Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент құттықтауын Х әлеуметтік желісідегі парақшасында жариялады. 

“Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін”, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі – Көрісу күнін тойлайды. 

Бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтаған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.