Төтенше жағдайлар вице-министрі Алматыдағы зілзала кезінде іске қосылмай қалуына байланысты кімдер жауапқа тартылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: AFP 

Министр орынбасарының сөзінше, қазір ескерту жүйесі жолға қойылды. 

“Алматы қаласындағы ескерту жүйесі қазір 100% қамтиды деп айтуға болады. Теле- және радио арқылы хабар тарату жұмысы жақсы жүріп жатыр. Жүйе іске кірісті. Сатып алынған 28 хабар бергіш құрылғыға келер болсақ, олар сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Бәрі мамандар ұсынған орындарға қойылды”, – деді вице-министр. 

Сыздықов жер сілкінген кезде хабар бермей қалған жүйеге қатысты қызметтік тергеу жүріп, көптеген қызметкер мен лауазымды тұлғалар жауапқа тартылғанын айтты. 

Бұған дейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті миллиард теңге бөлінген жер сілкінісі туралы хабарлама жіберетін жүйе әлі сынақтан өтіп жатқанын хабарлаған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.