«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті



жүктеу 349.2 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі349.2 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің

20 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті




1. Жалпы ережелер

1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі – Регламент) техникалық реттеу саласындағы өнімнің әртүрлі түрлерінің айналымы туралы Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік базасын құрайтын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен, халықаралық келісімдерімен реттелмеген өнімге және өніммен өзара байланысты үрдіске қойылатын талаптар бөлігінде, регламенттермен, стандарттармен және шарттардың талаптарымен белгіленген талаптарға өнімнің (сәйкестік туралы декларация қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) сәйкестігін растау кезінде қолданылады.

2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті растау кезінде қолданылады.

Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, сынақтарды, өнімді жеткізуді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.

3. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің сәйкестігі, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың жаңылысуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады. 

4. Сәйкестікті растау рәсімдерін Сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізеді.

5. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді.

6. Шетел мемлекеттерінің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады.

Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

7. Осы Регламентте белгіленген сәйкестікті растау рәсімдеріне қойылатын жалпы талаптар стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның және Халықаралық электр-техникалық комиссияның құжаттарына сәйкес келеді.



2. Өнімді сертификаттау

8. Сертификаттау кезінде өнімнің сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі, мыналарға:

1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына тиістілігін, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы топтамаға тиістілігін, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және стандарттау бойынша нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіге, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескерілуге тиіс;

2) өнімнің регламенттерде белгіленген адам өмірі, денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарға, сондай-ақ заңнамалық актілер негізінде сәйкестікті міндетті растау кезінде, өнімді пайдалану, сақтау және тасымалдау талаптарын сақтаған кезде тексерілуі тиіс басқа талаптарға сәйкестігін толық және анық растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері қолданылады. 

Басқа тексерілетін көрсеткіштердің құрамы шынайы өнімді сертификаттау мақсаттарына сүйене отырып анықталады.

9. Өнімді сертификаттау кезінде қолданылатын сұлбалар осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

Сертификаттау кезінде техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға өнім сәйкестігінің қажетті дәлелін қамтамасыз ететін сұлбаны пайдаланған жөн. 

Сәйкестікті растау сұлбасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.

      10. Өнімді сертификаттау мынадай:

1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 

2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде сұлбаны таңдау; 

3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 

4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;

5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау сұлбасында көзделсе); 

6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 

7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 

8) Сертификат беру; 

9) сертификатталған өнімді инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау сұлбасында көзделсе); 

10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну кезеңдерінен тұрады.

11. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Регламентке 



2-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді.

     12. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі күнтізбелік бір күннен аспауға тиіс.

       Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау сұлбасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) (бұдан әрі - зертхана) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі. 

13. Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

14. Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі.  Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді. Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда және техникалық регламенттерде белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады. 

15. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия жүзеге асырады. 

16. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.

17. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізбесін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі. 

Нормативтік құжаттарда көзделген жағдайларда өнімнің жарамдылық мерзімі немесе сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде өнімнің бақылау үлгілерін сақтау жүзеге асырылады. Өнімнің үлгілерін сақтаудың нақты мерзімдері осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді. 

18. Сертификаттауға арналған сынақтар осы өнімді сертификаттаған кезде пайдаланылатын нормативтік құжаттарда көзделген әдістер бойынша жүргізіледі.

Сынақтар осы объектіні сынау әдістеріне арналған нормативтік құжаттамада көзделген және Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі. 

Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

19. Ең болмаса көрсеткіштердің (сипаттамалардың) біреуі бойынша сынақтардың теріс нәтижелері кезінде объектіні сертификаттау мақсатындағы сынақтар тоқтатылады, бұған өтінім берушінің келісімі бойынша сынақтарды жүргізуді жалғастыру жағдайлары жатпайды. 

Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беруден бас тарту туралы шешім жібереді.

20. Сынақтардың хаттамалары өтінім берушіге және Органға жіберіледі. Сынақтар хаттамаларының көшірмелері сертификаттың жарамдылық мерзімінен кем болмайтын уақытқа сақталуы тиіс. Хаттамалардың көшірмелерін сақтаудың нақты мерзімдері (оның ішінде өнімнің техникалық регламенттерде және басқа да құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкессіздігінен өтінім берушіге сертификат берілу мүмкін емес жағдай үшін) зертхана белгілейді.

21. Өтінім беруші Органға өтінім бойынша шешімде көрсетілген құжаттарды, оның ішінде, егер бұл белгілі бір өнімдер түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе, өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынады.

22. Өтінім беруші Органға олардың өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезінде жүргізілген әрекеттерінің мерзімдерін ескере отырып, сынақтардың хаттамаларын немесе техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханалар орындаған сынақтар туралы құжаттарды бере алады. 

Ұсынылған құжаттарды, оның ішінде: олардағы нәтижелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және нормативтік құжаттарға сәйкестігін, оларды беру мерзімін, құрастырмаға (құрамына), материалдарға, технологияға енгізілген өзгерістерді тексергеннен кейін Орган Сертификат беру туралы немесе сынақтардың көлемін қысқарту немесе тиісті құжаттарда көрініс табатын жетіспейтін сынақтарды жүргізу туралы шешім қабылдай алады. Ұсынылған құжаттарда бұзушылықтар анықталған жағдайда өтінім беруші осы бұзушылықтарды жоя алады және Органға анықталған бұзушылықтар бөлігінде қайта қарауға бере алады.

23. Егер стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен және техникалық регламенттермен сынақтар белгіленсе, қаражаттың, уақыттың үлкен шығынына байланысты және сертификаттау сынақтарын жүргізу қиын, ал үлгілерді іріктеу қымбат тұратын тасымалдауы ауыр бұйымдар үшін сынақтар белгіленсе, Органның өкілдері мен аккредиттеу саласында анықталған сынақтарды жүргізу әдістемелеріне сәйкес Орган аккредиттелген сынақ зертханалары қатысатын өндіріс үрдісінде жүргізілетін сынақтармен бірге сертификаттық сынақтарды біріктіру туралы шешім қабылдай алады. 

Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

24. Сертификаттау сұлбасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі. 

Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:

1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оларды өзектендіру; 

2) технологиялық үрдістің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі; 

3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы; 

4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы;

5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі; 

6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы; 

7) сақтау жағдайларының бар болуы; 

8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы. 

Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған сұлба бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды. 

Анықталған кемшіліктер жойылғаннан немесе сертификаттаудың өзге сұлбасын таңдағаннан кейін өтінім беруші сертификаттауға жаңа өтінім береді.

25. Өтінім берушіде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі шеңберінде берілген немесе танылған сертификатталатын өнімнің сапа менеджменті жүйесіне арналған Сертификаты бар болған кезде өндірістің жай-күйіне талдау жүргізілмейді. 

26. Регламентке 1-қосымшада көрсетілген 9 және 10-сұлбалар бойынша өнімді сертификаттау өнімнің техникалық регламенттердің, стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың және басқа да құжаттардың белгіленген талаптарына тікелей немесе жанама сәйкестігін растайтын өтінімдер мен құжаттар негізінде жүргізіледі. Өтінімге мыналар қоса беріледі: 

1) өнімге бұдан бұрын жүргізілген сынақтардың хаттамалары

2) өнімге немесе пайдаланылатын шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар; 

3) қорытындылар, анықтамалар және өнімнің уәкілетті мемлекеттік органдар берген белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы басқа да құжаттар. 

27. Өтінімге құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қоса беріледі. 

28. Егер өтінім беруші өтініммен берген ақпарат өнімнің сәйкестігін растау үшін жеткіліксіз болса, Орган өтінім берушіге өнімді осы өнімге сәйкес келетін басқа сұлба бойынша сертификаттауды ұсынады.

29. Өндірістің жай-күйіне немесе менеджмент жүйесін сертификаттауға жүргізілген талдау туралы мәліметтерді (құжаттарды) Өнімге арналған сертификатта көрсетеді. 

30. Орган сынақ хаттамаларын, өндірісті бағалауды және өнімнің сәйкестігі туралы басқа да құжаттарды талдағаннан кейін техникалық регламенттер белгіленген талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады. 

Осы бағалаудың нәтижелері сарапшының қорытындысында көрсетіледі. Осы қорытындының негізінде Орган Сертификат беру туралы шешім қабылдайды. Сертификатты ресімдейді және оны берілген Сертификаттардың тізіліміне тіркейді. Сертификат тек тіркеу нөмірі бар болғанда ғана жарамды. 


