Қазақстандық дзюдошы Шархан Нұрлыхан Парижде дзюдодан өткен Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының өкілі 100 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды. Ол жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилиден ұтылды.

Қола жүлде үшін белдескенде швейцариялық Даниэль Эйчті жеңді. Қарсылас үш ескерту алды да, Шархан автоматты түрде текетірестің жеңімпазы атанды.

Қазақстан құрамасының ішінде Шархан Нұрлыхан ғана Парижде өткен Grand Slam сериясы турнирінде жүлдемен қайтты.

Бұған дейін файтер Азат Мақсұм мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырағаны айтылды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.