Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу



жүктеу 33.35 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі33.35 Kb.
түріСынақтар

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу


1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын; еңбек кітапшасын; оқу орнын бітіргені туралы дипломды; әскери билетті; туу туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті), болған кезде – «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік. Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса – ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактiсi мен кезеңiн анықтау туралы сот шешімі.Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.Жеке өтiнiш беруге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, азаматтар белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен жүгіну үшiн басқа адамдарға уәкiлеттiк беруге құқылы.

Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақты түр-түрге бөлу


Сәулеленудiң әсерлi эквиваленттi мөлшерi бүкiл сынақ кезеңiнде халық үшiн 0,1 бірден асатын аумақ ластанған деп есептеледi. 

Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай: 

- төтенше радиациялық қауiптi аймақ;

- ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ; 

- жоғары радиациялық қауiптi аймақ; 

- ең төмен радиациялық қауiптi аймақ; 

- жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi.  

Төтенше радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 100 бэрден жоғары әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған, ең жоғары сейсмикалық әсер белдеуiне кiретiн бөлiгi. Төтенше радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы, Сарыжал ауылдық (селолық) округінің, Бесқарағай ауданы, Долон ауылдық (селолық) округінің, таратылған Жаңасемей ауданының Сарыапан және Иса елдi мекендерiнiң аумақтары жатады..

Ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 35-тен 100 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi. Ең жоғары радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай және таратылған Жаңасемей аудандарының, Семей қаласы Ақбұлақ, Абыралы, Алғабас, Айнабұлақ, Қараөлең және Таңат ауылдық (селолық) округтерінің, Павлодар облысы Май ауданы Ақжар және Малдар ауылдық (селолық) округтерінің елдi мекендерi жатады.

Жоғары радиациялық қауіпті аймақ - бүкiл сынақ кезеңiнде 7-ден 35 бэрге дейiн халыққа әсер ету мөлшерiндегі радиациялық ластануға ұшыраған аумақ бөлiгi. Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Жарма, Аягөз, Глубокое, Шемонайха, Ұлан аудандарының елдi мекендерi, Семей, Курчатов, Өскемен және Риддер қалалары; таратылған Қазыбек би ауданының аумағы шегінде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Май ауданы жатады.

Ең төмен радиациялық қауiптi аймақ - аумақтың бүкiл сынақ кезеңiнде халыққа 0,1-ден 7 бэрге дейiн әсер ететiн мөлшерi бар радиациялық ластануға ұшыраған бөлiгi. Ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа Шығыс Қазақстан облысының Yржар, таратылған Таскескен, Көкпектi, Ақсуат, Зырян, Зайсан және Тарбағатай аудандарының; Қарағанды облысының таратылған Қазыбек би ауданының аумағын қоспағанда, Қарқаралы ауданының; Павлодар облысының Лебяжi ауданының елдi мекендерi жатады.

Жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ - бүкiл сынақ кезеңiнде тиiмдi эквиваленттi сәулелену мөлшерi әртүрлi себептерден 0,1 бэрден төмен болған, бiрақ радиациялық қауiптi және сейсмикалық қауiптi аудандарға жақын тұруға байланысты елеулi психикалық-эмоциялық терiс әсерi бар ең төмен радиациялық қауiптi аймаққа таяу жатқан аумақ (әкiмшiлiк аудандардың шекарасы шегінде). Бұл аймаққа Павлодар облысының Баянауыл ауданы жатады.



Қажетті құжаттар:

Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).

Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

Банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт.



Қызмет құны және төлеу тәртібі

Тегiн


Қызмет көрсету мерзімі

Істердің макеттерін арнайы комиссияларға жіберу - 5 жұмыс күні ішінде


Арнайы комиссияларды тіркеу туралы шешім қабылдау - 20 күннен артық емес, қажет болған жағдайда мерзім 1 айға ұзартылуы мүмкін

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет