Семияр ауылдық округінің әкімі К. Н. Байбекованың ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру тезисі 2012 жыл барлық қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. «2012 жылы Елбасы екі рет Жолдау жолдады



жүктеу 69.03 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі69.03 Kb.

Семияр ауылдық округінің әкімі К.Н. Байбекованың ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру

ТЕЗИСІ

2012 жыл барлық қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. «2012 жылы Елбасы екі рет Жолдау жолдады: бірі- «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атауымен қантар айында жолданса, екіншісі -14-ші желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» стратегиясы–қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Екі Жолдаудыңда Қазақстанның дамуы барысында алатын орны ерекше. «Елбасы атап өткендей, осыдан он бес жыл бұрын Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасы қабылданған, бағдарлама аясында еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, халықтың әл-ауқаты жақсарып, экономика,білім, саласы дами түсті. Келесі кезекте, Президентің «Қазақстан- 2050» бағдарламасы қабылданып отыр. 2050 жылдарға дейін Қазақстан дүние жүзіндегі ең алып 30 елдің қатарына кіруі керек,- деген Елбасы тапсырмасын орындау әр қазақстандықтың міндеті болып табылады.



БЮДЖЕТ

Жергіліктті салық жинағы 100 пайызға орындалды.Оның ішінде мүлік салығы – 180,2 тенге, жер салығы – 90,4 тенге, көлік салығы – 383,5 тенге.

Бюджеттік мекемелерге жалақы, зейнеткерлерге зейнетақы, жәрдемақы уақытында төленіп отырады.Жалақы төлеу бойынша қарыздар – жоқ. Жалақы кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық жеке меншік формалары бойынша уақытында төленеді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы экономиканың анықтаушы саласы болып табылады. Семияр ауылы 2012 жылы тірек ауылы бағдарламасына енді.

Бағдарлама бойынша 15 жоба 498 млн.099 мың теңгені құрады. Облыстық бюджеттен 228 млн.826 мың теңге , республикалық бюджеттен-107 млн.298 мың теңге, өз қаражаттарынан -154 млн.500 мың.теңге, әлеуметтік жауапкершілік бизнес бойынша - 4 млн.699 мың теңге. Осы жобалардың ішінен 13 жоба орындалды, 2 жоба орындалуда.

Округ бойынша қазіргі уақытта 54 шаруа қожалығы жұмыс істеуде, бір ЖШС «Ас Ай и К». Шаруа қожалықтарында және жеке шаруашылықтарда мал басының тұрақты өсуі байқалуда. Ауыл шаруашылық бойынша 4 жоба 159 млн.теңгеге іске асырылды, оның ішінде 153 млн. теңге өз қаражажаттары, 6 млн. теңге несие қаражат, 28 жұмыс орны ашылды. ЖШС «Ас Ай и К» 150 млн.теңге өз қаражатымен бордықылау алаңның 1500 бас малға салды. «Азамат» шаруа қожалығы 3 млн теңгеге өз қаражатына 57 бас ірі қара мал, оңын ішінде 2 бас асыл тұқымды бұқа, 3 бірлік техника сатып алды. Округ бойынша «Қамту-2020» бағдарламасымен жеке кәсіпкер Сейлханов Тулеген мал сатып алуға 2 млн 500 мың теңге несие, және Рахимбаев Балғабай 2 млн. 500 мың теңгеге құс өсіруге алды. Округ бойынша 2011 жылмен салыстырғанда ет өнімі 2011 жылы -3842 центнер болса 2012 жылы 3997 центнер немесе 104 %, сүт – 441 центнер болса, 2012 жылы – 388 центнер, немесе -88%, 2011 жылы жұмыртқа – 157,6 мың дана болса 2012 жылы -165,4, немесе 105 пайызға өсті.

«Бақшан» шаруа қожалығында, «Еңбек и К» шаруа кожалығында және «Ас-Ай и К» ЖСШ 2012 жылы егіс алқаптарында бір жылдық шөп егілді.

Округ бойынша ауыл тұрғындары 30,0 гектар картоп, 9 гектар көкөніс егіп, 5684 центнер картоп, 3140 центнер көкөніс алды. «Сынтас» шаруа қожалығы 10 гектар картоп егіп 2352 центнер картоп алды. «Арман шаруа қожалығы 2 га картоп егіп 392 ц картоп алды.

.ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

«Қамту-2020» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Зияданова Раушан 1 млн. 500 мың теңге несие алып наубайхана ашты, күніне 320 бөлке нан пысырып округтің ауылдарын нанмен қамтамасыз етеді. Өз қаражатына шаштараз ашты, тігін цехын, 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Округ бойынша 2012 жылы 2 дүкен, 1 дүңгіршек жұмыс істейді. 2012 жылы Кривинка ауылынан 2 адам Садвакасова А, Нуртазин К патент алып жұмыс орындарын ашты.

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ

Округ бойынша аз қамтылған отбасылардың саны 2011 жылы-15, 2012 жылы -11 отбасы, әлеуметтік жәрдемақы алатын 2011 жылы -10 отбасы, 2012 жылы - 7отбасы. Округ бойынша уақытша жаз айларында 94 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2 адам жұмыссыз есепте тұрады.



БІЛІМ БЕРУ

Округ аумағында үш мектеп жұмыс істейді, оның ішінде екі орта мектеп, бір негізгі мектеп. Семияр ауылы үшін 2012 жыл өте қуанышты және табысты жыл болды, 2012 жылы 9 қарашада облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде 80 балаға арналған жаңа мектеп ғимараты ашылды. Барлық кабинеттер керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген. Желтоқсан айында мектеп ауласында жаңа хоккей кортының құрылысы аяқталды. Округ бойынша оқушылар саны - 167, 42 мұғалім жұмыс істейді. Лесной ауылынын 9 оқушыны Семияр ауылына мектептің автобусымен тасымалданады. Ауылдық округтің оқушылары білім алу мен қамтылған, жетім балалардың тізімі, мүгедек балалардың ,оқуға жарамсыз балалардың тізімі жасалып, санаққа алынды. Мектептерде оқу – тәрбиелік үрдістің оқу - әдістемелік қамтылыуы жақсарды. Округтің мектептері Мемлекеттік білім беру стандартарын орындау бойынша бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді Ұлттық біріңғай тестілеуден Кривинка 2011 жылы -92,3 балл , 2012 жылы-62 балл, Семияр орта мектебі 2011 жылы -80,8 балл 2012 жылы -66 балл.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Округтің аумағында Семияр фельдшерлік акушерлік амбулаториясы, Кривинка, Лесной , Грачи фельдшерлік пункттер халыққа қызмет көрсетеді. Бұл салада 1 дәрігер, 6 – медбике жұмыс істейді, автокөлікпен қамтамасыз етілген. Семияр дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері аурудың алдын алу үшін, жыл сайын рентгенография, флюрогграфия өту керектігін халыққа хабарлап, үнемі түсінік жұмыстарын жүргізеді. Округте 14 – жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен сырқаттанғандар жоқ. Ағымды жылдың 21-22-23 маусым күндері жылжымалы флюрографиялық қондырғы арқылы профилактикалық тексеруден Семияр, Кривинка, Лесной, Грачи ауылдарының 407 тұрғындары өтті, Туберкулез ауруымен ауратын 5 адам, жылдағы өтетін скринингтен - 364 адам өтті, осының ішінен 28 тұрғындардың ауруын анықтады. 2012 жылы 20 бала туды,17 адам қайтыс болды.



ЖОЛДАР, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ

Тірек ауылының бағдарламасы бойынша, аббатандыру жұмыстарынан - 5 жоба, ол орталық көшені аббаттандыру, жобаның құны 9 млн.250 мың теңге, уақытша 4 жұмыс орны құрылды ескерткіштің манайына қырлы тастар төселді, және 8 фонарь, 8 орындық, 8 урна орнатылып жан жағына көгал шөптер егілді.

2 жоба- әлеуметтік жауапкершілік бизнес бойынша - 4 млн.699 мың теңгеге бұзылған ғимараттар екі мектептің, Ленин көшесіндегі бұзылған дүкендердің орны, тастап кеткен бос үйлердің орнындары тазаланды. Екі ай бойы ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары техникасымен 1500 тонна қоқыстар шығарылды.

3-жоба көшелерді жарықтандыруға 500 мың теңге бөлінді. 20-фонарь орнатылып көшелер жарықтандырылды.

4-жоба бұзылған ғимараттардың, үйлердің орнын тазалауға 847 мың теңге бөлініп игерілді. Бұл жобаны жеке кәсіпкер «Милена» Благих М. атқарды. 5-жоба ауыл жолдарын ағымды жөндеуден өткізуге 7831 мың теңге бөлініп, ЖШС «Сауле» және қаржы құрылыс кампаниясы «Тем» тендерді ұтып алды. Көшеге қиыршық тастар төселіп, жолдарды түзетті.

Инфраструктура бойынша 2 жоба, ол ағымды жөндеу жұмыстарын өткізіп, жол жиегін орнату, жобаның құны - 10 млн.548 мың теңге бюджеттен бөлініп, оны ЖШС «Элит Декор ВК» ұтып алды, уақытша 4 жұмыс орнын ашты. 2-жоба, таза су құбырын орнату, жобаның кұны 80 млн.теңге. Бұл жобаның сметалық құжаттары ресімделуде, ақша берілген жоқ.

Семияр ауылдық округі бойынша қысқы жағдайларда ауданның автомобиль жолдарын пайдалану үшін нақты жұмыстар атқарылды. 2012 жылы қазан айында жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қысқы жағдайда ұстауға дайындық бойынша « Семеновка – Семияр-Кривинка» ұзындығы 91 шақырым жолдың шетіндегі шөбін шабу жүргізілді, Семияр-Кривинка жолдарын грейдермен тегістеп 2 рет өтті.

Семияр ауылдық округі бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарымен қамтамасыз етуге барлық жағдайды жасау жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Округ бойынша алпыс қанғыбас ит ұсталынып, жойылды. Семияр ауылдық округінің тұрғылықты жерлерін санитарлық тазалау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 8 адам тартылды.

2012 жылы округ бойынша 74 әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалды, қоғамдық жерлерде мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін - 22 адам, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін - 10 адам, отбасылық тұрмыстық қатынас аясында - 7 адам, азаматтық қаруды сақтауды бұзған үшін – 2 адам, тіркеуде тұрмаған үшін - 3 адам, емделуге 2 адам жіберілді. Округ бойынша тұрғындармен 5 адамнан тұратын Әйелдер кеңесі, 7 адамнан тұратын қоғамдық Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Семияр, Кривинка, Лесной және Грачи ауылдарында кезекшілік кестесі бойынша ДНД кезекшілігі ұйымдастырылды.



МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округ аумағында 3 кітапхана, кітаптар қоры артуда. Іс – шаралар жоспарына сәйкес ауылдық округ аумағында көпшілік – мәдени іс-шаралар өткізілді. Ағымды жылы біздің спортшылар шайбалы хоккейден чемпионатқа қатысып, 1-2 орынды иеленді.

Семияр ауылдық округінде 2012 жылы мамыр айында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай «Қамқорлық акция өткізіліп, мерекелік концерт қойылып, дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Халықаралық балаларды қорғау күніне іс-шаралар өткізіліп, сайыс, ойындар ән-билер орындалды. Мерекелік кеште балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Астана күніне арнап округ бойынша концерт ұйымдастырылды. Еңбектегі алғашқы қадамды тұған жерді көркейтуден бастайық атты экологиялық акция өткізілді. Акцияға мекемелелердің қызметкерлері, ауыл жастары қатысып 5 шақырым Ертіс өзенінің жағасын тазалап, қоқсықтарды жойды. 22 желтоқсан күні Семияр ауылың жастары жаңа мектептің ашылуына арнап волейболдан турнир өткізді. Аудан бойынша алты команда қатысты. Жан жақтан мектепті 1964 жылдан бастап бітірген түлектер қатысып өз демеушіліктерін көрсетті. Біздің спортшылар барлық жарыстарға белсенді қатысады. Округте спорттың қысқы түрлерінің ішінде шайбалы хоккей жақсы дамыған, Кривинка ауылының балалары теннистен ылғи жүлделі орын алуда. Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мейрамы және тағы басқа мерекелерді өткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Тәуелсіздік күніне Ауыл әкімінің жүлдесіне спорттық іс-шаралар өтті. Осы іс-шараларға округ тұрғындары да қатысып, белсенділік танытады. Жаңа жыл мерекесіне арналған мекемелерді безендіру бойынша конкурстар «Үздік мекеме, аула, дүнгіршек» өткізілді. Кривинка ауылында жаңа жылға 38 балаға сыйлықтар таратылды, Семияр, Лесной, Грачи ауылының 55 баласына, жалғыз басты карттарға сыйлықтар таратылыды.

2013 жылға алдымызда бір қатар міндеттер тұр. Семияр ауылында 2013 жылы ШҚО Бесқарағай ауданы «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік гидромелиоративтік кешенінің құрылысы басталады 4041 гектар жер бөлінеді. Жобаның құны 1 миллиард 154 миллион тенге. Қазіргі уақытта құжаттары рәсімделіп жатыр. Мал шаруашылығын кеңейту үшін несиедерді арттыру, округтің даму тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сүру ортасына тиімді жағдай жасау. Елді мекендерді кешенді абаттандыру және көркейту жұмыстарымен қамтамасыз ету.



Құрметті округ тұрғындары сіздердің қолдауларынызбен сіз, біз болып бәріміз бірігіп ауылдарымызды тазартып, көгалдандырып, экономикамызды нығайтып, халықтың әл-ауқатын көтеріп үлкен табыстарға жетеміз деп үміттенемін.

Сіздерді Жаңа 2013 жылдарыңызбен құттықтаймын! Осы қуанышты мерекеде әр отбасына жақсы көніл-күй, зор денсаулық, ашық аспан, бақыт, бейбіт өмір және еңбектерінізге табыс, осы жыл армандарыныздың орындалу жылы болсын.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет