17 ақпанда түрік елінің шуақты аспанының астында жаңа 1XBET Winter Cup турнирі басталады. ҚКФЛ-ның жетекші букмекерлік компания – 1xBet-пен серіктестікте ұйымдастырған бұл маусым алдындағы жарыс қазақстандық футболдың барлық жанкүйерлері үшін жарқын қысқы мереке болуға уәде береді. Барлық назар тартысқа бғытталмақ, онда Қазақстанның ең мықты төрт командасы өнер көрсетеді.

Сайыс алаңына Шымкенттен Қазақстанның қазіргі чемпионы — "Ордабасы", ҚКЛ күміс жүлдегері — "Ақтөбе", бірінші дивизионның жеңімпаз командасы — семейлік "Елімай" және ел кубогының иегері — қостанайлық "Тобыл" шығады. Бұл футбол командалары құштарлық пен толқуға толы қызықты матчтарда бірінші 1XBET WINTER CUP жеңімпазы атағына таласпақ! Командалар 100 миллион теңгені ұтысқа салады, ал бұл алдағы маусымға тамаша инвестиция болары сөзсіз.

"Енді Қазақстанда да өзінің қомақты жүлде қорымен, коммерциялық маусым алды турнирі бар. Премьер-лиганы коммерцияландыру үшін демеушілерді тарту маңызды мақсаттардың бірі болып табылады және біз 1ХВЕТ компаниясының жоспарларымызды жүзеге асыруға себепші болғанына қуаныштымыз. Лиганың осындай серіктестермен синергиясы елдегі футболдың дамуына оң әсер ететініне сенімдіміз", — дейді Қазақстанның кәсіби футбол лигасының вице-президенті Рафаэль Гарибян.

"Біз еліміздің ең мықты командалары жиналатын маусым алдындағы жаңа текетірестің демеушісі болу құрметіне ие болдық. Бұл біз үшін де, ҚКФЛ үшін де жаңа тәжірибе. 1XBET WINTER CUP чемпиондар ойынын тамашалай алатын, жыл сайынғы дәстүрге айналады деп сенеміз", — деп 1XBET компаниясының Маркетинг жөніндегі директорының орынбасары Тоқтасын Санжар пікір білдірді.

12 ақпанда турнирдің жеребесі өтіп, онда келесі жұп командалар анықталды:

  • Ордабасы — Елімай | 17.02.2024, 15:00 
  • Ақтөбе — Тобыл | 17.02.2024, 20:00

Qazsport телеарнасы спорт сайысының салтанатына куә болуыңызға және үздік ойыншылардың осы қызықты турнирде жеңіске ұмтылғанын көруіңізге көмектеседі. Бұл бірде-бір жанкүйерді бей-жай қалдырмайтын шынайы футбол мерекесі болады. Qazsport телеарнасында Анталиядағы қызықты матчтардың тікелей эфиріне қосылыңыз.

1XBET WINTER CUP – бұл өзінің интригасымен, эмоцияларымен және керемет футболымен көптеген жылдар бойы есте қалатын турнир, жіберіп алмаңыз. Жаңалықтарды бақылап жүріңіз және қысқы түрік аспаны астында қызықты сайыстарға дайын болыңыз!


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.