Сертификат стандарттау бойынша нормативтік құжатта белгіленген нысанда ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:


1) өнімнің белгіленген техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер;

2) өтінім берушіге сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру туралы мәліметтер; 

3) өтінім берушіде сертификатпен расталған қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің бар екені туралы мәліметтер; 

4) Сертификатты беру үшін негіз болатын сертификаттау сұлбасына сәйкес құжаттар туралы мәліметтер; 

5) қолданылатын сертификаттау сұлбасы. 

31. Сертификаттың оның әрекеті қолданылатын нақты өнімнің тізбесі бар қосымшасы болуы мүмкін, егер: 

бір дайындаушы жасап шығаратын және сол бір талап бойынша сертификатталған біртекті өнім тобының

Сертификатта көрсетілген бұйымды (кешенді, жиынтықты) техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қолданылатын құрама бөлшектердің және (немесе) қосалқы бөлшектердің белгіленген жинағы бұйымының (кешеннің, жиынтықтың) құрамын талдау талап етілсе. 

Өнімнің сәйкестігін бағалаудың теріс нәтижелері кезінде Орган бас тарту себептерін көрсете отырып, Сертификат беруден бас тарту туралы шешімді береді.

32. Сертификаттың қолданылу мерзімін сертификаттаудың таңдап алынған сұлбасын, өнімнің ерекшелігін, оның өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нормативтік құжаттардың нақты өнімге арналған талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл сертификаттау сұлбасында көзделген болса), бірақ үш жылдан немесе өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, Орган белгілейді. 

Дайындаушы өткізетін өнім үшін сериялық шығарылатын (сериялық шығарылым) өнімге арналған Сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде Сертификат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өнімнің жарамдылық (қызмет) мерзімі ішінде өнімді жеткізу, сату кезінде жарамды.

33. Сертификаттың қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде Сертификатты берген Орган ұзартуы мүмкін. Сертификаттың қолданылу мерзімі бұл ретте Сертификат берілген күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс. Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту өтінім берушінің қалауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен орындалады: 

1) Сертификаттың «_____ дейін қолданылады» деген бағанының сол жағынан бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталатын «Қолданылу мерзімі_____ дейін ұзартылды» деген жазба енгізіледі; 

2) ұзартылатын Сертификаттың тіркеу нөмірін сақтап және Сертификат ұзартылатын өнімнің атауы мен санын көрсете отырып, жаңа Сертификат ресімделеді.

34. Егер сериялық өндірістің өніміне берілген Сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталса, ал ол қолданылатын кезеңде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда Сертификаттың қолданылуы барлық жарамдылық немесе оны сақтау талаптары сақталғанда өнімді сақтау мерзіміне, алайда үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

35. Өнімнің құрастырмасына (құрамына) немесе оны өндіру технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін өзгерістер енгізілген кезде Сертификат ұстаушы осы өнімнің өндірісіне толық немесе ішінара сынақтар немесе жай-күйіне бағалау жүргізгенге дейін Сертификаттың күшін жою немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдайтын Сертификатты берген Органға дереу хабарлайды. 

Сертификатты ұстаушының Орган қабылданған шешім туралы     хабарлағанға дейін оған енгізілген өзгерістері бар өнімді өткізуге құқығы жоқ.

36. Егер сертификаттау кезінде куәландырылатын осы өнімге нормативтік құжатта белгіленген өнімнің көрсеткіштері одан да жоғарыға өзгерсе, онда Сертификаттың қолданылуы нормативтік құжатқа өзгеріс енгізілген күнінен бастап тоқтатылады.

37. Сертификатталған өнімге қоса берілетін ілеспе техникалық құжаттамада (техникалық паспорт және басқалары), сондай-ақ тауардың ілеспе құжаттамасында жүргізілген сертификаттау туралы жазба жасауға рұқсат етіледі және Сертификаттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. 

38. Сәйкестік сертификатының көшірмесі стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады, бірінші басшының немесе оған өкілетті адамның қолымен және Органның мөрімен расталады. 

Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады. 

39. Сәйкестік сертификатының телнұсқасын беруді өтінім беруші Сертификаттың түпнұсқасын жоғалтқанда (бүлдіргенде) осы сертификатты берген Орган жүргізеді. Бұл жағдайда өтінім беруші жоғалту (бүлдіру) жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтінім жібереді. 

Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа мен телнұсқасының берілген күнін көрсете отырып, түпнұсқа тіркелген нөмірмен тіркеледі, бұл ретте бланкінің оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген мөртабан қойылады. 

Сертификаттың телнұсқасы ұзартылмайды. 

40. Сертификат берілген өнім техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген сәйкестік белгісімен таңбалануы мүмкін.

Өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауды техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен Органда тіркелген Сертификаттың негізінде дайындаушы (сатушы) жүзеге асырады.

41. Инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады. 

Сертификаттау кезінде расталған, техникалық регламенттер талаптарымен белгіленген, сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау (егер бұл сертификаттау сұлбасында көзделмесе) өткізілетін өнімнің сертификаттау кезінде расталған, белгіленген талаптарға сәйкестігі жалғасатын өнімді сынау үлгілері мен растау қажетті басқа тексерістер кіретін мерзімді және жоспардан тыс тексерістер нысанында Сертификаттың бүкіл жарамдылық мерзімінде, бір жылда бір реттен кем болмайтын мерзім ішінде жүргізіледі. 

Инспекциялық бақылаудың кезеңділігін Сертификат берген Орган белгілейді. Жоспардан тыс тексерістер тұтынушылардан, сауда ұйымдарынан, сондай-ақ Сертификат берілген объектіге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Органдардан өнімнің сапасына шағым туралы ақпарат түскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

42. Өнімнің ықтимал қауіптілік дәрежесі, өндірістің тұрақтылығы, шығару көлемі, менеджмент жүйесі сертификатының бар болуы, инспекциялық бақылауды жүргізудің құны және т.с.с. кезеңділікті белгілеу және инспекциялық бақылау көлемін анықтау үшін өлшемдер болып табылады. 

Инспекциялық бақылаудың көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді.

43. Инспекциялық бақылау, мынадай жұмыс түрлерін қамтиды: 

1) сертификатталған өнім туралы түсетін ақпаратты талдау

2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру; 

3) өнімнің сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;

4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау. 

Нақты өнім сапасының менеджмент жүйесі мен оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелеріне Сертификат бар болғанда тұрақты сапа өнімін шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді. 

44. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді. 

Акті Органда кемінде үш жыл сақталады, ал оның көшірмелері өтінім берушіге (дайындаушыға, сатушыға) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі

45. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган сертификатталған өнімнің уәкілетті органмен анықталған тәртіпте техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін. 

46. Егер Сертификат берген Органмен келісілген түзеу әрекеттері жолымен өтінім беруші сертификат сәйкессіздігінің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің техникалық регламенттер, стандарттау бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде сынақ зертханасында растай алатын жағдайда оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Қолданылуы Орган мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа да негізделген себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін. 

47. Сертификаттың күшін жою уәкілетті орган анықтайтын тәртіпте жүзеге асырылады. 

48. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды. 

Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.

49. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі.


3. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау

50. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушының (орындаушының) техникалық регламенттер және басқа құжаттардың белгіленген талаптарына өнімнің сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.


51. Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде дайындаушы (орындаушы) төлейді.

52. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Дайындаушы (орындаушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.

53. Дайындаушы (орындаушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін: 

1) дайындаушы (орындаушы) және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары; 

2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары; 

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;

4) өнімнің техникалық регламенттер белгіленген талаптарына сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік үрдіс, дайын өнімді жинау, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, менеджмент сапасы жүйесінің сертификаты.

54. Декларация нақты сапа менеджменті жүйесінің сертификаттары.


бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.

55. Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып дайындаушы (орындаушы) белгілеген мерзімге қабылданады. 


      Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін дайындаушы (орындаушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.

56. Декларация стандарттау бойынша нормативтік құжатқа сәйкес белгіленген нысандағы бланкілерде рәсімделеді және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.

57. Дайындаушы (орындаушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.

58. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар:

1) стандарттау жөнінде нормативтік құжаттарға сәйкес тіркеу туралы нысан бойынша өтініш; 

2) өнімнің осы Регламенттің 53-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері

3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері); 

4) дайындаушының (орындаушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама басқа де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық үрдісінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері қоса беріледі.  

Қажетті құжаттары бар декларацияны дайындаушы (орындаушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.

59. Орган 3 күннен аспайтын мерзімде қарайды және: 

1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталатын өнім тізбесінде бар болуы; 

2) дайындаушының (орындаушының) осы Регламенттің 57-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын; 

3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер толықтығын және дұрыс көрсетілуін; 

4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;

5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді. 

60. Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді. 

61. Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады. 

Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады. 

Тіркелген декларациялардың тізілімін Орган берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.

62. Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген Органның атауы мен мекенжайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

63. Тіркелген декларация дайындаушыда (орындаушыда) соның негізінде ресімделген құжаттармен бірге, оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл сақталады. 

Осы мерзім ішінде Органда тіркелген декларацияның көшірмесі мен тіркеуге арналған ілеспе құжаттар сақталады.

64. Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.

Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.

65. Декларацияда көрсетілген стандарттау жөніндегі техникалық регламент

талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде дайындаушы (орындаушы) жаңа декларацияны ресімдейді және оны сол Органға осы Регламентте белгіленген тәртіппен тіркеуге береді.

                                           

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне



1-қосымша
      

Өнімді сертификаттау сұлбалары





Сұлба-ның
нө- 
мірі


Сәйкестік-
ті растау
 
тәсілдері


Өндірісті тексеру

Инспекциялық 
бақылау


Сертификат-тың
қолданылу
 
мерзімі


Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Типті сынау







6 ай

Таңбалау жүргізіл-
мейді

2

Типті сынау

Өндірістің 
жай-күйін 
талдау

Сатушыдан 
алынған 
үлгілерді 
сынау. 
Өндірістің 
жай-күйін 
талдау.

12 ай

Осы 
типтің 
барлық
шығарыла-
тын өнімі 
таңбала- 
нады

3

Типті сынау

Өндірістің жай-күйін талдау

Сатушыдан 
алынған 
үлгілерді 
сынау. 
Өндірістің 
жай-күйін 
талдау.

12 ай

Осы 
типтің 
барлық
шығарыла-
тын өнімі 
таңбала- 
нады

4

Типті сынау

Өндірістің 
жай-күйін 
талдау

Сатушыдан 
алынған 
үлгілерді 
сынау. 
Дайындаушыдан 
алынған 
үлгілерді 
сынау. 
Өндірістің 
жай-күйін 
талдау.

18 ай

Осы 
типтің 
барлық
шығарыла-
тын өнімі 
таңбала- 
нады

5

Типті сынау

Сапа 
менедж-менті 
жүйесін 
сертификат- тау

Сатушыдан 
алынған 
үлгілерді 
сынау*
Дайындаушыдан алынған 
үлгілерді 
сынау. 
Өндірісті 
бақылау (сапа 
менеджменті 
жүйелері)

36 ай

Осы 
типтің 
барлық
шығарыла-
тын өнімі 
таңбала- 
нады

6

Типті сынау

Сапа менедж-менті жүйе- 
сін сертифи-каттау

Сапа 
менеджменті 
жүйесін бақылау**

36 ай

Таңбалау жүргізіл-
мейді

7

Топтаманы сынау







Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-
мейді

8

Әрбір 
бұйымды 
сынау







Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Әрбір 
өнім 
таңбала- 
нады

9

Қоса 
берілетін
құжаттар-мен
бірге 
өтінімді 
қарау







Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды

Таңбалау жүргізіл-
мейді

10

Қоса 
берілетін
құжаттар-мен
бірге 
өтінімді 
қарау

Өндірістің 
жай-күйін 
талдау




12 ай

Таңбалау жүргізіл-
мейді

     

Ескерту:


* - сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды

** - сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.

Сертификаттау сұлбаларын қолдану
1. 1-6 және 10 сертификаттау сұлбалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-сұлбалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады. 

2. 1-сұлбаны өнімнің шектеулі, өнімді өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.

3. 2-сұлбаны ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттау кезінде немесе жекелеген келісімшарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізу кезінде қолдануға болады.

4. 3-сұлбаны өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн. 

5. 4-сұлбаны өнім сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.

6. 5 және 6-сұлбаларды:

сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;

технологиялық үрдістер сыртқы факторларға сезімтал;

шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген; 

өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем; 

өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;

өнім тұтынушыда жөндеуден өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттау кезінде қолдану ұсынылады.

6-сұлба түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған. 

6-сұлбаны, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады. 

7. 7 және 8-сұлбаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (топтамасы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады. 

8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-сұлбаны жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.

9. 10-сұлбаны отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады. 

Сұлбаны шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды. 

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне

2-қосымша

Нысан

20__жылғы «___»__________                   ________________________ 


                                               (сәйкестікті растау  
                                            ________________________ 
                                                жөніндегі органның  
                                            ________________________ 
                                                атауы, мекен жайы)

          


Сертификаттау жүргізуге өтінім
Бұдан әрі «Өтінім беруші» деп аталатын _____________________________ 
                                          (мекен-жайы мен банктік 
______________________________________________________________________________
  деректемелері көрсетілген өтінім берушінің атауы)  
атынан_____________________________________________________________
        (лауазымы, Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі) 
N__________________________________________________сұлбасы бойынша 

___________________________________________________________________


      (мәлімделген өнімнің толық атауы)  
___________________________________________________________________
         (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі мен күні)  
_________________________________________________________белгіленген 
   (қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету)  
________________________________________________________сәйкестігіне 
            (техникалық реламенттердің атауы)  
___________________________________________________________________
_______________________________________сертификаттау жүргізуді өтінеді.

Осы өтініммен өнім мәліметтерін хабарлаймыз 


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
    

Осы өтініммен: 

сәйкестікті растау рәсімдерін сақтауға; 

сертификатталатын өнім,

(сипаттамаларының) тұрақтылығын қамтамасыз етуге;

шартқа сәйкес өнімді сертификаттауға және


инспекциялық бақылаумен байланысты шығыстарды төлеуге міндеттеме
аламын. 
     

Қосымшалар: 


__________________________________________________________________ 
 __________________________________________________________________ 
 ____________________________ М.О._____________________________ 
       (уәкілетті тұлғаның қолы)                (аты-жөні, тегі)

                                         

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне

3-қосымша

Нысан

Сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге

өтінім бойынша

ШЕШІМ
20___жылғы «____»___________№_________

___________________________________________________________________


           (сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы) 
қоса берілген құжаттармен бірге_____________________________________ 
                                   (объектінің атауы (өнімнің  
___________________________________________________________________ сәйкестігін растаған кезде СЭҚ ӨЖ және/немесе СЭҚ ТН кодын көрсету) 
___________________________________________________________________
         (өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны) 
сәйкестігін растауға арналған 20___ ж. «__»_________ өтінімін қарап,
сәйкестікті растау жөніндегі орган ШЕШТІ:

1-нұсқа. 1-8 сертификаттау сұлбалары бойынша 

Сертификаттау____________________сұлбасы бойынша жүргізілсін 
                     (сұлба нөмірі)   \

Өнімді сертификаттау кезінде өнімнің ________________________ 


          (техникалық регламенттердің атауы, нөмірі және күні) 
__________________________________________________________________
         (қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету) 
_____________________________ талаптарына сәйкестікті бағалау жүргізілсін

Өндірістің жай-күйін талдауды_________________________________ 


                                    (аккредиттелген зертхананы және 
__________________________________________________________ жүргізсін 
          сарапшы-аудиторларды көрсету)

Инспекциялық бақылауды_______________________________________ 


                               (тексеруді кім жүргізгенін және  
___________________________________________________________жүргізсін 
                 кезеңділігін көрсету)

2-нұсқа. 9 және 10 сертификаттау сұлбалары бойынша 


      Ұсынылған құжаттар негізінде сәйкестік сертификаты берілсін. 
      Ұсынылған құжаттамадағы ақпарат сәйкестікті растау рәсімдерін
жүргізу үшін жеткіліксіз болуына байланысты сұлба бойынша
сертификаттаған жөн. 

3-нұсқа. Сәйкестік туралы декларацияны тіркеу бойынша 

Сәйкестік туралы декларация тіркелсін_________________________ 
                                                (нөмірі, күні)  
Анықталған сәйкессіздіктер жойылсын____________________________ 
                                      (нормативтік құжаттардың  
______________________________________________________________
               талаптарына сәйкессіздіктердің тізбесі) 
____________________________ М.О._____________________________ 
   (уәкілетті тұлғаның қолы)              (аты-жөні, тегі)

                                          

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне

4-қосымша

Нысан
      

20__ж. «__» ______ №______ өтінім бойынша 20___жылғы «___»________

              

Үлгілерді іріктеу актісі
Кәсіпорын__________________________________________________________ 
                        (атауы, мекен жайы)  
Іріктеу мекен-жайы мен орны_________________________________________ 
Актіні___________________________________________________қатысуымен 
       (берушінің немесе оның өкілінің тапсырыс Т.А.Ә.) 
_____________________________________________________________ құрды.

              (Т.А.Ә.) 


Ұсынылған өнімнің үлгілері____________________________________сәйкес 
                             (нормативтік құжаттың атауы) 
сертификаттау сынақтары үшін іріктелді. 
Өнім_______________________________________________________________
        (тауар-көлік жүкқұжаты; Т/Ж түбіртек №, шарт бойынша №, 
___________________________________________________бойынша алынды 
                  күні; шарт бойынша №, күні)  
Дайындаушы________________________________________________________
                    (елі, ұйым (жеке кәсіпкер), мекен-жайы)  
Жеткізуші__________________________________________________________

                  (елі, ұйым (жеке кәсіпкер), мекен-жайы)  


Қарау кезінде мыналар белгіленді____________________________________ 
сақтау шарттары____________________________________________________ 
ыдысының, орауының, сыйымдылықтардың түрі мен жай-күйі 
___________________________________________________________________
орау мен заттаңбадағы жазулар_______________________________________ 
Үлгілер төмендегі атаумен ұсынылған өнімнен іріктелді


Ұсынылған 
өнім үлгі- 
лерінің 
атауы

Өлшем бірлігі

Топтама- ның 
нөмірі

Топтама-
ның 
мөлшері

Дайын-далған 
күні

Жарам-дылық 
мерзімі

Іріктелген 
өнім үлгіле- 
рінің саны

1

2

3

4

5

6

7

Сынамалардың бақылау үлгілерінің сақталу (талап етілу) мерзімі осы актіге қол қойылған күнінен бастап________ай. 

Сәйкестікті растау жөніндегі органның өкілі______ __________________ 
                                           (қолы)   (аты-жөні, тегі) 
Аккредиттелген зертхананың өкілі           ______ __________________ 
                                           (қолы)   (аты-жөні, тегі) 
Өтінім беруші                              ______ __________________ 
                                         (қолы)   (аты-жөні, тегі)

                                             

«Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентіне

5-қосымша

Нысан

20___жылғы «___»__________           _______________________________ 


                                      (өтінім берушінің толық атауы) 
                                     _______________________________ 
                                        (басшының лауазымы, тегі) 
                                     _______________________________ 
                                      (өтінім берушінің мекен-жайы) 
                             Көшірме:_______________________________ 
                                     (техникалық реттеу саласындағы 
                                     _______________________________ 
                                          уәкілетті органның атауы)
Сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы 
                          ШЕШІМ
___________________________________________________________________ 
         (сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы) 

мынаны хабарлайды:

1. Сіздің 20___жылғы «___»_________ өтініміңізге сәйкес өтінім 
берілген өнімді сертификаттау сынағы өткізілді 
___________________________________________________________________
                       (объектінің атауы) 
__________________________________________________________________

2. Сертификаттау сынақтарының 20___жылғы «___»______№_________ 


хаттамасына сәйкес сертификаттауға ұсынылған өнім___________________ 
(техникалық регламентің

_________________________________________________________________

атауы, нөмірі және күні (қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету) 
________________________________________талаптарына сәйкес келмейді. 

3. Ұсынылған өнімді сертификаттау сынақтарынан алынған нәтижелерді талдау негізінде Сіздің сәйкестік сертификатын ресімдеу және беру туралы өтініміңіз қабылданбайды.

4. Сіздің осы өнімді сәйкес келтіруіңіз немесе пайдаға асыруыңыз не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоюыңыз қажет.

Қосымша: 20___жылғы «____»_________№___________сертификаттау сынақтарының хаттамасы ____ бетте. 

____________________________ М.О._____________________________ 
  (уәкілетті тұлғаның қолы)              (аты-жөні, тегі)

                                      






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет