Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Катар астанасы Дохада су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 метрге еркін мәнерде жүзуден сәтсіз өнер көрсеткен Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен жүзу бойынша жартылай финалға өтіп, әлем чемпионатының жүлдесіне таласу құқығына ие болды.

Отандасымыз 100 метрді баттерфляй әдісімен жүзуде 51:75 уақытын көрсетіп, 4-орынға ие болды. Осылайша, ол жартылай финалға өткен 16 спортшының қатарына қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Егор Попов 100 метрге арқамен жүзуден жартылай финалға шыға алмаған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.