Сенімхат тоқтатылған кезде сенім білдірген адам қандай әрекеттерді жасауы тиіс?



жүктеу 255.2 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі255.2 Kb.

$$$ 1

Сенімхат тоқтатылған кезде сенім білдірген адам қандай әрекеттерді жасауы тиіс?

A)сенімхатты дереу қайтару

B)сенім білдірушіге хабарлау

C)сенімхаттың мерзімін өз бетімен ұзарту

D)сенімхатта көзделген әрекеттерді бітіру

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 2

Азаматтық құқықтың қайнар көзі болып табылады:

A)заңды актілер

B) заңға тәуелді актілер

C)халықаралық шарттар

D)іскерлік қызымет өрісіндегі әдеттер

E) барлық жауап дұрыс
$$$ 3

ҚР Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің заңды күшіне енген күні?

A) 01. 03. 1995ж.

B) 10. 03. 1995ж.

C) 27. 12. 2004ж.

D) 13. 06. 1999ж.

E) 01.03.1993 ж.
$$$ 4

ҚР заңнамасы бойынша нормативті - құқықтық актілердің иерархиясына кірмейтіндері:

A)халықаралық шарттар

B)туында нормативтік-құқықтық актілер

C)ҚР Конституциясы

D)ҚР Азаматтық кодексі

E)ҚР Еңбек кодексі
$$$ 5

Азаматтық заңдардың уақытына қарай қолданылуының негізгі ережесі:

A) азаматтық заңдардың кері күші болмайды

B)азамататық құқықта заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы қолданылады

C)азаматтық заңдар ҚР-сының бүкіл аумағында қолданылады

D)азаматтық заңдар азаматтық құқықтың барлық субъектілеріне қолданылады

E) барлық жауап дұрыс
$$$ 6

Басқа ұқсас қатынастарды реттейтін заңның нақты нормасын қолданып құқықтағы қайшылықтарды шешуге бағытталған әдістің атауы:

A) заң ұқсатығы

B) құқық ұқсастығы

C) нормативтік-құқықтық актілердің сатылығының қолданылуы

D)заң қалыптарының түсінілуі

E)нормативті актілердің талқылануын қолдану
$$$ 7

Заң нормаларын түсіндіретін субъектілерге қарай талқылаудың түрлері:

A)ресми, аутентикалық, доктриналдық, соттық

B)дәлме-дәлдік

C)жүйелік, тарихи, логикалық

D)грамматикалық, аутентикалық

E) көлемі бойынша, тарихи
$$$ 8

Төменгі аталғандардың қайсысы азаматтық құқықтық қатынастардың элементтеріне жатпайды:

A)ерік пен ерік білдіру

B)объект


C)субъект

D)субъективтік құқықтар

E)субъективтік міндеттер
$$$ 9

Азаматтық құқықтың субъектілеріне жататындары:

A)әкімшілік – аумақтық бірліктер

B)жеке тұлғалар

C)заңды тұлғалар

D)мемлекет

E) барлық жауап дұрыс

$$$ 10


Меншік құқықтық қатынастар азаматтық құқықтық қатынастардың қандай түрлеріне жатады?

A)мүліктік, абсолюттік, заттық

B)мүліктік, қатысты, заттық

C)мүліктік емес, абсолюттік, міндеттемелік

D)мүліктік, міндетемелік, абсолюттік

E)салыстырмалы, абсолюттік


$$$ 11

Тұрғын үйлермен байланысты заттық құқықтырға жататындары:

A)меншік иесінің құқықтары

B)тұрғын үйді жалға алушылардың құқықтыры

C)меншік иесінің отбасы мүшелерінің құқықтары

D)кондоминиум

E) барлық жауаптар дұрыс
$$$ 12

Азаматтық Кодекстің 188 - бабы бойынша меншік құқығының түсінігі:

A)субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы

B) субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы

C) субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тисілі мүлікті иелену және оған билік ету құқығы

D) субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану құқығы

E) субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану құқығы

$$$ 13


Заңмен қамтамасыз етілген мүліктің тағдырын белгілеу – ол :

A)билік ету құқығы

B)иелену құқығы

C)пайдалану құқығы

D)қорғау құқығы

E) барлық жауап дұрыс


$$$ 14


Жеке меншік құқығының түріне жатпайтыны:

A)мемлекеттік кәсіпорындардың меншік құқығы

B)азаматтардың кәсіпкерлік қажеттіліктеріне меншік құқығы

C)азаматтардың жеке меншік құқығы

D)заңды тұлғалардың меншік құқығы

E) А және Д


$$$ 15

Мемлекеттік меншік құқығының ерекшеліктеріне жататындары:

A)мемлекет меншік иесі болып табылады

B)мемлекет бір жағынан билік субъектісі, екінші жағынан меншік иесі болып сипатталады

C)мемлекеттің атынан меншік өкілеттіліктерді органдар жүзеге асырады

D)объектілердің аумағы зор

E) барлық жауаптар дұрыс
$$$ 16

Үлестік және бірлестік ортақ меншік құқықтарының арасындағы айырмашылықтары:

A)үлестікке қатысушылардың үлестері нақты анықталған, ал ортақтасқанда жоқ

B) үлестікке-қатысушылардың үлестері нақты анықталмаған, ал ортақтасқанда анықталған

C)субъектілік құрамы әр түрлі

D)объектілері әр түрлі

E) А және С
$$$ 17

Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш - жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ:

A)консорциум

B)кондоминиум

C)ассоцация

D) жай серіктестік

E) консолидация

$$$ 18


Ортақ меншік құқығындағы сатып алудың басым құқығының мерзімі:

A)қозғалмайтын мүлікке-1 ай, қозғалатын мүлікке-10 күн

B) қозғалмайтын мүлікке -20 күн, қозғалатын мүлікке-10 күн

C) қозғалмайтын мүлікке -30 күн, қозғалатын мүлікке-20 күн

D) қозғалмайтын мүлікке-6 ай, қозғалатын мүлікке-10 күн

E) қозғалмайтын мүлікке-3 ай, қозғалатын мүлікке –1 ай

$$$ 19

Ерлі- зайыптылардың ортақ меншігі:



A)некеде тұрған кезде пайда болған мүлік

B)некеге дейін болған мүлік

C)жеке пайдаланатын заттар

D)мұра арқылы алынған мүлік

E)сыйға тартылған мүлік
$$$ 20

Шаруа қожалығының ортақ меншігіне кіретін заттарға жататындары:

A) көліктер

B)жер, екпелер

C)шаруашылық және де басқа да қора-қопсы құрылыстар

D)өнім беретін мал

E) барлық жауаптар дұрыс
$$$ 21

Азаматтық құқық құқықтың саласы ретінде дегеніміз:

A)Мүліктік және мүліктік емес жеке құқық қатынастарын реттейтін құқық нормалардың жиынтығы

B)Азаматтық-құқықтық реттеуіндегі қоғамдық қатынастарын зерттеу барысында қалыптасқан теориялар, пікірлер, ғалымдардың ойлары

C)Жоғары оқу орындарында өткізілетін оқу пәні

D)Азаматтық- құқықтық қатынастарының қатысушыларының іс-әрекеттеріне әсер ететін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы

E) барлық жауап дұрыс
$$$ 22

Төменде аталған қоғамдық қатынастардың қай түрі азаматтық құқықтың реттеу пәніне жатады:

A)Мүліктік қатынастар және мүліктік емес қатынастар

B)отбасылық қатынастар

C)еңбек қатынастары

D)тауар- ақша қатынастары

E)әкімшілік қатынастар
$$$ 23

Азаматтық құқықтың реттеу әдістемесіне қолданылатыны:

A)қорғау әдісі

B)сендіру әдісі

C)көндіру әдісі
D)императивтік әдіс
E) императивті – диспозитивтік әдіс
$$$ 24

Төменде аталған қағидалардың қайсысы азаматтық құқықтың салалық қағидаларына жатады:

A)шарт еркіндігінің қағидасы мен құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі

B)заңдылық және адамгершілік қағидалары

C)әділеттілікті тек қана сот арқылы шешу қағидасы

D)заң және сот алдында барлықтарының теңдігі және жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол берілмейтін қағидалары

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 25

Партнерді, шарттың түрі мен ережелерін таңдау еркіндігімен байланысты жағдайлар азаматтық құқықтың қандай қағидасына тиесілі:

A) Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыруына

B)Тауарлар, қызмет және ақшаның Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында емін- еркін жүре алатын қағидасына

C)Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол берілмейтіндігіне

D) шарт еркіндігі

E) Ізгілік қағидасына
$$$ 26

Азаматтық құқықтың жүйесі дегеніміз:

A)Ішкі қатынаста болып, логикалық ережелерге сүйеніп отырған құқықтық тараулар, институтар мен нормалардың жиынтығы

B)Азаматтық- құқықтық қатынастарын реттеу жөніндегі негізгі бастаулары

C)Азаматтық-құқықтық қатынастарының қатысушыларының іс-әрекеттеріне әсер ететін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы

D)Азаматтық-құқықтық реттеуіндегі қоғамдық қатынастарды зерттеу барысында қалыптасқан теориялар, пікірлер мен ғалымдардың ойларының жиынтығы

E)А және Д
$$$ 27

Азаматтық құқықтың жүйесінің пандекттік түрі қандай сипатымен белгіленнеді:

A)Азаматтық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдеріне бөлінуі

B)Азаматтық құқықтың заттық және міндеттемелік бөлімдеріне бөлінуі

C)Азаматтық құқықтың жеке институтарға бөлінуі

D)Азаматтық құқықтың жалпы, ерекше және арнайы бөлімдеріне бөлінуі

E)Азаматтық құқықтың ерекше және салалық бөлімдерге бөлінуі
$$$ 28

Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жататыны:

A) Деликттік міндеттемелер және халықаралық жеке құқық

B)Авторлық және патенттік құқық

C) меншік құқығы және мәмілелер

D)Міндеттемелердің жекелеген түрлері

E)Мұрагерлік құқық
$$$ 29

Қазақстандағы ғалым-цивилистерге жатады:

A) Басин Ю.Г., Климкин И.С., Нуртаев Р.Т.

B)Сапаргалиев Г. С., Зиманов С.З., Мамонов В.В.

C)Яковлев Ф.В., Братусь С.Н., Толстой Ю.К., Сергеев А.П.

D)Нуртаев Р.Т Калишева Ж.Г., Макуха А.Д.

E) Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Климкин И.С., Ильясова К.М.
$$$ 30

Континенталды азаматтық құқықтық жүйе сипаттамасы:

A) Сот прецеденті қайнар көзіне жатпайды

B)Жүйесінің негізі ретінде рим құқығының бастаулары алынған

C)Жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігінің ажыратылуы

D) А және С

E) Барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 31


Меншік құқығындағы қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастардың қандай түрлеріне жатады:

A) Мүліктік, абсолюттік, заттық

B) Мүліктік, қатысты, заттық

C) Мүліктік емес, абсолюттік, міндеттемелік

D) Мүліктік, абсолюттік, міндеттемелік

E) Мүліктік, міндеттемелік


$$$ 32

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздеріне жататындары:

A) келісім - шарттар

B) мәмілелер

C) оқиғалар

D) сот шешімдері

E) барлық жауаптар дұрыс
$$$ 33

“Жеке тұлғаларға” жатады:

A) ҚР азаматтар

B) Шетел азаматтары

C) азаматтығы жоқтар

D) В және С

E) Барлық жауап дұрыс
$$$ 34

Азаматтық құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті дегеніміз:

A)Азаматтық құқық қабілеттілігі

B) Азаматтық құқық субъектілігі

C)Азаматтық әрекет қабілеттілігі

D)деликт қабілеттілігі

E)А және Д
$$$ 35

Кәмелетке толғанға дейін толық әрекетқабілеттілікке ие болу мүмкін бе:

A)Ия, егер 18 жасқа дейін заңды тәртіпте некені қиса

B)Жоқ, мүмкін емес

C)Ия, егер 18 жасқа дейін жұмысқа орналасса

D)Ия, егер ата-аналары, қамқоршылары мен қорғаншылары рұқсат берсе

E)Ия,егер ата – аналарының біреуі рұқсат етсе
$$$ 36

14-18-ге дейінгілер ерікті түрде өз қалауынша қандай әрекеттерді жасауға құқылы:

A) Өздерімен жасалған интеллектуалдық нәтижелеріне билік ету

B)Ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы

C)Өз табысына билік етуге

D) А және С

E) Барлық әрекеттерді жасай алады
$$$ 37

Медициналық сараптама бойынша азаматты келесі жағдайларда әрекетқабілесіз деп тануға болады:

A)спирттік ішімдіктерді ішу салдарынан

B)ақыл-есі дұрыс еместігінен немесе жүйке ауру салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаған жағдайларда

C)есірткі заттарға салынып өз отбасын ауыр материалдық жағдайына ұшыратса

D)денелік кемшіліктер салдарынан

E) уытқұмарлыққа салынса
$$$ 38

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың мерзімі:

A)6 ай

B)3 жыл


C)1 жыл

D)7 жыл


E) 3 ай
$$$ 39

Азаматты хабар - ошарсыз кетті деп танудың некеге қатысты салдары:

A) Неке тоқтатылады

B) Некені женілдеткен түрде бұзуға болады

C)Неке тек қана ерлі -зайыптылардың бірі басқа некені қиған кезде тоқтатылады

D)Некені сот арқылы бұзу керек

E) Неке жарамсыз деп танылады
$$$ 40

Өлді деп жарияланған азаматтың мүліктік жағдайы:

A) Қомқоршылық белгіленеді

B)Қорғаншылық белгіленеді

C) Мұра ашылады

D)Мүлік мемлекетке ауысады

E) Мүлкі сатылады
$$$ 41

Егер өлді деп жарияланған азамат қайта оралса қандай жағдайларда оның сақталмаған мүлкі не оның құны қайтарылмайды:

A)Мүлік басқа адал ниетті тұлғаларда ақылы мәмілелер арқылы берілсе

B)Сыйға тартылған болса

C)Мұра арқылы алынған жағдайда

D)Ақы арқылы арам ниеті тұлғаларға ауысса

E) А және В
$$$ 42

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне және тоқталуына бағытталған заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды әрекеттері-олар:

A) Келісім

B)Шарт


C)Біржақты мәмілелер

D)Мәмілелер

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 43

Қандай жағдайларда біржақты мәмілер үшінші тұлғаларға міндеттерді жүктейді?

A) тек қана осы тұлғалармен келісім жасалса

B)тек қана заңды актілермен көзделсе

C) тек қана заңнама мен келісімде қарастырылса

D)тек қана заңды актілер мен келісімдк көзделсе

E)үшінші тұлғамен клісімге келсе
$$$ 44

Егер шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт:

A) басталмаған деп саналады

B) жасалған деп саналады

C) жарамсыз деп саналады

D) жасалмаған деп саналады

E) басталған деп саналады
$$$ 45

Қандай әдістермен жасалған мәмілелер ауызша түрде жасалған мәмілелер деп есептеледі?

A) сөздермен

B) телефон арқылы

C) билет және жетондар арқылы

D) іс - әрекет арқылы

E) қолхат арқылы
$$$ 46

Заңды салдар туғызу ниетін көздемей, тек қана алдау үшін жасалған мәміле қалай аталады?

A)жалған мәміле

B) қулықпен жасалған мәміле

C) кіріптарлық мәміле

D)алдау арқылы жасалған мәміле

E) күштеу арқылы жасалған мәміле
$$$ 47

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамаудың құқықтық салдары:

A)мәміле жарамды болып табылады, бірақ дау туған жағдайда тараптар мәмілені куәгерлік аәғақтармен растау құқығынан айрылады

B)мәміле жарамсыз деп танылады

C)мәміле жасалмаған деп танылады

D)мәміле жарамды деп есептеледі

E)мәміле жарамсыз болып табылады, бірақ дау туған жағдайда тараптар мәмілені куәгерлік аәғақтармен растау құқығына ие болады
$$$ 48

Еріктің ақауы бар мәмілелерге жататындары:

A) әрекетқабілетсіз тұлғалармен жасалған мәміле

B) бір тарап екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле

C)алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер

D)заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарына қайшы келетін мәмілелер

E) әрекетқабілеті шектелген тұлғалармен жасалған мәміле

$$$ 49


Мазмұнының ақауы бар мәмілелерге жататындары:

A) әрекетқабілетсіз тұлғалармен жасалған мәміле

B) бір тарап екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле

C) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарына қайшы келетін мәмілелер

D) алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер

E) әрекетқабілеті шектелген тұлғалармен жасалған мәміле


$$$ 50

Субъектілік құрамының ақауы бар мәмілелерге жататындары:

A)заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарына қайшы келетін мәмілелер

B) бір тарап екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәміле

C)14 – 18 –ге дейінгілермен ата – ананың рұқсатымен жасалған мәмілелер

D) алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілелер

E) әрекетқабілеті шектелген тұлғалармен жасалған мәміле
$$$ 51

Мәмілелерді жарамсыз деп танудың салдарына жататындары:

A)бір жақты реституция

B)екі жақты реституция

C)реституцияға жол бермеу

D)барлық жауап дұрыс

E)А және В
$$$ 52

Қатысушыларының олар құрған заңды тұлғаның мүлкіне сақталған құқықтарына қарай заңды тұлғалардың түрлері:

A)құрылтайшылары заттық, міндеттемелік құқықтарды сақтайтын не ешқандай мүліктік құқықтарды сақтамайтын заңды тұлғалар

B)коммерциялық, коммерциялық емес

C)жарғылық, жарғы мен құрылтай шарт негізінде құрылған

D)мемлекеттік, мемлекеттік емес

E) құрылтайшылары заттық, міндеттемелік құқықтарды сақтайтын заңды тұлғалар

$$$ 53


Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі қандай мемлекеттік органмен және қандай мерзімде жүргізіледі?

A) әділет органдары, 10 күн

B) салық органдары, 15 күн

C) әділет органдары, 15 күн

D) ішкі істер органдары, 10 күн

E) қауіпсіздік органы, 20 күн


$$$ 54

Заңды тұлғаларды қайта құрудың қанша нысаны бар?

A) 6

B)5


C)4

D)3


E) 2
$$$ 55

Банкроттық процедурасындағы конкурстық іс жүргізу дегеніміз не?

A)заңды тұлғаның мүлкін оның несие берушілерінің арасында таратуға бағытталған шаралардың жиынтығы

B)тарату комиссиясын тағайындау

C)заңды тұлғаның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған шаралардың жиынтығы

D)несие берушілерді хабарландыру әдістері

E) заңды тұлғаның мүліктерін есептеу, санау
$$$ 56

Шаруашылық серіктестіктердің қай түрінде толық серіктермен бірге салымшылар қатысады?

A)сенім серіктестіктер

B)жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

C)толық серіктестіктер

D)қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер

E) А және С
$$$ 57

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының минималдық мөлшері:

A)20000 АЕК

B)1000000 АЕК

C)100 АЕК

D)50000 АЕК

E)5000 АЕК
$$$ 58

Өндірістік кооперативтің мүшесі ретінде бола алады?

A)16 жасқа толған, еңбекке қатыса алатын жеке тұлға

B)азаматтық құқықтың барлық субъектілері

C)заңды тұлғалар

D) жеке тұлғалар

E) шетел азаматтары
$$$ 59

Мемлекеттік кәсіпорынның бақылау органы:

A) президент

B)басқарушы

C)кеңес

D)құрылтайшылардың жалпы жиналысы



E)басқарма
$$$ 60

Төменгі аталған тұлғалардың қайсысы коммерциялық емес заңды тұлғаларға жатпайды?

A) саяси партия

B)тұтыну кооперативтері

C)діни бірлестіктер

D) өндірістік кооператив

E) қоғамдық қозғалыстар
$$$ 61

Азаматтық құқық объектілеріне жатады:

A)мүліктік құқықтар мен игіліктер, мүліктік емес игіліктер мен құқықтар

B)тек қана заттар мен бағалы заттар

C)тек қана заттар мен мүліктік құқықтар

D)тек қана мүліктік игіліктер мен құқықтар

E) заттар және жануарлар
$$$ 62

Өкілдік институты кімнің құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады?

A) өкілдің

B) өкіл берушінің

C)өкіл мен өкіл берушінің

D) үшінші тұлғаның

E)үшінші тұлға мен өкілдің

$$$ 63


Заңды өкілдіктің пайда болу негізі:

A) шарт


B)мәміле

C)сот шешімі

D)сенімхат

E)әкімшілік актілер


$$$ 64

Кәсіпкерлердің атынан кәсіпкерлік мәмілелерді жасау үшін ақы алатын өкілдің атауы:

A)коммерциялық өкілдер

B)өсиетті орындау тапсырылған адамдар

C)болашақта жасалуы мүмкін мәмілелерге қатысты келіссөз жүргізілетін адамдар

D)коммерциялық делдалдар

E)өкілетті тұлғалар
$$$ 65

Шарттық өкілдіктің пайда болу негізі:

A) әкімшілік актілер

B)сот шешімі

C)оқиға

D) сенімхат



E)заңдар
$$$ 66

Сенімхаттың жалпы мерзімі:

A)5 жыл

B)2 жылдан аспауы керек



C)3 жылдан аспауы керек

D)1 жыл


E) 6айдан аспауы керек
$$$ 67

Егер сенімхатта берілген күні белгіленбесе:

A)сенімхат жарамсыз деп танылады

B)сенімхат 3 жылға ғана жарамды

C)сенімхат 1 жылға жарамды

D)сенімхат 6 айға жарамды

E)сенімхат тоқатылады

$$$ 68


Сенім ауысуына сенім білдірушінің келісімінсіз жол беріле ме?

A)сенім білдірушінің мүдделерін қорғауға мәжбүр болған кезде жол беріледі

B)сенім білдірген адам әрқашан барлық әрекеттерді өзі жүзеге асыруы тиіс

C) жол беріледі

D)жол беріледі, егер 1 айдың ішінде сенім білдірушіге хабарласа

E) жол беріледі, егер 3 айдың ішінде сенім білдірушіге хабарласа


$$$ 69

Сенімхаттың күші тоқтатылады, егер:

A)сенімхаттың мерзімі өтіп кетсе

B)сенімхатта көзделген әрекеттер жүзеге асырылса

C)сенімхатты берген адам оның күшін жойса

D)барлық жауап дұрыс

E)А және С
$$$ 70

Қандай жағдайда сенімхат нотариуспен куәландыруы тиіс:

A)мүлікке билік етуге берілсе

B)сотта өкілдікті жүргізуге берілген болса

C)жихазды сатып алуға берілсе

D)хаты қабылдау үшін берілсе

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 71

Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін заттарға жататындары:

A) жер учаскелері, ғимараттар

B)су кемелері, ғарыштық объектілер, әуе кемелері

C)үйлер мен көпжылдық екпелер

D)зиянсыз ауыстыруға жатпайтын заттар

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 72

Кәсіпорынның мүліктік кешен ретінде құрамына кірмейтіндері:

A)белгілі қызметтермен айналысу үшін алынған лицензия

B)қарыздар мен талап құқықтары

C)кәсіпорындарды дараландыратын әдістер

D)жер учаскелер

E)өнімдер

$$$ 73


Азаматтық Кодекстің 121 – ші бабына сәйкес төменгі аталған заттардан күрделі заттарды көрсетіңіз:

A) автокөлік

B)акция

C) жихаз гарнитуры



D)жер

E)ағаш
$$$ 74

Меншік құқығына ие болу туынды негіздеріне жататыны:

A) олжа


B)мұра алу

C)көмбе


D)иелену мерзімі

E)пайдалану мерзімі


$$$ 75

Меншік құқығының тоқтатылуының ерікті негіздеріне жататыны:

A)меншік иесінің өз құқығынан бас тартуы

B)реквизиция

C)тәркілеу

D)міндеттеме бойынша мүлікті өндіріп алу

E)міндеттеме бойынша мүлікті қалпына келтіру
$$$ 76

Қандай жағдаларда өңдеу арқылы жасалған затқа меншік құқығы өңдеушіге тағайындалады:

A)егер өңдеу бағасы материалдардың бағасынан едәуір асып кетсе және өңдеуші затты адал ниетпен өзі үшін жасаса

B)материалдардың меншік иесі қайтыс болса

C)әрқашан

D)ешқашан берілмейді

E) егер өңдеу бағасы материалдардың бағасына жетпесе және өңдеуші затты адал ниетпен өзі үшін жасаса
$$$ 77

Меншік құқығының ауысуының сәтін анықтау ережесі:

A)зат берілгеннен кейін АК 239- шы бабына сәйкес

B)бірінші тасымалдаушыға өткізген кезде

C)қозғалмайтын мүлікке тіркелгеннен кейін

D)А және В

E)барлық жауап дұрыс

$$$ 78


Иелену көнелігінің мерзімі:

A)қозғалмайтын мүлікке –15 жыл, қозғалатын мүлікке – 5 жыл

B) қозғалмайтын мүлікке –10 жыл, қозғалатын мүлікке – 15 жыл

C) қозғалмайтын мүлікке –5 жыл, қозғалатын мүлікке – 3 жыл

D) қозғалмайтын мүлікке –7 жыл, қозғалатын мүлікке – 1 жыл

E) қозғалмайтын мүлікке – 7 жыл, қозғалатын мүлікке – 5 жыл


$$$ 79

Меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз, не меншік иесі оның меншік құқығынан бас тартқан зат- ол:

A) олжа

B)тасталған заттар

C)көмбе

D) иесіз заттар



E)ескірген зат
$$$ 80

ҚР аумағындағы төлем құралы:

A)бағалы қағаздар

B)шетел валютасы

C) теңге

D)индосамент

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 81

Заттық құқықтардың белгілеріне жататындары:

A)абсолюттік сипаттамасы

B)қорғалуының ерекшелігі

C)заңмен бекітілген нақты шеңбері

D)тікелей үстемдік етуімен байланысты

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 82

Шаруашылық жүргізу құқығы заттық құқықтардың қандай түріне жатады?

A)меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізу құқықтарына

B)сервитуттарға

C)табиғи ресурстарды пайдалану құқығына

D)шартпен байланысты заттық құқықтарға

E)А және В

$$$ 83


Жер пайдалану құқығы заттық құқықтардың қандай түріне жатады?

A)табиғи ресурстарды пайдалану құқығына

B)меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізу құқықтарына

C)сервитуттарға

D)шартпен байланысты заттық құқықтарға

E)жер учаскелерін пайдалану құқықтарына


$$$ 84

Кооператив мүшелерінің үйге деген құқықтары заттық құқықтардың қандай түріне жатады?

A) сервитуттарға

B)меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізу құқықтарына

C)тұрғын үйлермен байланысты заттық құқықтарға

D)шартпен байланысты заттық құқықтарға

E)жер учаскелерін пайдалану құқықтарына
$$$ 85

Меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметін мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы – ол:

A)оралымды басқару құқығы

B)шаруашылық жүргізу құқығы

C)нақты сервитут

D)кондоминимум

E)кәсіпорынды басқару құқығы
$$$ 86

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қандай әрекеттерді мемлекеттің келісімінсіз жүзеге асыра алады?

A)жеке кәсіпкелікке қатысу

B)негізгі қорларын сату, өткізу

C)филиалдар мен еншілес кәсіпорындарды құру

D)қысқа мерзімге негізгі қорларын жалға беру

E) аталғандардың барлығын
$$$ 87

Сервитуттың ерекшеліктеріне жататындары:

A)сервитуттың мақсаты

B)билік ету құқығына жол берілмейді

C)құқық бұзушылыққа бағытталмаған

D)меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның мүддесін қорғау

E)барлық жауап дұрыс
$$$ 88

Мемлекет жағынан тұлғаға жерді беру актісі:

A)жер пайдалану құқығын ұсыну

B)жер пайдалану құқығын өткізу

C)құқық мирасқорлық арқылы жер пайдалану құқығын беру

D)жерді жалға беру

E)жерді өңдеуге беру
$$$ 89

Мемлекеттік орман қорларындағы ұзақ уақытпен орман пайдалану құқығын беру негізі:

A) ағаш шабу билеті

B)орман билеті

C) тендер хаттамасы

D)шарт


E)контракт
$$$ 90

Тұрғын үйлермен байланысты заттық құқықтарға жататындары:

A)тұрғын үйді жалға алушылардың құқықтары

B)меншік иесінің отбасы мүшелерінің құқықтары

C)кондоминиум

D)барлық жауап дұрыс

E)А және В
$$$ 91

Көпқабатты үйлерге меншік құқығының ерекше нысаны:

A)кондоминиум

B)консорциум

C)ассоциация

D)консолидация

E)коалиция
$$$ 92

Азаматтық құқықта мерзімдерді есептеу жолдары:

A)сөзсіз болуға тиісті оқиғалармен

B)уақыт кезеңі

C)күнтізбелік күнімен

D)барлық жауап дұрыс

E) А және В

$$$ 93


Мерзімдердің қай түрлері азаматтық құқықтарды жоюға бағытталған:

A) кінәрат қоятын мерзімдер

B)кепілдік мерзімдер

C) үзіп тастау мерзімдері

D)жарамдылық мерзімі

E)ақы төлеу мерзімі


$$$ 94

Хабар – ошарсыз кетті деп тану үшін белгіленген мерзім мерзімдердің қай түріне жатады?

A)заңды мерзімдерге

B)абсолюттік белгіленген мерзімге

C)соттық мерзімдерге

D)шарттық мерзімдерге

E)кепілдік мерзімдерге
$$$ 95

Талап қоюдың жалпы мерзімі:

A)1 жыл

B) 2 жыл


C)5 жыл

D)7 жыл


E) 3 жыл
$$$ 96

Адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі:

A) талап қою мерзімі

B) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі

C) азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі

D) барлық жауап дұрыс

E) В және С
$$$ 97

Талап қою мерзімінің тоқтатыла тұрудың негіздері:

A)бой бермейтін күш болса

B)ҚР Президентімен жарияланған мараторий

C)төтенше жағдайлар

D) барлық жауап дұрыс

E) А және С
$$$ 98

Талап қою мерзімі қандай жағдайда үзіледі?

A)міндеткер адам борышты немесе өзге міндеттерді мойындаса

B)бой бермейтін күш болса

C)ҚР Президентімен жарияланған мараторий

D)барлық жауап дұрыс

E) В және С
$$$ 99

Талап қою мерзімі қандай талаптарға қолданылмайды?

A)жеке мүліктік емес қатынастарды қорғау талаптарына

B)салымшылардың банкке салынған сомаларды қайтару туралы талаптар

C)негаторлық талаптар

D)барлық жауап дұрыс

E) А және С
$$$ 100

Шаруашылық серіктестік деп қай ұйым айтылады?

A) анықталған капиталы үшке бөлінген ұйым

B) анықталған капиталы акцияға бөлінген ұйым

C)шаруашылық іс - әрекетпен айналысатын

ұйым

D)коммерциялық іс - әрекетпен айналысатын


E)барлық түрлері
Каталог: ebook
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
ebook -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
ebook -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
ebook -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
ebook -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
ebook -> Тест сұРАҚтары мемлекеттік кәсіпорынның ақша қорларының ең басты- сы?
ebook -> Ќазаќстан республикасы
ebook -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
ebook -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет