Көкшетау жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, оның 10-ы бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖД
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 49 жастағы ер адам темекі шегіп отырып диванда ұйықтап қалған. Соның салдарынан төсек-орын жанып, линолеум жанған.
"Өртті сөндіруге №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10 бала) эвакуациялады. Ал өрттің шығуына себепші болған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырылды", – деді ведомстводан.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада жиһаз цехында өрт шыққан болатын.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.