Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәлімтеніше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяздың біртіндеп әлсіреуі күтіледі. 

“Қазақстанның көптеген облыстарында ашық аязды ауа-райына себеп болған ауқымды антициклон кете бастайды, осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын негізінен қар түрінде болады, көктайғақ күтіледі, боран мен жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда ел аумағында тұман күтіледі”, – делінген хабарламада. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.