Семинар Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру



жүктеу 79.61 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі79.61 Kb.
түріСеминар

Аудандық семинар

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Ғажайып теңіз әлемі»



Дайындаған: дене тәрбиесі маманы: Ещанова Айымгүл Таушаевна

Бейнеу 2018ж

Аудандық семинар

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Ғажайып теңіз әлемі»

Мақсаты: Теңіз және теңіз жағалауында мекендейтін жануарлар мен балықтар,жәндіктер мен өсімдіктер туралы мағұлмат беру,олардың қимыл-қозғалыстарын уйрету.Балалардың ой-өрісін дамыту.Бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, жаңа сөздерді меңгерту.ойнату.

Көрнекіліктер: Зал ішін оқу іс –әрекетіне байланысты безендіру. Теңіз балықтары мен жануарларының суреттері, слайт ,бала санына қарай доптар, Гимнастикалық ұзын орындық, кілемшелер,маскалар.


Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, қане, қонақтармен үш тілде амандасып алайық.

-Сәлеметсіңдар ме, балалар!

-Здраствуйте!

- Good morning children!

1.Шаттық шеңбер:

-Жарайсыңдар, балалар,мынау жер шары, біз осы жер шарында өмір сүреміз .

-Үш тілде қайталау:

-Жер шары

-Глобус

- Globe


- Жер шарының пішіні қандай?

-Шеңбер тәріздес


Жер шарының түсі қандай?

Себебі жер шарында өзен, көл, теңіздер,мұхиттар көп .

Теңіздің де түсі көк

Сендерге теңізге түскен ұнай ма?


-Теңіз

-Море


-Sea

Балалар,біз бүгін теңіз әлеміне саяхат жасаймыз.

Теңізде және теңіз жағасында мекендейтін жануарлармен, жәндіктер,балықтармен, өсімдіктермен танысамыз.
Теңіз дыбысы естіледі.

Балалар, теңіз және балықтар туралы тақпақтарымызды айтайық.


Енді осы тіршілік иелерінің қимылдарын қайталап орындап үйренеміз.


Балалар сапта тұрады.

-Сәлеметсіз бе?

-Здраствуйте!

- Good morning teacher!
Шеңберге тұрады

Шаттық шеңбер:

Жарқырашы,жарқырашы Алтын күн!

Көңілдерді шалмасыншы қайғы- мұң.

Алдыменен амандасып алайық,

Достарменен жаттығуды бастайық


-Жер шары

-Глобус


-Globe

-Дөңгелек

-Круглый

-circle


-Көк

-Голубой,синий

--Blue

-Ұнайды.
-Теңіз



-Море

-Sea


Балалар көздерін жұмып, теңіз дыбысын естіп,көздерін ашады. Слайд , суреттерге қарап мұқият тыңдайды.


1-БАЛА

Толқын теуіп іргені,

балықтың көп түрлері.

Белден өсіп балдыры,

Шалқыды кең айдыны.

2-БАЛА


Ау,шағала,шағала,

келе берме қалаға.

Алыстарға самға да, мұхиттарды жағала.

3-БАЛА


Ақ свитер үстінде, қара шапан жамылған.

Мұндай қызық құсты мен,

көргенім жоқ ауылдан.

4-БАЛА


Көркем балық дельфинді,

Көкем көлге келтірді

Тұмсығындай қозының, тұмсығын ай өзінің.

5-БАЛА


Морж суда зулайды,

Жағалауда аунайды.

Балық емес қорегі,

Моллюзкаларды аулайды.




Ұйымдастыру ізденушілік


2.Жалпы дамыту жаттығуы

Теңіз дыбысы

1.«Теңіз»

Теңіз толқиды оңға,

Теңіз толқиды солға

1. Б.Қ.Бір-бірін иықтарынан құшақтау , аяқ алшақ.2. Оңға солға теңселу..3. Б.Қ. оралу



2. «Балдырлар»

1.Б.Қ.Тізерлеп отыру.Қол төменде.2.Тізенің устіне тұру.3.Алға, артқа иілу. 4.Б.Қ.оралу.

3. «Каракатитса»

1.Б.Қ.Аяқты қосып, созып отыру, қолды шынтақтан бүгіп алға ұстау.2.Аяқты бүкпей оң және сол жанбаспен алға жылжу.

4. «Шаяндар»

1.Б.Қ.жүреден отыру, қолдарын артқа жіберіп ,жерді тіреу.2.Алға жылжып жүру ,3. артқа жылжып жүру. 4.Б.Қ оралу.

5. «Су асты крабы»

Б.Қ. Бір -біріне бастарын түйістіріп, шалқаларынан жатып,бір- бірінің қолдарынан

ұсту.Аяқты бүгу.Жанбасты.көтеру 2.оңға солға аяқтарымен қозғалу.

Біздің қасымыздан дельфиндер жүзіп бара жатыр, олар өте ақылды балықтар.Олар ойнағанды жақсы көреді.

6. « Дельфиндер»

1.Б.Қ.Шалқадан жату,бір-бірінің қолдарынан ұстау.

2.Жартылай оңға домалау.

3.Жартылай солға домалау.

4.Б.Қ. оралу.

Теңізде теңіз жұлдыздары да өмір сүреді екен



7. «Теңіз жұлдыздары»

1.Б.Қ. .Қарама-қарсы қолды жанына ұстап екбетімен жату.2.Кеудені жартылай көтеру,3.оң, қолды алға созу, қолы сермеу.сол қолмен қайталау.4. Б.Қ.оралу.

8. «Кірпі»

1.Б.Қ Етбетінен жату.2..Қолдарын артқа , аяқтарының басын жібермей ұстау.3. Кеудені көтеру 4.Б.Қ.оралу.

Балалар «краб» шаяны біз үшін жаттығу дайындапты.Жаттығуды бірге орындауға дайынсыңдар ма?




3.Негізгі қимыл қозғалыс

жаттығулары

1. « Сегізаяқ»

Гимнастикалық ұзын орындық үстіне отырып (екі аяқ екі жақ

та )жылжып өту.

2.«Пингвиндер»

Гимнастикалық орындық үстімен оң жақ қырымен адымдап жүру.Мұздардан секіріп өту.Бір, бір доптан алып,тізелеріне қысып ұстау, алға жүру




3.«Теңіз мысықтары»

Шеңберге ,тізерлеп ,тізе үстіне тұру. Бір- бірінің қолдарынан ұстап, тіземен оңға, солға адымдау.


-Жарайсыңдар!

4.Қимылдық ойын: «Шағалалар»

Шарты: Балалар қолдарын екі жаққа жая, ұшып жүрген шағала кейіпіне енеді. Педагогтың «жел соқты, теңіз ашуланды» белгісіне, балалар топталып бір жерге қимылдамай жинала тұрып немесе отып қалады. Педагог «теңіз тынышталды» белгісіне қайтадан қолдарын екі жаққа жая шашырап баяу жүгіреді. Ойын 2-3 рет ойналады.

Шеңберде тұрып, бір –бірінің иықтарынан ұстап, теңселеді.

«Балдырлар» жаттығуы



«Дельфин»жаттығуы


«Жұлдыздар» жаттығуы



«Кірпілер» жаттығуы

Балалар жалпы дамыту жаттығуын педагогпен бірге қызыға орындайды.

-Дайынбыз!

Жаттығуды бірге орындайды.


«Сегізаяқ» жаттығуы


«Пингвин» жаттығуы

Негізгі қимыл- қозғалысжаттығула-

рын педагогтың көрсетуі бойынша орындайды.



«Шағала» ой


ыны

Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Рефлексивті түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін балалармен бірге пысықтау. Балаларды мақтау, мадақтау. Балаларға қуанышты хабарлама тарату.

Қонақтармен үш тілде қоштасу.




Педагогтың сұрақтарына жауап береді.

Жақсы көңіл күйде қонақтармен қоштасады.



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Нені білді: Теңіз түбінде де тіршіліктің бар екенін. Түрлі балықтар мен, жануарлар және жәндіктермен,өсімдіктердің өмір сүретінін білді.

Нені меңгерді: Олардың қимыл-қозғалыстарын салуды меңгерді.

Нені үйренді: Ойын шарттарын,жаңа сөздердің ағылшынша атауын үйренді.
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет