Семинар «Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы»



жүктеу 65.83 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі65.83 Kb.
түріСеминар

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы»

тақырыбында мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арасында ұйымдастырылған ақпараттық семинар



« Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы» атты ақпараттық семинар

Құрметті ана тілінің көрігін соғып жүрген семинар қонақтары мұғалімдер, оқытушылар, студенттер!. Бүгінгі өткізгелі отырған "Мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы" атты шарамызға қош келдіңіздер. Бұл шараның мақсаты - қазақ фольклорына арналған көп томдық «Бабалар сөзі» жинағымен кеңірек таныстыру, болашақта жүргізілетін жұмыстарды межелеу, бірегей ұлттық құндылықты ұлықтау, оны зерделеу.

Елбасы бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 жыл ішінде 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» - руханиятымыздың темірқазығы, мұхиттай терең, ұшы-қиыры жоқ әдебиетіміздің алтын арқауының жарық көруі « Қазақ халқының бүгіні мен болашағына жасалып отырған зор қадамдардың бірі», – деп мемлекет басшысының өзі көрсеткеніндей, ұлттық руханияттың баға жетпес, құнды қазынасы – ел мәдениеті ғана емес, күллі жер жүзі мәдениетіндегі теңдессіз тарихи оқиға болды. Жер бетінде 6000 –ға жуық тіл бар десек, бірде-бір ұлттың ауыз әдебиеті осыншалықты деңгейде жарық көрмепті. Дүние дидарында фольклоры 100 томды құрайтын басқа ұлт бар болса бар да шығар, бірақ фольклорын 100 томға жинап, бастырып шығарған әлемдегі жалғыз ұлт қазақ екені анық. Жалпы орыс фольклоры 25 томға жоспарланған, бірақ әлі басылған жоқ. Ресей ғылым академиясы барлық Сібір халықтарының фольклорын 1980 жылдардан бастап шығара бастады, қазір 70 шақты томы жарық көрді. Ал біздікі бір халықтың қазынасы. Оны аз уақыттың ішінде, 10 жыл көлемінде ғылыми негізінде, бір үлгімен, бір пішінмен, көркем дизайнмен жариялап үлгерді. Сөйтіп, халқымыздың фольклорлық мұрасын қаншалықты бай, қаншалықты алуан түрлі екенін паш етіп отыр.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылған бұл іргелі еңбекті дайындаған – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Оның директоры, фольклортанушы, академик Сейіт Қасқабасов бастаған фольклоршылар, әдебиетші ғалымдар, институт мамандары, сондай-ақ белгілі баспагерлер қатысты.

Жинақталып жүйеленген, жанрлары анықталып қалыпқа түскен көп томдық ғылыми басылымды Н. Исабеков басқаратын «Фолиант» баспасының ұжымы сәтті атқарып шықты. Қалай дегенде де елдің елдігін ұлттың ұлтттығын танытатын басты белгі-өзінің төл мәдениеті соның ішінде тілі . "Бабалар сөзі"сериясы-біздің ұлттық мақтанышымыз. Бұл қай жағынан қарасаң да, әлемдік деңгейдегі теңдессіз жоба.

Кеңес өкіметі тұсында, діни дастандар, мифтер, магиялық фольклор, ырымдар мен тыйымдар, түс жору, тарихи аңыз хикаят сияқтылар атымен жоқ болатын. Олардың басым көпшілігі жабулы жатқан. 100 томға Қытайда тұратын қазақтардың ауыз әдебиеті 10 том болып, Моңғолияны мекен еткен қандастарымыздың фольклорына

1 том берілген. «Бабалар сөзіндегі» :діни дастандар-7 том, хикаялық дастандар-13 том, ғашықтық дастандар-8 том, батырлар жыры-20 том, тарихи жырлар-13 том, ертегілер-5 том. Бұлар ірі жанрлар.Ал шағын жанрлардың әрқайсысы 1-3 томнан тұрады. Жалпы пайызға салсақ, 100 томдықтың 75-80 пайызға жуығы тұңғыш рет жарияланып халыққа ұсынылып отыр деуге болады. Енген ауыз әдебиеті үлгілерінің бір ерекшелігі Қазақ төңкерісіне дейін араб әрпімен басылып шыққаны, ал көпшілігі араб, латын әрпімен қолжазба күйінде болғаны, сондықтан шығаушылар оларға стильдік, грамматикалық тұрғыдан еш өзгеріс енгізбей, қазіргі жазуымызға түсірген, -дейді шығарушылар.

Кафедра оқытушылары «Бабалар сөзі» сериясын зерделеуді қолға алып, оны өткен жылғы фольклорлық практиканың жұмыс жоспарына енгізіп, қазақ әдебиеті сабағы мен сыныптан тыс жұмыстармен байланыстырып, оның өн бойына тереңірек бойлауды мақсат етті. 100 томға берілген сипатта мен түсіндірмелермен бірге , көптомдық туралы берілген бағалар мен оны шығарушылардың сұхбаттарын, Астана, Семей, Сыр өңірінде, Ақтөбе қалаларында ұйымдастырылған таныстырылымдарды оқып талдап, болашақ ұрпақ бойына сіңіріп, мақтаныш сезімін орнатуды, бірлесе жұмыстануды қолға алу оқытушылар серияны жанрлық жағынан бөліп, қарастыруды қалады. Енді сөзді оқытушыларға ұсынамыз. Кафедра оқытушысы А.Ж.Темірешева 1-32-том аралығын таныстырады.

«Бабалар сөзі» топтамасының келесі бір бөлігі 33-38 том «Батырлар жыры» , 39-52- том «Көне эпостар», 53,54,55-том «Ғашықтық эпостар», 56-63-том. «Тарихи жырларға» арналған. 33-34 –том , яғни, екі том «Алпамыс батырына» арналған, жырдан үзіндіні 2пҚМҚ тобының студенті Таменова.Ақжарқын , 35-38- томдарда «Қобыланды батыр» жырының нұсқалары берілген, жырдан үзіндіні Байболатов Самат айтады. 39-52- том «Көне эпосқа», 39-томда «Едіге батыр» жырының Ш.Уәлихановтың 1905 жылы Санкт-Петербургте, Ә.Диваевтың 1928 жылы Ташкентте бастырып шығарған нұсқалары да енген. 53-том «Қыз Жібек» эпосының Жүсіпбек қожа, Шеге мен Қарлыға ақын нұсқаларын қосқанда 15 нұсқасы енгізілген. 54-томда «Қозы Көрпеш Баян сұлу» эпосының 7 нұсқасы, 55-томда «Қозы Көрпеш Баян сұлу» эпосының 5 нұсқасы берілген. 56-63-том «Тарихи жырлар» .

Ата-бабамыз баласының дүниетанымын қалыптастыруда жұмбақтардың мәнін түсінген, оларды институттың қолжазба бөлімінің ғалымдары мен қызметкерлері тірнектеп жиып, қара сөз жұмбақтар, жұмбақ өлеңдер және жұмбақ айтыстар бөліп енгізген, бұл 64-том «Жұмбақтарды» құрайды.

65-69-томдар аралығы Сөз мәйегі мақал-мәтелдерге арналады. Қазақ фольклорын жинастырушылар Л.Будагов, П.Мелиоранский, Ә.Диваев бастырған кітаптардан алынып, профессор Ә.Құрышжанов құрастырған «Сөз атасы» жинағында қамтылған , сондай-ақ Қытайда тұратын қазақтар арасында жиналған мақал-мәтелдер алынған. Ақын М.Мақатаев «Қасиетіңнен айналдым қара өлеңім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дегеніндей, 70-71-том. .Қара өлеңге арналған.

72-том «Балалар фольклорының» «Бөбектерге арналған өлеңдер», «Сәбилік салт жырлары», «Уаиу, алдарқату жырлары», «Маусымдық жырлар», «Өтірік өлеңдер, «Мазақтама», «Ойын фольклоры», «Мақал-мәтелдер», «Жаңылтпаштар», «Жұмбақтар» балаларға арналған прозалық фоьклор сияқты жанрлық түрлері енгізілген.

73-77 томдар ертегілерге арналған. Әр томы қазақ ертегілік эпосының ең көне түрі хайуанаттар туралы ертегілер, қиял ғажайып ертегілер, батырлық ертегілерге топтап, соңғы сатиралық ертегілер тұңғыш рет жарияланып отыр. Бұл турасында кафедра оқытушысы Құрманғалиева Баян Берікқызы баяндайды.

Қазақ мифтері жаратылысты танып білуге, табиғаттың бір құбылысының пайда болуын түсіндіретін немесе жер-су, аң-құстардың шығу тегін, әйтпесе басқа бір сырын ашуына байланысты мифтер бірнеше түрге бөлініп, өлі мен тірі табиғаттың пайда болғанын түсіндіретін мұндай мифтер этиологиялық (себептік) деп аталады. Этиологиялық мифте белгілі бір жануардыңне себепті мұндай екені, оның қалайша жануар болғаны баяндалады. Мұндай мифтерде толық құбылушылық әңгіме болып отырған аң мен адам арасындағы кейбір кездесетін ұқсастықтарға негізделеді: сыртқы түр, мінез-құлық ұқсастығы. Бұл мифтерде адам өзін табиғаттан, жануардан бөлек екенін біледі және адамның жануарға айналуын бұрынғыдай заңды болып қабылданбайды. Адамның хайуанға тағы басқа нәрсеге ауысуы бір себеппен байланыстырылады. Соның бірі адам кінәлы,немесе кінәлы болып , жаза ретінде аңға айналады. Жазаның бұл түрі ежелгі адамның магиялық сеніміне, яғни сөздің құдыретіне сенушілікке негізделген. Д.Досжанов баяндауындағы «Келіншектау» деп аталатын шыңға байланысты Қаратаудың терістігінде тұратын қазақтар арасында айтылатын өте көне миф берілген.



Келесі 78-90-томдар не жайында екені туралы оқытушы А.А.Жолдасова айтады.

80-89-томдар аралығы Топонимдік аңыздар өмірде болған елеулі оқиғалар мен ертеректе өмір сүрген көрнекті адамдар мен белгілі бір жер-су , мекен жайлы баяндайды. Аңызда айтылатын хабар, оқиға еш күмән туғызбайды, өйткені оның түп негізі-тарихи шындық .

Кеңес өкіметі тұсында магиялық фольклор, ырымдар мен тыйымдар, түс жору, тарихи аңыз хикаят сияқтылар атымен жоқ болатын. Олардың басым көпшілігі жабулы жатқан болатын. Сол мұра ертеден институт қызметкерлері жинақтап, керек кезінде қажетке жарата алған. Халықтың сөзі деген нәрсе немқұрайлы қарамаған ғылым жолында жанкешті тірлік ететін жандардың қолынан ғана келетін іс. Сөз құдыреті арқылы сыртқы күштерге қарсы тұру арқылы болмыстан тысқары күшке сенудің бір түрі, бірақ діни сенімдерден айырмашылығы белгілі бір ғұрыптарды орындау арқылы жанды-жансыз заттарға, құбылысқа адамның өз күшімен –ақ тікелей әсер етуге болады деп ойлап, кейде түсініксіз сөздермен де берілген.

Көптомдықтың келесі 91-100- томдары туралы толық мәліметті оқытушы

Қосбаева К.Қ баяндайды.

Мынандай мәліметтерге назар аударсақ, атқарылған жұмыстың ауқымына тіпті қайран қаласыз.Жүз томда ұзын саны басы бүтін 594 ірі шығарма қамтылыпты, оның сыртында аңыз-әпсаналар, мифтер,қара өлеңдер, лирикалық өлеңдер, өтірік өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, айтыстар, шешендік сөздер, бата-тілектер, тыйым сөздер,т.б қаншама?? Әрбір томның көлемі орташа алғанда 400 беттен. Серияның жалпы көлемі 2540 баспа табақ, әр баспа табақ 16 беттен есептелгенде мұнда шамамен 40640 бет бар екен.



«Бабалар сөзі» -төрткіл дүниеге тарап кеткен қазақ ұлтының ауыздан-ауызға көшіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұшан теңіз мол мұраны бір ізге түсіріп, жинақтаған баға жетпес асыл қазына. Қалай болғанда да әлем мәдениетінің тарихында бұрын-соңды болмаған тың жаңалық – қазақ халқының мәңгілік мұрасын жинақтаған «Бабалар сөзінің» 100 томдық басылымының жарық көруі. Ендігі міндет – жақсы дүниемізді көздің қарашығындай сақтап, оқушы мен студентке, қалың жұртшылыққа насихаттап, ұлтымыздың мәртебесін арттыру, сөз құдыретін сезіну, ұлттық сөз саптауын қалыптастыру .
Каталог: old -> images -> M images -> elektrondi korlar
elektrondi korlar -> Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты Ғылыми жоба Тақырыбы: «Мұқағали өлеңдеріндегі туған жер көріністері»
elektrondi korlar -> Тақырыбы: «Жыр жауһары» тақырыбындағы А. Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай кездесу кеші. Мақсаты
elektrondi korlar -> Сабақтың тақырыбы: Дене жаттығулары дене тәрбиесінің негізгі құралы
elektrondi korlar -> Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» тақырыбында жастарға арналған екі сөзі негізінде ұйымдастырылған ашық тәрбие сағаты
elektrondi korlar -> Бабалар сөзі-баға жетпес қазына атты шарамызға қош келдіңіздер. Бұл шараның мақсаты 100 томдық «Бабалар сөзін»
elektrondi korlar -> Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан тамырлар аурулары түрлеріне арналған емдік дене шынықтыру
elektrondi korlar -> Тәрбиелік шараның тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
elektrondi korlar -> Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойыншысының қорғаныстағы іс әрекеті Оқытушы: С. Т.Ғазизов Орал 2015ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет