Рудный қаласының электр желілерінде ірі апат болды. Бірнеше орталық көше, оның ішінде Ленин, Джержинский, Восточный және Пионерский, Горький көшелерінің тұрғындары жарықсыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kartinki.pics
Әзірге қанша үй жарықсыз отырғаны туралы нақты дерек жоқ. Қала әкімдігі қосалқы станцияда апат болғанын растады.
“Орталық қосалқы станциядағы қуаттау кабеліне зақым келген. Қаланың төрт көшесінде ішінара жарық сөндірілді. Қай жерге зақым келгені анықталы, "Аттика" ЖШС оны жою үшін жұмыс істеп жатыр. Жағдайды Рудный қаласы әкімдігінің бақылап отыр, — делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Қазақстаннан импортталатын электр энергиясын Қырғызстандағы майнинг фермалары қолданатыны туралы ақпарат тарады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берген еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.