйінде елдегі жағдайды, қайғылы көңіл-күйді суреттейді. Күйді Махамбет пен Исатайға арнаған.

Құрманғазының тағы бір күйі бұл-«Түрмеден қашқан» күйі. Құрманғазы түрмеге түседі. Түрмеде жатқан кезінде бір күні оған бір адам келіп тұрғанын хабарлайды. Бұған Құрманғазы аң-таң болады. Құрманғазыны арнайы кездесетін бөлмеге алып келеді. Құрманғазы анасымен кездеседі.Анасы баласын арнайы іздеп келген екен. Анасы Құрманғазыға әдейілеп ауылдан дәм-тұз әкеледі. Құрманғазы оны түрмедегілермен бөліседі. Бұған риза болған қасындағы жолдастары оған: «Осы оқиғаға да бір күй арнасайшы» деп қолына домбырасын береді. Бұл күй осылай пайда болған екен.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Тарихи күйлердің басқа күйлерге қарағанда тақырыптық мазмұны қандай?

  2. «Кішкентай» кімнің күйі және шығу тарихын әңгімелеп бер?

  3. Құрманғазының «Түрмеден қашқан» қандай оқиға баяндалады?

Әдебиеттер: [6 ]; [8 ].

6 апта

6 дәріс



Тақырып: Төкпе күй және күйшілер.

Мақсаты: Төкпе күй және төкпе күй негізін салушы күйшілермен таныстыру.

Кілттік сөздер: Төкпе күй.

Дәріс мазмұны: 1. Төкпе күйлерге сипаттама.

2. Төкпе күйшілерге тоқталу.

1. Төкпе күйлер – бұл күйлер көбінесе Батыс Қазақстанда, кіші жүз қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей шабыс, ат тұяғының сатыры естілгендей болады. «Кіші жүзді найза бер де жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне әсер етуі хақ. Мысалы, «Нарату», «Бөгелек», «Адай», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер.

2. Төкпе күй Батыс өңіріне тән болғандықтан оның негізін қалаушылар – Құрманғазы, Түркеш, Сейтек, Махамбет т.б. күйшілерді атай аламыз. Құрманғазы әйгілі «Сарыарқа», «Адай», «Серпер» күйлерін, Түркештің «Көңіл ашар», «Қарабас» т.б., Махамбеттің «Қайран, Нарын», «Жұмыр-Қылыш» күйлерімен танымал.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Төкпе күйге сипаттама бер?

  2. Қандай күйлерді төкпе күйлерге жатқызуға болады?

  3. Төкпе күйлер қай өңірде жақсы дамыған?

  4. Төкпе қандай күйшілерді атай аласың?

Әдебиеттер: [8 ]; [9 ]; [22 ]; [23]

7 апта

7 дәріс



Тақырып: Түркеш Қалқаұлы.

Мақсаты: Төкпе күй өнерінің негізін салушылардың бір өкілі - Түркеш Қалқаұлы туралы мәліметтер беріп, оның күйлерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы.

2. Түркеш күйлері.

1. Түркеш Қалқаұлы қазақтың халық күйшісі. Қаратөбе жерінде дүниеге келген. Ол өзінің өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолына жұмсаған. Сол үшін бай-болыстардың қудалауына ұшырап, Орда, Орал, астрахань түрмелерінде қамауда болған.

2. Түркештің халыққа белгілі күйлерінің бірі – «Көңіл ашар». Түркеш бұл күйін ел қамын ойлаған, күйшісінің өнеріне бас иген, досы Салық Бабажановқа арнап «Көңіл ашар» күйін шығарған. Бұл сондай жайдары, шат көңілді, шындығында да атына сай күй.

«Қарабас» күйі – халық күйшілерінің қай-қайсысы болмасын өздерінің сапарларында үнемі бірге болатын жол серіктері астындағы аттарын күйге қосқан. Сондай күйшінің бірі –Түркеш. Жүрісі жәйлі, бұл жорға атына «Қарабас» күйін шығарған.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Түркеш Қалқаұлы қай өңірдің күйшісі?

  2. Түркештің қандай күйлерін білесің?

Әдебиеттер: [4 ] [6]

8 апта

8 дәріс



Тақырып: Дина Нүрпейісова.

Мақсаты: Дина күйлерімен кеңінен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы.

2. Дина күйлері.

1. Дина Нүрпейісова –Батыс Қазақстан обл, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетініңаса көрнекті қайраткері, күйші-композитор. Әкесі Кенже де домбырашы болған. Дина талантына тәнті болған, 10 жылдай ұстадық еткен Құрманғазы: «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді» деген.

2. «Той бастар» күйі Динаның 1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма жылдық тойына арнап шығарған күйі.

«Науаи» күйі өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер науаиге арнап шығарған күйі.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Дина әжеміз қандай танымал күйшіден бата алған?

  2. Дина күйлерінің ерекшелігі қандай?

  3. Қандай күйлерін атай аласың?


Әдебиеттер: [6 ]; [20]; [21 ];

9 апта

9 дәріс



Тақырып: Қазанғап Тілепбергенұлы

Мақсаты: Қазанғап Тілепбергенұлы күйлерімен кеңінен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы.

2. Қазанғап күйлері.

1. Қазанғап Тілепбергенұлы –Ақтөбе обл, Шалқар ауд Ақбауыр деген жерде дүниеге келген. Тұңғыш шығарған күйі «Торы ат». Қазанғап домбырасындағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастырумен ерекшеленеді, әрі күйлерінің идеялық-көркемдік диапазоны кең.

2. Қазанғаптың «Ақжелең», «Кербез Ақжелең», «Домалатпай», «Қаратас», «Бөгелек», «Құс қайтару» және т.б. күйлері бар.

«Майда қоңыр» күйін ақыл-парасатымен, жібектей биязы мінезімен, ел –жұртын сүйсіндірген бір қызға арнап шығарған күйі. Өз замандасының майда қоңыр мінезін музыка тілімен өрнектеген.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Қазанғап күйлерін ата?

  2. «Құс қайтару» күйінің шығу тарихы?

Әдебиеттер: [6 ]; [2 ]; [3 ].

10 апта

10 дәріс



Тақырып: Фортепиано аспабы туралы түсінік.

Мақсаты: Фортепиано аспабының құрылысы, ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру.

Кілттік сөздер: «Форте», «Пиано». «Рояль». «Педаль».

Дәріс мазмұны: 1. Аспап туралы түсінік.

2. Аспапшы отырысы.

1. «Фортепиано» аспабының атауы - бұл «форте» - қатты және «пиано» жай, ақырын деген сөздерден шыққан. Аспап ойналған кезде шығармаларды құбылтады, бірде ақырын, бірде шығарманың шарықтау шебін көрсетеді. Аспаптың екі түрі бар. Бірі –оқу орындарында немесе үй жағдайында қолдануға болатын түрі-«Пианино» деп аталса, екіншісі өнер ордаларында, концерт залдарында пайдаланылатын – «Рояль» аспабы.

2. Аспапқа отырушы аспаптан алшақ орындықта денесін бүкірейтпей, тік ұстап, екі қолы аспап басқыштарында болуы керек. Қолдың қойылымы аспап басқыштарынан төмен болмай, үстінде жатуы тиіс. Аспапта ойнап отырғанда орындықты не аяқты қозғалтуға болмайды. Аспап астыңғы жағында дыбыстың күшін кенеттен ақырын немесе қатты шығаруға көмектесетін басқыш – «педаль» бар.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. . «Фортепиано» аспабының атауы қандай сөзден шыққан.

  2. Аспап атауы кімнің құрметіне арналған.

  3. Аспаптың қандай түрлері бар және айырмашылығы

  4. Аспапта отыру ерекшелігі қандай?

  5. Дыбыс күшін азайтып, күшейтіп, үзбей орындау қандай құрал көмегімен жүзеге асады?

Әдебиеттер: [9]; [11 ]

11 апта

11 дәріс



Тақырып: «Айналайын ақ мамам» әнінің екпіні.

Мақсаты: Әннің орындалу мазмұнын үйрету.

Кілттік сөздер: Епін. Жай, орташа және жылдам екпіндер. Марш екпіні. Вальс екпіні.

Дәріс мазмұны: 1. Екпін дегеніміз не?

2. Жай, орташа екпіндер.



  1. Епін – музыкалық шығарманың мазмұнын, образын, сипатын нақты беру үшін такт басына жылдамдық екпіні қойылады. Екпіндердің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, марш екпіні-салтанатты, салмақты, ал вальс – жеңіл, көңілді орындалады. Екпіннің негізгі үш түрі бар. Жай, орташа және жылдам.

  2. Жай. Орташа. Жылдам. Марш екпіні- салтанатты, салмақты.Вальс- жеңіл, көңілді. И. Нүсіпбаевтың «Айналайын ақ мамам» әні - жай екпінмен, нәзік орындалады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Епін дегеніміз не?

  2. Екпіннің қандай түрлері бар?

  3. «Айналайын ақ мамам» әнінің екпіні қанлай орындалады?

Әдебиеттер: [9 ], [12 ]

12 апта

12 дәріс



Тақырып: Балалар сазгерлері. Бақытжан Байқадамов.

Мақсаты: Халық әндері мен қоса композитор әндеріне тоқтала отырып, балалар композиторларымен таныстыру, олардың шығармаларын үйрету.

Дәріс мазмұны: 1. Сазгер өмір жолы.

2. Сазгер шығармалары.

1. Бақытжан Байқадамов24-наурыз, 1917 жылы Торғай қаласында дүниеге келеді. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жүріп – ақ, математикаға қабілетті екенін байқатады.

Композитор, ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957), 1937 ж. ҚазПИ – дің (Қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің) математика факультетін бітіреді. Алайда оның музыкаға деген құштарлығы басым болып, біржола өнер жолына түседі. 1939 ж. Қазақстан Композиторлар одағының мелодист-композиторлар даярлайтын курсында оқиды. 1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композитор факультетін (Профессор Е.Брусиловскийдің класы бойынша) бітіреді. 1941 ж. қазақ радиосының хормейстері, 1947 – 1949 жж. Қазақтың әйелдер ән – би ансамблінің дирижері әрі көркемдік жетекшісі болып, 1948 – 1952 жж. Қазақ хорының, ал 1952-1960жж. Қазақтың мемлекеттік филормониясының көркемдік жағын басқарады. 1963 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясының халық музыка аспаптарын жетілдіру тәжірибелік шеберханасының кеңесшісі болды. Ол қазақ ұлттық музыкасындағы хор жанрын өркендетуге елеулі үлес қосты. Байқадамовтың жазған симфониялық поэмалары («Жарқын жастық», 1952); сюита, хор («Бейбітшілік үшін хор сюитасы», 1953; бес бөлімді «Жайлау кеші» атты хоры, 1966) мен көптеген әндері («Домбыра», «Жастар жыры» т.б.) халық арасында кеңінен тарады. Композитор шығармашылығында қазақ әуендерінің дәстүрлі ұлттық ерекшеліктері жан – жақты даму мен қатар байып молая түсті әр хордағы дауыстарды үндестіру тәсілдері қалыптасты. Байқадамов сонымен бірге көптеген халық әндерін хорға лайықтап өңдеді.



2. Б.Байқадамов -өзіндік ерекшелігі бар аса талантты композитор. Оның әндерінің тақырыбы мен көркемдік бейнелеу құралдары өте бай. Оның шығармаларында лирикалық, жігерлі әуен де, байсалды баяу саз да, тасқынды, асқақ юмор сатиралық лебіз де бар.

Композитордың творчестволық принципі – мейлінше халықтық. Ол қазақтың халық ән өнерінің ырғақ –нақыш әуендеріне сүйенді және оны кеңінен пайдаланды. Міне, осы қасиеттермен де Ә.Тәжібаевтың, Н.Шәкеновтың өлеңдеріне жазылған әйгілі «Домбыра», «Ақ бидай» әндері жастар әндерінің тамаша үлгілері болып танылады.



«Ақ бидай» әні қазақтың халық әнін заман интонациясына сәйкестендіріп пайдаланудың айқын мысалы, оның әуендік ырғағы халықтық фольклорлық дәстүрмен ұштасып жатады.

Композитор шығарма әуенін түрлендіре отырып вариациялық принципті пайдаланады. Мәселен, шумақтың соңғы екі жолын қайталағанда, алғашқы әуен басқаша жаңарады. «Ақ бидай» әніндегі музыкалық екпінді, эмоциялық әуен ерекшеліктерін оның «Домбыра» әнінен де айқын байқауға болады. Ән басынан аяғына дейін шабытты, өршіл ырғақпен безендірілген. Халық әндерінің күлкі, сықақ, әзіл элементтері қажымас қайратқа толыөмір үнімен ұштасып, ұласып жатады. Мұндай көңіл күй, жүрдек, жеңіл лебіз «Су тасушы қыз» әнінде де бар. Б.Байқадамовтың аталып отырған әндерін халық сүйіп тыңдайды, бұлар тіпті республика көлемінен тысқары жерлерге де кең тарады. Сондай – ақ «Колхоз қызы» (өлеңі Б.Ысқақовтікі), «Сауыншы жеңгей» (І.Есенберлин) сияқты күлдіргі әндері де халыққа кеңінен танымал.

Б.Байқадамов балаларға арнап та көптеген әндер жазды. Солардың бірі - Жамбылдың өлеңіне жазған «Бесік әні» де жан ұйытар жылы сезімге толы. Композитор бұл әнінде Жамбылға тән лирикалық өлеңнің мазмұнын терең ашады. Автор алаңсыз өмірдегі бесіктің баяу тербелісін фортопианоның сүйемелдеуімен бейнелейді. «Бесік жыры» - балаларға айтуға өте ыңғайлы жазылған қарапайым құрылымды, ырғақты ән. Балалар бұл әнді асқан сезіммен, жылылықпен сүйсіне орындайды. Әнді мәнеріне жеткізіп орындау үшін музыка мұғалімі де балаларға оны түсінуіне, жылы қабылдауына түрлі түсіндірмелермен, көрнекіліктермент т.б. жеткізе білуі шарт. Мысалы:

- Балалар «Бесік жырлары», «Әлди-әлди», «Бала уату» т.с.с. әндерді кімдерге арналған?

- Әрине, кішкентай бөбектерге, нәрестелерге, сіздердің кішкентай іні-қарындастарыңызға арналған.

- Әнді аналарымыз, апаларымыз қай кездеі айтады?

- Бөпелеріміз ұйықтар алдында, соларды жұбату, тәтті ұйықтауы үшін айтады.

- Ендеше әнді қалай орындауымыз керек?

- Дұрыс айтасыңдар, жай, жылы – жұмсақ, ерекше бір сезіммен. Егерде біз бар дауысымызбен айқайлап айтсақ олар ұйықтамайды екен.

Кеңінен таралған балалар әндерінің бірі – М.Әлімбаевтың өлеңіне жазылған «Менің папам» әні. Бұл –балалардың айтуына жеңіл, шумақтары қысқа, қайталанып отыратын ән. Сондықтан да баллдырғандардың көңілдеріне қонымды, жаттап алуларына оңай. Балалар Байқадамовтың М.Әлімбаевтың өлеңіне жазған «Жаңа жыл», «Бөбегім» әндерін де өте сүйіп тыңдайды және орындайды.

Сол сияқты композитордың «Айгөлек», «Бесік әні», «Біз –отанның бөбегі», «Бал бөбек», «Кел, билейік» т.б. сияқты әндері бар.

1998ж. Композитор тұрған үйге (Алматы қаласы, Төлебаев көшесі 177-үй) меморлық тақта орнатылды, оның есімімен ҚР мемлекеттік хор капелласы аталады.

Қазақ халық творчествосының асыл қазынасының сырларына жете бойлауы, оны ойдағыдай меңгеруі композитордың творчествосына ықпал тигізбей қалмады. Оның жастар туралы және балаларға арнап жазған күлдіргі, әзілге толы немесе лирикалық әндері болсын өзіндік шығармашылық ерекшеліктерімен дараланады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Б. Байқадамов туралы не білесің?

  2. Б. Байқадамовтың балаларға арнап жазған қандай әндерін білесің?

Әдебиеттер: [12 ]; [13 ]

13 апта

13 дәріс



Тақырып: Балалар сазгерлері. Ө.Байділдаев.

Мақсаты: Ө.Байділдаев әндерімен таныстыру.

Дәріс мазмұны: 1. Сазгер өмір жолы.

2. Сазгер шығармалары.

1. 1954 жылы Өмірбек Байділдаев оқуды тәмамдайды. Қазір оқып жатқан, болашақ жас мамандар біздер үшін Өмірбек Байділдаев деген кім? Біріншіден, ол музыка зерттеушісі ғалым. Екіншіден, ол әртүрлі биіктіктегі дыбыстардан құрастырып, әсерлі ән шығара алатын композитор. Үшіншіден, әрбір композитордың еңбектеріне талдау жасай алатын зерттеуші әрі журналист болған адам. Төртіншіден, ол ұстаз әрі лектор.

Бесіншіден, жаны пәк, кішіпейіл дос әрі ұлағатты шаңырақ иесі болған адам. Міне, осындай сегіз қырлы адам ретінде кейінгі жастар Өмірбек Байділдаевтің еңбегін зерттейтін болады.

2. Ғалым ретінде ол 10 кітаптың авторы: олар «Туған ел» (1965), «Бөбектер жыры» (1966), «Ән – музыка сабағы» (1970, 1985жж), «Сүйікті мектебім» (1977), «Қанатты өнер» (1973), «Қимаймын сені» (1977), «Музыка сабағы» (1988, 1997), «Композитор Мұқан Төлебаев» (1955). Осы еңбектері оны жай мұғалімдіктен аға мұғалімдікке, аға мұғалімдіктен доценттікке, доценттіктен профессорлыққа жетеледі. Ғалымдық деңгейіне 32 жыл ұстаздық, 20 жылдан астам уақытты «теориялық және тарих» кафедрасын меңгерушісі қызметін атқарады. Олар: «Туған ел», «Қимаймын сені», «Жаным, сәулем, еркешім», «Назико», «Ауыл кеші», «Айлы түн», «Қазақстан таңы», «Қазақстан – туған өлкем», «Алматы астанам» т.б. Композитордың «Туған елі» шын мәнінде халықтық мұраға айналды. Әннің бастапқы буыны «Шалқар», «Алматы», «Астана» және Шымкент радио станцияларынның музыкалық ұраны болды. Ә.Тәжібаев сөзіне жазылған «Бөртпе лақ» (1-сынып), «Менің Отаным» (Б.Ысқақов), «Туған ел» (өлеңі М.Ниязбековтікі), «Құлыншақ», «Не дек керек?», «Сүйікті мектебім!», «Біз бақытты балдырғандар», «До-ре-ми» , «Май жыры», «Кім болам» т.б. әндері бар.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Ө.Байділдаевты сазгерлігінен басқа қандай қырынан тануға болады?

  2. Ө.Байділдаевтың балаларға арнап жазған қандай әндері бар?

Әдебиеттер: [10 ]:[11 ]

14 апта

14 дәріс



Тақырып: Қ.Мырзалиев – балалар ақыны.

Мақсаты: Қ.Мырзалиев сөзіне жазылған әндерін үйрету.

Дәріс мазмұны: 1. Ақын өмір жолы

2. Шығармашылығы.

Жиырмасыншы ғасырдың жуан ортасы адам айнасының серпіліске толы сергек сәттеріне айналды да, қазақ поэзиясының пешенесіне сол қуатты кезеңнің көшбасшысы қызметін атқару жазылды. Ақын Қадыр Мырза Әли адам санасындағы соңғы серпіндерді азаматтық лириканың ақ бастауына айналдырып, желісін жетілдірді, көркемдік көкжиегін кеңейтті, тақырыптың түғырларын түрлендірді, лирикалық қаһарман бойындағы килы қасиеттерді қоғам құзырына кұлдық ұрғызудан іргесін аулақтап, заман зердесіндегі, адам құлқындағы өрелі өзгерістерге жаңа өріс ашты. Ақын әлемінің әсем әсерлері адам бойындағы ғасыр жүгін жеңілдете түскендей еді.

Қадыр Мырза Әли поэзиясы бізді поэтикалық өнердің заңдылықтары мен ерік еркіндігіндегі сезім мен ойдың уақыты мен кеңістігін, биіктігі мен тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезініп, әрі білдіретін ерекше құбылыс.

Қадыр Мырза Әли шығармашылығы ұлт трагедиясы мен бақытының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мақсат-мұратта еңбек етіп келе жатқан, өз өлең жолымен айтқанда, «өмірін бірден азамат болып бастаған» ақын. Ол өз буын, өз өмірінің ғұмырын жырлаушы ғана емес, сол арқылы тұтас ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға.

Қадыр Мырза Әли поэзиясы - тұтас бір жан-жақты қамтылған монументалды энциклопедия. Оның поэтикалық жадында шекара шек жоқ. Ол оның жырына арқау болған қазақ тарихы, қазақ жерінің географиясы, қазақтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, соларға сай қазақ ел-жұртының табиғаты, айта берді қазақтың тарихи-табиғи процесс барысындағы өркениеті мен мәдениетінде.

Ақын поэзиясының басты белгілерінің бірі - парықты парасат, қисынды қағидалылық, көріпкел көсемдік, шыңырау шешендік, жауынгердей жинақылық. Ақын поэзиясында жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның, тайыз бен тереңнің, ізгілік пен зүлымдықтың, ездік пен елдіктің салыстырмалы суреттері мол кездеседі.

Қараңғы елдің ішінен қарғып түрған, Дананы ешкім тыңдамай барлықтырған. Зүлымдардың сан түрі сыйған дала Білімдарға, қайтесің, тарлық қылған! -дейді ғалымдар мен ақындардың атасы Әбу Насыр Әл-Фараби бейнесін сомдағанда ақын Қадыр Мырза Әли.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Ақынның қандай өлеңдерін білесің?

  2. Ақын әнге айналған өлеңдерін ата?

Әдебиеттер:

15 апта

15 дәріс



Тақырып: Б.Ғизатов, шығармалары.

Дәріс мазмұны: 1. Сазгердің өмір жолы

2. Әндері

1. Бисенғали Ғизатов – Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Музыкатанушы, өнертану кандидаты (1966), қАЗкср-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991). 1953ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының музыка теориясы мен тарихы факультетін (А.Жұбанов, Л.А.Хамиди дәріс алған) бітірген соң ҚазКСР-і Министрлік кеңесі жанындағы көркемөнер басқармасында және Алматы музыка училищесінде (1953-57) қызмет етті. 1957-63ж «Жазушы» баспасында музыкалық редактор болады. 1966-91ж ҚРҰҒА –ның Әдебиет және өнер институтында музыка бөлімінде кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, ал 1991 жылдан республикалық дәрежедегі зейнеткер. Ұстазы Л.Хамидимен бірігіп шығарған «Домбыра үйрену мектебі» (1983)атты еңбегі және «Мектептегі ән-музыка сабағы» (1994) атты жарық көреді.

2. Б.Ғизатовтың балаларға арнап жазған «Төлдер», «Әліппе», «Біз өмірдің гүліміз», «Біздің ән», «Көңілді ән», «Анамызға мың алғыс» сияқты әндері балалар аузында жатталған.

Бірінші сыныпта үйретілетін Ж.Өмірбековтың сөзіне жазылған «Төлдер» әнін алып талдап көрейік.

1. «Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?


  1. Секең-секең, ей, лақ,

Жүрмін саған кеіп-ақ.

Тыным тапсаң, болмай ма,

Секірмей-ақ, кей уақ!


  1. Ботақаны нардың

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың»,- өлең сөздері арқылы мұғалім балалардан

төрттүліктің қандай түрлерін білетінін сұрап, төрттүлік балаларын қалай атайтыны туралы түсінік беріп, суреттерін көрсетеді.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Қай өңірде дүниеге келген?

  2. Қандай еңбектері бар?

  3. Қандай әндерін атай аласың?

Әдебиеттер: [11 ]; [ 25]
6. Практикалық сабақ жоспары



Тақырып

Семинар (практикалық) сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Аспапта ойнап үйрену


1. Оң және сол қолға арналған жаттығулар.

2. Пернелерге дыбыстардың орналасу қатары


3. Атауы және белгіленуі


1

[1; -беттер ]; [2;- ]; [3;- ];


2

Нота ұзақтығы.


1. Нота ұзақтығының түрлері.

2. Халық әні туралы түсінік.



2

[1; -беттер ]; [2;- ];


3

Халық әні «Еркем-ай»


1. «Еркем-ай» әніндегі динамикалық белгілер.

2. Ән екпіні.



3

[6- ];[8 ]

4

И.Нүсіпбаев «Қызыл жалау» әні

1. Сазгер әні.

2. Әнге сипаттама.




4

[9 ]; [ 1].


5

Халық күйі «Келіншек.

1. Күй туралы әңгіме.

2. Күйді талдау.



5

[1 ]; : [21 ];


6

Халық күйі «Келіншек

1. Күйді орта буында талдау.

2. Күй қағыстары.



6

[1 ] [8 ]; [10

7

Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйі

1. Күйді талдау.

2. Күй қағыстары



7

[1 ]; [6 ];[8 ]


8

Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйі


1. Күйді талдау.

2. Күй қағыстары.

[2 ] [3 ]


8

[2 ] [3 ]


9

Халық күйі «Жастар биі».

1. Күйді талдау.

2. Күй қағыстары.



9

[2 ] [3 ]


10

Аспаппен сүйемелдеу. «Айналайын ақ мамам» әнін оң қолда ойнау.

1. Ән әуенін үйрену.

2. Әндегі ұзақтықтар.




10

[9 ]; [12]

11

Халық күйі «Келіншек.

1. Күйді орта буында талдау.

2. Күй қағыстары



11

[1 ] [8 ]; [10


12

Аспаппен қостап ойнау.


1.А.Меңжанова «Болайықшы осындай» әні.

2. Әнді талдау.



12

[11 ]: [12 ]


13

Аспапта Ө.Байділдаевтың «Сүйікті мектебім» әнін ойнау.

1. Әндегі динамикалық белгілер.

2. Әндегі альтерация белгілері.




13

[7 ];[8 ]


14

Ән сипаты.


1. Әндегі динамикалық белгілер.

2. Әндегі альтерация белгілері.



14

[10 ]; [15 ]

15

Хормен ән салу.

1. Хор туралы түсінік.

2. Хорға арналған шығармалар.



15

[5 ]; [18 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет