Қазақстан ОПЕК + мүше елдерімен үйлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанында өндірісті күніне 82 мың баррельге дейін ерікті түрде азайту туралы келісім мерзімін ұзартады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы маусым айының соңына дейін Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 1,468 млн баррель болмақ.

“Болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылады”, – деді ведомство. 

Бұл қысқарту – Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялап, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 мың баррельге дейін өз еркімен қысқарту туралы келісімге қосымша құжат.

Ол мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған.

Бұған дейін Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартқан еді. 

Ал сарапшылар Қазақстан мұнай өндірісін не себепті қысқартпақ және бұған Ресейдің қандай қатысы бар деген сұрақтарға жауап берді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.