Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Мария Дмитриенко Каирде (Мысыр) өтіп жатқан рейтингтік әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Olympic.kz

Әйелдер арасындағы трап жаттығуының финалдық жарысында шымкенттік Мария Дмитриенко үздік нәтиже көрсетті.

Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, спортшының осы жарыста өнер көрсетуі ISSF рейтингісінде жоғары көтерілуге мүмкіндік берген.  Бұл –  Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиада квотасын алудағы маңызды қадам.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Каирде әлемнің 65 елінен 700-ден астам спортшы қатысып жатқан спорттық атудан рейтингтік әлем кубогы басталды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.