Семинар (практикалық) сабақтарының мазмұны Оқытушы жетекшілігімен орындалатын



жүктеу 479.65 Kb.
бет1/2
Дата22.09.2017
өлшемі479.65 Kb.
түріСеминар
  1   2


Мазмұны:


  1. Мазмұны

  2. Глоссарий

  3. Дәріс сабақтарының мазмұны

  4. Семинар (практикалық) сабақтарының мазмұны

  5. Оқытушы жетекшілігімен орындалатын

студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

және оларды орындау кестесі



  1. Студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

және оларды орындау кестесі

  1. Бақылау құралдары.


2.Глоссарий:
Агрессивтілік (қызбалық) – адамның басқа адамдарға, жануарларға және қоршаған өмірге қатынасында өшпенділік жағдайында көрінетін мінездің ерекшеліктері.Агрессивтілік әрекеттер моральдық және заңды сипаттармен түсіндірілмейтін, ешқандай обьективті себептерсіз туындайтын өшпенділік, көбінесе өзін қорғау немесе басқа адамдарды қорғауда қажеттілікке айналады.

Ақыл – ой дамуының деңгейі – білімдер мен біліктердің және оларды игеру кезінде қалыптасқан ақыл –ой әрекеттерінің жиынтығы, оларды ойлау процесінде белгілі бір көлемде жаңа білімдер мен біліктердің игерілуін қамтамасыз ету үшін еркін қолдана білу. Нақты бар ақыл –ой дамуның деңгейі -индивидтің танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерінің күйі, ол туралы ақпарат не ұзақ уақыт психологиялық –педагогикалық бақылаулар арқылы, не арнаулы әдістемелермен диагностикалық сынақтар жүргізу арқылы алынуы мүмкін.

АССОЦИАЦИЯ –1. Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылыстардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әр түрлі іс-әрекеттері арқылы бір –бірімен қарым –қатынас жасайтын тобы.

АФФЕКТ –«жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі ( сезімі мен эмоциясы). Мәселен, қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффекттік жағдайлар.

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС – генетика –шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Бұл- психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін, қазіргі кезде психологияда кең түрде қолданылатын зерттеу әдісі.

ДАҒДЫ- сансыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.

ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП - шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе организм тіршілігі үшін өте маңызды және ол дағдыны қалыптастырудың физиологиялық негізі.

ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИПІ – жүйке жүйесінің комплексті түрдегі тұрақты қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді. Ондай қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс- әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.


ИНСТИНКТ (соқыр сезім) –1. Организмде туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы. 2. Туа пайда болатын импульстардың әсерлерге жауабы, қимыл- қозғалыс арқылы әр түрлі тітіркендіргіштерге бейімделуі.

ИНТРОВЕРТ ПЕН ЭКСТРАВЕРТ – Кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұлар экстраверттер.

Қажеттілік – адам мен хайуанаттардың өмір сүруі мен тіршілік етуі қажеттілікті қанағаттандырудағы белсенді іс - әрекеті мен қимыл – қозғалыс жасауына байланысты. Бұл – организмнің ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.

Қозғыштық - әсерленгіштік. Сезімнің тез тозып, тез әсерленуі.

Қайта тәрбиелеу (Перевоспитание) –баланың қоғам нормалары мен талаптарына сай қайшы келетін кейбір теріс пиғылдары және жат қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі; жалпы тәрбие процесінің бір бөлігі қайта тәрбиелеу тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеті ретінде ұйымдастырылады. Қайта тәрбиелеудің негізгі мақсаты –жеке адамды жөнге салу. Тәрбие процесінің барысында түрлі себептермен кейде педагогикалық мақсат толығымен орындалмайды (ортаның теріс ықпалы, ата –ананың, педагогтардың қателігі, тәрбие жұмысының нашарлығы). Осыған байланысты жасөспірімдердің тәртібінде кейде нормадан ауытқулар байқалады.

Мотивация- өмірге қажетті мақсаттарды туғызатын,қажеттіліктерді туғызатын,қажеттілікті қанағаттандыруға бағыттайтын қылықтардың барлық факторлары, механизмдері және үрдістерінің жиынтығы.

Мінез –құлық мәдениеті (Культура поведения) –адамшылық қарым –қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынас құра білу. Адамның жүріс –тұрыс, іс -әрекетінің жиынтық көрінісі мінез –құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез –құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол –адамның қоғамдағы мінез –құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады.


Ойлау (Мышление) –ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып –білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен байланысты.

Педагогикалық консилиум (Педагогический консилиум) –оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табы мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.

Психика дамуының қозғаушы күші – психиканың мән – жайы мен деңгейін, бағытын дамытуға ықпал етіп отыратын сыртқы және ішкі факторлар мен жағдайлардың жиынтығы.Мұндай жағдай адамның жеке басының дамып жетілуінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен нақты болмыстар арасындағы қайшылықтарды реттеу мәселесі болып табылады.

Психотерапия – психология мен медицина біріккен, адамға әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы.Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды.

Проблемалық ситуация – күнделікті өмірде және арнайы тәжірибелік зерттеуде белгілі бір түйінді мәселені шешуде адамның ақыл – ой белсенділігі талап етілетін жағдай. Ал тәжірибе арқылы сыналған жәндіктер мен хайуанаттар белгілі бір жәйтке бейімделіп, оның шешімін табуға әрекеттенеді.Мысалы, маймыл іліп қойған алманы құрал қолданып жейді.

Сана – психиканың тек адамға тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі. Болмыс пен шындықтың бейнесін адам тіл арқылы, сөйлеу арқылы бейленеп, оның мән – жайын танып біледі.

Тәрбие психологиясы (Психология воспитания) –балалар ұжымының, баланың іс -әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайында жеке адамның дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Тұлғаның мотивациялық саласының мазмұны, оның бағыттылығын, құндылық бағдарлануын, сондай –ақ әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалардың өзіндік сана сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымы мен бозбалалар ұжымының құрылымын, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы ролін, психикалық депривацияның жағдайы мен салдарын зерттейді.

Тест- сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерешеліктері иен қабілетін, ақыл – ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Тест (сынақ) әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытлады. Қазіргі кезде тест әдісі кеңінен қолданып отыр.

Темперамент – жоғары жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Темперамент адам мінезінің табиғи негізін анықтнйды. Жоғары жүйке қызмет типтерінің күшіне, тендегіне (қозу мен тежелу) және ауысу ерекшеліктеріне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады. Олар: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Темпераменттердің түрлері жоғары жүйке қызметінің типтеріне негізделгенімен, олар адамның тіршілік бейнесі мен әлеуметтік жағдайына орай өзгеріп, жаңа қасиет – сипаттарға ие болады. Темпераменттік ерекшкліктері адамда туа пайда болатын қасиет, ал мінез-құлық сипаттары өмірде жүре тұра қалыптасады.

Тренинг- әлеуметтік –психологиялық оқытудың белсенді әдістерінің бірі.Топтық әсер ету арқылы тұлғаның жеке жақтарын дамытуды көздейді.

Тұлға (Личность) –1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмрінің дара нысаны. Тұлға әлеметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Ал тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен -өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды ролын тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді.

Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.



Эмпатия- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл- адамның өзге адамның психикалық жай - күйін өз басына кешіргендей халде болуы.

3.Дәріс сабақтарының тақырыптары және мазмұны
Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:

Әр бір тақырыпты қарастыру барысында толық құнды, жүйелі білім беру.

Тақырыптың фундаментальды негізін, қазіргі кездің мәселелерін түсінуге көмектесу, зерттелінетін тақырыптардың теориялық және қолданбалы тұжырымдамалары бойынша өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.

Әр жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, әр түрлі авторлардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін және ғылыми мектептердің жақсы жақтарымен кемшіліктерін бағалай алуға үйрету.

Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету. Ғылыми-материалистік дүниетанымын қалыптастыру.


Патопсихология пәніне кіріспе

Жоспары:

  1. Патопсихология психология ғылымының ерекше саласы.

  2. Патопсихология пәніне кіріспе түсінігі, зерттеу объектісі.

  3. Патопсихология пәнінің мақсаты және міндеттері.

  4. «Қалыпты жағдай» - «патопсихология» ұғымдары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Патопсихологияның даму тарихы

Жоспары:

  1. Патопсихологияның дамуы.

  2. Патопсихологияның Ресейде және Қазақстанда дамуы.

  3. Патопсихология ғылымының қазіргі мәселелері.

  4. Патопсихологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.



Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі

Жоспары:

  1. Психикалық аурулардың пайда болуының экзогендік себептері:

  • Инфекциялар;

  • Уланулар;

  • Механикалық зақымданулар;

  • Психикалық зақымданулар.

  1. Психикалық аурулардың пайда болуының эндогендік себептері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы

Жоспары:

  1. Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы:

  • Гиперестезия және гипостезия;

  • Анестезия;

  • Сенестопатиялар.

  1. Сағымдар мен елестетушілік түрлері.

  2. Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Сананың бұзылуы

Жоспары:

  1. Сана бұзылуының жалпы белгілері.

  2. Сана бұзылуының түрлері:

    1. Есеңгіреу;

    2. Сопор, кома;

  1. Делириозды және онейродты сананың бұзылулары;

  2. Аменция- сана бұзылуының ауыр түрі.

  3. Қарауытқан сананың бұзылуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.: Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.
Ес және оның бұзылуы

Жоспары:

  1. Ес түсінігі, естің физиологиялық механизмі.

  2. Гипомнезия мен гипермнезия.

  3. Амнезия мен парамнезия түрлері.

  4. Криптомнезия.

  5. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.: Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Ойлаудың бұзылуы

Жоспары:

  1. Сандырақ ойлардың топтары.

    • Соңына түсу сандырағы;

    • Қарым-қатынас сандырағы;

    • Ерекше маңызды сандырақ:

    • Уландыру сандырақ ойлар:

    • Әрекет сандырағы;

    • Кінәлау сандырағы т.б.

  1. Жүйеленген және жүйеленбеген сандырақтар.

  2. Жабысқақ ойлар.

  3. Балалар мен жасөспірімдер ойлауының бұзылуы.

  4. Паронойялдық сандырақтар.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Эмоцияның бұзылуы

Жоспары:

  1. Эмоция түрлері.

  2. Эмоциялардың патологиясы:

    • Дистимия;

    • Гипотимия;

    • Эйфория:

    • Дисфория;

    • Эмоционалдық селқостық;

    • Аффект түрлері.

3. Балалар мен жасөспірімдердегі аффект бұзылуының ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Қозғалыстың бұзылуы

Жоспары:

  1. И.М.Сеченов бойынша қозғалыстардың топтары.

  2. Ступор жағдайы.

  3. Апатико-адинамикалық жағдай.

  4. Эхолалиялар мен эхопраксия.

  5. Каталепсия құбылысы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Маниакальді-депрессивті психоз

Жоспары:

  1. Клиникалық көрінісі.

  2. Депрессивті кезеңі.

  3. Маниакальді кезеңі.

  4. Шығу тегі мен патогенезі.

  5. Маниакальді-депрессивті психозды емдеу.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Қояншық ауруының (эпилепсия) клиникалық формалары.

Жоспары:

  1. Қояншық ауруының түрлері, көрсеткіштері.

  2. Құрысудың клиникасы.

  3. Абсанс жағдайы.

  4. Кішкене тырысулардың балалардағы ерекшеліктері.

  5. Қояншық ауруындағы жіті психикалық бұзылулар.

  6. Сананың қарауытып бұзылуы.

  7. Аурудың ағымы.

  8. Қояншық ауруының шығу тегі мен патогенезі

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Шизофрения ауруының клиникалық-

психологиялық ерекшелігі.

Жоспары:

  1. Шизофрения ауруының белгілері мен ағымы.

  2. Шизофрения ауруының түрлері.

  3. Балалар шизофрениясы.

  4. Емдеу және реабилитациялау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Инстинкт немесе әуестіктің бұзылуы.

Жоспары:

  1. Инстикт түрлері, сипаты.

  2. Тағамдық инстинкттің бұзылуы.

  3. Өзін сақтау инстинктінің бұзылуы.

  4. Балалардағы әуестіктің бұзылуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Невроз. Невроздың дамуы.

Жоспары:

  1. Невроз ауруының пайда болу себептері.

  2. Невроз ауруының түрлері.

  3. Балалық шақтағы невроз ауруы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Кәрілікке байланысты бұзылулар.

Жоспары:


  1. Қартаюға байланысты ақыл-ойдың төмендеуі.

  2. Қартаюға байланысты ақыл-ойдың төмендеуі.

  3. Деменциялық- жүре пайда болатын ақыл-ой кемістігі.

  4. Алкоголизмнің ықпалы.

Әдебиеттер тізімі:

    1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

    2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

    3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Бассүйек пен ми зақымдануындағы

психикалық бұзылулар.

Жоспары:


  1. Бассүйек пен ми зақымдануының дәрежелері.

  2. Зақымдану церебрастениясындағы ауру адамның күйі.

  3. Зақымдану деменциясының дамуы.

  4. Емдеу жолдары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Олигофренияның клиникалық формалары.

Жоспары:

  1. Туа пайда болған ақыл-ой кемістігінің этиологиясы.

  2. Олигофренияның негізгі клиникалық формалары.

  3. Дифференциалды диагностика.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Илешева Р.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Маскүнемдік.

Жоспары:


  1. Клиникалық түрде мас болудың кезеңдері.

  2. Патологиялық мастықтың ағымы.

  3. Жедел ағымды мастықтың диагнозы.

  4. Маскүнем психоздар.

  5. Маскүнемдіктің клиникасы.Жасөспірімдер маскүнемдігі.Аурудың шығу тегі мен патогенезі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Илешева Р.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Балалар аутизмі.

Жоспары:

  1. Аутизм туралы жалпы түсінік.

  2. Балалар аутизмінің негізгі себептері.

  3. Балалар аутизмінің даму ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Илешева Р.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және жоспары
Семинар (тәжірибелік) сабақтардың мақсаты және міндеттері:
Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.

Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.

Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық тұжырымдамаларды нақтылау.

Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту.


Психологиялық ауруларды зерттеу тәсілдері.

Жоспары:

Патопсихологиялық зерттеудің принциптері мен міндеттеріндегі ерекшеліктер.

Ғылыми зерттеу әдістері.

Ғылыми патопсихологиялық зерттеулердің міндеттері мен принциптері.



Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы

Жоспары:

  1. Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы:

  • Гиперестезия және гипостезия;

  • Анестезия;

  • Сенестопатиялар.

  1. Сағымдар мен елестетушілік түрлері.

  2. Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері.

Әдебиеттер тізімі:

ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Сананың бұзылуы

Жоспары:

  1. Сана бұзылуының жалпы белгілері.

  2. Сана бұзылуының түрлері:

    1. Есеңгіреу;

    2. Сопор, кома;

  1. Делириозды және онейродты сананың бұзылулары;

  2. Аменция- сана бұзылуының ауыр түрі.

  3. Қарауытқан сананың бұзылуы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.: Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Ойлаудың бұзылуы

Жоспары:

  1. Сандырақ ойлардың топтары.

  • Соңына түсу сандырағы;

  • Қарым-қатынас сандырағы;

  • Ерекше маңызды сандырақ:

  • Уландыру сандырақ ойлар:

  • Әрекет сандырағы;

  • Кінәлау сандырағы т.б.

  1. Жүйеленген және жүйеленбеген сандырақтар.

  2. Жабысқақ ойлар.

  3. Балалар мен жасөспірімдер ойлауының бұзылуы.

  4. Паронойялдық сандырақтар.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Сөйлеу процесінің ауытқушылық синдромы

Жоспары:

  1. Сөйлеудің бұзылуы.

  2. Ауызша (ауызекі) және жазбаша сөйлеудің бұзылуы.

  3. Тіл кемістіктерін топтастыру.

  4. Тіл кемістіктерін түзету жұмыстары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Қояншық ауруының (эпилепсия) клиникалық формалары.

Жоспары:

  1. Қояншық ауруының түрлері, көрсеткіштері.

  2. Құрысудың клиникасы.

  3. Абсанс жағдайы.

  4. Кішкене тырысулардың балалардағы ерекшеліктері.

  5. Қояншық ауруындағы жіті психикалық бұзылулар.

  6. Сананың қарауытып бұзылуы.

  7. Аурудың ағымы.

  8. Қояншық ауруының шығу тегі мен патогенезі

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Шизофрения ауруының клиникалық-

психологиялық ерекшелігі.

Жоспары:

  1. Шизофрения ауруының белгілері мен ағымы.

  2. Шизофрения ауруының түрлері.

  3. Балалар шизофрениясы.

  4. Емдеу және реабилитациялау.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Невроз. Невроздың дамуы.

Жоспары:

  1. Невроз ауруының пайда болу себептері.

  2. Невроз ауруының түрлері.

  3. Балалық шақтағы невроз ауруы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Кәрілікке байланысты бұзылулар.

Жоспары:


  1. Қартаюға байланысты ақыл-ойдың төмендеуі.

  2. Қартаюға байланысты ақыл-ойдың төмендеуі.

  3. Деменциялық- жүре пайда болатын ақыл-ой кемістігі.

  4. Алкоголизмнің ықпалы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Психопатия.

Жоспары:

  1. Психопатия түсінігі.

  2. Психопатия типтері.

  3. Психопатияларды емдеу жолдары.

  4. Психопатиялардың алдын-алу шаралары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Психогенді психикалық ауытқушылықтар.

Жоспары:

  1. Психогенді аурулар туралы жалпы түсінік.

  2. Психогенді аурулардың түрлері:

    • Реактивті психоздар;

    • Невроздар.

  1. Реактивті психоздардың түрлері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Психотерапия.

Жоспары:

  1. Психотерапия туралы түсінік.

  2. Психотерапияның принциптері.

  3. Жалпы психотерапия әдістері.

  4. Аутогендік жаттығулар.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Жұқпалы аурулардағы психоздар.

Жоспары:

  1. Жұқпалы психоздардың клиникалық көріністері.

  2. Жұқпалы аурулардан кейінгі сананың бұзылуы.

  3. Емдеу жолдары.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Нашақорлық клиникасы.

Жоспары:

  1. Нашақорлық клиникасы.

  2. Профилактика және емдеу жолдары.

  3. Бассүйек пен ми зақымданудағы психикалық бұзылулар.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.


Маскүнемдік.

Жоспары:


  1. Клиникалық түрде мас болудың кезеңдері.

  2. Патологиялық мастықтың ағымы.

  3. Жедел ағымды мастықтың диагнозы.

  4. Маскүнем психоздар.

  5. Маскүнемдіктің клиникасы.Жасөспірімдер маскүнемдігі.Аурудың шығу тегі мен патогенезі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ИлешеваР.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

  2. Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

  3. Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.



Оқытушы жетекшілігімен орындалатын

студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

Берілген тақырыпты конспектілеу:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы орамда тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі ?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеу жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп кеңес алған абзал.

  • Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  1. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  2. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  3. Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен реферат тақырыбымен, негізгі ойымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилығы, тереңділігі талқыланады.

Жұмыстың мұндай формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау- шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылап, қорытындысын шығару- маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің бұлдыр тұстарын анықтап, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.

Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмасы және орындау кестесі (ОСӨЖ)




ОСӨЖ тақырыптары және мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Орындалу уақыты

1

Патопсихология пәні бойынша картотека әзірлеу


-//-

картотека

1- апта

2

Патопсихология ғылымы


Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

3- апта

3

Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы

Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

4-апта

4

Сананың бұзылуы

Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

5-апта

5

Ес және оның бұзылуы

Барлық негізгі әдебиеттер

Реферат

6-апта


6

Ойлаудың бұзылуы


Барлық негізгі әдебиеттер

Глоссарий

7- апта

7

Сөйлеу процесінің ауытқушылық синдромы

Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

8-апта

8

Эмоцияның бұзылуы. Эмоция және оның патологиялық өзгерістері

Барлық негізгі әдебиеттер

Өздігінен зерттеу жүргізу (жазбаша)

9-апта

9

Қозғалыстың бұзылуы

Барлық негізгі әдебиеттер

Реферат

10-апта

10

Маниакальды-депрессивті психоз

Барлық негізгі әдебиеттер

Реферат

11-апта

11

Қояншық ауруының клиникалық формалары

Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

12-апта

12

Шизофрения ауруының клиникалық-психологиялық ерекшелігі

Барлық негізгі әдебиеттер

Жазбаша

14-апта

13

Инстинкт немесе әуестіктің бұзылуы.

Барлық негізгі әдебиеттер

Реферат

15-апта


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, аннотация жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.

Қойылатын талаптар:


  1. СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірілмей , уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;

  2. СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге , яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды , сол себепті балл төмендетіледі);

  3. СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларды ескеруге тиіс;

СӨЖ берілген нұсқау (дәптерде, А4 форматты қағазда және т.б.) бойынша өзгертуге тиіс.
Патопсихология пәнінен студенттердің өздік жұмыс тапсырмалары




Тапсырманың мазмұны

Дайын-далу

түрі


Көлемі, орындалу шарты

Бақылау формасы

Өткізу уақыты

1

2

3


4

5

6



7
8

9


10

11


12

Патопсихология пәні.

Патопсихологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар.


Патопсихология дамуының қысқаша тарихы. Қазақстандағы патопсихологияның даму тарихы.
Психикалық дамудың бұзылуы

Ауру адамдардың психологиясын зерттеу әдістері.


Психиканың қалыпты жағдайда дамуы мен патологиясы. Психиканың дамуын анықтайтын факторлар.


Психикалық дамудың артта қалуы. Психикалық ауытқушылықтың түрлері.

Психикалық уақытша дамудың тоқталуы. Органикалық деменцияның ойлау қабілетінің бүзылуына әсері.


Психика дамуындағы дисгормониялық ауытқулар. Резидуалды органикалық мидың кемістігі.

Психопатологиялық симптомдар. Ойлаудың бұзылуы

Психикалық аурулар. Қояншық ауруы.

Психопатологиялық симптомдар. Психопатия.

Психопатологиялық синдромдар. Сандырақтың әртүрлі синдромдары.
Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі Сыртқы және ішкі себептерді ашу.

Жазбаша

5-6 бет,

талдау жасау, мазмұнын толықтай ашу




Конспект тексеру, әңгімелесу; Баяндама, ауызша сұрау;

Реферат, ауызша сұрау


1 апта

2 апта


3 апта

4 апта


5 апта

6 апта


7 апта

8 апта

9 апта

10 апта



11 апта

13 апта


14 апта


«Патопсихология» пәнінен оқу- әдістемелік әдебиетпен қамтылу картасы




Әдебиет пен оқу- әдістеме аттары

Кітап саны

1

2

3




Негізгі әдебиеттер




1

Блейхер В.М. «Словарь психиатриатических терминов» Воронеж, «Модэк» 1995г.


1

2

Илешева Р.Г. «Психиатрия»-А.:Білім,1995

1

3

Зейгарник Б.В. «Патопсихология» МГУ, 1976.

1

4

Блейхер. В.И. «Клиническая психология», Ташкент, 1976.

2

5

Гарбузов В.И.. Захаров А.И., Исаев Д.Н. Неврозы у детей и их лечение.Л., 1977г.


1




Қосымша әдебиет




1

М.И.Буянов Беседы о детской психиатрии. М.Просвещение.1982г.


1

2

Рубинштейн С.Я. Психология умственного отсталого школьника.

М. «Просвещение» 1986.




1

3

Забрамная С.Д. «Психопедагогическая диагностика умственного развития детей», М. Просвещение, 1995г.

1

4

Акбарова Н.А. Нейропсихологический анализ нарушения памяти при черепно- мозговой травме. Канд.дис.М., 1971г.


1


СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

  1. Студенттердің оқу үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы жүргізіледі. Бағалау- бұл студенттің дербестігін, жауапкершілігін, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, жинақтаған білім, іскерлік және дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады.

Студенттердің білімін бағалауда келесі жайттар ескеріледі:

  • - студент орындаған тапсырманың дұрыс және дұрыс емес жақтарын көрсету;

  • - бағалаудың әділ болуы;

  • - студент білімін бағалауда оның белсенділігін, белгіленген уақытта қойылған талаптарды ескеріп орындағанын ескеру;

  • - студенттің білімін тексеру және бағалауды өз уақытында жүргізу.

  1. Студенттердің семинар және практикалық сабақтардағы жұмысы 5 ұпайлық жүйемен бағаланады:

5 «өте жақсы» - студент оқу материалын жан-жақты, толық баяндайды. Тақырып бойынша негізгі түсініктер және анықтамаларды жақсы меңгерген. Теориялық білімін практикамен байланыстырып жеткізеді. Мысалдар, фактілер, аргументтер келтіреді. Сабаққа даярлануда көрсетілген әдебиеттер және қосымша әдебиеттерді де тиімді қолдана біледі.

4 «жақсы» - студент оқу материалын жақсы баяндай біледі. Негізгі түсініктер және анықтамалармен жұмыс істей біледі. Өздігінен жұмыс істеуге, қабілеттілігін көрсетуге талпынады. Бағдарламадағы тапсырмаларды нәтижелі орындайды. Әдебиеттермен жұмыс істей біледі.

3 «қанағаттанарлық» - студент тапсырманы орындайды, бірақ толық емес. Тапсырмаларды орындауда кемшіліктер кезігеді. Тек айтылғанды ғана орындаумен шектеледі. Бақылау қажет болады.

2 «қанағаттанарлықсыз» - студент оқу материалын жүйелі меңгермейді, өз жұмысына жауапкершілігі төмен. Бірнеше ескертуден кейін тапсырма орындалады. Көп қателіктер жібереді.



  1. ОЖСӨЖ және СӨЖ бағалау келесі үлгімен жүзеге асырылады:

Студенттің әр түрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауын рейтинг бойынша бағалау (әдебиетпен жұмыс, тапсырмаларды шешу, тестпен жұмыс, бақылау жұмысы, реферат және баяндама әзірлеу, дипломдық және курстық жұмыстар, оқу және педагогикалық практика тапсырмалары және т.б.)

Оқу семестрінің соңында ОЖСӨЖ,

СӨЖ орындау барысында жинаған ұпайлары қосылып, пайызбен

шығарылады, келесі формуламен анықталады:

АБ1+АБ2=% ОЖСӨЖ+СӨЖ+ % семинар

АБ1+АБ2- бірінші және екінші аралық бақылаудың бағасы.

Пәнді оқытуды аяқтау курс бойынша өткен барлық материалдарды толық қамтыған емтиханмен аяқталады. Студент емтиханға бағдарламада көрсетілген барлық талаптарды орындаған жағдайда ғана босатылады.

Пән бойынша қорытынды баға қою аралық бақылау жұмысының нәтижесінде жинаған ұпаймен есептеледі.

Қорытынды бағалау төмендегідей үлгімен жүргізіледі:

Аралық бақылау – 60% ,

Емтихан - 40% , Қорытынды - 100%.

Қорытынды баға мына формуламен анықталады:



Қэ = (АБ1 + АБ2 ) 12* 0,4 + Е * 0,6

Мұндағы:

Қэ – пайызға есептегендегі емтиханның қорытынды бағасы

АБ1- бірінші аралық бақылау пайызы

АБ2- екінші аралық бақылау пайызы

Е – емтиханда алған бағаның пайызы.

0,6 және 0,4 коэффициенттер

Сондықтан қорытынды баға дұрыс болуы үшін студенттің білімін аралық бақылауда (рейтинг) бағалау қажет және емтиханда пайызбен 0-ден 100%.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет