Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты



жүктеу 2.58 Mb.
бет7/12
Дата09.09.2017
өлшемі2.58 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап бсақаруыш – сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекараоық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал губернаторы тағайындады. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылғы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтері құру 1838 ж аяқталды. Қазақ халқы сыртынан таңылған жәңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.

Модуль 3. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛТАЗАТТЫҚ КҮРЕСІ ( 18 – ғ. соңы- 19 ғ. I – жартысы)

Дәріс тақырыбы: Қазақ даласының Ресей патшалығы құрамына өту кезеңінде жүрген қазақ халқының ұлт – азаттық қозғалыстары.

1. Ұлт – азаттық қозғалыс ұғымының жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, тарихи маңызы.

2. Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар: кезеңдері, деректері мен тарихнамасы.

Ұлттық – азаттық қозғалыс негізінен отар елдерде тән тарихи құбылыс. Үнді халқының азаттық күресінің басшысы Джавахарлал Неру халықтар мен елдер арасындағы қақтығыстың ең жоғарғы көрінісі – соғыс деп көрсетеді. Бақталас елдері мен мүдделері қарама –қайшы елдердің арасында нағыс соғыс болмаған жағдайдың өзінде, үнемі соғыс пен қақтығыс қаупі жасырын сақталып тұрады. Ал басқа мемлекеттің қол астында отырған елде бұл қақтығыс адамдардың ақыл –ойы мен іс әрекетіне іштей әсер ете отырып, тұрақты сипатқа ие болды дейді. Сондықтан олардың барлығы өздерінің аяқ асты болған құқықтарын қорғауға көтерілді. Отаршылыққа қарсы күреске барлық әлеуметтік топтардың қатысуына әкелді.

Ұлт – азаттық қозғалыстар қалай зерттеліп келді. Ұлт – азаттық – бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні.Қазақ халқының ұлт – азаттық күресі революцияға дейін де, кеңестік діуірде де ұлы дежавалық империалистік саясаттың, таптық идеологияның көз қарас қағидалары тұрғысынан зертелді. Отаршылық дәуірде ұлт – азаттық күрестерге бүлік деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар бүлікшілдер тонаушылар делінді. Ұлт – азаттық қозғалыстардың тууының себебі неде? Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік – саяси - шаралары қазақ көшпелі қоғамның дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның әлеуметтік организмінде үнемі дағдарыс құбылысын туғызып отырды.

XVIII – XIX ғ ғ. қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген әлеуметтік өзгерістерге қарсы күрес түрінде көрінді. Сондықтан ұлт – азаттық қоғалыстардың барысында отаршылық үкімет жойып жіберген хандық билік қайта қалпына келтірілді. Көтерісшілер өзінің ұлттық мүддесін қоғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.


Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстардың даму кезкңдері ерекшеліктері. Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік күресі ұзаққа созылып, XVIII – ғ. екінші жартысымен XX – ғ. басына дейінгі кезеңді қамтыды.

1. 1783 – 1779 ж ж. Сырым Датұлы бастаған халық – азаттық қозғалыстар;

2. 20 – 30 жж. Саржан Қасымұлы мен Жоламан Тіленішұлы бастаған қозғалыстар;

3. 1836 – 1838 жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық – азаттық көтерілістер;

4.1837 – 1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азатық қозғалыс;

5. 1856 – 1857 жылдардағы Жанғожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған халық – азаттық көтеріліс;

6. 1869 – 1870 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы азаттық жолындағы көтеріліс;

7. 1716 ж. бүкіл Қазақстандық ұлт – азатық қозғалыс. Халық бұқарасының алғашқы әрі ең маңызды қимылдарының бірі – Сырым Датұлы қолбасшылығымен болған қозғалыс болды. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты, Сырым батырға да жақсы хан деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғам ындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар, хандық билікті қалпына кетіруге де өз келісімін берді. Көтеріс басшысының мұндай келісімпаздық тактикасы оның дамуына айтарлықтай кедергі жасады. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және ханға қарсы сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталар кезеңіндегі, 1836 – 1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы батыр бастаған шаруалар көтерілісінде халық бұқарасының отаршылдықа және өз билеушілеріне қарсы күресі неғұрлым айқын байқалды.

1836- 1838 жж. көтерілістің оған дейінгі қозғалыстан ерекшелігі: бұл уақытта Қазақстан жерінің негізгі бөлігі Ресей құрамына еніп, отаршылдық саясат барған сайын ашық сипат ала түскен еді. Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осның бәрі көтерілістіңпатшаүкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Даңты батыр, көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы осы азаттық жолында күресте мерт болды.Сөйтіп, өзінің алдына қойған мақсаты күресінің идеясын, қатардағы көшпелілер алдында дәлелдеді.

Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы қуаттылығы жағынан ең ірісі 1837 – 1847 жж. Көтеріліс болды. Орта жүзде округтық басқаруға қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы, ақсүйек Кенесары Қасымұлы басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздің бірталай бөлігінің Ресейдің құрамында ену мерзімін біраз уақытқа кейінге шегереді.Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне осы көтерілістен кейін ғана ауыз салуға мүмкіндік алған еді.Сондықтан Кенесары қозғалысы әліде дербестігін сақтап қалған жерлерде жалпы отаршылдық саясатының тереңдей түсуіне қарсы бағытталады.

Өлкенің Ресейге қосылуы кезеңіндегі қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің жалпы заңдылықтары аз зерттелген. Мәселен, ондағы кейбір бояр, дворяндардың қатысқаны сияқты, қазақтардың ұлт – азаттық қозғалыстарының барлық кезеңінде билер, сұлтандар қатысты.

Қазақ хақы күресінің әскери ұйымдасуы, қарулану дәрежесі төмен болды. Бұл қимылдардың стихиялығы бір аумақтық шеңберден шыға алмауы (1837 – 1847жж ) нақты күрес бағдарламасының жоқтығы олардың жеңіліспен аяқалуын заңдылық етті. Ислам идеясын жақтаушы билер мен кейбір дінбасылардың уағыздары да өлкедегі күрес барысына айтарлықтай пәрменді ықпал ете алмады.

Көтеріліс барысындағы хан сайлау фактілері, хандық биліктің жаңғыруы, халық бұқарасының әлеуметтік санасының беректігін аңғаратады. Отаршылдық жүйе этностың күрескерлік рухын, азаттыққа деген сағын сындыра алмады. Қазақстанадағы ұлт – азаттық қозғалыстары мақсаты мен міндеті тұрғысынан бір – бірімен және әлемдік, басқа ұлт – азаттық қозғалыстар мақсаты мен міндеті тұрғысынан сабақтастықта дамыды. XIX ғасырдың ортасындағы Арал, Сыр бойы қазақтарының Есет, Жанқожа батырлар бастаған көтерілістері, 60-70 жылдардағы Сыздық сұлтан Кенесары күресі және 1868-69 жылдардағы Орал мен Торғай жеріндегі көтеріліс, 1870 жылғы Маңғыстау қазақтарының көтерілісі, т. б. ұсақты – ірілі наразылық – толқулар соған мысал.

Отаршылдық дәуірде XX ғ. басына дейін Қазақстандағы 300-ге жуық наразылық бас көтерулері болған екен. Тәуелсіздік үшін күрестің бір сәт толастамағаны анық. Қазақ халқының азаттық үшін көтерілістері бір – біріне жалғасып жатыр. Сонау жоңғар шапқыншылығына қарсы басталған Отан соғысының, ұлт – азаттық көтерілістердің жалпы отаршыл саясатқа қарсы қарсылықтардың мәні, мақсаты бір. Ол - ұлт тәуелсіздігі.

Ресей империясының ұлт аймақтарындағы, мәселен, 25 жылға созылған Солтүстік Кавказдағы Шәмілдің, башқұрт халқының Салауат Юлаев бастаған көтерілісімен, Әндіжандағы халық толқуларымен салыстыруға болады. Ал дүниежүзілік тарихтан сендер үнді халқының ағылшын отаршылдарына, Әбдәл­ Кадар бастаған Алжир халқының француз отаршылдарына, Вьетнам халқының американ империализміне қарсы күресін және т.б. тарихтан оқып-білдіңдер. Қазақ

халқының азаттық күресі де дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыс тарихының

құрамдас бөлігі. Қазақ жеріндегі әрбір ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары жергілікті ұлттық проблемалардан бастау алғанымен, оның мазмұны ұлттық шеңберден асып кетеді. Сөйтіп, әлемдік ұлт-азаттық қозғалыстар қатарынан орын тебеді.

Осылайша қазақтар өздерінің қайсар мінезімен, қажымас-талмас күресінің арқасында тұтас бір этностың болмысын, менталитетін сақтап қалды. Дүниежүзілік өркениеттегі өзіндік орнын белгілеп алды.
Дәріс тақырыбы: Ресей патшалығының отарлық саясатына қарсы Кіші жүз жеріндегі Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалыс

Дәріс мақсаты: Ресей әкімшілігінің отарлық саясатын түсінген қазақ қоғамындағы саяси көш басшылардың азаттық пен теңдік жолындағы күреске шығуы және көтеріліс барысында нақты талаптар қоя білген қайраткерлігін көрсету

Дәрістің негізгі сұрақтары:

I.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының І8-ғ. 70-жылдарындағы көтеріліске қатысуы.

2.Сырым Датұлы бастаған азаттық күрестің себептері мен мақсаты.

З.Көтерілісте қазақтар қойған талаптар. 80-жылғы күрес ерекшеліктері.



  1. Кіші жүздегі саяси биліктегі дағдарыс. 90-жылдары көтерілістің қайта өрлеуі.

  2. Көтерілістің бәсеңдеуі. Көтерілістің жеңіліске ұшырау себептері. Тарихи маңызы

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүздегі саясаты ХVІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ халқы жоңғар басқыншыларына қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ мемлекетінің онсыз да қиын ахуалын солтүстік­батыстан башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен - Сібір казактары, оңтүстіктен - Қоқан, Хиуа мемлекеттері өз мүдделеріне пайдалануға тырысты.

Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі Әбілқайыр ханның Ресей империясына үміт артуына себепші болды. Орыс өкіметі қазақтардың жоңғарлармен алысып жатқанын пайдаланып, жергілікті көшпелі халықтың иелігінде бекіністер салу арқылы жерлерін тартып ала бастады. Жылдан-жылға Ресей мемлекеті отарлау саясатын ашық түрде үдете берді. Бұл жағдай 30-жылдардың басында басталған қазақ хандығындағы саяси бытыраңқылықты тереңдете түсті.

Кіші жүзде іс жүзінде бір-біріне қарама-қарсы Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке мен Күшік хандар ресми хан болып саналғаны мен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар саяси жетекшілік рөл атқарды. Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға
тәуелділікте болды. Ал Ұлы жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша үкіметі ақсүйектердің өзара ала ауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралармен батыс аудандарды отарлауын жеделдетті. Себебі Батыс Қазақстан Ресей империясына ең жақын орналасқан аймақ болатын.

Бұл жақындық Кіші жүздің бірінші болып Ресейге қосылуына әсер ете отырып, отарлық езгінің алғашқы ауыртпалығын ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.

ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың арасындағы күрес 1748 ж. Әбілқайыр ханның өліміне әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру шараларын әлсіретті. Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта жүзге тарамады. Тіпті Кіші жүздің өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің жағдайы орнықты емес еді. Нұралыны Кіші жүздің барлық рубасылары мойындаған жоқ. Сырдария ауданында көшіп-қонып жүрген Шекті руы Батыр сұлтанды хан сайлады. Нұралыны тек Байұлы рулары қолдады. Нұралы өз жағдайының қиындығын жақсы түсінді, енді өзіне қолдауды рубасыларынан емес, патша үкіметі тарапынан іздей бастады. Патша үкіметі Кіші жүздегі нақты жағдайдың барысын бақылап отырған еді. Патша үкіметі де өз тарапынан қазақ жүздерінің саяси жағынан нығаюына мүдделі болған жоқ. Орта жүздегі Абылайдың ықпалының өсуі, қазақтарға көршілес башқұрт халқының ұлт-азаттық күресінің өрістеуі патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне қарама-қайшы келетін. 1748 ж. патша үкіметі Нұралыға хан атағын бекітіп беріп, жылына 600 сом мемлекеттік ақы төлейтін болды. Ол сөйтіп орыс мемлекетінен жалақы алатын алғашқы ханға айналды. Ол енді өзінің барлық іс­қимылдарын патша үкіметімен ақылдасып жүргізуге тиіс болды. 1749 ж. 2- мамырдан оған Орынборға аманат жіберіп тұру міндеті жүктелді. Патша үкіметінің бұл саяси актісі Нұралыға деген сұлтан ақсүйектер мен рубасыларының қарсылығын тоқтата алмады. ХVІІІ ғ. 40-60-жылдарында оңтүстік шекаралардағы жайылымдар үшін қарақалпақтармен, түрікмендермен қақтығыстар да күшейе түскен еді.

Қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жерлер үшін торғауыт қалмақтарымен қарым-қатынасы нашарлай берді. Халықтарды бір-біріне айдап салу мақсатында патша үкіметі "ішкі жаққа" өткен қазақтарды тұтқындауға бұйрық берді. Осының бәрі Нұралы хандығында қысқы жайылымдар үшін жер тапшылығы дағдарысын туғызды.

Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батыс өңіріндегі құнарлы да шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі қазақтардың дәстүрлі жайылымдық жерлерін мейлінше тарылтты. Жайық бойындағы бірінен соң бірі жыпырлап тұрғызылған бекіністер тізбегі - Ой шебі қазақтар тарапынан қарсылық тудырмай қоймады. Ор өзенінен әрі жалғасқан Сібір Ащы шебі Ертіс шебімен қосылды. Ал бекіністерге қоныстандырылған орыс-казактар, жерсіз орыс шаруаларының жергілікті қазақтардың жеріне көз алартуы патша үкіметі езгісіне қарсы бағытталған қарсылықтарға алғышарт дайындады.

1742, 1756, 1765 жылдардағы заң актілері бойынша қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы, Есіл мен Тобылдың жоғарғы ағысындағы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы жерлерде көшіп-қонуына тыйым салынды. Бұл қазақтардың мүдделеріне тым қайшы келді. 1771 ж. Еділ мен Жайық арасындағы қалмақтар ата­қоныс Жоңғарияға көшіп кеткеннен кейін де бұл жер казак әскерлеріне және мемлекеттік қорға берілді. Осылайша жер тапшылығы қазақ билеушілерінің арасындағы ала ауыздықты одан әрі ушықтары түсті.

Ертістің оң жағалауына өтуге тыйым салған Орта жүздегі жағдай да осыған ұқсас еді. Ондағы Сібір казак әскери басшылары қазақтардың бекініске алдымен 10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жерге жақындап келіп мал жаюына тыйым салды. Жергілікті сұлтан, билердің Орынбор шекаралық комиссиясына наразылық білдірген шағым хаттары назарға ілінбеді. Онымен қоймай Орал әскери бекінісінің атаманы "барымташы қазақтарды жазалау" деген желеумен "әскери серуендер" деп аталған әскери шапқыншылықтар ұйымдастырып тұрды. Мәселен, 1782ж. қазанның 11-нде Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының атынан патшаға жазған арыз хатында Орал әскери бекінісінің атаманы 1500 солдатпен келіп, жазықсыз жатқан қазақ ауылдарын шапқаны, 225 үйді қиратып, мүліктерін тонағаны, 150 адамды жазықсыз өлтіргені, 57 тұтқын кісі әкеткені, табын-табын жылқы, түйе, сиыр, қой айдап алып кеткені айтылады. Жоғарыдағы айтылған мәселелерді шешуде Нұралы ханның дәрменсіздігі оның тек сұлтандар мен рубасыларының ғана емес, халық алдындағы беделін түсірді.

Қазақтардың 1773-1775 жж. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

Ресейдегі Е. Пугачев бастаған көтеріліс басыбайлылық құқыққа қарсы бағытталса да, оған Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар, қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсы шығып, шаруалар соғысына қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс- казактарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев езілген халық бұқарасын "жермен қамтамасыз етуге" уәде берген еді.

Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 ж. 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды. Нұралы бір жағынан Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы- Орынборды қоршау басталады. 1773 ж. 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірек пен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде қазақтардың тама, Табын, жағалбайлы руларының жігіттері Пугачев жасағына қосылып, орыс бекінісіне шабуыл жасайды.

Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерге шабуылдауға қатысқан. Орта жүз рулары да Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты. 1774 ж. Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан
өзінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастайды. Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 ж. жазда 240 осындай шабуыл жасалын ды. 1775 ж. қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау экспедицияларын жіберуін сұрап өтініш білдіреді.

1775 ж. ақпанда 300 орал-казак әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде С. Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс аяқталғаннан кейін ІІ Екатерина Жайық өзенін Орал деп, Жайық қалашығын Уральск деп өзгертті.

Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 ж. 25 шілдеден бастап "сезікті" деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.

1775 ж. қыркүйекте керей руында Пугачевтің атымен байланысты "Көрінбейтіндердің" қозғалысы пайда болады. Қозғалыс Кіші жүздегі Табын, тама, Шекті, шөмекей, байбақты рулары арасына тарайды. Тағы да көтеріліс қаупі туады. 1776 ж. оларға қарсы Нұралы патша үкіметінен көмек сұрауға мәжбүр болды.

1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, казак-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырақтан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мәселен, 1783 ж. казактар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алады. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Орск бекінісіне бағытталды.

Осы кезеңде тарих аренасына халық қозғалысының лидері ретінде жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен Байбақты руының басшысы Сырым Датұлы шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.

Ал Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып, халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап патша әкімшілігінің еркін орындайтын орыс шенеунігіне айналды. Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды: а) Ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ менталитетін (қазақ мемлекеттілігін) құтқару; ә) Жер мәселесін шешу.

Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С. Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. Жайық әскери кеңсесінің мәліметтері бойынша, 1758 ж. 8 сәуірде Сырымның жасағында - 2700, Тіленші батырдың жасағында - 1500, Барақ батырдың жасағында - 2 мың адам болған. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 мыңдай көтерілісшілер жинақтады. Сырымға байбақты, Шекті, Табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Сібір, Уфа, Орынбор өлкесінің басшысы барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.

Хандық биліктегі өзгерістер. Патша үкіметі Шыңғыс ұрпақтары мен ықпалды батырлардың арасына от тастау арқылы көшпенді халықты тұтастығынан айыруды мақсат етті. Себебі Нұралыны хандықтан тайдыруды патша үкіметі жақтады. Бірақ екі жақ екі түрлі мақсат көздеді. С. Датұлы бастаған топ хандық билікті түгел таратуды жақтады, немесе кейбіреулері Нұралы ханды тақтан тайдырып, оның орнына Барақтың баласы Қайып сұлтанды хан етіп сайлауды ұсынды. Ал екінші жақ - патшалық отарлау саясатын іске асырушы барон Игельстром әлсіз хандық жүйені түпкілікті жойып, Кіші Орданы рубасыларына бөліп беріп, өзі тікелей басқарғысы келді. Игельстром "қара сүйектен" шыққан, ешқашан хан болуды армандай алмайтын Сырым бағытын қолдай бастады.

1785 жылғы күздегі рубасыларының құрылтайында 208 рубасы "мәртебелі императорға" адалдықтары жөнінде ант берді. Игельстром дайындаған Кіші жүздің рубасыларының құрылтайында екі мәселе қаралды: а) Жүздегі билік мәселесі; ә) қысқы жайылымдарды кеңейту.

Құрылтай Нұралыны тақтан тайдырып, Кіші жүзді үш бөлікке (Байұлы, Жетіру, қаракесек руларына (Әлімұлы) бөлуді, Сырымды барлық Орданың бас кеңесшісі етіп тағайындау ісін қарады. Рубасыларының көпшілігі бірауыздан хан деп тануға дайын жаңа хан қайып туралы да сөз болды. Игельстром 17 рубасына өз қол астындағы халықпен Орал бойындағы Сахарная бекінісі мен Гурьев бекінісіне дейінгі жерде көшіп-қонуға рұқсат берді. Игельстромның бұл іс-қимылдары азаттық қозғалысының отаршылдық бағытын әлсіретті. Ал Нұралы ханға қарсы бағыт өрши түсті. 1786 ж. сәуірде көтерілісшілердің қысымымен Нұралы Кіші жүзден кетіп, шекаралық шептегі патша өкіметінің қол астына барып паналауға мәжбүр болды.

1786 ж. 3 маусымда ІІ Екатерина Нұралы ханды биліктен тайдыру туралы рескриптіге қол қойды. Нұралыны Орынборға шақырып, әрі қарай Уфаға жер аударды.

Осынау аумалы-төкпелі кезеңді пайдаланып, Орынбор генерал-губернаторы Игельстром реформа жасап, хандық билікті жойып жібермекке әрекеттенді. Кіші жүз үш бөлікке бөлініп, олардың әрқайсысын Съез сайлаған рубасы басқаратын болды. Осылайша генерал-губернатор жанында рубасыларының кеңесін құрып басқару туралы жоба "Игельстром реформасы" деп аталды.

Реформа бойынша Кіші жүздегі саяси билік Орынбор әкімшілігінің жанынан құрылған шекаралық сотқа берілді. Ол Кіші жүзді басқаратын жаңа орган ретінде ең ықпалды рубасылары мен патша әкімшілігінің өкілдерінен тұрды. Жергілікті жерлерде рубасыларынан, төрағадан және орыс өкілінен тұратын соттар (расправалар) осы шекаралық сотқа бағынды. Нәтижесінде 32 рубасылары төлемақы алып тұратын шенеунікке айналды.

Нұралы ханның билігі осылайша қайғылы аяқталды. Бөтен жерде саяси қуғында жүріп, Нұралы хан 1790 ж. Уфада дүние салды. Алайда барон Отто Игельстромның реформасы да қиыншылыққа кездесті. Ғасырлар бойы қалыптасқан хандық билікті бір қағаздың күшімен жойып жіберуге әлі алғышарттар пісіп-жетілген жоқ еді. Нұралының қайтарылуын талап еткен ақсүйек сұлтандардың қарсылығы әлі де күшті болатын. Хандық билікті қайта қалпына келтіру қозғалысын ханның інісі Ералы басқарды.

Бұл кезеңде халықаралық жағдайда үлкен өзгеріс болып, француз революциясы Еуропа монархтарын шошытты. Енді патша үкіметінің өзі реформаны сәтсіздікке ұшырады деп тауып, тоқтатуға ұмтылды. Ал Игельстром қызметтен кетеді. Жаңа губернатор А. Пеутлинг тұсында хандық билік қайта орнады. 1791 ж. тамызда Орск қамалына жақын жерде Ералы сұлтан Кіші жүз ханы (1792-1794) болып сайланды. Бұрынғы Неплюевтік режім қайта орнады. Орал казак әскерінің бейбіт ауылдарға шапқыншылығы қайта басталып, бұл көтерілістің қайта өрлеуіне әкелді. С. Датұлы Бұхар ханы мен Хиуа ханы Әбілғазы қайыпұлымен жақындасады. 1792 ж. жазында Сырым Ресейге ашық күрес жариялайды. Көтеріліс Кіші жүзді түгел қамтып, Сырым батыр халық көсемі дәрежесіне дейін көтерілді.

1792 жылдың күзінде көтерілісшілердің 1000 адамдық жасағы Елек бекінісін өртеп жіберді. қазақтар оны кейіннен Күйікқала деп атап кетеді. Көтеріліс партизан соғысы сипатына ие болады. 1794 ж. жазда Ералы хан қайтыс болып, оның орнын Нұралы ұлдарының бірі Есім басады. қырда билік іс жүзінде рубасыларының қолында болды. Алайда көтерілісшілер 1797 ж. Есім ханды да (1795-1797) өлтіреді Орынбор губернаторы болып қайта келген Игельстром Сырыммен келіссөз жүргізе бастайды. Көтерілісшілерді "тыныштандыру" үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді басқару хандық кеңеске берілді. Басшысы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет