Атырау облысының Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев ауылында белгісіз жыртқыш қорадағы қой-ешкіні қырып тастаған. Қазір жаралы төрт түлік ветеринарлардың бақылауында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Хамит Ерғалиев ауылының тұрғындары малға төнген қауіптің қайдан келгенін өздері де білмейді. Болжамдары бойынша малға не жыртқыш аң, не қаңғыбас ит шапқан. Өйткені ауыл көшелерінде бұралқы иттер қаптап кеткен. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған жұрт шенеуніктерден шара қолдануды сұрайды. Тыйымға қарамастан, тұрғындар бос жүрген иесіз иттерді өздері атып, көзін жоюға кірісіпті. Қазір өлген ұсақ малдан сынама алынып, зертханаға жіберілген. Оның қорытындысы бойынша қой-ешкіге қандай жануардың шабуылдағаны белгілі болмақ.

“Жарақат алған 5 бас мал мен сау қалған 8 бас жануарға ветеринариялық көмек көрсетіліп, оларды құтыру ауруына 10 күнге оқшаулай отырып, ветеринариялық бақылауға қойылды. Мал иесіне бұл малдардың етін пайдалануға болмайтыны жөнінде түсіндірме жүргізіле отырып, ескертпе беріліп, акт жасалды. Қазіргі уақытта бақылауға қойылған жануарлардың жағдайы тұрақты”, – деп мәлімдеді Исатай аудандық ветеринариялық станция басшысының уақытша міндетін атқарушы Мөлдір Зұлқарнаева. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.