Серия статей



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/2
Дата20.02.2018
өлшемі0.49 Mb.
  1   2


«Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына шақыру»

сериясы:


4-бөлім
ТАЗАРТУ

және

ТӘРБИЕЛЕУ
(әт-Тәсфия уа-ттарбия)
ӘРІ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ОСЫҒАН ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
Шейх

Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани


(Аллаһ оны рақым етсін)

Бірінші басылым

Араб тілінен орыс тіліне аударған және ескертулерін дайындаған

және орыс тілінен қазақ тіліне аударған

сайтының редакциясы


2010 жыл



Бастырып шығарушының кіріспесі1
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Ал содан соң:

«Тазарту мен тәрбиелеу және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі» атты осы жолдау – өз негізінде ұлы мухаддис-ғалым2 шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің3, Аллаһ оны рақым етсін, осыдан 30 жыл бұрын (х. 1390 ж.) Амман қаласындағы (Иордания) шариғат ғылымдары институтында оқыған лекциясы болып табылады.

Бұл лекциясында шейх әрбір мұсылман ұстануға қажетті жолды түсіндіріп берген. Оның мәні екі-ақ сөзбен қамтылады: «тазарту және тәрбиелеу». Шейх ислам ақидасын оған бірнеше ғасырлар бойы сіңіп кеткен әртүрлі адасушылықтардан, бидғаттардан, ырымшылдық пен көпқұдайшылықтан тазартумен айналысып, бұл жолға бүкіл өмірін бағыштады. Сонымен қатар ол хадистердің сенімділігін (сахихтығын) зерттеп-тексеріп, олардың қайсылары қабыл етілетінін, қайсылары әлсіз, ал қайсылары тіпті Сүннетке еш қатысы жоқ болып, ойдан шығарылғандығын анықтап, Сүннетті тазартумен де айналысты. Бұдан тыс, ол фиқһ (ислам құқығы) ғылымын да Құран мен Сүннет мәтіндеріне қайшы келетін түрлі негізсіз пікірлерден және бидғаттардан тазартумен айналысты.

Содан соң осылардың барлығының негізінде, шейх алдымен өзін-өзі, кейін өз айналасын, ал содан соң барлық адамдарды да осы шынайы, тазарту мен тәрбиелеу жолына шақырып, тәрбиелеуге кірісті. Оның шақыруына дүниенің барлық бөліктерінен ислам білімінің ең абзал өкілдері: ғалымдар және білімгерлер - жауап берді. Сөйтіп, бүкіл дүние жүзінде білім негізінде діннің шынайы жаңғыруы басталды.

Аммандағы «Әл-Мак­та­ба әл-Ис­ләмия» редакциясы жалпыға ортақ игілік үшін шейх білімінің бір қазынасы болған осы құнды жолдауды жердің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар одан пайда алулары үшін, және шейх өлімінен кейін, егер Аллаһ осыны қаласа, ол үшін сыйға бөленер деген үмітпен таратуды шешті.


Баспаға шығарушы

Ам­ман, 4 зул-хижжә, һ.1420 ж.

Тазарту және тәрбиелеу4
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
            

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!» (Әли ‘Им­ран 3: 102).
                               

«Әй, адамдар, сендерді бір жаннан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде, Аллаһ Тағала - сендерді бақылаушы» (ән-Ни­са 4: 1).
                        

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бой ұсынса, әлбетте ұлы табысқа ие болады» (әл-Әх­заб 33: 70-71).
Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы - Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жетекшілік - ол Мухаммад пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары - дінге жаңалық енгізу (бидғат), және кез келген жаңалық (бидғат) – адасушылық. Ал әрбір адасушылық Тозақта.
Одан кейін:
Бүгінде біз мұсылмандардың жағдайы Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіргендер үшін бұдан жаман болмайтын жағдайда, нақтырақ айтқанда, қорлану және езіліп-жаншылу жағдайдайында өмір сүріп жатқанымызды білеміз. Өзімізбен орын алып жатқан нәрселерге деген, сондай-ақ барлық ислам мемлекеттері түгелімен тап болған, әрі бұл елдердегі ешкім, олардың қоғамдық мәртебесіне қарамастан, аман қала алмаған қорлыққа деген әрбірімізді баулып жатқан сезімдерімізден туындаған: «Бізді ашынуға салатын бұл өте нашар халімізге не себеп болды?» және «Басымызға түскен қорлық пен бақытсыздықтан құтылу жолы қандай?» - деген сұрақтар бізді жиі мазалайды.

Біз осы қалыптасқан жағдайдан шығуға қатысты түрлі ұсыныстарды естуіміз мүмкін. Әрбір (кісі) осы кеселден емделуге қолайлы деп санайтын қандай да бір амалды нұсқағысы келеді.

Алайда мен бұл сұрақтың жауабын Сүннеттен іздеу керек екендігіне сенімдімін. Кейбір сенімді (сахих) хадистерде біз Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді бүгінде басымызға келген жағдай туралы ескерткендігін таба аламыз. Әрі сонымен қатар, тура сол хадистерде ол бұл мәселені шешу тәсілі туралы да айтқан. Мысалы, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен (ғана) қанағаттансаңдар, және жиһадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды». «Әс-Сил­си­лә әс-са­хи­ха», 11.

Бұл хадистің қысқа болуына қарамастан, біз онда бүгінгі күні көптеген мұсылмандарды билеп алған аурудың нақты сипаттамасын көрудеміз. Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мысал ретінде өзінің үмметінде таралуы мүмкін болған екі дертке нұсқады.

Біріншісі: мұсылмандардың шариғат рұқсат етпейтін, бұл үшін олар әртүрлі айла мен қулықтарға жүгінетін істерді мұның тыйым салынғандығын саналы түрде түсінсе де істеуі. Бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар» деген сөздері нұсқап тұр. Ислам құқығы (фиқһ) бойынша кітаптарда “«әл ина» - сауда келісім шарттарының бірі“ деп түсіндіріледі. Және бұл хадис мұндай келісім шарттарды жасауға анық тыйымды қамтитынына қарамастан, қарапайым адамдарды айтпағанның өзінде, кейбір ғалымдар бәрібір мұны рұқсат етілген деп есептейді.

Сауданың бұл түрі төмендегідей: пәлен кісі пәлен саудагерден тауарды, мысалы, автокөлікті, белгілі мөлшердегі ақшаға, белгілі уақытқа, бөліп-бөліп төлеуге келісіп, сатып алады, мысалы, он мыңға. Кейін сатып алушы тура сол саудагерге қайтып келіп, оған тура сол автокөлікті, бірақ, енді аздау мөлшердегі ақшаға сатып алуды ұсынады. Мысалы, сегіз мыңға, бірақ нақты қолма-қол ақшаға. Ендігі кезде сатып алушыға айналған әлгі саудагер өзі осы автокөлікті бөліп-бөліп төлеуге (келісіп) сатқан ақшасынан аз мөлшердегі ақшаны қолма-қол төлейді. Сөйтіп, бірінші сатып алушы сегіз мың ақшаны қолма қол алады, бірақ оның мойнында он мың қарыз қалады, ал оның екі мыңы - өсімқорлық (риба) болып табылады.

Өсімқорлыққа тыйым салатын Аллаһтың аяттарын және Пайғамбардың хадистерін естіген адам өсімқорлықтың қандай да бір үлесі бар саудауданың түрлерін пайдаланбауы қажет. Алайда «бұл схема – сауданың бір түрі» деп түсіндіре отырып, кейбір адамдар «әл-инаны» рұқсат етеді де, өз сөздерін сауда келісім-шарттарының рұқсат етілгендігі жөніндегі жалпылама дәлелдермен нығайтады. Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына аятындай:

      



«Және Аллаһ сауданы рұқсат етті де, өсімқорлыққа тыйым салды» (әл-Ба­ка­ра, 275).

Олар: «Бұл – тек ғана сату және сатып алу ғой, және біреу бағаны көтерсе немесе оны түсірсе – оқасы жоқ!» - дейді.

Алайда іс жүзінде автокөлікті он мыңға бөліп-бөліп төлеуге келісіп сатып алған, кейін оны қолма-қол сегіз мыңға сатқан сатып алушы бір-ақ мақсатты, яғни сегіз мың қарыз алуды көздеген болатын. Бірақ ол өзін мұсылман деп есептейтін әлгі саудагер оған Аллаһ разылығы үшін, артығымен (пайызымен) талап етпей қарызға ақша бермейтінін түсінген кезде, екеуі де айлаға жүгініп, өздеріне сауда түріндегі өсімқорлықты рұқсат етті.

Бірақ тек Аллаһтың Елшісі ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қасиетті Кітаптың мән-мағынасын адамдарға түсіндіруші екенін естен шығармау керек. Бұл жөнінде Ұлы Раббымыз былай деп айтқандай:

         

«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп Құранды түсірдік» (ән-Нәхл 16: 44).

Ал, екіншіден, Аллаһ Тағала оны былай деп сипаттады:

    

«Мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді» (әт-Тау­ба 9: 128).

Және жанашыр әрі мейірімді болғандықтан ол бізге шайтанның қулықтарының қақпандары қай жерлерде орналасқандығын көрсетіп кетті. Өзінің көптеген хадистерінде ол бізді шайтанның торларына түсіп қалудан алдын ала сақтандырды. Сондай хадистердің бірі – біз қазір қарап жатқан хадис. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар...» - яғни түрлі қулықтар жасап, Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салғанды сауда деп атап, өздеріңе рұқсат етсеңдер. Және іс жүзінде бұл сауда операциялары – пайызға ақша алуды бүркемелеу ғана, ал ол нағыз өсімқорлық болып табылады.

Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ тыйым салған нәрселерді өздерімізге рұқсат ете отырып, мұндай қулыққа жүгінуден бізді сақтандырды. Және бұл қандай да бір тыйым салынған істі сол істің тыйым салынғандығын біле тұра істеген мұсылманның жағдайынан анағұрлым жаман. Өйткені мұндай жағдайда ол күндердің күнінде тәубе етіп, өзі істеп жатқан нәрсесін тастауы мүмкін деген үміт қалады. Ал егер әлдебіреуге оның жаман амалы қандай да бір себеппен болмасын, мейлі бұл дұрыс түсінбеушілік болсын немесе толық надандық болсын, әдемі болып көрінсе, және ол өзінің іс-әрекеттерінде еш жамандық жоқ деп ойласа, онда мұндай адамның көкейіне Ұлы Аллаһтың алдында тәубе ету ешқашан кіріп те шықпайтыны анық. Сондықтан да адамдамдардың санасында халал болып қалыптасып қалған харамның қауіптілігі харам екендігі ешкімге күмән туғызбайтын нәрседен едәуір үлкен. Және өзінің іс-әрекеттері өсімқорлық екенін біле тұра, бұған көзі жетіп тұрса да, тіпті аятта5 айтылғандай Аллаһқа және Оның Елшісіне соғыс жариялағанына қарамастан, өсімқорлықпен айналысатын адам нәтижесінде, өсімқорлықпен айналысатын және тапқан табысы халал екендігіне сенімді адамға қарағанда, қауіптілігі төменірек жағдайда болады. Мәселен, харам екендігін нақты біле тұра алкоголь ішімдіктерін қолданатын адамның жағдайы сияқты. Бұл жағдайда ол күндердің-күнінде тәубеге келер деген үміт бар. Ал біреу алкоголь ішімдігін қандай да бір себеппен халал деп ішіп жүрсе, оның жағдайы, біріншісіне қарағанда, едәуір жаман, өйткені ол бұл мәселені осы кейпінде ұғынып жүре берсе, әйтеуір бір тәубеге келеді дегенді елестету мүмкін емес.6

Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), біз бұл жөнінде жоғарыда айтып өйкеніміздей, «ина» саудасы туралы тек мысал ретінде баяндаған еді. Мұнымен ол, егер мұсылмандар Аллаһ тыйым салған нәрселерді белгілі бір тәсілдермен халалға шығаруға тырысып істейтін болса, және бұл олардың арасында таралып кетсе, онда Аллаһ оларға қорлық жіберетініне нұсқағысы келді.7

Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың шариғатқа қайшы екендігі баршаға белгілі болған нәрселер туралы бізге: «Егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар...», - яғни, Аллаһ бізге табыс табуды бұйырды деген сылтаумен, дүние игіліктеріне ұмтылуға және ризық табуға салынып кетсеңдер деп баяндады. Мұсылмандар бұл мәселеде шектен шығушылыққа салынып, өздерінің барлық уақытын егінге, малға және табыстың басқа да түрлеріне бөлуде. Нәтижеде олар өздеріне Аллаһ Тағала жүктеген міндеттерін ұмытады.8

Осындай Аллаһтың ұмытылған бұйрықтарының мысалы ретінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың жолындағы жиһадқа нұсқап, былай деді: «Егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және жиһадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».

Сіздер көре алатындарыңыздай, бұл хадисте пайғамбарлық болжау бар. Шынында да, өкінішке орай, уәде етілген әрі біз соған куә болып отырған қорлық бізге келіп жетті. Біз хадисте айтылғандарды істей бастадық, ал бұл бізді сұмдық дертке – қорлық пен масқаралық дертіне әкеп соқтырды. Бұл күйден шығу үшін, біз міндетті түрде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер біз оған сүйенсек, Аллаһ бізді қорлықтан құтқаратынына нұсқаған амалына жүгінуіміз қажет.

Көп адамдар бұл хадисті, нақты айтқанда, «...сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін» деген сөздерді оқып яки естіп, «дінге қайта оралу – қарапайым іс» деп ойлайды.9 Маған келер болсақ, мен: «Дінге қайта оралу, біздің халқымызда айтылатындай, «иықтардың сілкінуіне» мұқтаж», - деймін. Біздің барлығымыз дініміз оның шынайы мән-мағынасын бұрмалауға бағытталған көптеген талпыныстарға ұшырағанын білеміз. Және кейбір жағдайларда бұл шынында да іске асты. Мұндай бұрмалаулардың кейбіреулері жөнінде көпшілік біледі, ал кейбіреулерін біреу білсе, біреу біле бермейді. Тіпті оның дінмен еш байланысы болмаса да, адамдардың көбі дінге жатқызатын сенім мен амалдарға қатысты мәселелер де бар. Біз «егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар...» деген хадисті талқылай отырып айтып өткен мәселе бұған мысал бола алады. Өйкені әрбір адам сауданың бұл түрі харам екендігін біле бермейді. Оған қоса, ислам елдеріндегі кейбір ғалымдар оның рұқсат етілгендігі жөнінде үкім шығаруда. Яғни өсімқорлықты заңдастыру үшін, қулық қолданылатын сауданың хәлал екендігі жөнінде. Және бұл – тек ислам құқығын (фиқһты) зерттейтін адамдар ғана білетін сансыз мысалдардың бірі ғана.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сауданың мұндай түріне тыйым салуымен қатар, оны қолдану мұсылмандардың қорланған жағдайының себебі болатындығын хабарлады. Және бұл – біз жоғарыда айтып өткенге нұсқайтын сансыз мысалдардың бірі ғана. Нақты айтқанда, дінімізді түсінуді Құран мен Сүннетке сәйкес қайта қарап шығудан бастау қажеттілігінің (мысалы).

Сондай-ақ біз тыйым салынғандығы жөнінде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері айқын дәлелдейтін нәрсеге кейбір ғалымдардың рұқсат беретіні жайлы айтқан кезімізде, олардың айыбын беттеріне басуды немесе оларды қаралауды мақсат тұтпаймыз. Біздің бар қалағанымыз – мұсылмандарға насихат айтып, оларға шынайы ықыластылық таныту10. Бұған қоса, біз ғалымдармен – әсіресе Ислам құқықтануы (фиқһ) саласындағы мамандармен, өздерінің діндерін бұрмаланған және қате күйде түсінетін адамдардың түсініктерін түзетуде, олар қандай себеппен орын алғанындықтарына қарамастан, ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Және арамызда үкім шығарушы ретінде Құранның аятын алуды ұсынамыз. Біз барлығымыз бұл аятты жақсы білеміз, бірақ біздің арамызда оған сәйкес өмір сүрушілер аз, ал бұл – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
                    

«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ни­са 4: 59).

Фиқһты зерттейтін адам саудаға байланысты басқа да мәселелер секілді, «ина» саудасын қолдану мәселесінде ғалымдардың арасында, біздің кезімізді айтпай-ақ қойғанның өзінде, баяғы кезден бері келіспеушіліктер бар екенін біледі. Ал қазіргі заман ғалымдары осындай мәселелерге тап болған кезде не істейді? Менің білуімше, олардың басым көпшілігі келіспеушіліктің бар екендігін жай ғана мойындайды да, барлығын өз орындарында қалдырады.

Міне осы жерде біз: «Ендеше, мұсылмандар өз дініне қалайша оралмақ?» - дейміз. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер олар оған жүгінсе, Аллаһ оларды қорлықтан құтқаратынын, ал кері жағдайда, барлығы бәз қалпында қалатындығын түсіндіріп хабарлаған дінге оралу ғана дауа болып табылады.

«Егер сендер саудада «инаны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен (ғана) қанағаттансаңдар, және жиһадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».

Бұл қасыреттің бір ғана емі – дінге қайта оралу. Алайда мұны әрбір адам, әсіресе ғалымдар, білетіндеріндей, бұл дінде көптеген келіспеушіліктер пайда болды (әрі әртүрлі ағартушылар мен уағыздаушылар елестегісі келетіндеріндей тек екінші кезектегі11 мәселелерде ғана емес). Келіспеушілік (ихтиләф) сеніммен (ақидамен) байланысты мәселелерге де келіп тиді. Мысалы, басқа секталар мен ағымдарды айтпағаның өзінде, ашарилер және матурудилер арасындағы келіспеушіліктерге, немесе олардың муътәзиләлармен келіспеушіліктеріне қараңдар. Және олардың барлығын біз мұсылман деп санаймыз ғой. Ал Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «... Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды», - деген сөздері олардың әрқайсысына арналған.

Ендеше, біз оған қайта оралуымызға тиіс болған нендей дін? Қандай да бір ағымның немесе партияның түсінігіндегі дін болғаны ма?! Ендеше, бір ауыздан әһлю-Сунна12 мазхабтары деп есептелетін төрт мазхабтың13 арасындағы келіспеушіліктермен ғана шектелейік (делік).

Тіпті осы мазхабтардың біріне жүгінгенің өзінде де, біз онда Сүннетке қайшы келетін бірнеше және тіпті ондаған ережелерді көреміз, олардың кейбіреуі тіпті Құранға да қайшы келеді.

Сондықтан да мен: «Шын ықыласымен ислами мемлекет құруға үндейтін және Исламға шақыратындар ұмтылып жатқан түзету міндетті түрде олар ең алдымен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немен келгендігін өздері үшін анықтап алуларынан және кейін осы түсінуді ислам үмметіне жеткізуден басталуы керек», - деп есептеймін.14

Дінді дұрыс түсінуге оралудың жолы біреу ғана, және ол – Құран мен Сүннетті оқып үйрену екендігіне мен кәміл сенімдімін, және бұл – ғалымдардың бір ауыздан келісілген пікірлері де. Бұдан тыс, мазхабтардың имамдары (Аллаһ оларды рақым етсін) бізді оларға соқыр түрде ілесуден сақтандырған еді, және бұл олардың артықшылықтарына жатады, ал олардың артықшылықтары, белгілі болғандай, Аллаһтан. Олар адамдар олардың сөздерін негізге алуын, сөйтіп шариғаттың негізі Құран мен Сүннет болып табылатынын ұмытуын қаламаған.

Әрі мен қазір имамдардың сол бір мағынаны білдіретін: «Егер (сендерге) сенімді хадис (жетсе), онда бұл менің мазхабым», - деген барлық айтқан сөздерін келтіруімнің қажеттілігі жоқ.15

Бұл имамдар өздерінің пікірлеріне қайшы келетін хадиске ілесуді бұйыра отырып, өздеріне, өз үмметіне және өз ізбасарларына қатысты қаншалықты ықыласты болғандықтарын түсіну үшін бұл сөздер әбден жеткілікті.

Сөйтіп, сахих хадиске ілесу принципі, керек болса мұны имамдардың нұсқауларына ілесу принципі деп атаңыз, бізге Құран мен Сүннетке қайта оралудың жолын ашады.

Бүгінгі күнге дейін әртүрлі шариғат мектептерінің, факультеттерінің және басқа да оқу орындарының оқу құралдарында оқытылатын нәрселердің мысалын келтірейік.16

Мазхабтардың бірінде былай деп айтылады: «Егер адам намазға тұрса, қолдарын денесіне бойлай түсіріп, бірін екіншісінің үстіне қоймауы керек».17

Не үшін?! Мазхаб осындай!

Ал ғалым-мухаддистер «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оң қолын сол қолының үстіне қоймаған» деп айтылған мейлі әлсіз, мейлі тіпті жалған бір хадис болса да табуға бар күш-жігерін қосты. Мұндай хадис жоқ. Ал осы Исламнан ба?

Мен білемін, сендердің біреулерің: «Бұл – екінші дәрежелі мәселелер ғой», - деп айтуларың мүмкін. Ал біреу: «Бұл ұсақ нәрсе ғой», - деуге де батылы жетуі мүмкін. Алайда мен Аллаһтың Елшісінен келген діннің және ғибадаттың мәселелерінен болған барлық нәрсе ұсақ-түйек нәрсе болуы мүмкін емес екендігіне кәміл сенемін. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге жеткізген барлық нәрсені біз дін деп қабылдауымыз керек те, шариғат дәлелдерімен санасуымыз қажет. Яғни міндетті болып табылатын нәрсе – міндетті, ал абзал (мәндуб) болып табылатын нәрсе – абзал (мәндуб). Ал енді діннің қандай да бір нәрсесін, ол нәрсе тек абзал (мәндуб) болғандықтан ғана, ұсақ-түйек немесе қабық (кебек) деп айтуға Ислам тұрғысынан мүлде жол берілмейді. Бұдан тыс, қабықты сақтап қалмай, өзекті сақтап қалу - мүмкін емес. Мен мұны олардың айтқандарына шартты түрде ғана келісіп айтудамын.18

Бұл қарапайым мысалға (яғни намазда қолдарды дененің бойымен төмен түсіруге) қайта оралайық. Не үшін мұсылмандар осыны істеуді жалғастырып жүр? Сүннет туралы кітаптарда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындау кезінде бір қолын екінші қолының үстіне қоятынынын көрсететін хадистер өте көп қой. Жауап біреу-ақ – мазхабқа соқыр түрде ілесу (тақлид) және өздерінің имамдарының “Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – міне осы менің мазхабым” деп айтқан сөздеріне қарамастан, ақиқаттың алдында қасарысу.

Мүмкін, кейбір адамдарға бұл мысал жеткіліксіз болар. Онда басқасын келтірейік. Бүгінгі күнге дейін фиқһ бойынша кітаптарда біз «алкоголь екі түрге бөлінеді» деген пікірді кездестіре аламыз:

1 – аз мөлшерде де, көп мөлшерде де ішуге тыйым салынған, жүзімнен алынатын алкоголь.

2 – арпа, жүгері, құрма т.с.с. басқа азықтардан алынатын ал­ко­голь. Алкогольдің бұл түрі толық тыйым салынған емес (бұл жөнінде осы кітаптарда айтылатындай), алайда оларды мас қылатын мөлшерде ішуге тыйым салынады.

Неге әлі күнге дейін кітаптарда осылай деп жазылуда?

Кейбір адамдар тек өзінің имамының пайымына (ижтихадына19) негізделіп, жан-жақтан өзінің наразылығын білдіруі мүмкін! Біздің барлығымыз, мазхабтарымыз қандай болуына қарамастан, кітаптарда Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көп мөлшерде мас қылатын нәрсені, аз мөлшерде де ішуге тыйым салынады», - деп жеткен сахих хадисті оқимыз. Әбу Да­уд 3681, әт-Тир­ми­зи 1925, Ибн Мәжаһ 3393. «Әл-Ируа», 2375. Сондай-ақ ол былай деп айтқанын да білеміз: «Мас қылатын нәрсенің барлығы – хамр, ал барлық хамр тыйым салынған болып табылады». Мус­лим 2003.

Ендеше, не үшін бұзақылықтың ернеуінде тұрған немесе оған түсіп үлгерген адамдарды сергітетін және оларға жүзімнен алынбаған спирттік ішімдіктерді ішуді әдемі етіп көрсететін бұл қауіпті сөздер осы кезге дейін сақталып келуде? Әрі мұның барлығы пәленше имам осылай деп айтқандықтан!20 Біз де ол имамды ұлы ғалым деп есептейміз. Алайда айырмашылығымыз: біз бұл ұлы ғалым қателесуден пәк емес екенін ұмытпаймыз, ал оның пікірін соқыр түрде ұстанушылар өздерін осы ұлы ақиқатты ұмытқан етіп көрсетеді де, оның сөздерін қорғауды жалғастыра береді. Ал басқалары бұл сөздерді пайдаланып, мұсылмандардың арасында алкоголь таратуда. Үшіншілері имамның осы сөздерін емес, оның өзін қорғауда.

Мүмкін сендердің көпшілігің «Әл-’Араби» журналында мұсылмандарға жүзімнен жасалмаған ішімдіктерді ішуге рұқсат беретін бұл пікірді қолдайтын мақала пайда болғанын көрген боларсыздар. Сонымен, міне, олардың дәлелі «өзіңді мас қылатын мөлшерде ішпе» деген сөздер болды.

Бірақ, көпке мәлім болғандай, іс жүзінде мұны істеу мүмкін емес. Өйткені бірінші тамшы өзінің соңынан екіншісін, үшіншісі - төртіншісін сүйрейді және тағысын тағы. Өйткені қандай мөлшер мас қылатынын, ал қандай мөлшер мас қылмайтынын анықтау мүмкін емес! Бұл нәтижесінде мас болуға әкеледі.

Бұдан шыға келе, мені бір нәрсе толғандырады: олар Аллаһтың Елшісінің (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл пікірді толығымен жоққа шығаратын айқын және сахих (сенімді) хадистеріне қайшы келуіне қарамастан, не үшін осы сөздер фиқһ бойынша кітаптарда сақталып келуде?!

Не үшін біз пайдакүнем мақсаттарын көздеген бұл адамға өзінің мақалаларын таратуға және «өзіңді мастандыратын мөлшерде ішпе, азғантай ғана іш, бірақ көп ішпе» деп мұсылмандарға спирттік ішімдіктерді ішуге рұқсат етіп, одан түскен пайдаға өзіне сарайлар құруына мүмкіндік береміз.

Ал мүмкін, оның ниеті түзу шығар, және мүмкін ол: «Әй, адамдар! Дінді қиындатпаңдар. Егер бір имамның пікірі спирттік ішімдіктерді ішу рұқсат етілген деп тұрса, біз неліктен оған тыйым салуымыз керек?» - дейтін адамдардың жолына жәй ілесуді ғана қалайтын шығар. Мүмкін бұл надан осындай да шығар. Алайда осы мақалаға қарсы пікір жазған Шамның абыройлы ғалымдарының бірінің абыржуын немен түсіндіруге болар екен? Ол ең басында мақала авторының пікірін ұстағандарды қолдайды, кейін бұл жазушының және ол сүйенген адамдардың сөздерін жоққа шығаратын хадистерді келтіреді, олардың кейбіреулерін біз ескертіп қойғанбыз.

Мұндай өзіне сенбеушіліктің және құбылудың себебі неде? Себебі бұл сөздер мұсылман ғалымдарының біреуінікі болғандықтан, ол бұл сөздерді талассыз дұрыс етуінде. Ал бұл ғалым әуес-қалауымен немесе надандығымен сөйлеп тұрған жоқ. Мен мұнымен келісемін де, онымен бірге: ол әуес-қалауымен, немесе надандықпен айтпады, алайда ол бір жақтылық пен надандықтан алшақ бола тұра, өз пікірін (қандай да бір мәселе бойынша) шығаруда қателесуден сақталған ба?! Біз барлығымыз: «Жоқ», - деп жауап береміз. Және біз барлығымыз Аллаһтың Елшісінің: «Егер үкім етуші (би, сот) ыждағаттылық танытып қаулы шығарса, және оның пікірі дұрыс болып шықса, онда оған екі сауап. Ал егер ол ыждағаттылық танытып үкім етсе, және қателессе, онда оған бір сауап», - деген сөздерін ұмытпағанбыз. Әл-Бу­ха­ри, 7352; Мус­лим, 1716.

Бірақ неліктен біз мужтахид-ғалымға21 бір сауап берілуі мүмкін екендігін ұмытамыз да, оның қателескенін жай ғана мойындамаймыз? Кейбір адамдар үшін «пәленше имам қателесіпті» - деп айту өте қиын.

Біз: «Мұндай шектен шығушылықтың не қажеті бар?» - дейміз ғой. Неліктен біз «имамдардың біреуі өзінің қандай да бір пікірінде қателесті» және «оған екі сауаптың орнына біреу берілетін болды» деп айтудан қорқамыз? Неліктен біз осыны өзімізге ұстаным етіп алмаймыз және біз қазір ғана талқылаған мәселедей, екінші дәрежелі мәселелерде амалға асырмаймыз?!

Әрі егер осы ғалым әлгі жазушыға қарсы пікір ретінде жазған жолдауды оқысаңдар, нәтижесінде онда бұл жазушының қателігін нұсқайтын ешнәрсе таппайсыңдар, өйткені негіз ретінде ол мұсылмандардың бір имамының пікірін алды. Ал бұл имамның кейбір ізбасарлары бұл пікірді мұқият зертеп, оған шариғи дәлелдерді қарсы қойған соң, ыждағаттылық танытқандары үшін, бір сауап алатындардың қатарына жатқызып, осы (пікірден) бас тартты ғой. Ал олардың өздері сахих хадистерді ұстана бастады. Онда неліктен біз осы жолдауда «Бұл мәселеде имам қателесті және оған бір сауап беріледі» деген ескерпені таппай отырмыз? Сондай-ақ «Бұл жазушы имамның сөзіне сүйеніп, Сүннетке қайшы келуге құқығы жоқ еді» деп, оған сөгіс білдіруді де таппаймыз!

Жауабы біздің жүректеріміздің соқырлығында, өйткені біз имамды дәріптеп, оны Аллаһ бізді міндетті еткеннен де артығырақ қадір тұтамыз. Біз Аллаһтың Елшісінің (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жасы үлкенді құрметтемеген және жасы кішіге қамқорлық көрсетпеген, және біздің ғалымға лайықтысын бермеген – бізден емес», - деген сөзіне сенеміз. Қз.: «Са­хихул-жә­ми’», 5443.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді ғалымдардың құқықтарын сақтауға үндеді. Алайда адамдар өз іс-әрекеттерімен ғалымды қателесуден пәк етіп, Пайғамбардың дәрежесінен де биік көтермелеуге ғалымның құқығы бар ма? Ал іс-әрекеттер сөздерге қарағанда көп нәрсені білдіреді емес пе?22

Біз ғалымға құрмет көрсетіп, оны лайықты түрде қадірлеуіміз керек екендігі, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін қалдырып, оның сөздерін көтермелеуіміз керекпіз дегенді білдірмейді. Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің алдында оның сөздеріне басымдық беруімізге болмайды.

Және біз жоғарыда сөз еткен нәрселер - бүгінгі күні біздің ортамызда таралып кеткен, Құран Мен Сүннет жайлы білімге ие адамдардың тарапынан сөгіссіз немесе наразылық танытылмай қалып жатқан іс-әрекеттердің бір ғана мысалы.

Мен бұл жөнінде өзімнің жарияланған еңбектерімнің бірінде айтқан болатынмын. Және оқырман сол жолдауымнан тек бір ғана нәрсе алуы керек еді - істің мәні - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Көп мөлшерде мас қылатын нәрсені аз мөлшерде де ішуге тыйым салынады», - деп айтқанында. «Әл-Ируа», 2375.

Әрі сондықтан «Әл-‘Ара­би» жұрналынан болған әлгі жазушы қателесті, және оны қолдаған ғалым да қателесті. Және біз ешкімге әуестеріміз ауып қарамаймыз. Қателік – ол қателік, күпірлік – ол күпірлік, ол ересекпен орын алса да, баламен орын алса да, еркекпен орын алса да, әйелмен орын алса да. Қателік, оны кім жасаса да, қателік болып табылады.

Сондай-ақ мысал ретінде бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан және «Азаматтық жағдайлар туралы заң» деп аталатын, некелесуге қатысты кең таралған пікірді келтіруге болады.

Жалпыға мәлім болғандай, өкінішке орай, бізге бір ауызды келісім бойынша шариғатқа қайшы келетін ережелерді қамтитын конституцияны міндеттеп қойды. Алайда бұған қарамастан, біз айтып тұрған пікір шариғат заңы деп беріледі. Және бұл – «саналы және кәмелет жасына жеткен мұсылман қызға уәлиінің (қамқоршысының)23 рұқсатынсыз күйеуге шығуға болады» деген, Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандайда бір әйел уәлиінің (қамқоршысының) рұқсатынсыз күйеуге шықса, оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз!»24 - деген айқын сөздеріне қайшы келетін пікір. «Әл-Ируа» 1840.

Кейде адамдар маған: «Сонда осы хадисті жалғыз сен ғана түсіндің бе?» - деп сұрайды. Мен оларға: «Бұл хадисті араб тілінде имам болып саналатын кісі осылайша түсінді, ал ол - имам әш-Шә­фи’и. Және бұл – Албаниялық бір кісінің пікірі ғана емес. Алайда бұл албаниялық кісі бұл хадисті тауып алды, және бұл хадисті ‘Аб­дул-Му­тал­либ тайпасынан шыққан қурайш имамы қалай түсінгенін де тауып алды».

Неге біз ғалымның пікірі үшін, сахих хадиспен нығайтылған бұл дұрыс пікірді қалдырдық?

Иә, біз имамдардың ижтихадымен санасамыз. Алайда ижтихад Құран мен Сүннеттің қатесіз мәтіндеріне қайшы келмейтін жағдайда ғана құнға ие болады. Біз барлығымыз фиқһ негігіздері (усул әл-фиқһ) туралы кітаптардан: «Егер (Құраннан немесе Сүннеттен алынған) айқын мәтін болса, онда (ой-тұжырымға негізделген) пікір жарамсыз болады», - немесе: «Айқын мәтін болса, ижтихад рұқсат етілмейді», - деген ережелерді оқимыз. Осы ережелер бұл ғылымның ғалымдары тарапынан жаппай мойындалған. Онда неліктен біз осы Сүннетке сәйкес келетін ережелерді тәжірибеде қолданбаймыз да, оған қайшы келетін пікірлерді қасарысып ұстанып аламыз.

Және егер біз шындығында да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін», - деп айтып, нұсқаған емделуге кіріскіміз келсе, онда «Дінге қайта оралу тек сөз жүзінде ғана болуы керек пе, әлде ол амалдар мен сенімдерде көрінуі керек пе?» деген сұраққа жауап беру керек.

Мұсылмандардың көпшілігі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына, және Мухаммад – Аллаһтың Елшісі екендігіне куәлік береді. Алайда олар бұл куәліктің міндетті болған талаптарын орындамайды. Және бұл – өте ауқымды тақырып. Мұсылмандар, тіпті діннің уағыздаушылары деп аталатындар, біздің кезімізде бұл куәліктің мағынасына дұрыс түсіндірме бермейді. Жас мұсылмандардың және ислам жазушыларының көбі бұл куәліктен «Заң шығару құқығы тек Аллаһқа ғана тән» деген ұғым шығатындығына басты назарды аударған. Иә, мұсылман жастары және ислам жазушылары болмыстың осы қырына ерекше маңыз беретінін мен ашық түрде жариялағым келеді. Яғни, заңдарды орнатуға жалғыз Аллаһ Тағаланың ғана құқығы бар екендігіне. Біздің күнімізде орын алып жатқан мәселелерді шешуде сүйенетін, бізге байланған конституциялар «заңдар Аллаһқа ғана тиесілі болу керек» дегенге қарама-қайшы келеді. Алайда мен бұл жазушылардың өздері назар аудаған нәрселерінде тиянақсыз екендігін көрудемін, нақты айтқанда, заңдарды орнатуға тек Аллаһтың ғана құқықы бар екендігінде және Аллаһтың үкімдері – ол Құран мен Сүннеттің үкімдері екендігінде.

Сендердің ойларыңша, егер кәпірден қандай да бір қайшы заң келсе, ол Аллаһтың заңына қайшы келеді, солай ғой? Ал егер қандай да бір ғалым өзінің ыждағаттылығында (ижтихад) қателессе, онда бұл Аллаһтың үкіміне қайшы келмейді ме?!

Мен бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ екендігіне кәміл сенімдімін. Мұсылман адам Құран мен Сүннетке қайшы келетін кез келген пікірді тастауға міндетті, ол пікір кімнен келсе де. Алайда бұл күпірлікті айтқан кәпір (өйткені ол мәңгі Тозақта қалатын кәпір) мен қателесіп, қателігі үшін бір сауап алатын мұсылманның арасында айырмашылық бар. Біз бұл жөнінде сахих хадиске сүйеніп, жоғарыда айтқан болатынбыз.

Сондықтан дінге оралу оны түсінуге жол жасалғаннан кейін ғана мүмкін болмақ. Және бұл тәжірибеге «әл-фиқһ әл-муқ­а­ран» (салыстырмалы фиқһ)25 деп аталатын фиқһты енгізуден басталып орындалуы керек. Бұл фиқһты оқып-зерттеу міндетті болып табылады. Оны шариғат білімі туралы диплом алатынның барлығы оқып-зерттеуі қажет.

Әрі қарай, біз Ислам мемлекетін орнатуға шақырғанда, бұл мемлекеттің нақты заңы және кодексі болу керектігін мойындаймыз. Ал бұл заң қай мазхабтың негізінде құрылады? Және қай мазхабтың негізінде бұл заңға түсіндірмелер жазылады?

Кейбір ислам қайраткерлері бүгінгі күні болашақ ислам мемлекетінің конституциясы сүйенуге тиіс құқықты құрастыруға кірісіп кетті. Және біз бұл құқықтың жоғарыда сөз етілген «салыстырмалы фиқһты» оқып-зерттеуге, немесе біздің терминологиямызда айтылатындай «Құран мен Сүннетті оқып-зерттеуге» негізделмей жатқанын байқаймыз. Осындай қайраткерлердің біреуі белгілі бір мазхабты оқып-зерттеп, ал кейін осы мазхабтың пікірін өзі жазған құқықтың көптеген тарауларында жеткізген. Ол өзінің кітабын ислам мемлекеті пайда болғанда, ол оның конституциясы болуы үшін дайындаған, ал бұл жақын арада орын алуы мүмкін. Ал іс жүзінде ол, спирттік ішімдіктің рұқсат етілгендігі туралы жазған адам сияқты, ешқандай жаңалық жасаған жоқ. Ислам мемлекетінің конституциясының жобасы туралы ең кем дегенде, ол өзіне осы мәселе бойынша Сүннетпен бекітілген сенімді пікірге қайшы келетін басқа имамның әлсіз көзқарастарын қамтитынын айтуға болады. Және мен айтып тұрған нәрсе «Егер мұсылман зиммийді26 өлтірсе – одан кек алу ретінде оны өлім жазасына кеседі» деген тарауда келген. Және бұл пікір ислам фиқһында белгілі. Алайда: «Егер мұсылман зиммиді өлтірсе, кәпір үшін кек алу ретінде оны өлтірмейді» - деген басқа пікір де бар, өйткені әл-Бухаридің жинағында Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманды кәпір үшін өлтірмейді», - деген сөздері келтіріледі. Қз.: «Әл-Ируа», 2209.

Ал мұсылманды кәпір үшін өлім жазасымен өлтіру туралы заңды, ол Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне қайшы болып тұрса да, ислам құқығына енгізуге бұл ғалымды не итермеледі екен?!27

Мен мұның себебі ол осы мазхабтың фиқһын оқып-зерттеп, онымен бірге өсіп, оған ілесуді өзіне де, өзгеге де міндетті еткені екендігіне мығым сенемін. Ал енді осыны дінге қайта оралу деп атауға болады ма? Ақықатында, дін: «Кәпір үшін мұсылманды өлтірмейді!» - деп айтып тұр, ал мазхаб өлтіреді дейді. Сондай-ақ бұл жазушы сол тармақта: «Ал егер мұсылман зиммиді қателесіп өлтірсе, онда құн не болады? Оның құны мұсылманның құнындай», - деген. Осылай деп ол сүйенетін, мазхабқа ілесетін конституция жариялап тұр. Алайда Аллаһтың Елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кәпірдің өлімі үшін құн муминнің құнының жартысына тең». Қз.: «Са­хих әл-Жәми’», 3391.

Сонда біз конституция ретінде нені қабылдауымыз керек? Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін бе, әлде оған қайшы келетін пікірлерді ме? Және мұндай мысалдар өте көп.

Сөйтіп, дінге қайта оралу – бұл Құран мен Сүннетке қайта оралу, өйткені имамдардың бір ауызды келісімі бойынша, дәл солардың негізінде дін қамтылған. Және тек соларға ілесу ғана - адасушылықтан кепілді қорғаныш. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерге олардан кейін сендер ешқашан адасушылыққа түспейтін екі нәрсе – Аллаһтың Кітабын және менің Сүннетімді – қалдырдым және олар маған су айдынының қасында көрсетілмейінше ажыратылмайды». «Са­хих әл-Жә­ми’», 2937.

Біз бұл мысалдарды білім иелері діннің Құран мен Сүннет деген екі негізге сәйкес келетін түсінігіне қайта оралудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуі үшін және мұсылмандар Аллаһ осыны рұқсат етті деп харамды халал етпеуі үшін ғана келтірдік.

Және дінге қайта оралуға қатысты айтқым келген нәрсе.

Егер біз Аллаһ Тағала бізге ұлықтық беруін, қорлықтан құтқаруын және дұшпандарымызға қарсы бізге көмектесуін қаласақ, онда бұл үшін мәселені жалғыз ұғыну жеткіліксіз болады. Ал бұл – дінді және шариғат дәлелдерін бұрмалап тастаған түрлі пікірлерден құтылудың қажеттілігін бұрыс түсіну мәселесі. Тағы бір елеусіз емес фактор бар, ол – амалдар. Білім – амалдарды атқаруға қажетті құрал ғана. Және егер адам таза болып, түрлі адасушылықтардан еркін білімге ие болып, бірақ оған сәйкес іс-әрекет жасамаса, онда бұл білімнің ешқашан жемісі болмайтыны ап-айқын. Сондықтан да білімнің ізінен әркез амал ілесуі қажет.28

Әрбір білім иесі бүгінгі күні мұсылмандардың жаңа ұрпағын – (яғни) Құранға және сахих Сүннетке сәйкес өмір сүретін мұсылмандардың ұрпағын тәрбиелеуге кірісуі керек. Және адамдарды олар өздерінің ата-бабаларынан мирас етіп алған дін туралы жалған түсініктерінде қалдыруымызға бізге рұқсат етілмейді. Өйткені олардың кейбіреулері бір ауызды келісім бойынша жалған болып табылады, ал басқаларында ижтихад шеңберіндегі келіспеушілік бар, алайда Сүннетке қайшы келетін ижтихадта.

Және тек осындай тазартудан және діннің қайта жаңғыруы неден басталуы мен оның жолы қандай екенін түсінуден кейін ғана жаңа ұрпақты осы сахих білімнің негізінде тәрбиелеу орын алуы қажет. Және мұндай тәрбиенің жемісі, міндетті түрде, таза ислам қоғамының, ал содан кейін ислам мемлекетінің де пайда болуы іске асады. Және осы екі бастапқы сатыларсыз – сахих білімсіз және соның негізінде жүргізілетін дұрыс тәрбиесіз – ислам басқаруын, немесе мемлекеті орнату мүмкін емес екендігіне мен кәміл сенемін.

Мен осы сатылар Исламды қайта жаңғырту ісінде қаншалықты маңызды екеніне мысал келтіремін. Бізде – Шамда мұсылмандардың тобы бар, олар да Исламның қайта жаңғыруын және оның негізінде жаңа ұрпақты тәрбиелеуді қалайды, және тіпті бұл үшін белгілі күш-жігерін де салуда. Бірақ біз олардың басшыларының көбі өздері Исламды біз айтқан жолдың негізінде мұқият оқып-үйренуге мұқтаж екендігін сезудеміз. Біз бұл қайраткерлер жұмаға қараған түнде ислам жастарын Аллаһқа құлшылық ету үшін шақыратынын көрудеміз. Иә, бұл шақыру – Аллаһқа мойынсынуға және оған ғибадат етуге деген шақыру. Және бұл – өте жақсы. Бірақ олар Сүннетті зерттеп-оқымағандығынан және оны түсінуге тырыспағандығынан, және өздерін осыда жастайынан тәрбиелейтін ұрпақты көріп үлгермегендігінен, оған деген қайшылыққа түсті. Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Басқа түндерді қалдырып, жұмаға қараған түнді (түнгі) намазды орындау үшін арнап қоймаңдар, және басқа күндерді қалдырып, жұма күнін ораза ұстау үшін белгілеп қоймаңдар», - деген сөздерін меңзеп тұрмыз.29 Мус­лим, 1144.

Ал енді жұмаға қараған түнді ерекше етіп белгілеуге және оны ғибадатқа арнауға біздің қандай құқымыз бар, мұны бізге Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған болса. Жауап: мұның себебі надандық болып табылады. Бірақ онда не үшін білім иелері бұлай істеуге тыйым салынғандығын нұсқап, бұл надандықты жоймайды?!

Бұл балалардың басқалары өздеріне музыка тыңдауды рұқсат етеді, өйткені барлық каналдар оған толы. Ал неліктен ешкім оларға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) музыкалық аспаптарға және музыкаға тыйым салып, өз уақытын ойынмен, бос сөзбен және музыкамен өткізетіндерді (Аллаһ) маймылдар мен доңыздарға айналдыратындығымен қорқытқандығын нұсқамайды? Қз.: «әс-Сил­си­лә әс-са­хи­ха», 91. Бұл ұрпақ не нәрсе – халал, ал не – харам екендігінде тәрбиеленбеді. Өздерін ақтау ретінде бұл балалар музыканың хәлал екендігі туралы жолдау жазған имамдардың бірі - Ибн Хазмнің сөздері сияқты, кейбір ғалымдардың сөзін келтіреді.30 Және бұл пікір олардың арасында өте жылдам таралып кетті, өйткені бұл пікірде олардың нәпсілерінің қалауларына сәйкес келетін нәрселер бар. (Мұндай топтардың) кейбір жетекшілері және өздерін қоғамды түзетумен айналысып жүргендер деп ойлайтындар: «Егер осы имам осындай пікірді шығарған болса, онда біз музыка тыңдап, оған осыда ілесе аламыз; оның үстіне оны қазір барлығы естуде», - деп жариялайды.31

Ал Сүннет қайда кетті?! Ақиқатында, Сүннет ұмытылды!

Және егер Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінге қайта оралуды қорлықтан құтылудың амалы еткен болса, онда біз оны ғалымдардың Құран мен Сүннетке негізделетін пікірлеріне сүйеніп, дұрыс түсінуіміз керек, әрі дәл осының негізінде жаңа ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Міне осы - мұсылмандардың барлығы шағымданатын мәселелердің шешілуіне жеткізетін жол.

Маған бір сөз ұнайды, және ол мен жоғарыда айтып өткендерімнің қорытындысы болады. Бұл - кезінде дінге шақырумен айналысқандардың біреуінің сөзі. Және бұл сөз көктен түскен белгі сияқты деп есептеймін. Ол: «Ислам мемлекетін өз жүректеріңде құрыңдар, және ол сендер үшін жерде құрылады», - деген сөз.

Біз өзімізді Исламымыздың, дініміздің негізінде түзетуіміз керек. Ал бұл, мен айтқандай, надандықтың көмегімен іске асырылмайды. Алайда бұл тек білімнің негізінде ғана орын алуы мүмкін және бұл жерде ислам мемлекеті құрылғанға дейін жалғаса беруі қажет.32

Және соңында бұл ұлы істі жүзеге асыруға қабілетті әрбір кісіге шынайы Исламды, ол туралы Құран мен Сүннетте айтылатын Исламды таратуда, және жас ұрпақты осы негіздерде тәрбиелеуде ғалымдармен ынтымақтастықта болуды мирас етемін. Бұл ескерту еді, өйткені ескерту муминдерге пайда әкеледі.33


Әс-сәләму ‘аләй­кум уә рах­мату-Лла­һи уа бара­катуһ!

1 Түп нұсқасында кітап «Әл-Мактаба әл-Исләмия» баспасында жарық көрген.

2 Мухаддис – хадистер (Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары жайлы деректер) туралы ғылыммен айналысатын, оларды жақсы түсінетін, олардың көптеген нұсқаларын (риуаяттарын) біліп, олардың жеткізушілері туралы егжей-тегжейлі білімге ие болып, олардан өздігінше шариғи үкімдер шығаруға қабілетті ғалым.

3  Шейх Мухаммад Насыруддин ибн Нух ибн Адам Нәжати әл-Әлбани – біздің ғасырымыздың ұлы ғалымы. Ол һижра жыл санауы бойынша 1333-жылы (1914 ж.) Шкодер қаласында (Албанияның бұрынғы астанасында) туылды.

Оның абырой-мәртебесі мен білімінің деңгейіне нұсқау үшін, өз ғасырының ғалымдарының оның көзі тірісінде-ақ, сондай-ақ оның өлімінен кейін ол туралы айтқан сөздерін келтіру жетіп асады.

Ибн Баздың ұстазы - шейх Мухаммад ибн Ибраһим шейх әл-Әлбани туралы былай деді: “Сүннетті ұстанушы, ақиқаттың көмекшісі және адасушылықтарды жақтаушылардың қарсыласы”. “Мухаддисул-‘асри уә Насыру-Ссунна” 32.

Шейх Ибн Баз ол туралы былай деген: “Мен қазіргі кезде аспан астында әл-Әлбаниден көбірек білетін адамды білмеймін!”  “Каукаба мин аимматил-һуада” 227.

Бірде Ибн Базға «Ақиқатында, Аллаһ бұл үмметке әрбір жүз жылда олар үшін діндерін қайта жаңғыртып отыратын біреуді жіберіп тұрады» деген хадис оқып беріліп: «Бұл ғасырдың жаңғыртушысы (мужаддид) кім еді?» - деген сұрақ қойылды. Ибн Баз: “Шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани, бұл – менің пікірім”, - деді. “Мажлә әл-асалә әл-Урдуния” 76.

Шейх Ибн ‘Усаймин былай деген: Шейх әл-Әлбани - әһлю-Сунна адамы, Сүннетті қорғаушы, хадис туралы ғылымның имамы, әрі біз біздің заманымызда онымен теңдесетін адамды білмейміз. Алайда кейбір адамдардың жүректеріне, олар адамның қабілеттерін көргенде, өшпенділік ұялап, кезінде аз мөлшерде де, көп мөлшерде де садақа берген муминдерді тәлкек қылған екіжүзділер сияқты ол туралы жаман сөздер тарата бастайды. Бұл адамды біз оның кітаптары арқылы білеміз, және мен оны өткізген мәжілістерінен білемін. Ол - дұрыс жолмен (манһажбен) жүрүші, ақидасы бойынша - мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолын ұстанушы*”. “Тасжиләту мәжалис әл-һуда” 4 - кассета.

* Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолын ұстанушы – өзінің сөздерінде, амалдарында және сенімдерінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабаларының, сондай-ақ олардың ізбасарларының (табиъун) жолын ұстанатын адам.

Шейх ‘Абдул-‘Азиз Әли Шейх және шейх Салих әл-Фаузан ол туралы: “Біздің кезіміздегі Сүннеттің қорғаушысы!” - деді. “Мухаддисул-асри уә Насыру-Ссунна” 33.

Шейх ‘Абдуллаһ ибн ‘Абдур-Рахман әл-Бассам былай деп айтқан: “Шейх әл-Әлбани – Сүннетке қызмет ету жолында өзін де, өзінің мал-мүлкін де аямай, ыждағаттылық танытқан біздің заманымыздың ұлы имамдарының қатарынан”. “Кашфу-тталбис” 76.

Шейх ‘Абдул-Мухсин әл-‘Аббад: “Шейх әл-Әлбани, Аллаһ оны рахым етсін, Өзінің (өмір сүрген) жылдарын Сүннетке қызмет көрсетуге, кітаптар жазуға, Аллаһқа шақыруға, мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына шақырудың (дағуаттың) жеңіске жетуіне және бидғаттарға қарсы күресуге бағыштаған атақты ғалымдардың қатарынан еді. Ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің қорғаушысы еді және, күмәнсіз, мұндай ғалымды жоғалту – мұсылмандар үшін ұлы қаза. Аллаһ оған істеген ұлы қызметі үшін ең жақсы сыйын берсін және оны Жәннатқа қоныстандырсын”. “Хаятул-Әлбани” 7.

Шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убайлән былай деп айтқан: “Мен және бүкіл дүние жүзі мұсылмандары имам, атақты ғалым, мухаддис, зуһд шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің өліміне қатты қайғырамыз. Шындығында да, оның барлық артықшылықтарын сөзбен жеткізуге болмайды, әрі егер де оның мұсылмандардың алғашқы үрпақтарының жолына шақыруын (дағуатын) жаңғыртуынан өзге ешқандай қызметтері болмаса да, осының өзі өзгелер жете алмайтын еңбек болар еді. Бірақ сонымен бірге ол Сүннеттің негізінде өмір сүрген және бидғаттардан сақтандырған, мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының жолына шақырған ең үлкен уағыздаушы еді. Біздің шейх ‘Абдуллаһ әд-Дуайш: «Біз көп ғасырлардан бері хадистердің сахихтығын анықтауға (тахқиқ) едәуір еңбек сіңірген шейх Насырға теңдесетін кісіні білмегенбіз. Имам әс-Суютидің өлімінен соң тіпті біздің уақытымызға дейін хадис туралы ғылымды (‘илму-хадис) шейх әл-Әлбани сияқты кең көлемде және дәлме-дәл оқып-зерттеген ешкім болмады»”. “Хаятул-Әлбани” 9.

Шейх Салих Әли Шейх ол туралы былай деп айтқан: “Атақты ғалым Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің қазасы қайғы болып табылатынына еш күмән жоқ, өйткені ол Аллаһ Тағала ол арқылы бұл дінді қорғайтын және Сүннетті тарататын, Ислам үмметінің қатарынан болған ғалым, мухаддистердің мухаддисі еді!” “Каукаба мин аимматил-һуда” 252.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ білімді Өзінің құлдарынан жай алып қоймайды, бірақ Ол білімді білімділерді алып кетуі арқылы алады!» - деп ақиқатты айтты. Әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Мұсылмандардың ізгі алғашқы буын өкілдері былай деп айтатын: “Ғалымның өлімі – бұл қайғы, әрі тұтас бір халықтың өлімінің маңызы бір ғалымның өлімінің маңызынан төмендеу”. “Мифтаху дари-сса’ада” 1/68.

Шейх әл-Әлбани һижраның 1420 жылы, жумәда әс-сәни айының 22-де, сенбі күні (2 қазан 1999 ж.) 87 жасында қайтыс болды. Аллаһ оны рахым етсін, оның күнәларын кешіріп, Жәннатпен сүйіншілесін!


4 Шейх әл-Әлбани баяндап беретін тазарту және тәрбиелеу Исламда маңызды орынға ие. Біздің кезімізде Ислам үмметінің болашағы үшін толғанумен және қайғырумен қозғалған көптеген мұсылмандар адамдарды өздерінің діндерін және өмірлерін қорғау үшін бірігуге шақырады. Бірақ бұл шақыруларында олар адамдардың бұрмаланған сенімдерін түзетуге ешқандай назар бөлмейді де, жай бірігудің өзі барлық мәселелерді (проблемаларды) шешудің жолы бола алады деп есептейді, және біртұтас сенім мен көзқарастардың негізінде болмаған бірігуді мүмкін деп санайды. Олар өздерінің жақтаушыларының санын көбейту үшін, тіпті әртүрлі ережелерді жасап қояды, мысалы: «Біз бір-бірімізбен біртұтас болған нәрселерімізде ынтымақтас боламыз да, өзара келіспейтін нәрселерімізде бір-бірімізді (тиіспей) қалдырамыз» немесе «Бізді біріктіретін бидғат - бізді бөлетін Сүннеттен жақсы» дегендей. Мұндай шақыру сырттай игі болып көрінгенімен, кесірлі (бұзық) болып табылады және діннің негіздеріне қайшы келеді.

Имам әл-Фудайл ибн ‘Ийяд былай дейтін: «Жандар сарбаздар сияқты: олардың бірін-бірі танығандары бірігеді, ал бірін-бірі танымағандары ажырап кетеді. Және бұл тек екіжүзділіктің көрінісі болмаса, Сүннеттің жақтаушысы бидғаттың жақтаушысына көмектесуі мүмкін емес. “Шарх усул и’тикад” 1/138.

Шейх Ахмад ән-Нәжми былай деді: “Кім мұсылмандарды сенімнің біртұтастығына емес, қатарларының біртұтастығына шақырса, ол жақсылыққа шақыруды және жамандықтан қайтаруды бұзғысы келеді! Мұсылманға басқа мұсылманның адасушылығына қатысуына рұқсат етілмейді... Әртүрлі сеніммен қатарларды біріктіруге Раббымыз ешқашан разы болмайды. Қатарларды (адасқандармен) біріктіруге болмайды, және бұл - шайтанның шақыруы!” “әл-Фатауа әл-жәлия” 70.

Тағы біреулер біздің үмметіміздің қайғы-қасіреттерінің себебі Исламнан алшақтауда екенін түсініп, адамдарды оған қайтуға шақырады. Алайда олар да, біріншілер (жоғарыда аталып кеткен адамдар) сияқты, адамдардың бұрмаланған сенімдерін тазартуға және түзетуге бейқам. Мұндай шақыру мәнсіз және пайдасыз болып табылады. Бұған қоса, ол – бірігуге емес, бөлінуге шақыру. Өйткені Ислам туралы әртүрлі көзқарастарды ұстанатын екі-ақ адамның бірігуін елестету мүмкін емес. Ислам – жалғыз, және ол ешқандай әртүрлі түсінушіліктерге жол бермейді. Сондықтан да алдымен, адамдарды Исламға шақырудан бұрын адамдардың сенімін (ақидасын) оған араласып кеткен, оған еш қатысы жоқ нәрселерден тазарту керек. Одан кейін шариғат заң-ережелерін негізі жоқ және Құран мен Сүннетке қайшы келетін сан алуан пікірлерден тазарту керек.

Сүннетте тазартудың маңыздылығына нұсқаулар аз емес. Мысалы, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бұл білімді әр ұрпақтан әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны асыра сілтеушілердің бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады», – деген. Әл-Байһақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис әрқайсысы бірін-бірі күшейтетін көптеген жолдармен риуаят етіледі. Хадистің сахихтығын Ахмад, әл-Ләләкаи, хафиз Ибн ‘Абдул-Барр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уазир, әл-Қасталәни, әл-Әлбани және ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут сынды имамдар растаған.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, бұл дін бөтен болып басталды және бөтен болып аяқталады. Және Туба (Жәннаттағы ағаш) – менен кейін менің Сүннетімнен бұзылған нәрселерді қалпына келтіретін бөтендерге /ғураба/ арналады». Әт-Тирмизи 2630, әт-Табарани 9/76. Имам әт-Тирмизи хадистің сахихтығын растаған. Сондай-ақ «әс-Силсилә әс-сахиханы» (273) қараңыз.

Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы және осы сияқты хадистерде ғалымдар дінді әртүрлі бұрмалаулардан және бұрыс түсіндірмелерден тазартады дегенге нұсқаған.

Және тек осыдан кейін біздің үмметіміздің алдыңғы тақуа буындары ұстанған осы кіршіксіз негіздерде мұсылмандарды тәрбиелеп, біріктіру керек, және дәл сол негіздерде адамдарды Исламға шақыруды құру қажет.

Шейх әл-Әлбанидің бұл мақаласы Ислам әлемінің көкейтесті мәселелерімен мазаланатын және шын ықыласымен мұсылмандардың қазіргі жағдайын түзетуді қалап жүргендерге керемет насихат болып табылады.


5 Шейх әл-Әлбани Аллаһ Тағаланың мына сөздерін меңзеп тұр:

                       




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет