Израиль палестиналықтардың жартысынан астамы шоғырланған Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында әскери операцияны бастау жоспарына байланысты бірнеше ел қарсылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Еуропалық саясаткерлерді бейбіт тұрғындардың қайда эвакуацияланатыны ойландырады. ЕО дипломатиясының басшысы АҚШ пен басқа елдерді Израильге қару-жарақ беруді тоқтатуға шақырды.

"Бәрі Тель-Авивке ”Бұлай етпеңдер, бейбіт тұрғындарды қорғаңдар. Осынша көп адамды өлтірмеңдер” деп айтып жатыр. Көп деген қанша ол? Сонда оның стандарттары қандай? Нетаньяху ешкімді тыңдап жатқан жоқ. Палестиналықтарды эвакуациялаймыз депті. Қайда? Айға ма? Олар бейбіт тұрғындарды қайда эвакуацияламақ?" – деді Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Израильді операцияны тоқтатып, сәл ойлануға шақырды.

"Бұл адамдардың арасында қалай соғысуға болатынын елестету мүмкін емес. Олардың барар жері жоқ. Оңтүстікке Мысырға бара алмайды, солтүстікке барып, үйлеріне қайта алмайды, өйткені панасынан айырылды", – деді ол.

  • Сәбилерге беретін сүт қоспасы тапшы: Газада соғыс кезінде нәрестесін дүниеге әкелген ана қандай қиындыққа тап болғанын баяндады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы гуманитарлық дағдарыс кезінде бейбіт тұрғындарға көмек көрсету қажет екенін айтты. Медициналық мекемелердің жүктемесі шамадан тыс. Мамандардың айтуынша, еуропалық ауруханада 20 мыңнан астам адам паналап жатыр. Ал ауруханадан шыққандардың барар жері жоқ.

Газаның денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпан бойынша 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуыл нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 28 473-ке жеткенін, ал зардап шеккендердің саны 68 ​​146-ға жеткенін айтты.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.