Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдің қауіпсіздік қызметімен атыс кезінде екі қазақстандықтың көз жұмғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше көз жұмғандардың қазақстандықтар екені және олардың Ресейге шыққаны расталып отыр. 

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметімен атыс кезінде екі қазақстандықтың көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Олар Мәскеудегі синагогада теракт ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.