Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп кмм тақырыбы: «Физика-тұрмыста,өмірде»



жүктеу 57.46 Kb.
Дата21.08.2018
өлшемі57.46 Kb.


Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп КММ

Тақырыбы:

«Физика-тұрмыста,өмірде»

ТАНЫМДЫҚ КЕШ


Пән мұғалімі: Сейсекенова Г.Н.


Бозай ауылы

2015 жыл

Құрметті оқушылар,ұстаздар!

Бүгін біз «Физика тұрмыста,өмірде» деген тақырыппен кешімізді бастағалы отырмыз. Кешке қош келдіңіздер. Тақырыптан көріп отырғанымыздай кешіміз күнделікті өмірдегі физикаға арналады.Алдымен 3 топты ортаға шақырып танысып алайық. Әділқазылар алқасымен таныстыру.Кеш жоспарымен таныстыру

Физика-ол менің үйімде,

Физика-музыка елінде.

Физика тілімен дәлелде!

Физика- есеппен әзілде,

Физика-ақынның тілінде

Физика-жерімде,көгімде

Осының бәрін сен дәлелде!

-дей отыра осы кешіміз де жоғарда айтылған өлең жолдарының бөлімдерімен аталады.

І. бөлім «Физика-ол менің үйімде»

1.Біздің мектебіміздің жылу жүйесіндегі бір күндегі қуаты 27 кВт-қа тең. Көрсеткіш кернеуі 380 В болса, ток күшін есептеңдер.

2.Нерв клеткаларындағы потенциалдың мәні 60-тан 75 мВ дейінгі аралықта жатады.Биологиялық

мембрана қалыңдығын 100 мм деп есептеп нерв клеткаларындағы электр өрісінің кернеулігін есептеңіздер?

3.Электростатикалық душпен емдеу кезінде электр машинасының электродтарына 10 5 В потенциалдар айырмасы беріледі.Бір рет әсер беріп емдеу кезіндегі электродтар аралығы арқылы өтетін зарядты анықтау керек.Ал осы кездегі электр өрісі 1800Дж жұмыс істейді.

4.Дәнді дақылдың тұқымын сорттайтын қуаты 2,8 кВт центрифуга кернеуі 110 В желіге қосылған.ПӘК-98% центрифуга двигателінің орамдары арқылы өтетін күшін табыңыздар.

5.Мидың майлы қабатын жазық конденсатор деп есептеп,оның сыйымдылығын есепте.Егер ауданы 1см2,қалыңдығы 2мкм болса.

Тапсырма: 3 топқа тапсырма беріледі.

ІІ бөлім «Физика-музыка елінде»

-Физикалық құбылыстарға негізделген қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер және осы екі пән арасындағы байланыс қандай?



Тапсырма:Үйден дайындап келген физикалық құбылыстарды сипатталған әндер айту сайысы.

Ән айтылып болғаннан кейін түсіндіріледі.

1. «Таңертеңмен бір жас сұлу суға келеді,суға келеді, суға келеді.

Ат жетектеп бір жас жігітеріп келеді,еріп келеді,еріп келеді...»(Су тасушы қыз әні)

Жауабы: Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс

2. «Аппақ аппақ, жапалақтап

Қар жауады тынбастан.

Айналамыз қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан» (Ақша қар) Жауабы: Еркін түсу

3. «Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.» (Айгөлек әні) Жауабы: Шеңбер бойымен қозғалыс

ІІІ. бөлім«Физика-есеппен әзілде»

Әзіл-есеп.

Егер Сара әжейдің бақшасындағы қырыққабаттан 10м қашықтықта Айнұр тәтенің ешкісі жайылып жүрген болса, ол оған қандай күшпен тартылады? Ешкінің массасы 20кг, ал осы күзде үлкен болып піскен қырыққабаттың массасы 5кг.



  • Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңалықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді. Бай мен Алдар Көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра бередіде, ал Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғасытаыра береді. Бай Алдардың ауызына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.

Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, алде Алдар Көсенің бе?

Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық суға бірден салса, шайдың температурасы төмендейді. Ал шайға кейінірек салса, температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай баяу суиды.



  • Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:

  • Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып алып әкелдім.

Сонда көп білетін Алдар былай дейді:

  • Жоқ қателесесіз: одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.

Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?

Жауабы: дұрыс. Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі темірдікінен аз.



  • Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
    1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
    Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
    Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.

VІ. бөлім «Физика-ақынның тілінде»

Тапсырма:Үйден дайындап келген көркемсөздерін оқу.Табиғат лирикасы

VІІ бөлім «Физика-көгімде,жерімде» Ғылыми жоба

VІІІ бөлім .Қорытынды:

Осымен сайысымыз өз мәресіне де жетті. Сайысты қорытындысын шығарғанша мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.


1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
енді, әділ-қазыларымыздан сайыстың қорытындысын сұраймыз.

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн


Мұғалім.  Бүгінгі сайысымызды  Тұрмағамбет ақынның

Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- десе,Абай атамыздың «Сегіз аяқ» өлеңінен алынған мақал;
Еңбек етсең ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей деген мақалмен аяқтай келе,жетістікке жету үшін 1%дарын беріледі екен, ал 99% еңбекпен толысады .Сондықтан көп еңбек адамға жеңіс әкеледі. деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.
Каталог: uploads -> doc -> 0da4
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0da4 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік
0da4 -> Гүл әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет