Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты



жүктеу 2.58 Mb.
бет9/12
Дата09.09.2017
өлшемі2.58 Mb.
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

1836 ж. ақпанда көтеріліс ұлт-азаттық сипат алды. Исатайдың серіктері ­Қабыланбай Қалдыбайұлы, Иса Төлегенұлы, Смайыл Өтемісұлы (Махамбеттің інісі), Тінәлі Тайсойғанұлы, Қ.Қосаяқұлы, т.б. халықты көтеріліске шақырған үндеулерін таратты. Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлығын орындамауға шақырды. Орынбор губернаторына Қарауылқожа, князь Юсупов, Безбородконың үстінен арыз-шағымдарын жіберумен болды. Бірақ олардың артын да тірек ретінде отаршыл саясаттың тұрғандығын түсінбегендік байқалады. Исатай мен Махамбетке Қарауылқожаның көзін құртып, хан ордасын шапса, халықты бостандыққа жеткізетіндей көрінді.

1837 ж. қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылын шауып, малын айдап, шаруалардан жинап алған 3 мың сом ақшасын алып кетеді. Қарауылқожа қашып құтылады. Көтерілісшілер хан ордасын басып алуға дайындалады. Орынбордағылар Жәңгір ханға және патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы кең өріс ала бастаған көтеріліс қаупін сезіп, Исатай мен Махамбетті ұстап сотқа тартуды көздейді. Исатайды қамауға алу үшін 1837ж. 2 қазанда Орал казак әскерінің атаманы Покатилов басшылығымен екі жүз казак жасағы шығарылды. І Николай патша "бүліктің" дереу басылуын, жаныштауды талап eтri. Орынбор губернаторы Перовский көтерілісті талқандау үшін подполковник Геке басқарған үлкен жасақ жіберді.

1837 ж. қазан айында Жәңгір хан ордасын қоршау - көтерілістің шарықтау шегі болды. Оған 3000-3500 көтерілісшілер қатысты. Уақыт ұту үшін полковник Геке күресті тоқтату жайында И. Тайманұлымен келіссөз жүргізе бастайды. Келіссөз қасақана ұзаққа созылды. Осы кезде патша әскерлері мен Жәңгір хан жақтастары бірігіп үлгереді. Бір жағынан Зеленый форпосты мен Кулагин бекінісінен, Меркулов бастаған Горск бекінісінен, Астраханнан шыққан жазалаушы жасақтар 9 қарашада хан ставкасында бас қосты. 15 қарашада 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер жазалаушы жасақтармен Тастөбе деген жерде кездесті. Қылыш, садақ, найзамен ғана қаруланған Исатай қолы зеңбіректен атылған снарядтарға қарсы төтеп бере алмады. Ұрыста көтерілісшілер тарапынан 60 жігіт қаза тапты.

Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісінен кейін көтерілісшілер қатары сирей бастады. Көтеріліске қатысқан ауылдарға кешірім жариялануы ыдырауды тездетгі. Ал полковник шенін алған Геке Исатайды қолға түсіру үшін тірідей әкелгенге 1000 сом, басын әкелген ге 500 сом сыйлық тағайындайды. Исатай болса 1837 ж. 13 желтоқсанда Жаманқала (Сарайшық) бекінісіне жақын жерден жазалау шылар торын бұзып, Кіші жүзге өтіп кeтri. Исатайдың ізіне түскен Б. Айшуақұлы, т.б. сұлтандар жасағы тек Исатайдың отбасын тұтқындайды.

Көтерілістің аяқталуы. 1838 ж. Кіші жүздің Шекті руы жерінде уақытша қоныстанған Исатайдың көтерілісті қайта лаулатып, Ордаға қайта оралу ниеті болды. Оның жасағы Горск бекінісіне қауіп төндіреді. Осы жағдай Орынбор отаршылдық әкімшілігін Исатай көтерілісін- түпкілікті басуға тезірек қимылдауына әкелді. Екіншіден, осы кезде Кенесары қасымұлы көтерілісі Кіші жүз жеріне өткен болатын. Екі көтерілістің бір-біріне қосылып кетуі мүмкін еді. Үшіншіден, Кіші жүздің батысында Қайыпқали Есімұлы, Жоламан Тіленшіұлы наразылықтарының етек алуы.

1838 ж. 12 шілдеде Геке мен Падуров жасақтары мен көтерілісшілер арасында Ақбұлақ түбінде ақтық шай қас болды. Өзінен басым күшке төтеп бере алмаған көтерілісшілер тарапынан 70-80 адам оққа ұшады. Көтерілісшілер бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Алты адаммен бірге Махамбетгің інісі тұтқындалады. Орынбор губернаторы қолға түскендерге дүре соғып, Сібірге айдайды. Көтерілісті басуда көзге түскен сұлтандар, билер, солдатгар ақшалай сыйлыққа ие болып, шендері жоғарылады. Баймағамбет Айшуақұлы подполковник шенін алды.

Көтерілістің жеңілу себептері: көтеріліске қосылған үстем тап өкілдерінің опасыздығы; Кіші жүз бен Ішкі ордадағы және Кенесары Қасымұлы жасақтарының басының қосылмауы; әскери қаруланудың төмен дәрежесі.

Көтеріліс буферлік зонаға жататын тұйықталған иелікте өткендіктен, С. Датұлы көтерілісі сияқты Кіші жүздің көп бөлігін қамти алмады. Бұл патша үкіметіне жазалау күштерін Исатай күштері орналасқан ауданға тікелей бағытгауына мүмкіндіка берді. Көтеріліс стихиялы түрде туып, оған қатысқан әр түрлі әлеуметтік топтар мақсаттарының қарама - қайшылықтарына қарамастан, көтеріліс тарихқа аса

көрнекті саяси оқиға ретінде енді. Патша үкіметін көтерілісті қолдаған старшындармен санасуға мәжбүр етті. Сұлтан топтары мен хан сарайы және хан туыстары үшін жинайтын салық мөлшері белгіленді. Бұл хан билігі позициясын әлсіретті. Сөйтіп, Жәңгір өлген соң 1845 ж. Бөкей ордасындағы хандық билік жойылды. Көтеріліс идеологы, ХІХ ғасырдағы қазақстан тарихындағы жарқын тұлға, ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларында айтылғандай көтеріліс тек Жәңгір ханға қарсы бағытталған жоқ, бұл отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтерілісі болды.
Дәріс тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847).

Дәрістің негізгі сұрақтары:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыстың негізгі себептері. Кенесары сұлтан-хан Қасымұлының тарихи жеке тұлғасы

2. Кенесарының Ресей әкімшілігімен қарым-қатынастары, ұстанға саясаты

3. Қоқан хандығы және қырғыздармен қарым-қатынастардың шиеленісуі 4. Азаттық қозғалыстың жеңілу себептері, көтерілістің тарихи маңызы.

Дәрістің мақсаты: қазақ хандығының егемендігін, қазақ мемлекеттілігінің саяси басқару формасын қалпына келтіру жолында күрескен Кенесары сұлтан-ханның жалпы ұлттық майдан құру әрекетін көрсету


Қазақ даласындағы тізбектеле созылған шептер құрылысына, патшалық әкімшілік реформаларға, шұрайлы жерлерді басып алу қиянатына қарсы күрестер біртіндеп қайта өрбіген Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске ұласты. Сонау ұлт-азаттық күрестің қайнар бастауында тұрған Сырым, Саржан, Жоламан, Исатай мен Махамбеттердің күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олардың қолындағы азаттық туы қайта желбіреді.

Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802-1847) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді. "Кенесары туғанда тым кішкентай болыпты. Сондықтан оның атын Кенесары қойыпты" делінеді ертеректегі авторы белгісіз бір жырда. Кенесары күреске жастайынан араласты. Атасы Абылайдың, әкесі Қасымның ел тәуелсіздігі жолындағы күресін жалғастыруды алдына мақсат етіп қойды. Кенесары көтерілісінің басты мақсатын көрсететін құжаттар "бүлікшіл сұлтанның" император І Николайға, Орынбор және Сібір губернаторларына жазған хаттарынан анық байқалады. Олар:

- Абылай хан тұсындағы қазақ иеліктерінің аумақтық тұтастығын, ұлттың бірлігін қалпына келтіру;

- Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату, қазақстанның Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау;

- Түркістан, Әулиеата қалаларымен қоса, Ұлы жүздің көп бөлігін Қоқан езгісінен азат ету міндеті тұрды.

Кенесары ордасында тұтқында болған барон Услар оның сыртқы келбетін былайша суреттейді: "Кенесары орта бойлы, арықтау келген, бет-пішінінде қалмақ белгілері бар, қысыңқы көздерінен ақыл-ой мен қулық қабат аңғарылады, келбетінен көп жағдайда қатаңдық байқалмайды".

Революцияға дейінгі зерттеуші Н. Середа "Қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымұлының бүлігі (1838-1847)" деген еңбегінде Кенесарының жеке басын, оның қолбасшылық дарынын өте жоғары бағалайды, мемлекеттік тұлға дәрежесіне көтереді. " ... Кенесары өз жасағының ықыласына лайықты билеуші бола білді. Оның жасағының рухының жоғарылығына еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай еді. Шабуылдар кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты, Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. қайта қандай да бір кедергі болмасын оның еркін өрлендіре түсіп,өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауыл дар оның топан суындай қуатын екпіндетіп, өз ісіне батылдандыра түсетін. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары бағалайтын және оның серіктерінің жүректері өз қолбасшыларына шексіз, жанқиярлық сеніммен соғатын ... Кенесары осындай еді! Иә, бұл адам бір сөзбен айтқанда, аса ірі тұлға екендігінде дау жоқ. Басқа тәрбие жағдайында одан теңдесі жоқ мемлекеттік қайраткер шығар еді", - деп тамсана жазды.

Көріп отырғанымыздай, көтерілістің басталу кезіне қарай Кенесары күрестің қатал мектебінен өтіп, бай өмірлік тәжірибе жинақтаған болатын. Ол өзінің алдындағы ағаларының кейбір қателіктерінен сабақ алып, қайталамауға тырысты. Біріншіден, аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін Үш жүздің күшін біріктіру қажет екендігін түсінді. Және осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тәсілдерге барды. Мәселен, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізді.

Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы ала ауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты. Кейбір сұлтан, би, рубасылары ның қарсылығына қарамастан Кенесары шындығында үш жүздің ру тармақтарының көпшілік бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Кенесары әскерлерінің саны кейбір жағдайларда 20 мыңға жетті. Негізгі күші - Орта жүз қазақтарынан тұрды.

Көтеріліс басталған кезден-ақ бұқаралық сипатқа ие болды. ХVІІІ ғасырдың соңы-ХІХ ғасырдағы азаттық қозғалыстар тарихында тұңғыш рет бүкіл қазақстанды қамтыды. Бүкіл халық үш жүздің ханы ретінде Кенесарыны мойындағанын мұрағат құжаттары да растайды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші ­қарапайым қазақтар еді. Оған күшейіп отырған отарлық езгіден қысым көрген қатардағы егіншілер де, рубасылары да, сұлтандар да қатысты. қазақ жерлерін әскери-әкімшілік отарлауға қарсы езілген халықтың барлық топтары қатысты. Басты мақсатына қарай ол ұлт-азаттық көтеріліс болды.

Кенесары әскерлерінің жеке жасақтарын басқарғандар арасында белгілі халық батырлары Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Басығара, Анғал, Жәуке Жанайдар, Байсейіт, Сұраншы батырлар болды. Кенесарының жақын серіктерінің қатарында оның туыстары да белсене қатысты. Кенесарының інілері Наурызбай мен Әбілғазы, әпкесі Бопай және жиені Әділғазылар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды. Кенесарының қасында Саржанның балалары, т.б. туыстары болды.

Осылардың арасынан ерекше көрінген Наурызбай еді. Наурызбай көтеріліс бойы Кенесарының басы-қасында болып, жан серігіне айналды. Ол 1822ж. дүниеге келген Кенесарының кіші інісі. Жас кезінен-ақ өзінің ержүрек жауынгерлігімен көзге түседі. Наурызбай өзінің тобымен Кенесарының барлық ірі әскери шайқастарына қатысты. Көптеген ел аузындағы аңыз-жырларда Кенесары мен Наурызбай есімдері бірге аталады. Кенесарыға арналған тарихи жырлардың ішіндегі ең атақтысы Нысанбайдың "Кенесары - Наурызбай" дастаны.

Аруақты Кенесары, Наурызбайға Жортқанда қарсы келіп жан батпады. ("Ағыбай батыр" поэмасынан) Наурызбай 1847 ж. ағасы Кенесарымен бірге қырғыз жеріндегі қақтығыста мерт болды. Олардың өлімі туралы да ел ауызындағы қисса-дастандар көп.

Өзінің әскери ерлігімен Кенесарының әпкесі Бопайдың да аты шықты. Ол алғашқы күндерден-ақ өзінің жұбайы, алты баласы және туған-туыстарын ертіп көтерілісшілерге қосылды. Бопай 600 адамдық зекет жинайтын ерекше топты басқарды. Сонымен қатар, барлық ірі шайқастарға қатысып, Кенесарының басты ақылшы- кеңесшісіне айналды. Ал орысшаға жүйрік тағы да бір інісі Әбілғазы Кенесарының Ресей өкімет орындарымен хат-қағаз алмасу ісін жүргізіп отырды. Көтеріліске қатысушылардың құрамы көп ұлтты еді. Онда қазақтар, орыстар, өзбектер, қырғыздар, поляктар, т.б. болды.

1837 ж. қараша айында Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісіне қарасты орыс-казактар тобына тұңғыш рет шабуыл жасады. Әскери қимылдар 1838 жылдың көктемінде қайта жанданып, көтерілісшілер Ақмола приказын қоршап, өртеп жіберді. Ақмола приказының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы мен бекініс коменданты Карбышев өртенген бекіністен зорға құтылып шығады. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзді шарпыған көтеріліс енді Кіші жүзге ойысты. Осылайша, Торғай далаларына келу арқылы, кезінде И. Тайманұлы көтерілісіне қатысқандармен, Жоламан Тіленшіұлы батыр бастаған топтармен бас қосу көзделді. 1841 жылдың күзінде көтерілісшілер тобы Ташкентке аттанып, Созақ, Жаңақорған, Жүлек бекіністері алынды.

1841 ж. қыркүйекте үш жүздің ықпалды би-сұлтандары Кенесарыны хан етіп сайлады. Осылайша қазақ жерінде мемлекеттілік қайта орнады. Кенесары ұйымдастырған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Белгілі қазақ руларының, батырларының, сұлтандарының, жақын туыстарының қатысуымен хандық кеңес құрды. Дегенмен Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: барлық билік тізгіні Кенесарының қолында болды. Белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты енгізді. Арнайы топ қаржы, алым-салық мәселесін, хандық кеңестің шешімдерінің орындалуын қадағалап отырды. Экономикалық салада жер шаруашылығымен айналысуды қолдады. Кенесары саудадан түсетін салықтың пайдалы екендігіне көзі жеткендіктен керуендерді тонаудан гөрі оларға қонақжайлылық танытты. Кенесары әскерінде қатаң тәртіп орнатылды. Атақты батырлар мен әскери кеңестің мүшелері басқарған жекелеген жасақтар жүздіктерден, мыңдықтардан тұрды. Бұл басқару жүйесі көшпелі халықтардағы дала соғысына барынша қолайлы әдіс еді.

Патша үкіметі 1843 жылға дейін ірі жазалаушы күштер жасақтай қоймады.

Алайда көтерілістің аумағы, даму барысы, Солтүстік Кавказдағы тау халықтарының қозғалысы патша үкіметін Кенесарыға қарсы тұрақты армия шығаруға итермеледі. Кенесарыға қарсы шыққан әскери құрамалардың ішінде сұлтандар Ахмет Жантөреұлы, Баймағамбет Айшуақұлы, т.б.болды. Осы соңғыларымен болған 1844 жылғы 20-21 шілдедегі ұрыста Кенесарыға қарсы 44 сұлтан ұрыс даласында мерт болды.

Ал патшалық Ресеймен жүргізілген келіссөздер нәтиже бере қоймады. 1845 жылдың жазында көтерілісшілерді Орынбор өлкесінен ығыстырып шығару мақсатында Ырғыз және Торғай бекіністері салынды. Кенесарының Сарыарқаны тастап шығуына тура келді. Сонымен қатар, Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге қарай бет алуының бір себебі- Қоқан хандығындағы қазақ руларын өз жағына тарту еді. Кенесарының Жетісуға келуі тұрғындардың арасында үлкен толқу туғызды. Үйсін, жалайыр, дулат руларының бір бөлігі көтерілісшілерді жақтады. Кенесарыға қарсы аға сұлтан Құнанбай Өскенбаев, Барақ Сұлтанбайұлы мен генерал-майор Вишневский жасағы шықты.

Күші басым әскерлерден ығысқан Кенесары Балқаш көлі аумағын тастап, Іле арқылы Алатау мен Шу өзеніне жақындады. Кенесарыны Ұлы жүздің Саурық, Тойшыбек, Сұраншы батырлары барынша қолдады. Кенесары өз өкілдерін қырғыз манаптарына аттандырып, қоқан хандығы мен орыс отаршылдарына бірігіп күресуге шақырды. Алайда Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары Кенесары ұсынысын жауапсыз қалдырды. Ал патша үкіметі өкілдері өз кезегінде қырғыздар мен Алатау өңіріндегі қазақтарды бір-біріне айдап салумен болды.

Кенесары 1847 ж. қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы азаттық сипаты өзгере бастады. Кенесарының өз қарсыластарына қаталдығы, жазықсыз қырғыз ауылдарын тонауы оған деген қарсылықты өршіте түсті. 1847 ж. қазіргі Бішкекке жақын Майтөбе деген жерде қырғыз манаптарының әскерімен шайқаста Кенесары және оның жақтастары мерт болды.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы бүкілхалықтық көтерілісінің (1916 жылға дейінгі) соңғысы болды.


4 Модуль.

Дәріс тақырыбы: ХVІІІ- ғасырдағы қазақ халқының рухани мәдениеті.

Негізгі сұрақтар:

1. Халық ауызша шығармашылығы. Шешендік өнер.

2. Жыраулар поэзиясы-әдебиеті.

3. Халықтың музыкалық шығармашылығы.

4. Қазақ халқының дәстүрлік мәдениеті

Дәрістің мақсаты: Халқымыздың ХVІІІ ғасырдағы, еліміз әлі саяси және рухани дербестігін жоймаған кезеңдегі мәдениетінің сөздік және саздық салаларына талдау жасау және халық шығармашылығында тәуелсіздік жолындағы күpeстiң бейнелену ерекшеліктерін көрсету.

Халқымыздың рухани мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасқан мол мұрадан қуаттанады. Оның алғы қайнар көздері сақ, үйсін - ғұн замандарынан бастау алса, мол қайнар, асау бұлақтар түрлі заманнан бері гүрілдеп ағып, соңғы орта ғасырларда жазыққа шығып аққан кең арналы дарияларға айналады. Осындай ұлы рухани мұраның бірі - жыраулар туындылары, ортағасырлық жырлар, жырлар табиғатын қарастырғанда біз бұл дәстүрдің жаңа заманда, XVIII ғасырда жаңа арнамен жалғасқанын және жыраулық дәcтүрдің ХІХ ғасыр мәдениетінде де алатын орны бар екенін байқаймыз. Себебі, қазақ мәдениет дәстүрлігімен, дәстүр жалғастығымен көшті. Рухани мәдениет салалары мен жырлары осындай консервативті құбылысымен көз тартады. Өзге көптеген халықтардың жаңа және қазіргі замандардағы рухани мәдениеті орта ғасырлар дәстүрімен аз байланыста болса, қазақта бұл байланыс мығым. Және солай бола беретін сияқты. Бұл феномен халықтың рухтағы мәдениеттің ертеде қалыптасуымен, оның тұрақты тілдік ырғақтық және саздық белгілерінің жасалуымен және дүниетанымдық өміршендігімен түсіндіріледі. Халық поэзиясы мен музыкасында мәңгілік құндылық-қажеттіктер айтылып, кестелене кескінделген. Сол тұрғыда оған алып­қосар жаңа мазмұн мен түр аздау. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті көпшілікке ұғынықты қасиетімен, қолданбалығымен, эстетикалығымен, өмірді тepeң түсінген, aдaмның жас-кәрісіне бірдей бағытталған толғанысымен құнды.

Қазақтарда тұрмыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды. Бұл ислам дініне дейінгі, ертедегі әртүрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты. Отқа табыну, отпен тазарту- «аластау», отпен емделу,т.с.с. әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды. Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді. Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды. Түнгі аспанды ежелден қадағалап келе жатқан қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айшықталанатын көптеген аспан денелерін білген, олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да, түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Есекқырған, Құсжолы, Сүмбіле, Үшарқар-таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналды. Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы әлі де ерекше болатын. Қазақ арасында түрлі наным-сенімдерге байланысты тыйымдар мен ұғымдар шаруашылық пен тұрмыста кең тарады. Қазақтарда меймандостыққа байланысты салттар бар. Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейлінше мол сақталған. Қазақтар арасында тамыр болу дәстүрі ежелден кең таралған.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы (1665­1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған. Ауызша таралу дәстүрі бойынша бізге Төле бидің толғау, қара сөзбен айтқандары, бата, сынау көңіл айту, нақыл сөз және т.б. түрінде азын-аулақ туындылары жеткен. Аса көрнекті би-шешен Қазыбек шешендік өнер тәсілдері мен поэтикалық бейнелерді шебер қолданған, бұл оның сөздеріне ешкім дау айта алмайтын еткен. Оның жоңғар билеушісі алдында айтқан ең таңдаулы поэтикалық сөздерінің бірі сақталған:

Сен- темір де, мен - көмір, Еріткелі келгемін!

Егесетін ер шықса, иілткелі келгемін! ...

Қазақ, Қалмақ баласы Табысқалы келгемін!

Табысуға келмесең, Тұрысатын жеріңді айт,

Сен - қабылан да, мен-арыстан, Алысқалы келгемін!!

Аңызда айтылғандай, Қазыбек бидің сөздеріне Галдан Церен еш жауап қайтара алмай, оның барлық талаптарын қанағаттандырған. Ал Әйтеке бидің мұраларынан бізге жеткені көп емес, бірақ солардың өзі-ақ оны би-шешен ретінде ғана емес, поэтикалық өнердің суырып салма- шешені ретінде де әбден жеткілікті дәрежеде сипаттайды.

ХVІІІ ғасырлардағы жыраулық поэзия толғаулар түрінде жеткен. Ал олар­дың көлемді үлкен шығармалары болған ба, егер болса, неге кейінгі дәуірге жетпеген деген мәселеге келсек, оның негізгі себептерін ауыз әдебиетінің ішкі мүмкіндігінен іздеген жөн. Батырлар жырында кейіпкер-батырларды оқ өтпес қиял-ғажайып адамдар етіп көрсетce, жыраулар сол өз дәуірінде өмip сүрген батырларды халықтың ертеңі үшін еңбегін сарп ететін жандар ретінде, олардың да өздері тектес пенделер екендігіне әбден көзі жеткен сарында кейіптеген.

ХVІІІ ғасырдағы жыраулар мұрасы бір - бірінен тек көлемі жағынан ғана емес, тарихи жырларды жырлау әдістері жағынан да өзгешеленетіні белгілі. Мәселен, кейінгіге жеткен алты шумақтық туындысында Тәтіқара жырау Шақшақұлы Жәнібек, Бөкей, Сары, Баян, Соғыр, Маңдай, Жабай, Олжабай, Абылай сынды тарихи тұлғалардың есімдерін атап, олардың шайқастардағы ерліктерін, батырлықтарын атап өтумен ғана шектелген. Ал шығармалары одан әлдеқайда көп жеткен Ақтамберді жырау бір шығармасында өзі мен жабайды атап айтады. Бұл тұрғыда Бұқар мен Үмбетей мұрасы айрықша, әсіресе олардың Бөгенбай мен Абылай қатынасқан істерді тізбелеп көpceту арқылы ХVІІІ ғасыр әдебиетінде жеке адам образын сомдауға талпыныс жасағанын ескеру қажет. Бұқар жырау жасаған тарихи кейіпкерлер бірыңғай жақсы не жамандығымен ғана бейнеленбейді. Ол әрі жомарт, әрі әділ, елге пана, ақылға дана болып: суреттелетін Абылайдың басқа да қырлары бар екендігін көрсетеді .

Бұқар жыраудың Ресеймен тату тұруға өңдеген шығармасы идеясының соңылығымен қатар, поэзиямызда осы ойды алғаш жырлауымен де бағалы. Соғыстың халыққа тигізер зор қасіреті мен шығынын жақсы білген Бұқар жырау ел басына күн туған қысылшаң кезде Қабанбай батырдың да түбірлі мәселені өзі секілді түсінгендігін Абылай мен Бөгенбайға үлгі ете сөйлейді. Бұдан Абылай хан жайлы тұстастарын жыраулары тек жағымды бейне ретінде ғана кейіптемегенін, оның өмірде, тұрмыста қандай қылықтар, әрекеттер, мінездер көрсетуіне сәйкес оған деген авторлар қатынасы да өзгеріп, толыға түскенін көреміз. Дегенмен, осының барлығы ХVІІІ ғасырдағы евразиялық кеңістікте әйгілі тұлғалардың қатарына қосылған халқымыздың Абылай сынды бірегей ел басшысының қазақ жұрты үшін төккен тер, шеккен бейнетінің салмағын жеңілдете алмақ емес. Өйткені, оның жадағай идеологиялық схеманың шектеріне сыймайтын өте алып, тұңғиықтай терең тұлға екендігі даусыз. Ол қай-шылықтарға, ауырпалықтарға толы аласапыран дәуірде , ел басқарған хан болғандықтан, мұндай жағдайда үнемі мамыражай бірліктің бола бермейтіндігі белгілі.

Зар заман жырлары заманның жақсылығынан жаманаты, қайырымдылығынан озбырлығы басым түскен кезеңде өмірге келді. "Зар заман" деген ұғым ғасырлар бойы қайғы-қасірет шеккен көшпенді халықтың тарихына, елім деп еңіреген ерлерінің тағдыр-талайына қатысты сипаттама ретінде қолданылады. Шапқыншылық пен жаукершілікке, қасірет пен қайғыға, аласапыран мен алауыздыққа толы қазақ тарих белгі бір сәттерін: "зар заман" деп атап, ел мен жерді, жігер мен намысты сақтап қалу үшін талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен тіпті кейде тұтас дәуірге осы ұғымды телу үрдісі қалыптасқан еді. Егер ХVІІІ ғасырда зар заман ақындарының алғашқы буыны Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі.

Бұрын өз бетімен еркін жүрген елдің тіршілігі осы дәуірде қайғыны да, қазаны да, толып жатқан өзгерісті де көрген. Сол ауыр күндері ел ортасынан екі ағымдағы қайраткерлер шықты. Біреуі - тарихи өлеңдерде сыналған ел қаһар­мандары, екіншісі - ел тілегін айтып, зор мұғын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші, ақын, жырау болатын. Бұл дәуірдің туындылары көркемдік нысаны жөнінен неғұрлым ертедегі кездің өлең-жырларына қарағанда кемелдене түскен.

Қазақтардың ауыз әдебиетінің барлық негізгі белгілері мен дәстүрлері сақталған бұл өлеңдерде сол кездің өзінде-ақ жазба поэзияға тән элементтер болды.

ХVІІІ ғасырдағы тарихи жырлардың негізгі тақырыбы қазақтардың жоңғар жаулап алушыларына қарсы күресі болды. Оқиғалар шын мәнінде өмір сүрген және халық тарихында елеулі із қалдырған батырлардың есімдеріне байланысты беріледі. «қап қағылған», «Шаңды жорық» әндерінде ақындар Жаңатай және Баян батырлар басқарған көптеген қазақтардың шайқастарда қалай қаза болғаны туралы айтылады. Абылай туралы эпикалық жырлар да кең таралған, оларға ең алдымен Абылайдың хан болғанға дейінгі өмірі негіз етіп алынған. ХVІІІ ғасырда дүниеге келген эпикалық туындылар арасында «Арқалық батыр» оқиға желісінің шынайылығы және сонылығымен көзге түседі. Онда ауыр күндерде халықтың арман-үміті емес, қайта өзінің жеке мүддесі мен амандығы туралы ойлайтын хандар мен сұлтандардың сатқындық саясаты әшкереленеді; халықтың қалың ортасынан шыққан ерлер, олардың бостандық және халық бақыты жолындағы күресі дәріптеледі. Халықтың бірқатар өлеңдері мен әңгімелері 18-ғасырдың аяғындағы Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне, көтерілістегі батыр Сырым Датұлының рөліне арналған. Халық жадында Сырым батыр ғана емес, сонымен бірге сұңғыла шешен, ақылды саясатшы ретінде де сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет