Саз құралдары (пәннің атауы) Пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 0.75 Mb.
бет5/5
Дата01.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер жеке жұмыстанады. Оларға карточка таратылады. Оған әрқайсысы өз жауаптарын жазады.

Әдебиеттер: [2 ] [3 ]

17 ОЖСӨЖ- мазмұны: Қазанғаптың «Құс қайтару», «Домалатпай» күйлерінің шығу тарихы.

Мақсаты: Қазанғаптың күйлерімен таныстыру.

Өту формасы: Интерактивті әдістер.

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Қазанғап туралы не білесің?/Шеңберді толтыр/.











2 тапсырма Қазанғаптың «Құс қайтару», «Домалатпай» т.б. күйлеріне презентация жасау.



Әдістемелік ұсыныс: Қазанғап туралы әңгімелеп, күйлеріне шолу. Студенттер екі топқа алдын-ала отырғызылады. Топтар өздерін және топ жетекшілерін әнмен таныстырады. Тапсырма бойынша екі топта «Құс қайтару», «Домалатпай» т.б күйлерін алып презентация жасайды. Ол студенттердің шығармашылық ойлауына байланысты.

Әдебиеттер: [6 ]; [2 ]; [3 ].

18 ОЖСӨЖ- мазмұны: Күйдегі ұзақтықтар.

Мақсаты: Күйлерді сауатты ойнауға үйрету.

Өту формасы: Жеке түрде

Тапсырма, сұрақтар:

1 тапсырма Берілген кестені толтыр.



Кімнің күйі

Өлшемі

Екпіні

Тақырыбптық мазмұнына қарай күйдің қай түріне жатады

Құрманғазы

Екі де төрт

ойнақы

Арнау

Дәулеткерей

Екі де үш

орташа

Тарихи

Дина

Үш те төрт

қатты

Аңыз

Қазанғап

Төрт те төрт

жай

Лирикалық

Сүгір

Екі де сегіз

баяу

Табиғатқа арналған


Әдістемелік ұсыныс: Күйлерді тыңдай отырып, студенттер кесте толтырады. Кестеде күйге сипаттама берілген.

Әдебиеттер: [1 ] [2 ]

19 ОЖСӨЖ- мазмұны: Аспап басқыштары.

Мақсаты: Фортепиано аспабы жөнінде түсінік беру.

Өту формасы: Баяндама.

Тапсырма, сұрақтар: Аспап құрылысы қандай?

Аспап басқыштары деп нені айтамыз?

Олар қалай орналасады.

Әдістемелік ұсыныс: Студенттер тапсырмалық сұрақтар бойынша бір-бірлеп баяндама түрінде жауап береді.

Әдебиеттер: [9]; [11 ]

20 ОЖСӨЖ- мазмұны: Әнді екі қолмен сүйемелдеп ойнау.

Мақсаты: Әнді аспапта ойнауға үйрету.

Өту формасы: Жекеше аспапта орындау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді өлшем бойынша алғашқы 4 тактісін санап ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Аспапқа орнықты етіп түзу отыр. Шығарманы нотамен өлшем бойынша санап, саусақтарыңды жаттықтыр. Бірнеше рет ойнап саусақтарыңды жаттықтырған соң, ноталарды санап, дұрыс ырғақта ойнау керек.

Әдебиеттер: [6 ]; [12]

21 ОЖСӨЖ- мазмұны: Әндегі жай екпін.

Мақсаты:Студенттерге екпін туралы түсінік беру.



Өту формасы: Баяндау.

Тапсырма, сұрақтар:Екпін дегеніміз не?

Орындалатын әннің екпіні қандай?



Әдістемелік ұсыныс: Әнді екпіні бойынша ойнау керек.

Әдебиеттер: [9 ]; [12]

22 ОЖСӨЖ- мазмұны: Әнді оң қолмен ойнап үйрену.

Мақсаты: Шығарманы ойнауға дағдыландыру.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді оң қолда жазылған саусақтар бойынша ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Орындыққа түзеу отырып, аспапқа қолыңды түзу қой. Әннің өлшеміне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде саусақтарыңды жаттықтыр. сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [11 ]; [12 ]

23ОЖСӨЖ- мазмұны: Бақытжан Байқадамов әндерін орындау.

Мақсаты: Бақытжан Байқадамов әндерімен таныстыру.

Өту формасы: Шығармашылық баяндама жасау.

Тапсырма, сұрақтар:1. Б.Байқадамовтың қандай әндерін білесіңдер?

Әдістемелік ұсыныс: Б.Байқадамов туралы білетіндерін баяндама түрінде таныстырады. Сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Әдебиеттер: [12 ]; [13 ]

24 ОЖСӨЖ- мазмұны: Әнді оң қолмен ойнап үйрену.

Мақсаты Шығарманы ойнауға дағдыландыру.

Өту формасы: Топтау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді оң қолда жазылған саусақтар бойынша ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Орындыққа түзеу отырып, аспапқа қолыңды түзу қой. Әннің өлшеміне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде саусақтарыңды жаттықтыр. сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [11 ]: [12 ]

25 ОЖСӨЖ- мазмұны: Ө.Байділдаев әнін ойнап үйрену.

Мақсаты: Ө.Байділдаев әндерімен таныстыру.

Өту формасы: Баяндама

Тапсырма, сұрақтар: Ө.Байділдаев қандай әндерін атай аласың?

Ө.Байділдаев әндеріне аннотация жаз.



Әдістемелік ұсыныс: Ө.Байділдаев туралы қысқаша баяндамалар жасайды.

Әдебиеттер: [10 ]:[11 ]

26 ОЖСӨЖ- мазмұны: Ән екпініне ойнау.

Мақсаты: Сазгердің әнін аспапта үйрету.

Өту формасы: Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар:Әнді аспапта екпінін келтіріп ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Әннің берілген нотасы бойынша студент бұған дейін алған музыкалық білімдеріне сүйене отырып,өзі аспапта ойнауы керек.

Әдебиеттер: [7 ];[8 ]

27 ОЖСӨЖ- мазмұны: «Етікші», «Апам үшін» әндерімен танысу.

Мақсаты: Қ.Мырзалиевтің өлеңдерімен таныстыра отырып, әнін үйрету.

Өту формасы: Әңгімелеу.

Тапсырма, сұрақтар: №1 тапсырма Қ. Мырзаәлі туралы не білесің?/Шеңберді толтыр/.














2 тапсырма Ақынның әнге айналған өлеңдерін ата?



Әдістемелік ұсыныс: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасайды. Бір әнін орындап береді.

Әдебиеттер: [5] [ 25]

28 ОЖСӨЖ- мазмұны: Ән екпініне ойнау.

Мақсаты: «Етікші» әнін домбыра аспабында екпінімен ойнауға үйрету.

Өту формасы: Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді екпінімен санап ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Әнді орындауда екпініне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде саусақтарыңды жаттықтыр. Сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [10 ]; [15 ]

29 ОЖСӨЖ- мазмұны: «Апам үшін» әндерімен танысу.

Мақсаты «Апам үшін» әнін домбыра аспабында ойнап үйренуге баулу.

Өту формасы: Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді қағыстармен санап ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Орындыққа түзеу отырып, аспапқа қолыңды түзу қой. Әннің өлшеміне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде саусақтарыңды жаттықтыр. сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [7 ]; [8 ]

30 ОЖСӨЖ- мазмұны: Ән екпініне ойнау.

Мақсаты: «Апам үшін» әнін екпінімен ойнауға үйрету.

Өту формасы: Аспапта ойнау.

Тапсырма, сұрақтар: Әнді екпінімен санап ойна.

Әдістемелік ұсыныс: Әнді орындауда екпініне мән бер. Санап ойнағанда ұзақтықтарға көңіл бөліп толық ұстап ойна. Әуелі жай екпінде саусақтарыңды жаттықтыр. Сосын екпінді берілген талапта ойна.

Әдебиеттер: [9 ]; [10 ]

9. Студенттің өзіндік жұмысына /СӨЖ/ арналған материалдар

- Аспап үндерін үнтаспаға жаздыру /қобыз, домбыра, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз т.б/

- Қазақтың ұлттық және балалар аспаптары /Альбом жасау/

- Күйшілер портреттері жинау /Альбом жасау/

- Оң және сол қол саусақтарына арналған жаттығулар.

- «Еркем-ай» әнінің алғашқы 4 тактісін жатқа ойнап келу.



- «Ел айрылған», «Адай» күйлерін үнтаспаға жаздыру.

- Халық күйі «Келіншек» тыңдау және талдау.

- Құрманғазы «Төремұрат», «Адай», т.б. күйлерді талдау және үнтаспаға жаздыру.

- Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйін үнтаспаға түсіру.

- Түркештің «Көңіл ашар», «Қарабас»т.б. күйлерін үнтаспаға түсіру.

- «Короғлы», «Құдаша» т.б. күйлерінің шығу тарихын конспектілеу.

- Динаның «Той бастар» күйін тыңдау және үнтаспаға түсіру.

- Динаның «Әсем қоңыр», «Он алтыншы жыл» күйлерінің шығу тарихын конспектілеу.

- Қазанғаптың «Құс қайтару»күйінің шығу тарихы. «Былқылдақ», «Саржайлау» т.б. күйлерінің шығу тарихы.

- И.Нүсіпбаев «Айналайын ақ мамам» әніне аннотация.

- «Айналайын ақ мамам» әнін оң қолда ойнау.

- Аспаппен қостап ойнау.Украин халық әні «Құс».

- Балалар сазгерлері

- Ә.Еспаев «Ортеке» әніне аннотация.

- А.Меңжанова «Болайықшы осындай» әні.

- Ө.Байділдаев «Сүйікті мектебім» әні.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама т.б.):

1. Төкпе және шертпе күй ерекшеліктері /Реферат/

2. И.Нүсіпбаев-балалар сазгері /Реферат/

3. Күй атасы-Құрманғазы Сағырбайұлы /Реферат/

4. Дәулеткерей - лирик күйші /Реферат/

5. И.С.Бах өмірі және шығармашылығы /Реферат/



Глоссарий

Өлшем- белгілі бір такт ішіндегі әлді және әлсіз үлестердің жүйелі түрде қайталанып келуі.

Епін музыкалық шығарманың мазмұнын, бразын, сипатын нақты беру үшін қойылатын белгі.

Марш екпіні- салтанатты, салмақты.

Вальс- жеңіл, көңілді

Реприза-кез-келген музыкалық шығарманың белгілі бір саласын сол күйінде өзгеріссіз қайталау.

Вольта- шығарма аяғы әртүрлі болса вольта белгісі қойылады.

Пауза- тыныс белгісі

Лига-бір немесе әртүрлі биіктіктегі ноталардың аралығының бөлінбей жалғаса орындалуы.

Альтерация-дыбыстарды жарты тонға төмен немесе жоғары қозғау.

Диез -дыбысты жарты тонға жоғарылату

Бемоль - дыбысты жарты тонға төмендету

Бекар- дыбыс күшін жою

Динамика- музыкалық шығармалардың күшейіп немесе бәсеңдей құбыла орындалуы.

Пиано- дыбыс күшінің жай шығуы

Пианиссимо- дыбыс күші өте ақырын шығуы

Меццо-форте- дыбыстың орташа шығуы

Форте- дыбыс күшінің қатты шығуы

Хор-біршеше дауыстардың қосылып ән салатын тобы

Оркестр-дыбыс саздары әртүрлі, әр алуан, құрылысы мен дыбыс реңктері неше түрлі музыкалық аспаптарда орындайтын музыканттар тобы

Вариация- (өзгеру, түрлену) музыкалық шығармадағы негізгі тақырыптың екпін, ырғақ, динамика арқылы түрлі өзгеріске ұшырап, құбылып отыру

10 Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі курс бойынша қамтылмаған.

11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Бағалау саясаты:



«Саз құралдары» пәнінен білімді бағалау кестесі

Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Практикалық сабақтарға қатысу.

0,5*15

7,5


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+

2

ОЖСӨЖ орындау

0,5*15

7,5


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+


+

3

Сөж орындау

1*30

30

+

+

+

+

+

+

+

+

++

+

+

+

+

+

+

++

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

++

4

Бақылау жұмысы

6*1

6






















+






















5

Бақылау жұмысы

9*1

9











































+

Р1 + Р2

30+30


60














































Емтихан




40














































Барлығы




100














































Семестр барысында төмендегі формада бақылау жүргізіледі: бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар:Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады.

Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Б А Ғ А Л А У

Әріптік жүйеде

Ұпай

% -дық

Дәстүрлі жүйеде

А

4,0

95-100

ӨТЕ ЖАҚСЫ

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ


Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан ойналынатын шығармалар

1-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары және ойнауға тиісті ән-күйлер:

Аспапты дұрыс ұстап, отыру. Оң және сол қолдың қойылымы. Аспап құрылысы. Қағыстар. Қарапайым қағыстар. Күрделі қағыстар. Треоль. Жеке апликатура ерекшеліктерін жетілдіру. Дыбыс қатары. Пернелер. Басқыштар. Нота әліппесі. Музыкалық дыбыстардың ұзақтығы мен олардың жазылуы. Екпін. Үзіліс (Пауза). Динамикалық белгілер. Альтерация таңбалары. Саусақ тұғыры. Халық әндерін ойнау: «Бала уату», «Әлди-әлди», «Тұсау кесер», «Төлді қалай шақырады?», «Наурыз», «Қарлығаш». Күй және күйшілер.


Емтиханда ойнауға тиісті шығармалар:

Халық әндерін ойнау:

1.«Бала уату»

2. «Әлди-әлди»

3. «Тұсау кесер»

4.«Төлді қалай шақырады?»

5. «Наурыз»

6. «Қарлығаш»

7. Сазгерлер әндері:

Композитор әндері:

И.Нүсіпбаев «Құттықтаймын мама туған күніңмен».

«Қызыл жалау»

«Ойыншықтар» т.б.

Ә.Еспаев әндері: «Бақытты балалық шақ»

«Ортеке» т.б.

Орындауға тиісті халық күйлері:



  1. Кеңес

  2. Келіншек

  3. Жастар биі т.б.

Сазгерлер шығармалары:

1. Құрманғазы «Балбырауын»

2. Дәулеткерей «Қосалқа»

3. Дина «Әсем қоңыр»

4. Дина «Тойбастар» т.б.

12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б. қамтылмаған.



13. Пән аудиториясы

№ 7 Ғимарат, № 511, 513 ауд.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет