Сәт сапар саған, Жас түлек



жүктеу 73.13 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі73.13 Kb.


«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты

жиынның сценарииі

Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

II - жүргізуші: « Сәт сапар, саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!.
( әнұраны айтылады)
I – жүргізуші:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!

I - жүргізуші: Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

I - жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді және сынып жетекшісі Бекенова Алия Амантай қызын құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)


  
I – жүргізуші: Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

(Музыка әуенімен бітіруші түлектер шығып орындарына тұрады)

II - жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 9 жылдың мәреге жеткен күн.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I – жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне

II – жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Қауданова Қымбат Қауданқызына беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

I - жүргізуші: Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,- дей отырып, сөз кезегі қонақтарда. бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган қонақтарды құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі сіздерде.

II - жүргізуші: Ұшырса да өмірдің сан түлегін,
Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.
Келесі сөз мектеп бітіруші жас түлектерге беріледі.

Әли:


Мектебім менің мектебім

Сағынып аңсап жетемін

Мектебім сені күтемін

Сені ойлап өтемін.

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.

Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,


Бегзат:

Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.

Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.

Болашаққа сол жүректен өт алып

Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Өлкеміздің айналсын өркеніне,

Сенімдерің айналсын серперіне

Ұстаз біткен тілейді ақтарылып

Тек сәттілік елімнің ертеңіне.

Ескендир


Өмірге азық мол сыйың,

Құшағы құтты нұрлы ұям.

Мектебім менің - өз үйім,

Санама күнде нұр құйған.

Мектебім - алтын ұям, құт босағам,

Білімге бастау алдым осы арадан

Жалықпай табасың деп сен үйреттің

Шешуін қиындықтың тосар алдан.


Өлең Мектебім,аяулым мектебіім

Бегайым


Алтын ұям мектебім аялаған

Бар балаға білім беріп сая болған

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жаманға да жақсы пана болған

Еркелігін көтеріп әр баланың

Сусындатып білімнің тұнығынан

Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан

Еламан :


Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,

Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.

Анамның құшағындай елжіретер,

Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?

Келеді ұстаздықты таңдап алғым

Ұстазым көңілің ақ, пейілің кең,

Дарқандығың шегі жоқ даламен тең

Әр сөзіңмен зердеме өзің құйдың

Думан:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,



Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.
Өлең « Қош бол мектебім»

Бегзат : Алғашқы ұстазымыз Оля апайға.

Бегайым: Сынып жетекшіміз Алия апайға.

Ұстаз – ана, аялайтын барша жан,
Ұстаз – дана, бас иетін кіл ғалам.
Ұстаз – ұлы, ғалымдардың анасы,
Сөнбейтін де, өшпейтін де сол адам.
Алия апай, сіз – тұлғасыз өшпейтін,
Сіз – алаусыз, шырағы да сөнбейтін.
Сіздің сара жолыңыздан үлгі алып,
Қасиетті білудеміз «Тіл» дейтін.
Сөздеріңіз, іздеріңіз киелі,
Жаныңыз әдебиетті сүйеді.
«Ұлағатты ұстазым» деп шәкірттер,
Әрқашан да басын сізге иеді.
Шын жүректен құттықтаймыз жеңіспен,
Мақтанамыз біздің ұстаз үздіктерден үздік деп.
Сіздей дана әр кез көкке құлаштар,
Жұлдызыңыз жана бергей биіктен!

Думан:


Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз: Бақыт ,табыс, амандық

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,


Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

Өлең : Ұстазым (хор Әли, Бегаиым)


Еламан:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!


Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
Ескендир: Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылықты ешкімнен аямаған

Саялы
Әли: Мектебімді жетелеген
Өлең : Мектеппен қоштасу (Бегаиым, Ескендир)

Ата-анаға хат оқу Еламан, Ескендер, Думан

Өлең : Қос бәйтерек. Ескендир, Бегаиым

І-жүргізуші: Мектеп бітіруші түлектер қалыптасқан дәстүр бойныша мектеп кілтін ізбасарларына тапсырады. Білімнің алтын кілтін мектеп түлегі 9-сынып оқушысы Қайролла Еламан табыс етеді.

Еламан:

Білімге басқан жастарың,



Ғылымды іздер үңіліп.

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа,

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар,

«Тапсырамыз «Алтын кілтті».

1-сынып: Аяқтап бүгін мектепті, Тебірендің, толғандың.

Болашағың жарқын боп, Сәт-сапар болсын жолдарың!

Мектептің мәртебесін биік, тұғырын берік ұстауға ант етеміз!

(11-сынып орындауында «Қош бол, мектеп» әні орындалады) Мектеп түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын! ІІ жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда, 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал, бүгінгі  қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштастар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтан болашаққа асыратын қоңырау. («Соңғы қоңырау» әні орындалады. 2- шумақтан соң қоңырау шығарылады. Қоңырау үні) Екі жүргізуші бірге: Қоштасады, алтын ұя мектебің, Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн. «Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз, Тілейік біз армандарға жеткенін. (Қоштасу вальсі биленеді. «Аяулы мекенім» әні орындалып, көгершіндер ұшырылады) І-жүргізуші:Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! Ақ жол, сендерге!


Начало формы

«Мектеп вальсі » би


Келесі сөз кезегі келген қонақтарға беріледі

Аудандық ББ бас маманы Ақшалова Ақкенже Төлебаевнаға беріледі.
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық.

Сөз кезегі алғашқы ұстазы Орынбасар Зейнуллиновнаға беріледі.



Сынып жетекшісі Алия Амантаевнаға беріледі.
I – жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан ----------------------беріледі. 

Енді мақтау қағаздарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.Үздік оқушыларға беру және алғыс хат ата-аналарға.
II – жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу рәсімін орындау құрметіне үлгілі 9-сынып оқушысы Тілеубаева Бегаиым оқушысына және болашақта үміт күттірер, аға - апаларынан үлгі алар 1 – сыныптың оқушысы Бекенова Жансая үздік оқушысына беріледі.
Соңғы қоңырау рәсімі.
Ұстаздар мен қонақтарға гүл шоғын ұсыну.

I - жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

I - жүргізуші: Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет