Сценарий «Алтын күз» Жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар! Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін



жүктеу 38.11 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі38.11 Kb.
түріСценарий

Сценарий «Алтын күз»

Жүргізуші:Армысыздар ардақты қонақтар! Сіздерді бүгінгі күзгі бақта өтетін «Алтын күз» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келдіңіздер!

Бүгін мейрам,бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

1-бала:Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

2-бала:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Жүргізуші:Ал балалар тұрмайық,

Қол соғайық тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі

Шырқап әнге салайық.

Өлен «Күзге әуен»

Жүргізуші:, Өрік,шие,алма,алша,

Жидек,жүзім,піседі.

Қауын,қарбыз,қияр,

Сәбіз қоймаларға түседі.

Айтындаршы балалар бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде.

Жүргізуші: Дұрыс балалар, енді мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға «Күз ханшайымын» шақырайық.Ал оны шақыру үшін,біз қазір ойын оркестр ойнаймыз,күз ханшайымы бізді іздеп келеді.

Осы кезде «Күз ханшайымы» корзинаны арқалап кіріп келеді.Корзинанын ішінде күзге базарлық жемістер,көкіністер салынған.
Күз: Армысыңдар ма балдырғандар?!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйын көз тартар

Күз: Балалар сендер күздің айларын білесіңдер ме?

Балалар: Ия,олар қыркүйек,қазан,қараша.

Күз:Балалар дала суығанда құстар қай жаққа ұшып кетеді?

Балалар: Жылы жаққа ұшып кетеді.

Жүргізуші: Қанеки балалар біз қазір күзге би билеп берейік.

Би «Аққулар»

3-бала:Алтынға тимеймін таңғала

Судырап жапырақ түскенде

Жыл сайын тосамын,ұнатамын.

4-бала:Жер береді жемісті,

Күз келеді келісті

Күз-байлық береке

Алтын күз мереке.

5-бала:Еңбек қызыл қырларда

Бидай толды қырманда

Алтын таулар секілді

Сап-сары болып тұрғанда.

6-бала:Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп гул солды

Қараша ызғары басталды.

7-бала:Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.

Жүргізуші:Алтын күз сізде толып жатқан сырлар көп,сондықтан бізге арнағанқандай сыйыңыз бар?

Күз: Мен сендерге бір ойын алып келдім.

Ойын «Күз кімді жасырды?»

Жүргізуші:Балалар күзде егінді жақсы жинау, оны жақсылап күту керек,су кұйю керек.Ал жаңбыр жауса тіпті жақсы болады.

Өлең «Жау-жау жаңбыр»

Би «Жаңбыр»

8-бала:Келді міне Алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен,

Риза етіп халқын қыз.

9-бала:Қыры толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелті,

Қолы ашық періште.

10-бала:Малшы көшті жайлаудан,

Құлын басып байлаудан.

11-бала:Қыстауларға жан бітті,

Қыстың қамын ойлаудан.

12-бала:Шоғы толап,гүлдей жайнап,

Жарқырайды Алтын күз.

Сайрандап ,күліп,ойнап,

Келіп кетті қыркүйек.

13-бала:Қазан айы молшылық,

Дәулет қорын қалаған.

Заңғар көкке қол соғып,

Құстар ұшып барады.

Күз: Балалар күзде ағаштын жапрақтарымен не болады?

Балалар: Олар сарғаяды және тағы басқа.

Би «Жапрақтар»

Хор өлен «Қошақаным»

Күз: менің жеміс-жидектерім де өздерін таныстыруға осында келді.

1.Картоп:Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі

Бар қызыл,көк,сарысы

Ащы-тұщы бәрісі.

2.Пияз:Болса да ащы,

Дәмді етер асты.

Өседі ол жерге,

Тығып алып басты.

3.Сәбіз:Көкініс бұл қалаулы,

Жасамаз мунсыз палауды.

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де!

4.Қызылша:Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім-қанға нәр.

Ал балақай біліп қой,

Қызылшамын пйдам бар.


5.Қырыққабат:Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді ши қайда?

Менні қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана!

Ойын. «ата-аналармен»

14-бала:Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар сезгендей

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

15-бала:Жапырақтар жамырап,

Сайыңға барып биікте,

Анасынан ажырап,

Қалған бала секілді.

16-бала:Біреу астық түсірді,

Біреу астық ұшырды.

Жатқан мезгіл кү екен,

Алдым соны түсініп.

Олен«Біздің бала бақшамыз»

Күз: Рахмет балалар сендерде өте қатты ұнады. Сол үшін мен сендерге сыйлық беремін.

Алмаларды таратады.

Жүргізуші: Күзгі бақтағы қонақтар!

Айналайын балалар,



Бүгінгі мерекеміз осымен аяқталды,көп көп рахмет, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет