Семинар-сарамандық жұмыстар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат


Липидтердің жіктелуі, қасиеттері, қызметтері



жүктеу 0.63 Mb.
бет4/4
Дата24.07.2018
өлшемі0.63 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4

Липидтердің жіктелуі, қасиеттері, қызметтері


Липидтер – суда ерімейтін табиғи заттардың тобы. Адам, жануар, өсімдіктердің барлық клеткаларына кіреді. Липидтер организмнің негізгі энергияның қоры болып табылады. Клетка мембраналарының құрылыстық және рецепторлық компоненттері.

Химиялық құрамына байланысты үш классқа бөлінеді: жай липидтер (майлар, балауыздар), күрделі липидтер (фосфолипидтер, сфинголипидтер), стероидтар. Дәрісте липидтер класстарының негізгі өкілдерінің құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қызметтері қарастырылады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  • Жай липидтерге түсінік беріңіз

  • Май қышқылдарының жіктелуі, қасиеттері

  • Майлардың құрылысы, эфирлік байланыстар

  • Майлардың қасиеттері, жіктелуі

  • Фосфолипидтердің құрамы, құрылысы, негізгі өкілдері, қызметтері

  • Сфинголипидтердің құрамы, құрылысы, негізгі өкілдері, қызметтері

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Сеитов З.С. Биохимия. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – с. 200-239



  1. Комов В.П., Шведова В.Н. Биохимия. М.: Дрофа, 2004. – с. 284-316

  2. Ленинджер А. Биохимия. - М.: Мир, 1976. - 960 с.

  3. Ленинджер А. Основы биохимии: В 3-х т. - М.: Мир, 1985.

  4. Марри Р. и др. Биохимия человека: В 2-х т. -.М.: Мир, 2004. – с. 151-164

  5. Мецлер Д. Биохимия: В 3-х т.- М.: Мир, 1980.

  6. Страйер Л. Биохимия: В 3-х т.- М.: Мир, 1984.

  7. Уайт А., Хендлер Ф. и др. Основы биохимии: В 3-х т.- М.: Мир, 1981.

  8. Филиппович Ю.Б. Основы биохимии. - М.: Высшая школа, 1983. – с. 375-419


Тақырып: Биологиялық активті заттар

Дәрістің мақсаты:

Тірек сөздер: витаминдер, биологиялық активті заттар, антивитаминдер, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



Негізгі терминдердің (витаминдер, антивитаминдер, биологиялық активті заттар т.б.) анықтамасы. Витаминдердің ашылу тарихы

Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы. Адамның, жануарлардың, микроорганизмдердің қалыпты жағдайда тіршілік етуі үшін өте аз мөлшерде витаминдер керек. Ал егер витамин болмаса, не жеткіліксіз болса зат алмасу бұзылып қатты науқас басталады. Витаминдердің ауыстырылмайтын себебі, олардың құрылымы мен функционалды топтарының әсері.



Витаминдердің номенклатурасы. Витаминдердің жіктелуі

Витаминдерді үш номенклатура бойынша атайды: латин алфавитінің бас әріппен белгіленген, химиялық құрамына байланысты, медициналық.

Витаминдерді физико-химиялық қасиеттеріне байланысты екі топқа бөледі: майда еритін және суда еритін витаминдер.

Органикалық қышқылдар. Монокарбон қышқылдары, дикарбон қышқылдары, трикарбон қышқылдары. Органикалық қышқылдардың ролі

Органикалық қышқылдар өсімдіктің құрамында кең кездеседі. Оларды екі топқа боледі: ұшқыш және ұшқышемес. Органикалық қышқылдардың тыныс алу, фотосинтез процестерінде, липидтердің, көмірсулардың, аминқышқылдардың алмасуында, терпендердің синтезінде ролі манызды.



Фенолдық қосылыстар. С6-фенолдар, С61-фенол қышқылдары, С63-гидроксикорич қышқылдары мен кумариндер, С636-флавоноидтар. Фенолдық қосылыстарының синтезі, қызметтері

Фенолдардың қарапайым түрлерінен күрделі түрлерінің түзілуін қарастырсақ, оларды бес топқа бөлуге болады. Олардың айырмашылығы гидроксил топтарының саны және орналасу ретінде.

Флаваноидтар С636 типтес полифенолдардың ішінде өсімдік дүниесіне кең таралған топ. Флаваноидтарды флаван және флавондардың туындысы ретінде қарстыруға болады.

Гликозидтер. О-гликозидтер, S-гликозидтер, N-гликозидтер, C-гликозидтер. Гликозидтердің қызметтері.

Гликозидтер моносахаридтің гликозидтік гидроксилінің басқа молекуламен алмастыру кезінде түзіледі. Көмірсуға жатпайтын молекула бөлігін агликон деп атайды. Агликонның орнында спирттер, қышқылдар, фенолдық қосылыстар, аминдер болу мүмкін. Байланысқан атомға байланысты гликозидтер бірнеше топтарға болінеді: О-гликозидтер, S-гликозидтер, N-гликозидтер, C-гликозидтер.



Терпендер мен терпеноидтар. С5-изопрен, С10-, С15-терпендер және терпеноидтар. Хош иісті майлар. С20-, С25-, С30- терпендер және терпеноидтар. Политерпендер. Полипренолдар. Терпендер мен терпеноидтардың биосинтезі, қызметтері.

Терпендер – құрамындағы көміртек атомдырының саны беске еселі, қанықпаған көмірсутектер. Изопреннің туындысы ретінде қарастыруға болады. Терпеноидтар – оттекті терпендер. Терпендер мен терпеноидтарды құрамындағы С5- бірліктеріне қарай жіктейді.



Алкалоидтар. Нағыз алкалоидтар, протоалкалоидтар, псевдоалкалоидтар. Алкалоидтардың синтезі. Алкалоидтардың қызметтері

Алкалоидтардың көбі өсімдіктерден алынады және олардың негіздік қасиеттері бар. Нағыз алкалоидтардың құрамына кем дегенде бір азотты гетероцикл құрылымы болады. 5000 көп алкалоидтар табылған және олардың химиялық құрылымдары зерттелген.

Алкалоидтардың дәрілік биологиялық активтілігі бар.

Құрамында азотты гетероциклдері жоқ, бірақ жанама алифатикалық тізбегінде ғана азот атомы бар заттарды жай алкалоидтар немесе протоалкалоидтар деп атайды.

Атипикалды алкалоидтардың азотгетероциклдері бола тұрса да, сілтілік қасиеті жоқ, бейтарап болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  • Неге витаминдерді биологиялық активті заттарға жатқызады?

  • Қандай БАЗ білесіз? Олардың организмдегі қызметі, практикалық қолдануы қандай?

  • Витаминдерді тривиальды, әріптік, медициналық номенклатура бойынша атаныз. Қай номенклатура кең қолданылады?

  • Витаминдердің жіктелуінің физиологиялық, практикалық манызы неде?

  • Берілген заттардың химиялық құрылысы мен химиялық қасиеттерін салыстырыныз

  • Олардың практикалық қолдануы неде?

  • Органикалық қышқылдардың химиялық қасиеттері мен биологиялық ролін байланыстырыңыз

  • Берілген заттардың химиялық құрылысы мен қасиеттерін байланыстырыңыз

  • Фенолдық қосылыстардың биологиялық ролі қандай?

  • Гликозидтердің түрлерінің химиялық қасиеттерін салыстырыңыз

  • Алкалоидтардың синтезі қалай жүреді?



6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары




Тақырып

Сабақтың жоспары


Жұма

Әдебиет

1

Аминқышқылдар /практикалық жұмыс/

Аминқышқылдар мен аққуыздарға түсті реакциялар. Аққуыздар гидролизі. Қағаздағы хроматография әдісі бойынша аминқышқылдарды бөлу

1

5, 28 б. бақылау сұрақтар; № 1 зертханалық жұмыстың конспектісі

(1-10 опыттар), № 3 зерт. жұмыс (1-3 опыттар)/



2

Аққуыздар /практикалық жұмыс/

Аққуыздардың физико-химиялық қасиеттері

2-4

5, /18-19 б. бақылау сұрақтар; № 2 зертханалық жұмыстың конспектісі (2, 4-10 опыттар)

3

Липидтер /практикалық жұмыс/

Майлардың ерігіштігі мен эмульгирлеуі.

Лецитин гидролизі және гидролиз өнімдерін ашу. Өсімідік майының құрамында қанықпаған май қышқылдарын ашу.

Стеролдарды ашу.

Креатин, несеп қышқылы, кетондық денелерді ашу


5

5, 79 б. (№ 1-7). Зертх. Жұмыс № 10 (1-5 опыттар)

4

Нуклеин қышқылдар /практикалық жұмыс/

Нуклеопротеиндердің гидролиз өнімдерін анықтау


6

5, 65 б. «Нуклеин қышқылдары» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру; № 7 (опыт 2) зертханалық жұмыстың конспектісі

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. – Уральск, 2005. –140с.




              1. Үй тапсырмаларын студенттер берілген уақыт аралығында орындап отыруы тиіс. Үй тапсырмалары дәрістен тиіс, оны толықтыру, тақырыпты ауқымды, білім мазмұнын толық игеру мақсатында жүргізіледі

              2. Студентердің өздік жұмыстары шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін ОҚСӨЖ тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты табылады.


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Жоспарланбаған



9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. – Уральск, 2005. –140с.

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. Электронная версия – Уральск, 2007

Үй тапсырмаларын студенттер берілген уақыт аралығында орындап отыруы тиіс. Үй тапсырмалары дәрістен тиіс, оны толықтыру, тақырыпты ауқымды, білім мазмұнын толық игеру мақсатында жүргізіледі

Студентердің өздік жұмыстары шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін ОҚСӨЖ тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты табылады.

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.


Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат)

  1. Альбуминдер

  2. Гемоглобин. Құрылымы, қызметтері, әсер ету механизмі

  3. Трансферрин.

  4. Церулоплазмин.

  5. Иммуноглобулиндер. Иммуноглобулиндердің түрлері. IgG құрылымы.

  6. Иммуноглобулиндердің биосинтезі.

  7. Қан ұйуының жүйесі

  8. Қан аққуыздарының жалпы метаболизмі

  9. Протеолитикалық ферменттер. Химотрипсин. Трипсин. Құрылымдары, қасиеттері, ферментативтік активтілік.

  10. Рибозимдер.

  11. Кіші ядерлі РНҚ.

  12. Цитоплазматикалық РНҚ.

  13. Рибонуклеаза А. Құрылысы, әсер ету механизмі

  14. Коллаген. Құрылысы, қызметтері

  15. Карнитин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  16. Миоглобин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі.

  17. Глобулиндер. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  18. Фибрин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  19. Интерферон. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  20. Кальмодулин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  21. Актин және миозин. Құрылысы, қызметтері, бұлшықеттердің жиырылуының механизмі

  22. Простагландиндер. Құрылысы, синтезі, ролі.

  23. Тромбоксандар. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  24. Лейкотриендер. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі.

  25. Интерлейкиндер. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі.

  26. Эндогенді жүректі гликозидтер – стероидты гормондардың жаңа классы

  27. Ферритин. Құрылысы, қызметтері

  28. Адреналин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі. Организмдегі синтез

  29. Родопсин. Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі

  30. Транспорттық аққуыздар (Na,K-АТФ-аза мысалында). Құрылысы, қызметтері, әсер ету механизмі


10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі

Жоспарланбаған



11. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Бағалаудың политикасы


Критерийлер

баға

балл

жұмыстардың саңы

Дәрісте белсенділік

100

15

Зертханалық жұмыста белсенділік

100

15

ОЖСӨЖ белсенділік


100

15

СӨЖ орындалуы

100

15

Жеке тапсырмалар

100

6

Бақылау жұмыс

100

2

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

Орта арифметикалық суммасы

Ағымды бақылау

(Р1+Р2)/2




Рейтинг

Ағымды бақылау *0,6




Емтихан

100*0,4




Барлығы

Рейтинг + емтихан






Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. – Уральск, 2005.

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. Электронная версия – Уральск, 2007 (тақырыптар бойынша).
8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. – Уральск, 2005.

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. Электронная версия – Уральск, 2007 (тақырыптар бойынша).

12 МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Гумаров М.Х., Ниязова Р.Е. Практикум по биохимии. Электронная версия – Уральск, 2007





  1. АРНАЙЫ АУДИТОРИЯЛАР

Корпус №5, аудитория №25, 26


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет